Заң консультациясы жəне адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырып: Заң тұрғысынан көмек алу - әрбір адам мен азаматтың конституциялық құқығы

Тексерген: Сабыргалиева Н. Б.

Орындаған: Жолдығалиев Е. А ЮР-41

Орал 2021

Мазмұны

  1. Заң тұрғысынан көмек алу - əрбір адам мен азаматтың конституциялық, құқығы.
  2. Адвокатура жəне оның міндеттері
  3. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары
  4. Заң консультациясы жəне адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге нысандары

Заң тұрғысынан көмек алу - əрбір адам мен азаматтың конституциялық, құқығы.

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында əрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын əртүрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, əділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Əдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін жəне заңға сəйкес зандық əсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жəне олар белгілеген тəртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз. Сөйтіп, азаматтардың білікгі заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кəсіби ұйымы. Оның міндеті жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жəрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кəсіби шеберлігін, олардың құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде "Адвокатура" термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді .

Заңи əдебиетте жəне қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20- бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра жəне осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігі-мізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кəсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.

Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны нақ осы адвокаттар алқасы болып табылады жəне сондықтан "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңында адвокаттар алқасының адвокаттардың түбегейлі ұйымы екендігі айтылған. Алайда бұл адвокатураның Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағы, Адвокаттар халықаралық одағы (достастығы) Қазақ филиалы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жоққа шығармайды. Ал болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына қоятын басқа да адвокаттар бірлестігінің құрылуы мүмкін.

Адвокаттар алқасы заңды жəне жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді атқару үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тəуелсіз, кəсіби, өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі каржыландыратын ұйымы болып табылады.

Заңда адвокаттар алқасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған; Алайда оның нақ осы қоғамдық ұйымға тəн белгілері бар. Бұл:

1. Кəсіби ұйымды құрған тұлғалардың теңдігіне негізделген, тиісті ретпен рəсімделген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғары заң білімі бар жəне біліктілік емтиханын тапсырған жəне адвокаттық қызмет жүргізу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан құрылады. Алқа мүшелігіне қабылдау жəне одан шығаруды сайланбалы алқа органы - адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді. Əрбір адвокат -алқаның толық мүшесі жəне "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 14 жəне 15-баптарында қарастырылған құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.

2. Қоғамдық ұйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру жəне мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді. Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома жəне адвокат кеңселері азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен құралады.

Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан; демеушілік жəне қайырымдылық көмектен; заңда тиым салынбаған өзге түсімдерден құралады.

3. Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы - осының барлығы тəуелсіз жəне өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.

Жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын-ала тергеу, сот, мемлекеттік жəне басқа органдар мен ұйымдарда жəне азаматтармен қарым-қатынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар ақы алады, оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жұмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет -коммерциялық əрекет емес.

Сөйтіп, адвокаттар алқасы құрылу жəне жұмыс істеу əдісі бойынша мемлекеттік органдарға тəуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кəсіби бірлестікке тəнемес мынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың əділет органдары мен қарым-қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда ҚР Əділет министрлігінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішінде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық жəне азаматтар істерді қарау ксзіңде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағдайын, адвокатты тəртіптік жауапкершілікке тартуды жəне т. б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс жəне жағдай жасау жөніндегі бөлімнің болуы. Сонымен қатар, əділет органдары адвокаттық қызметпен шұғылдану құқық үшін лицензия беруге тиіс.

Алайда, бұл адвокаттардың тиісті лауазымдық, міндеттемесін атқаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.

Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.

Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттемені орындайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан жəне тапсырмасы бойынша əрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бұл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді жəне азаматтар мен мемлекеттік органдарға қатысты - мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.

Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік -қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен ұйымдардан адвокаттар кеңсесіне жəне заң консультациясына түскен қаражаттан еңбекақы алады (Заңның 5-бабы) . Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консулътациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мəнін өзгерте алмайды .

"Адвокаттық қызмет туралы" 1997-жылгы 5- желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 1-бабына сəйкес адвокатураның негізгі міндеті азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету болып табылады, ал ҚР Конституциясының 13-бабы əрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік береді. Бұл көмекті көрсетудің сан алуан түрлері бар.

Адвокаттар алқасы - адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жəрдемдесу жəне өкілдік ету үшін кəсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес жəне коммерциялық емес құрылым.

Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары əртүрлі заң көмегін корсетуге жəрдемдесу болып табылады. Олар:

♦ шешілімі кəсіби заң білімін талап ететін мəселелер бойынша консультациялар, түсіңцірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

♦ талап қою арыздарын, шагымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

♦ адвокаттардың анықтау жəне алдын-ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың жəне сотталған адамдардың қорғаушылары, жəбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

♦ соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық жəне əкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету;

♦ азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету. Заңды қолдану мəселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мəні -қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбаслық, еңбек, əкімшілік, қылмыстық іс жүргізу жəне басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дəл қолдану бойынша беру.

Консультация:

♦ даудың материалдық-құқықтық астарын;

♦ азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар) ;

♦ іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін, заңды негіздің бар-жоғын жəне қандай нысанда екендігін (соттық, əкімшітік жəне т. б. ), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

♦ заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға жəне оны дəл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге жəне т. б. ;

♦ мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;

♦ нақты: жалпы құқық жəне оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мəселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;

♦ нəтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс .

Кейбір жағдайларда талап қою өтініштерінің (анықталып қойылған талаптарға сəйкестік), шағымдардың (азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерінің бұзылуы, өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды адамдардың теріс қылықтары туралы) жəне құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың дұрыс жасалуы талап етіледі.

Адвокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы - адвокаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мұнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды (сезіктілерді) қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Оның кəсіби тəжірбиесі мен құқықтық білімі қорғайтын адамына аса білікті көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Қоғам мен мемлекет бірде-бір азаматтың жеткілікгі айғақсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын жəне сотталмауын көздейді. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айыптағылған əрбір адам ұсталған, тұтқындалған немесе айыптағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Заң сезіктілердің жəне қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану құқығын қамғамасыз етеді. Осы құқықты қорғаушы ретінде заңмен қажетті кепілдіктер берілген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық істі жүргізу заңы сот талқысы кезінде (сот талқысы жəне нақты іс бойынша шығарылған үкімдердің зандылығы мен қисындылығын ізінше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын-ала тергеуде немесе анықтауды жүргізу кезінде, сонымен қатар қадағалау тəртібімен істі қарау кезінде адвокатқа (қорғаушыға) берілетін құқықтардың үлкен шеңберін айқындайды.

Адвокаттар (қорғаушылар) іске қатысуға айып тағылған немесе сезікті адам мойындаған сəттен - ұстау жүргізілген я болмаса айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сəттен бастап жіберіледі. Бұл жағдайда ол ұстау хаттамасымен немесе қамауға алу түріндеге бұлтартпау шарасы таңдалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтын адаммен оңаша жүздесе, одан жауап алуға қатыса алады жəне т. б. Жүздесу саны мен олардың ұзақтылығы шектеусіз. Конституцияның 16-бабының 2- тармағы тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын береді. Бұл құқықтардың көлемі мен мазмұнын реттеу ұдайы жетіліп отырады.

ҚІЖК - де анықталған көп жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның қорғаушысы болуға міндетті. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкілдері адвокатты шақыруға ынта білдірмесе, адвокат тергеушінің, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиіс. Мұндай адвокат та айыпталушы немесе оның жақын туысқандары шақырған адвокаттардың құқығын пайдаланады. Оның еңбегі толығымен республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

Қылмыстық істі қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе оның жауапкершілігін жеңілдететін жағдайды анықтау мақсатында заңда көзделген барлық қорғау құралдары мен тəсілдерін пайдалануға жəне айыпталушыға қажетті қорғау мен заң көмегін көрсетуге -міндетті.

Адвокат қылмыстық істі қараған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жəбірленушінің мүддесін білдіруші, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер ретінде де қатыса алады.

Адвокат азаматтық істер бойынша талқылауға, сондай-ақ əкімшілік істерге талап қоюшының, жауапкердің жəне үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады. Сотта, процессуалдық əрекетті жасау үшін адвокат-өкілдер көмек сұраған адамның заңды құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік беретін белгіленген өкілеттіктерді (құқықтарды) пайдаланады.

Заңда заң көмегінің, алайда олар адвокаттық қызметтің ауқымды саласы болса да, тек негізгі түрлері ғана көрсетілген. Сондықтан заң шығарушы "заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді" деген жалпы ұғыммен шектеледі.

Атап айтқанда, мына қызмет түрлері меңзеліп отыр:

- талап-қузау жұмыстары;

- құқық бұзушылықпен күрес жүргізетін еңбек ұжымдары мен органдарға заң көмегін көрсету;

- жарғылар əзірлеу жəне заңды тұлғалар құжаттарын тіркеуге даярлау;

- келісім-шарттар жасау;

- коммерциялық ұйымдарға қызмет көрсету;

- заң кеңесшілері жоқ ұйымдарды заң көмегімен қамсыздандыру жəне заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тиым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.

Қызметтің соңғы түрі ұйымдардың заң консультацияларымен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Ол шарттарда тараптардың құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Ұйымға оның меншік нысанына қарамай қызмет көрсететін адвокат соттарда жəне өзге органдарда құқықтық мəселелерді қарау кезінде белгіленген тəртіппен оның мүддесін білдіреді, басшылыққа қол қоюға берілген бұйрық, нұсқаулық, шарт жəне құқықтық сипаттағы өзге құжаттың заңға сəйкестілігін тексереді, бұл құжаттарға қол қояды жəне талап-шағым жұмыстарын жүргізеді, шаруашылық шарттарын даярлауға қатысады жəне оларға қол қояды. Тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995-жылғы 5-мамырдағы N624 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік басқару органдарының жəне оларға қарасты кəсіпорындардың мекемелердің заң қызметі туралы Ережемен» белгіленеді.

Адвокат ұйымдарға заң қызметін көрсетерден бұрын оның қызметінің ерекшелігімен мұқият танысуға, оның алдында тұрған негізгі мақсат пен міндетті анықтауға жəне соған байланысты өзінің барлық жұмысын жоспарлауға тиіс.

Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыруға құруға құқылы.

Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының жəне алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс əрекет ететін заң консультациялары құрайды.

Заң консультациялары қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға жəне ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніңдегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады.

Адвокаттардың көпшілігі заң консультациясында жұмыс істейді.

Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады жəне заңды тұлға құқығы жоқ. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мүлігі, мекен-жайы, тиісті адвокаттар алқасына жататындығы, мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбасы, сондай-ақ үлгілері заңда көзделген тəртіппен бекітілетін жəне тіркелетін өзге де белгілері болады.

Заң консультациясы орналасатын жерді елді мекеннің ерекшелігін, тығыздығы мен санын, азаматтар мен ұйымдардың заң көмегіне жүгіну деңгейін, сол аумақтағы адвокат кеңселерінің жəне жеке дара жұмыс істеуші адвокаттардың бар-жоғын жəне т. б. ескере отырып, адвокаттар алқасының төралқасы анықтайды.

Заң консультацияларының саны олардың орналасқан жеріне байланысты əртүрлі. Мысалы, селолық жерлерде олардың саны 3-5 адам, əрі қалаларда 20-30 адам, ал Алматыда 40-50 адам болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда филиалдары бар 264 қалалық жəне аудандық заң консультациялары жұмыс істейді.

Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:

♦ жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен жəне өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға жəне жүзеге асыруына жəрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

♦ қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, əкімшілік жəне өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;

♦ Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;

♦ адвокатура туралы заннамаға сəйкес өзінің жəне басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын жəне мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;

♦ заң консулътацияларының жұмысын ұйымдастыру жəне оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кəсіби нормаларын сақтауына жəне олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;

♦ заң консультациялары мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық жəне ақпараттық-анықтамалық қамтамсыз ету жəне т. б.

Заң консультацияларына алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы төралқасының қаулысымен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.

Бұл төралқаның, адвокаттар алқасы мүшелері Жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мəселелерін шешетіндігімен байланысты.

Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң консультациялары туралы Ережемен тəртіптеледі. Меңгеруші құзыретіне заң консультациясының қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді жəне кəсіпорындармен, мекемелермен жəне ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау жəне т. б.

Заң консультациясының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жүзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау жəне тергеу органдарына тапсырылады.

Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар.

Заң консультациясында штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен жəне адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Қоғамдық өкіл ретінде
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі, пәні және міндеттері
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокатура институтының даму тарихы
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі занды қызметіне кедергі жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz