Аллергиялық реакция түрлері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы « Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО»
СӨЖ
Тақырыбы: « Аллергия және емдеу түрлері»
Орындаған: Черизат Арайлым
Тексерген: Бергенева Нургуль Сагиевна
Алматы, 2021ж
СӨЖ тақырыбы: Аллергия және емдеу түрлері.
Тақырыптың мақсаты: Аллергияның не екенін анықтау, түрлерінмен танысу және аллергиялық реакциялармен танысу. Аллергиялық реакция кезінде алғашқы көмек көрсету және емдеу түрелі туралы ақапарат алу.
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Аллерген түрлері
- Аллергия түрлері
- Аллергиялық аурырсыну белгілері
- Аллергия диагностикасы
- Аллергиялық реакция түрлері
- Аллергияны үй жағдайында емдеу жолдары
- Қорытынды
- Падаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Аллергия сөзі көне грек тілінен аударғанда « басқаша әрекет, басқаша жауап» деген мағынаны білдіреді. Аллергия - қандайда бір нәрселерге ағзаның кері әсер беруі, ағзаның кейбір сыртқа тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы.
Аллергия термині алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы дереккөздер ерте заманнан белгілі.
Аллергиялық реакция кезінде аллергия немесе аллергия тудыратын зат адамның денесіндегі аллергиялық жасушалардағы аллергиялық антиденелерге, соның ішінде мастикалық жасушалар мен базофилдерге байланысты. Бұл жасушалар гистамин және лейкотриен сияқты химиялық заттарды босатып, аллергиялық белгілерге алып келеді. Аллергиямен ауырған адам немесе аллергияның бар жоқ екенін анықтау үшін аллерголог дәрігердің көмегіне жүгіну керек.
Аллергияның басты факторларының бірі дұрыс тамақтанбау. Егер дұрыс тамақтанбай, дене жаттығуларын орындамасақ иммунмтет нашарлап, аллергиядан да өзге ауруларға шалдығу қаупі бар. Сол үшін құрамында дәрумендер мен қажетті элементтері толыққанды сақталған, уақытылы тамақ ішу керек.
Б. Шик
К. Пирке
Аллерген түрлері
Аллергияның көптеген түрлері бар. Аллергендер 2 түрге ажыратылады:
- Организмге сырттан түсетін - экзогендік. Экзогендік аллергендерге өсімдіктің тозаңдары, жануардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтарға, кейбір тағамдық заттар, дәрі- дәрмектер, микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады.
- Организмнің өзінде өндірілетін - эндогендік. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайда әртүрлі микробтардыңғ вирустардың, суық немесе ыстық температулардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерінен организмнің өзінде пайда болады.
Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундіқ жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады.
Аллергия түрлері
Бүгінгі таңда клиникалық практикада белгілі барлық аллергиялық ауруларды бірнеше топтарға бөледі:
- Респираторлық аллергиялар. Тыныс жолы арқылы болатын аллергиялық реакциялар. Бұл топқа маусымдық және көпжылдық аллегиялық ринит, риносинусит, трахеобронхит және бронх демікпесі кіреді. Бұл респираторлық аллергияның ең ауыр түрлері.
- Байланыс аллергиясы. Тері арқылы жүретін аллергиялар. Оларға қышу мен бөртпе, Квинке( теріге, тері астындағы тіндерге және шырышта қабықтарға әсер ететін аллергиялық ауру) ісіну, атопиялық дерметит және экзема жатады.
- Тамақтарға аллергия. Әр түрлі клиникалық көріністерді қамтиды, яғни, ас қорыту жолдарының, терінің және тыныс алу мүшелерінің оқшауланған немесе аралас зақымдануы.
- Жәндіктерге аллергия. Бұл шағу кезінде немесе жәндіктермен, оның қалдықтарымен байланыста болған жағдайда болатын аллергиялық реакция.
- Жұқпалы аллергия. Олардың пайда болу себептері - патогендік қасиеттері бар бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар( туберкулез, бруцеллез, күйдіргі, тулярмия, сифилис, гонорея және т. с. с қоздырғыштар) .
- Дәрілік аллергия. Бұл дәрі қабылдау кезінде немесе дәрі қабылдағаннан кейінгі пайда болатын сенсибилизация.
- Анафилактикалық шок. Аллергеннің ағзаға қайта енгенде пайда болатын жедел түрдегі аллергиялық реакцияның ең қауіпті көрінісі.
Ең жиі тозаңға, кенелерге азық-түліктің кейбір түріне, жануарлар жүніне аллергиялар кездеседі.
Аллергиялық ауырсыну белгілері
Егер иммундық жүйенің жұмысы бұзылып, аллергия пайда болса, патологиялық жағдайдың белгілері аллергеннің түріне және қабыну орналасуына байланысты болады.
Тыныс алу аллергиясының белгілері:
- Мұрын қышу;
- Түшкіру;
- Ринорея - мұрыннан су ағу.
Кейбір жағдайларда науқастарда қатты жөтел пайда болады, өкпеде сырылдар, тыныс алудың қиындауы, тіпті тұншығу байқалуы мүмкін.
Дерматоз белгілері, аллергияның терідегі көрінісі:
- Терінің қызаруы;
- Әр түрлі пішіндегі бөртпелер;
- Қышу;
- Қабыршықтану.
Энтеропатиялық тағамнан немесе дәрілік аллергенді қабылдаумен байланысты аллергияның белгілері:
- Жүрек айнуы;
- Құсу;
- Іш қату немесе диарея;
- Ішек коликасы;
- Ауыз қуысының шырышты қабығының ісуі.
Жиі кездесетін тағамдық аллергендер
Аллергиялық конъюнктивит белгілері:
- Көздің қызарып, қышуы;
- Көздің қызарып, жауы, ашуы;
- Көздің ісінуі;
- Көздің ісініп жасаурауы.
Анафилактикалық шоктың белгілері:
- Тыныс алудың қиындауы;
- Жалпыланған бөртпелердің пайда болуы;
- Қан қысымынң күрт төмендеуі;
- Ентігу;
- Сананың жоғалуы, естен тану;
- Құрысулар;
- Еріксіз зәр шығару;
- Бронхоспазм.
Ауыр жағдайларда науқас комаға түсуі мүмкін. Бұл жағдай өте қауіпті және жұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Анафилактикалық шок клиникасы өте тез дамиды, аллергенмен байланысқан сәттен бастап 2-20 минут ішінде. Сондықтан жедел жәрдем көмектесуге ұмтылу керек.
Аллергия диагностикасы
Аллергияның арнайы диагностикасы мынаны қамтиды:
- Аллергиялық анамнез жинау;
- Қандағы антиденелердің мөлшерін өлшеу;
- Теріні тексеру;
- Прик тесттері - аллергенді тері астына инемен 1 мм тереңдікке енгізу;
- Скарификация тесттері - аллерген иықтың, арқаның, білектің терісіне жағылады, содан кейін аллерген ағазаға енуі үшін осы жерге сызаттар жағылады;
- Қолданбалы тесттер - күдікті фотоаллергиялық реакциялар мен контактілі аллергиялық дерматит үшін қалданылады. Аллергеннің аз мөлшері терінег жағылады, содан соң зарттелетін жер 24-72 сағат бойы бинтпен жабылады;
- Провокациялық тесттер - көбінесе тағамдық аллергия үшін қолданылады. Олар дәрігердің қатаң бақылауымен болжамды аллергенге тікелей әсер ету арқылы жүзеге асады;
- Пресеклиникалық әдістер.
Бұл зерттеулер аллергияның даму себебін анықтау, аллергенді анықтау және иммунологиялық реактивтілікті бағалау үшін тағайындалады. Орагнизмнің қорғаныс функцияларын көрсету қабілеті және антиген әсерінен нақты жауап беруді анықтайды.
Аллергиялық реакция түрлері
Аллергиялық реакциялардың 4 типі болады:
- Анафилактикалық тип. Аллерген денеге бірінші рет еніп, мастикалық жасушалардың бетіне бекіліген арнайы антиденелердің пайда болуын тудырады. Бұл жағдай сенсибилизация деп аталады Сенсибилизацияланған организм тітіркендіргішпен бірнеше рет байланысқан кезде, мастикалық жасушалардың иммуноглобулиндерге тәуелді активациясы пайда болады. Бұл аллергиялық реакциялардың пайда болуына жауап беретін гистамин, гепарин және басқа қабыну медиаторларының бөлінуін тудырады. Бұл типтегі аллергиялық реакциялар көбәнесе өсімдік тозаңының компоненттерінен, тұрмыстық, эпидермистік және тағамдық аллергендерден, кейбір препараттардан болады.
- Цитотоксикалық тип. Реакцияның бұл түріне антиденелер бұрын денеге жеке ұлпаларының жасушаларына бекітілген заттарға әсер етеді. Нәтижемінде олардың өлу процесі басталады. Дәл осы себептен бұл типті аллергиялық реакциялар цитотоксикалық деп аталады. Реакцияның бұл түріндегі антигендер көбінесе бактериялық, вирустық және басқа инфекциялық аллергендер, аутоаллергендер мен препараттар болып табылады.
- Иммунды кешен. Ол антиденелері бар аллергеннің кешендерінің түзілуімен сипатталады, олар қоршаған тіндерге зақым келтіретін медиаторлардың бөлінуін белсендіреді. Мұндай реакция тағамға, дәріге, ингаляцияға, вирустық және бактериялық аллергендарге жауап ретінде дамуы мүмкін. Бұл типті реакциялар тудыратын аурулар: дәрілік аллергия және аутоаллергиялық аурулар, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл эритематоз.
- Жоғары сезімталдық Аллергенді қабылдауға жауап ретінде сенсибиляцияланған Т-лимфоциттер түзіледі. Олардың бетінде сәйкес антигендермен әрекеттесе алатын рецепторлар бар. Аллерген қайта енгенде олар сенсибилизацияланған лимфоциттермен қосылады, бұл медиаторлардың - лимфокиндердің бөлінуіне әкеліп, соның салдарынан аллергия белгілері пайда болады. Бүл реакциялардың себептері әртүрлі микроорганизмдердің компоненттері болуы мүмкін, паразиттер, саңырауқұлақтар, гельминттер, вирустар, сондай-ақ құрамында вирустар бар және ісік жасушалары, меншікті, бірақ организмнің ақуыздары немесе бөгде ақуыздар, гаптенз. Мұндай реакцияның ең қарапайым мысалы - бұл Манту сынамасы, бәлкім, әркім кездестірген болар. Дәрігерлер кешіктірілген жоғары сезімталдық туралы біліммен қаруланған антиденелерге тест жүргізеді.
![]()
Аллергияны үй жағдайына емдеу шаралары
1 емдеу тәсілі: Балдыршөп. Балдыршөп аллергияны емдеуге таптырмас дәрі болып табылады. 0, 5 литр араққа немесе 0, 5 литр суға 10 шай қасық балдыр шөпті салып, 1 аптаға қойып қояды. Содан соң емдік ретінде күніне 3 реттен 10-15 тұнбаның тамшысын дәрі ретінде ішеді немесе тамққа қосып үшуге болады.
2 емдеу тәсілі: Тасдәрі, Мумие. Тасдәрімен аллергиядан арылу үшін оның жоғары сапасын таңдап алу керек. Ол үшін 1 грамм мөлшердегі тасдәріні 1 литр суға салып еріту керек. Сапасы жоғары тасдәрі суға түскен сәттен бастап жылдап еріп шыға келеді. Мұндай сусында аллергиядан арылу үшін күнде таңертең 100 миллиграммын сүтке араластырып ішу керек. Бұл жалмен көктем және күз айларында емделген тиімді, емделу уақыты 20 күнге созылады.
3 емдеу тәсілі: Бақбақ шырыны. Алайда гүл тозаңдарына аллергиясы бар адамдар бұл тәсілмен емделе алмайды. Емдік дәрі ретінде пайдалану үшін бақбақты жұлым алып тамырын алып тастайды. Бақбақты мұқият тазалап жуып, ұсақтап турайды немесе еттартқыш немесе блендерден өткізеді. Дайын болғанда оны матаға салып шырынын сығып алу керек. Алынған бақбақ шығынын сумен араластырып, сәл қайнатады. Осылайша дайын болған сусынды күніне 2 мезгіл, таңертең және түскі уақытта, тамақтан 15-20 минут бұрын 3 ас қасықтан қабылдайды. Ал егер емделуді бастау алдында бақбаққа аллергияның бар жоғын анықтағыңыз келсе оны сусынның 1 ас қасығын ішіп көруге болады. Бұл тәсілмен емделу уақыты 1, 5 айды қамтиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz