Заттардың химиялык эквиваленті
ӘӨЖ 577.1 ББК24.1я73
Мазмұны
Авторлар:
Ниязбекова А.Б. химия ғылымдарының кандидаты, БКМУ-нің доценті
Даулеткалиева С.С. химия кафедрасының окытушысы
Пікір жазған : Әл-Фараби атындағы КазМУ-нің химия ғылымдарының докторы,
профессор Куанышева Ғ.С.
Н 65 Ниязбекова А.Б., Дәулеткалиева С.С. Бейорганикалық химиядан
сарамандық жұмыстар, 1 бөлім. Орал қаласы -2004 ж. 93 бет.
Казак тілінде кұрастырған Бейорганикалық химиядан сарамандык жұмыстар
жоғарғы оку орындарының химия мамандығының студенттеріні; арналған. Оку-
әдістемелік кұралы ұш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімді тараулар кұрайды.
Тараулардың әрбіреуі такырыбы бойынша бакылау сұрактардан, тәжірибелерден,
жаттығу және есептерден тұрады.
М.Өтемісұлы атындағы БКМУ, Жаратылыстану факультетінің ғылыми
кеңесінде хаттама № 10, 28.06.04 ж бекітілген.
Н
1704000000 00(05)04
І5ВЫ 9965-709-47-5
© Ниязбекова А.Б., Дәулеткалиева С.С.
© М.Өтемісұлы атындағы Батыс Казакстан мемлекеттік университеті, 2004ж.
I. Химиялык лабораторияда жұмыстарды орындау
техникасы. Лабораториялык аспаптар мен
кұралдар 2
II. Заттарды тазарту. Заттардын тазалығьш
аныктау әдістері 17
III. Заттардың химиялык эквиваленті 26
IV. Заттардың салыстырмалык молекулалык
салмактарын аныктау 31
V. Химиялык реакциялардың жылдамдығы.
Химиялык тепе-теңдік.Катализ 34
VI. Ерітінділер. Ерітінділердің касиеттері.
Заттардың ерігіштігі 40
VII. Ерітінділерді әзірлеу 47
VIII. Электролиттік диссоциация 53
IX. Электролит ерітінділерде жұретін реакциялар 59
X. Сутектік көрсеткіш. Тұздар гидролизі 63
XI. Бейорганикалык косылыстардын негізгі кластары.
Негіздер, кышкылдар және тұздардың алу жолдары 67
XII. Тотығу-тотыксыздану реакциялар 72
XIII. Кешенді косылыстар 79
Косымша 86
Пайдаланған әдебеттер 92
Ниязбекова А.Б, Дәулеткалиева С.С.
Бейорганикалық химиядан сарамандық жұмыстар
I - бөлімі
Жоғарғы оқу бөлімдерінің химия мамандығының студенттеріне арналған оқу
әдістемелік кұралы
Орал - 2004 ж.
8
I. Химиялық лабораторияда жұмыстарды орындау техникасы. Лабораториялық
аспаптар мен құралдар
Лабораторияда жұмыс істеу ережелері
Химиялық лабораторияда жұмыс істеуге кірісер алдында әрбір студент
төмендегі ережелерді міндетті түрде есте сақтауы тиіс:
1. Жұмыс орнын тәртіппен таза ұстау. Егер стол үстіне зат
төгілсе, не стол ластанса оны сүртіп алу қажет. Ол үшін
лабораторияда шүберек немесе сүлгі болуы керек.
2. Жұмыс орнында сабаққа қажеті жоқ портфель, бас киім
тағы басқа заттар болмасын.
3. Аммиак пен қышқылдарды және денсаулыққа зиянды
ұшқыш ерітінділерді жұмыс орнында қыздыруға рұқсат
етілмейді. Ондай жұмыстар арнаулы тартпалы шкафта
орындалады.
4. Қажетсіз қағаздар, сынған ыдыстар шелекке тасталынады.
5. Реактивтерді пайдаланғанда мынадай тазалық пен
ұқыптылық, сақталсын:
а) ертінді құйылған шөлмектерді, құрғақ реактивтер
салынған банкаларды жабық ұстаңыз, тек пайдалану
алдында ғана ашыңыз;
ә) шөлмектерді жапқанда тығындарды ауыстырып алмау, ауысып кетсе
реактивтер ластанып, пайдалануға жарамай қалады;
б) салынып (құйылып) алынған реактивтердің
(ертінділердің)
артық мөлшерін ыдысқа қайта салмаңыз (құймаңыз), былай еткенде ол
ластанып, жарамсыз болып қалуы мұмкін;
в) жалпы пайдалануға қойылған реактивтерді өз
столыңызға қоймаңыз. Жалпы және жеке пайдалануға
тиісті реактивтерді реттеп,өз орындарына қойыңыз;
г) күміс тұзы ертінділердің артығын тартпалы шкафтағы
арнаулы ыдысқа құйыңыз;
д) ертінділері бар шөлмектерден реактивтерді құйғанда,
оның этикеткасын (ластамау, бүлдірмеу үшін) әр уақытта
үстіне қаратып, алақанның астына келтіре ұстаңыз;
е) шөлмектен ерітінді құйып алу үшін, оны ашқанда
тығынын қолда ұстаңыз, не тығынның ыдысқа енетін
жағын жоғары қаратып, стол үстіне қойыңыз;
ж) егер жұмысты орындағанда алынатын заттың мөлшері
дәл көрсетілмесе, реактивтерді 1-2 миллиметрден артық
алмаңыз. Реактивтерді үнемдеп жұмсауды есте сақтаңыз;
з) реактивтердің дәмін татуға болмайды, өйткені көптеген
реактивтер организмге улы әсер етеді.
6. Лабораторияда кездейсоқ оқиғаларды болдырмау үшін
сақтық шараларын естен шығармау керек.
7
Қыздырылған ыстық заттарды бірден стол үстіне қоймаңыз, өйткені столдың
беті бүлінеді. Оларды (аспаптарды, құралдарды) асбест тордың үстіне қою
керек.
Лабораторияда тыныштық сақталсын. Жұмыс кезінде
студенттер қажет болған жағдайдың өзінде де жайлап
сөйлесу керек.
9. Әрбір студент жұмыстарды жеке-жеке орындайды.Оқытушының айтуымен
ғана жұмысты екеу ара, үшеу ара орындауға болады.
10. Тәжірибе шықпай қалғанда абыржымай тәжірибенің орындалуына көз
жіберіп, жіберілген кемшілікті еске түсіріңіз. Оқытушыдан ақыл-кеңес
алғаннан кейін тәжірибені қайта орындаңыз.
П.Жұмысты толық орындап болған соң, стол үстін тәртіпке келтіріп, содан
кейін ғана лабораториядан шығуға болады.
2. Лабораториядағы жұмыс кезіндегі сақтық шараларын есте ұстау.
1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын барлық
тәжірибелер тартпалы шкафта орындалады.
2. Бөлініп жатқан газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды.
3. Күшті қышқылдарды, мысалы күкірт қышқылын,
сұйылтқанда қышқылға су құймайды, керісінше суға
сақтықпен, ыдыстың қабырғасы арқылы күкірт
қышқылын құяды.
4. Реактивтерді құйғанда бетке және киімге шашырамау
үшін оған еңкейіп, не үңіліп қарауға болмайды.
5. Сұйық заттарды қыздырғанда да оған еңкейіп қарамаңыз.
Сұйықтық ыдыстың шашырып кетуі мүмкін.
6. Пробиркадағы затты қыздырғанда, оның аузын өзіңізге не
жолдастарыңызға қаратып қоймаңыз.
7. Егер бетіңізге не қолыңызға сұйықтық шашыраса, дереу сумен жуу керек.
Күшті қышқылдың шашырандысын кеп
мөлшердегі сумен, содан кейін қышқыл тиген
жерді соданың әлсіз ертіндісімен, ал сілті тиген
кеткенше сумен мұқият жуу керек. быны
Тәжірибелерді оңай от алғыш ұшқыш заттармен
оттан қашық жерде не тартпалы шкафта жұргізілсін
Жанып жатқан бензин, спирт, эфирді сөндіру
жалынға құм шашады.
10. Горелка жалынында не қыздырылған заттар
ертіндісімен немесе күйікке қарсы қолданылады,
сұйықтық сіңірілген мақтаны, не дәкені күйген жерге
қою керек.
11. Уланғанда, кесіп алғанда және қатты күйгенде алғашқы көмек көрсетіп,
тез арада дәрігерге хабарлау керек.
12. Лабораториядан шығарда газ горелкаларды шүмегінің
жабықтығын және электр аспаптарының ажыратылуын мұқият
тексеріңіз
Лабораториялық журнал
Орындалған лабораториялық жұмыстардың қорытындысы лабораториялық
журнал(дәптерге) жазылады. Бұл журнал студенттің жұмысты орындағаны туралы
жазба түріндегі есебі болып табылады. Тәжірибелерді орындау барысында оның
нәтижесін дәптерге бірден жазу керек. Жеке қағаздарға жазуға рұқсат
етілмейді. Лабораториялық жұмысты орындағаны туралы журналда мынадай
деректер болуға тиіс: 1) жұмыстың орындалған күні; 2) жұмыстың нөмірі және
тақырыбы; 3) жеке тәжірибелердің нөмірі мен аттары; 4) тәжірибені
орындағанда қолданылған аспаптардың сызбанұсқасы мен суреттері; 5)
тәжірибенің қысқаша мазмұны, тәжірибенің жүру жағдайлары, реакциялардың
сапалық дәлелдемелері(ертіндінің түсінің өзгеруі, тұнбаның түзілуі, не оның
еруі, тұнбаның түсі, мөлшері, газдың бөлінуі, оның иісі, түсі,қыздыру не
салқындату)
; 6) жаслған тәжірибелердегі химиялық реакциялардың теңдеулері; 7)
бақылаудың сандық көрсеткіштері(кейде кесте түрінде беруге де болады); 8)
сандық сипаттағы тәжірибелердегі есептеулер; 9) қорытынды. Барлық жазулар,
есептеулер орындалып, суреттер салынғаннан кейін жұмысты орындаушы-студент
өзінің қолын қояды.
Лабораториялық жұмыстардың толық және дұрыс орындалғанына, студенттің
орындалған жұмыстарды саналы меңгергеніне көз жеткізгеннен кейін
практикалық жұмыстың жетекшісі әрбір жұмысты жеке-жеке қабылдап, өзінің
қолын қояды.
Лабораториялық құралдар мен аспаптар
Таразы және таразымен жұмыс істеу
Химиялық лабораториядағы қажетті құралдардың бірі — таразы. Әрбір
студент таразымен жұмыс істей білуі керек. Әдетте, химия лабораториясында
технохимиялық таразыда зат 0,01 г дәлдікке дейін өлшенеді. Бұл таразы
көбіне заттарды синтездеуде реакцияға кірісетін және реакция нәтижесінде
түзілетін заттарды өлшеу үшін пайдаланылады.
Аналитикалық таразы анализ өнімдерін өлшегенде қолданылады. Өлшеу
дәлдігі 0,0001-0,0002 г.
Технохимиялық таразы үшін салмағы дәл гирлер, ал ана-литиқалық таразы
үшін аналитикалық гирлер қолданылады. Таразының гирлері арнаулы қорапта
белгілі реттілікпен орна-ластырылады. Гирлердің салмақ дәлдіктері бұзылмау
үшін оларды тек қысқышпен ұстайды.
Заттарды бюкске, сағат шынысына тағы басқа ыдыстарға салып өлшеу
керек.Технохимиялық таразының (2-сурет) тіктеуішін вертикаль бағытқа
келтіріп, стол үстіне орналастырады. Таразының дәл орналасуы үшін, оның
төменгі жағындағы тіреуіш-винттерін қалаған бағытта бұрайды. Таразы іске
қосылмай тұрғанда(арретирленгенде) призмаларға кұш тұспейтіндей етіп қояды.
Ол ұшін тұтқаны бұрау арқылы арретирлейді, бұл жағдайда таразы табақшалары,
тіреуден призмада, одан кұйентеге орналасады. Таразыда өлшеуді бастамай
тұрып, оның дұрыс жұмыс істей-тініне көз жеткізу керек. Ол ұшін арретирді
тұсіріп стрелканың шкала бойынша ауытқуын байқайды. Егер таразы дұрыс
орналастырылып, дәл жұмыс істейтін болса, стрелка шкала бойынша оң және сол
бағытқа бірдей мөлшерде ауытқиды. Міне, бұл таразы табақшасының тепе-
теңдікте екендігін көрсетеді.
Өлшенген салмақты таразы табақшасындағы ұсақ гирлердің салмағын қосып
жазу арқылы
7 ғ
Сурет .Таразы: 1-тіктеуіш; 2-тіреуіш винт; 3-тұтқа; 4-табақ; 5- күйенте; 6-
қалыптастырғыш винт; 7- стрелка; 8- шкала.
,-5
1. технохимиялық таразының дұрыс жұмыс
істемейтіндігі байқалса, ал байқалған ақауды өлшеуші
жөндей алмайтын болса, бұл туралы оқытушыға не
лаборантқа хабарлайды.
2. Таразы табақшаларына ылғалды, былғаныш және қатты,
ыстық нәрселерді, ұнтақ заттарды салуға болмайды.
3. Өлшенетін зат таразының сол жақтағы табақшасына, гирлер
оң жақтағы табақшасының дәл ортасына салынады.
4. Гирлерді ластанудан сақтау үшін жалаң өзін стол үстіне
қоюға болмайды. Гирлерді қысқышпен ұстап, өзіне сәйкес
келетін қорап ұяшықтарына орналастыру керек.
5. Өлшеуге қажетті ұсақ гирлерді басқа таразының ұсақ гирлер
салатын қорабынан алуға болмайды. Егер заттың салмағын
теңестіруге алынған қораптағы ұсақ гирлердің біреуі не
бірнешеуі жетіспесе, онда өлшеу реттілігінің дұрыс
сақталмағандығы.
6. Лабораториялық жұмыс барысында алынған затты бірнеше
рет өлшеу қажет болса, тек бір таразыда ғана өлшеу
ұсынылады.
7. Өлшеуді аяқтағаннан кейін таразыда бөгде заттар
қалдырмауға тиіс.
8. Жұмыс аяқталғаннан соң таразыны және ұсақ гирлерді тек-
серіп, таразыны арритерлеп қою тапсырылады .
Химиялық ыдыс және онымен пайдалану
Әртүрлі химиялық тәжірибелерді өткізген кезде арнайы
жұқа және қалың шыны ыдыстармен пайдаланады. Химиялық
ыдысқа қойылған негізгі талаптары, олардың химиялық және
термикалық беріктігі. Химиялық беріктігі — шынының әртүрлі
сілті мен қышқылдарға жене тағы басқа химиялық
қосылыстарға қарсы тұрақтылығы. Термикалық беріктік - ол
шыны ыдыстың температураның өзгеруіне шыдамдылығы. Оны
коргенде айыруға болады, сыртында ақ белгісі бар жұқа шыны
ндыстар. Ал қалың шыны ыдыстарды қыздыруға болмайды,
олар жоғарғы температураға шыдамайды.
Ең жақсы шыны пирекс болады, ол химиялық және термикалық беріктігі
жоғары, ұлғаю коэффициенті төмен. Пирекстен жасалған шынының құрамында —80%
кремнийдің
(IV) тотығы бар .
Жұмсару тсмпературасы 620°С болғандықтан оны жоғарғы температурада
өткізетін тәжірибелерде қолдануға бол-майды. Ондай тәжірибелерде жоғары
температураға шыдамды құрамында 99,95 % кремний тотығы бар жұмсару
температурасы 1650 °С-қа тең кварц ыдысын пайдаланады. Лабораторияға
арналған шыны ыдыстарды негізінде ТУ (термикалық берік), ХУ-1, ХУ-2
(химиялық берік) тиісті шынылардан жасайды.
Химиялық лабораторияда жиі пайдаланатын ыдыстар
3-ші суретте көрсетілген.
Пробиркалар. (З-сурет, 1)Қарапайым және калибрленген болады тәжірибелерді
аз реактивтермен өткізген кезде, жалпы ғылыми және оқу лабораторияларда
пайдаланатын ыдыс. Реактив мөлшері пробирканың ішінде жарты көлемінен
аспауға тиісті.
Лабораториялық стакан. (3-сурет,2). Размері әртүрлі, шүмекті және шүмексіз
қарапайым және градуировкасы бар болады. Әртүрлі лабораториялық жұмысқа
пайдаланады (сүзуге, тұндырута т.б.)
Колбалар. (3-сурет, 3,4,5,6,7) Әртүрлі көлемді және формалы ( дөңгелек ,
тегіс түпті және тегіс түпті конус бүйірлі
колбалар)
Вюрц колбасы (3-сурет,5) — дөңгелек түпті, мойнында
өсіндісі бар, сұйықтарды атмосфералық қысымда айдауға
пайдаланады.
Бюхнерколбасы (3-сурет,7)- фильтратты бөлуге арналған жанында өсіндісі
бар колба .
Кристалдаткыштар(3-сурет,8)- қаныққан зат ерітінділерінен кристалдарды
алуға пайдаланады. Эксикаторлар (3-сурет,10) — зат сақтау және зат
кептіруте арналған ыдыс. Оның төменгі бөлігін ылғал сорғыш затпен
толтырады (кептірген кальций оксиді, концентрлі күкірт қышқылы,
фосфор оксиді V), үстінде фарфордан жасаған торға затты бюкспен
немесе тигельмен қояды .
Б ю к с т е р (3-сурет,11) - сұйық және қатты заттарды таразыға өлшеуге
және сақтауға арналады.
Аллонждар (3-сурет, 12) - зат айдайтын аспаптарда қоспа элементінің ролін
атқарады.
Хлоркальций түт іктер(3-сурет,13) - әртүрлі заттарды, немесе ерітінділерді
ауаның құрамындағы су, көмірқышқыл газ және т.б. керексіз заттарды
сіңіруінен сақтайды. Хлоркальций түтіктердің ішін газ, ылғал сорғыш
материалдармен толтырады.
U — т ә р і з д і түтік (3-сурет,14) — электродты үрдістерді байқауға,
немесе суды, хлорсутекті ыдыратуға арналған. Тоңазытқыштар (3-сурет,15) —
зат суытатын немесе зат қайнағанда пайда болатын булардың конденсациясын
еткізетін аспап. Оларды заттарды айдау жоне экстракцияландыру т.б.
процестерге қолданады.
Ш ы н ы с а уы т т а р(3-сурет,16). Дрексель шыны сауытты газдарды жууға,
Тищенко шыны сауытты газдарды сұйық және қатты сіңіргіштермен тазалауға
арналған лабораториялық аспаптар.
С а ғ а т ш ы н ы с ы (3-сурет,17) - қатты заттарды таразыға өлшеуте және
химиялық реактивтер ластанбау үшін кейде ыдыстардың бетіне жабуға
қолданады.
Реторталар (3-сурет, 18) - әртүрлі препарат алу жұмыстарына пайдаланады (
азот қышқылын және т.б. заттар алу) .
Құйғыштар(3-сурет9,19)Химиялық құйғыштар сұйықтарды сүзуге және құюға
керек; тамшылатып құйғыш - реакциялық ортаға аз мөлшерден ептеп сұйық
реактивті құюға пайдаланады; бөлектеп құйғыш - әртүрлі араласпайтын
сұйықтарды бөліп алуға арналған.
Шыны ыдыстардан басқа лабораторияларда фарфор ыдыстармен пайдаланады
олар шыны ыдысқа қарағанда химиялық және термиқалық бсріктігі жоғары. Олар
әртүрлі көлемді және әртүрлі формалы арнайы болып келеді. Тостакандар .(4-
сурет,1)Химиялық тостақандар ерітінділерді суалтуға және қайнатуға,
кристалданған заттарды кептіруге т.б. жұмыстарға пайдалануға болады.
Стакандар .(4-сурет,2)- әртүрлі ерітінділерді құюға және басқа көп
жұмыстарды атқаруға арналған көп қырлы ыдыстың бірі болады. Олардың
беріктігі әртүрлі шыныдан, кейде сыртында градуировкасы бар болады .
Фарфор тигельдер (4-сурет,3). Түбінен ауызы кендеу келетін жалпақ
түпті,дөңгелек,отқа төзімді қақпағы бар ыдыс; жоғары температурада
материалдың аз ғана мөлшерін балқытуға, қыздыруға, қайнатута т.б.
операцияларға арналған.
Б ю х н е р құйғыштары (4-сурет,4). Лабораториялық жағдайда сүзуге арналған
құрал, әдетте түбі тор көз болып орналасқан фарфор құйғыш.
Келілер мен түйгіштер(4-сурет,5). Формасы жарты шарға ұқсайтын қабырғасы
қалың форфор келі түйгішімен. Размерлері әртүрлі болып келеді.
Лабораториялық жағдайда қатты заттарды ұсақтауға арналған ыдыс.
2-сурет . Суйық заттарды өлшеуге арналған ыдыстар
Химиялық лабораторияда сұйық заттарды өлшеп
пайдалануға керек болғандықтан әртүрлі өлшеуіш ыдыстармен
қолданады. Ол ыдыстар сыртқы қабырғаларында
градуировкасы немесе белгісі бар ыдыстар (2 сурет).
Тәжірибе кезеңінде пайдаланатын ыдыс таза болуға тиіс. Ыдыстарды бірінші
водопровод суымен жуып, содан соң бірнеше рет дистилденген сумен шайқайды.
Егер ыдыс өте ластанған болса суға аздап тұз қышқылын немесе хром
коспасын (концентрлі күкірт қышқылымен калий дихроматының қоспасы). Жуған
ыдысты төңкеріп кептіргіш ілгіші бар тақтайға кептіреді. Егер ыдысты тез
кептіруге керек болса, оны электр кептіргіш шкафта кептіреді.
Сурет-3 . (жоғарғы) Шыны ьідыстар :пробирка-1, стакан-2,түбі жалпақ колба-З
дөңелек түпті колбалар-4, Вюрц колбасы-5, бүйірлі колба-6, фильтратты
бөлуге арналған жанында өсіндісі бар-7, кристалдаткыштар-8, құйғыш – 9
,эксикатор - Ю, бюктер-11, аллонждар-12, хлоркалышйлық тұтіктер-13, 1]
—тәрізді тұтік-14,мұздатқыш-15, шайқағыш және кептіргіш шыны ыдыстар-16,
сағат шьінысы-47, рсторталар-18, тамшылатып құйғыштар-19.
Сурет-4 (төменгі) Фарфор ыдыстар: тостақан-1; стакан-2; тигель қақпағымен
(отқа тозімді ыдьіс)-3; Бюхнер құйғышы-4; келі мен түйгіш-5-қасық-6.
Шыны және тығынмен жұмыс істеу Қарапайым аспаптар құрастыру
Химия лабораториясында студенттер қарапайым аспаптар құрастыра білуге
тиіс.
І.Шыны тутікті кесу жөне оның ұшын балқыту.
Белгілі ұзындықтағы шыны түтікті кесу үшін, алдымен оның кесілетін жері
белгіленеді де сумен ылғалдандырылады. Шыны түтікті стол жиегіне қойып сол
қолдың сұқ саусағы және бас бармағымен берік ұстап, он қолымен ұш қырлы
егеу арқылы түтікке белгі түсіріледі. Сонан соң түтікке түсірілген белгіні
екі қолдың ортасына және өзінен кері бағытта келетіндсй етіп ұстап екі
жаққа абайлап тартса, белгі салған жерден морт сынады. Егер аз күш түскенде
түтік бөлінбесе, түтікке салынған белгіні екінші рет терендете түсу
қажет. Түтік кесілгеннен кейін оның ұштарын жанарғы жалынында көлбеу
түтітті осінен айналдыра ұстап қыздырады. Балқу
аяқталысымен түтітті асбестелген тордың үстіне қойып
салқындатады. Стол ұстіне ыстық шыныны қоюға болмайтындығы неліктен?
2.Шыны тутікті ию.
Жанарғы жалынында шыны түтіктің иілетін жері осінен айналдыра біркелкі
қыздырылады. Түтікті балқып жұмсай бастасымен жайлап иеді. Түтіктің дұрыс
иілуі біркелкі қыздыруға және жайлап күш салмай июге байланысты. Егер түтік
тез иілсе, иілген жері жоғары жағынан ойыс не төменгі жағы шығыңқы болады.
Бұлай июге болмайды.
З.Шыны түтікті созу.
Шыны түтікті созу не капилляр жасау қажет болғанда түтіктің 4-5
сантиметрлік бойын жанарғы жалынында үнемі өз осінен біркелкі айнаддыра
отырып қыздырады,шыны балқыған кезде оны қажетті диаметрде созуға болады.
4. Тығынды таңдау (іріктеу).
Лабораторияда шыны, резеңке және қабық тығындар қолданылады. Қабық
тығынының диаметрі ыдыс аузының диаметрінен сәл ғана үлкендеу болуы керек.
Қабық тығынды тығын қысқыштың арасына салып, айналдыра отырып, ыдыстың
аузына енгенше қысады. Қолба, пробиркаларды тығындау үшін ыдыстың ауыз
жағынан сол қолмен ұстап, оң қолмен абайлап тығынды бұрап тығындайды.
Ыдыстың түбінен не өте қашықтан ұстап тығындауға болмайды. Тығынның
кемінде
1
1
үштен екі бөлігі ыдысқа (пробиркаға, колбаға, банкаға) еніп тұруы керек.
5. Тығынды тесу.
Резеңке тығынды тесу үшін, тығынның жіңішке жағынан оған енгізілетін
түтіктің диаметрінен кішірек тығын тескішті (5-сурет,8) тандап алады.
Тығынды сол қолға, ал тығын тескішті оң қолға ұстап, оны горизонталь
бағытта теседі. Оң қолмен тығын тескішті баса ұстап, тескішпен оңға және
солға жарты айналым жасайды. Тескіш тығынға толық енгенде оны басқа
тығынның үстіне қойып, онан әрі оңнан солға қарай бұрай түседі. Егер бұлай
жасалмаса, тесілген тығынның екінші жағы жыртылып, тегіс болмай шығады.
Тесіп болғаннан кейін тығын тескішті қалған резеңкені сүмбі (не шегемен)
итеріп шығарады.
6.Жуғыштың бөлшектерін әзірлеу және оны құрастыру
Мұндағы мақсат: а) сыйымдылығы 300-500 мл тегіс түпті колбаға (7-
сурет,1) сәйкес қабық не резеңке тығын тандап алу; ә) диаметрі 6
миллиметрдей шыны түтіктің біреуін 175° (2), ал екіншісін (3) колба
биіктігінен сәл ұзындау етіп, 45° бұрыш жасай ию; б)ұшын тамшылатқыш
ұшындай сүйірлеу етіп, конусының ұзындығы 2 см, тесігінің диаметрі 1 мм
болатындай етіп, шыны түтікті созу (4) және ұшындағы капиллярды кесіп
күйдіру; в) иілген екі түтіктің екі жағын да, кішкене түтікшенің
сүйірленбеген жағын қыздырып балқыту; г) жоғарыда айтылған әдісті қолданып
тығыннан екі тесік жасау; д) ұзындығын 2-3 см етіп, резеңке түтікшені өлшеп
алу; е) әзірленген бөлшектерден 6-суретте көрсетілгендей аспап -жуғыш
құрастыру.
5-сурет. 1-штатив;2- пробирка тұтқыш;3-асбес торы;4-Пробирка салатын
штатив;5-тығынды қысқыш; 6-сүмбі-шетка; 7-тигель қысқышы; 8-тығын тескіш
бұрғьшар жинағы;9-тығынтескіш аспап.
Резеңке тығынды тесу үшін тығын тескішті таңдағанда, оның диаметрі
бірдей не орналастырылатын түтіктен сәл үлкендеу болуы көзделеді. Резеңке
тығынды тесуде тығын тескіштің кедергісін кеміту үшін вазелин, глицерин не
сілті ерітіндісін жағады.
Тығын тескішті көп колданудан оның ұшы мұқалып қалады. Өтпейтін тескіш
тығынды теспей жыртады. Тығын тескішті ұштау, өткірлеу үшін арнаулы жонғыш
қолданылады. Жонғыштың конус жағына тығын тескішті ендіріп, пышағын
тескішке жанастыра оны айналдырады. Жонғышпен жонғаннан кейін тескіш
өткірленеді. Шыны түтіктің ұшын ылғалдандырып оны тығынға енгізеді.
12
7-сурет . Жутыш
6-сурет . Вакуумді сүзгіш 1-Бунзен колбасы;
2- Бюхне құйғышы;
3— сақтандырғыш шыны ыдыс;
4 — вакуум-сорғыш
Жуғыш колбасының жартысынан көбірегіне су құйып, оны түтіктері бар
тығынмен тығындайды. Түтік арқылы (2) ауызбен үрлегенде колба ішіндегі
ауаның қысымы артып, екінші түтік арқылы (3) су көтеріліп құйылады (4).
Жуғыш ыдыстарды шаю, ерітінділерді сұйылту үшін, сүзгідегі тұнбаларды жуу
үшін қолданылады.
13
Қыздыруға арналған лабораториялық аспаптар мен құралдар
Химиялық лабораторияда әртүрл, қыздыруға арналған аспаптар қолданады:
спирт және газ шамы, электроплиталар, су және құм моншасы
муфель пештермен кептіргіш шкафтар және т.б. '
Спирт шамы көбінесе шыныдан жасалған болады. Оның ішінде
денатурирленген спирт құйып, пілте өткізеді. Әрине, спирт шамына қарағанда
газ шамының әлі күшті болады. Егер лабораторияға газ өткен жағдай болса,
газ шамдарын пайдалануға болады. Ол Бунзен және Теклю газ шамдары
8 сурет. Су және ауа моншалары; ә-құм моншасы; б-муфель пеші; в-тигель
қыздыруға арналған пеш; дөңгелек жоғарғы температурада қыздыруға
арналған пеш.
Кейбір тәжірибелерді өткізген кезде көп уақыт қыздыру талап етіледі Ол
үшін электроплиталарды, моншаларды: су, май, құм (8-сурет а) пайдаланады.
Егер 600-1000 С температура керек болған кезде муфельді пешті қолданады. Ол
отқа төзімді материалдан жасалған камера. Оның ішінде керек реакцияларды
тигельдің ішінде өткізеді. Сол мақсатпен ол реакцияларды тигель
қыздыруға арналған пеште де өткізуге болады (8-сурет, б).
Сүзу
Сұйық заттарды ұсақ қатты бөлшектерден бөлу үшін сүзу әдісін
қолданады. Сүзуді сүзгіш арқылы өткізеді. Сүзгі сұйықтықты өткізіп,
бетіне қатты белшектерді ұстап қалады. Сүзгіден өткен таза сұйықтықты
сүзінді деп атайды.
Лабораториялық қарапайым жұмыстар кезеңінде тегіс бетті және тегіс
қатпарлы сүзгі қағаздарын пайдаланады.
Тегіс беті сүзгі дайындау үшін бір бет квадрат формасы бар сүзгі
қағазды алып (10 сурет) бүктейді, содан соң алдын ала екіге (1), төртке
(2) бұктеген қағаздың бұрышын деңгелентіп қайшымен қияды (3), содан соң
саусақпен бұктеген қағаздьң бір қабатын басқаларынан бөліп тегістейді.
Нәтижесінде конус шығады (4).
Жасап болған сүзгіні құйғыштың ішіне орнықтырып, жайлап қолмен басып,
қабырғасына тегістеп жатқызып, аздап сулайды. Сіңіру бетін көбейту үшін
тегіс қатпарлы сүзгіні пайдаланады. (11 сурет). Оны қалай жасайтынын
мұғалімнен сұраңыз. Сүзгілердің қайсысында құйғышқа орнықтырғанда көлемі
құйғыштың жоғары деңгейіне жетпеуге тиісті. Ерітінділерді сүзген кезде
құйғышты сақинасы бар штативке бекітеді. (13 сурет).
1 і
+ ■
11- сурет. Тегіс қатпарлы сүзгіні әзірлеу.
Ю-сурет. Тегіс сүзгіні әзірлеу.
Егер ыстық ерітінділерді сүзу қажет болса (мысалы, тұзды қайта
кристалдау үшін), арнайы ыстық сумен немесе электр тогымен қыздыратын
құйғышты пайдаланады. (14 сурет).
14
15
13-сурет. Сүзу.
14-сурет.Ыстық ерітінділерді сүзуге
арналған құйғыш
Лабораторияларда тұнбаға түскен заттарды сұйықтықтан бөлу үшін кейде
вакуум сорғышын пайдаланады (6-сурет). Ол 1-ші Бунзен колбасынан фарфор 2-
ші Бюхнер құйғышынан, 3-ші сақтық шыны ыдысынан және 4-ші суатқыш вакуум
сорғыш . Фарфор Бюхнер құйғыштың размері бөлуге арналған тұнбамен
байланысты .
II. Заттарды тазарту. Заттардың тазалығын анықтау әдістері
Бақылау сұрақтары
Заттардың тазалығы туралы түсінік.
2. Заттардың тазалығын қандай әдістермен анықтайды
(сандық, сапалық) ?
3. Химиялық реактивтердің тазалығына байланысты
классификация.
Сұйық заттардың тазалығын қалай анықтайды ?
5. Қатты заттардың тазалығын сандық анализбен өткізгенде
қандай әдістер қолданылады ?
Қайта кристалдау дегеніміз не ?
Дистиляция және айдау дегеніміз не ?
8. Құрғақ заттарды қыздырып айдау әдісі. Сублимация
дегеніміз не ?
9. Газ күйіндегі заттарды қандай әдістермен тазартады ?
10.Металдардын тазалығын қалай анықтауға болады ?
11 .Тұздардың балқу температурасын анықтау арқылы қандай
шешімге келуге болады ?
12.Таза және таза емес (қоспа) заттардың қайнау, қату, балқу
температураларының айырмашылығы бар ма ?
ІЗ. Газдардың ерігіштігі. Ацетилен газын неге қаныққан натрий хлориді
ерітіндісінің үстіне жинайды ?
16
Қатты заттардың тазартылуы Қайта кристалдау әдісі
а) Калий бихроматын қайта кристалдау
Технохимиялық таразыға 6г калий дихроматын шөгіп, көлемі I 50 мл шыны
стаканға салыңыз. Қатты заттар ерігіштік кестесіне қарап 100
градуста қанықкан ерітінді алуға пайдаланатын су көлемін
есептеңіз. Есептеген судың көлемін 2 миллилитрдей артық мөлшерде алып
мензуркамен тұзы бир стаканға құйыңыз.Әрі қарай әзірлеген ерітіндіні үстіне
асбест торы орнықтырған сақинасы бар штативке қойып, астынан спирт
шамымен қыздырыңыз. Тұз әбден ерігенше шыны таяқшамен араластырыңыз.
Егер алынған ерітіндіде еріген қоспалар байқалатын болса, ыстық
ерітінділерді сүзетін құйғышпен фильтрлеңіз. Ыстық ерітіндіні шыны
стаканмен салқын суға қойып салқындатыңыз. Алынған кристалдарды Бюхнер
құйғышымен фильтрлеп 30-40 мин кептіргіш шкафқа 100°С-та кептіріп, таразыға
салып өлшеңіз. Заттың шығуын пайызбен есептеңіз.
ә) Аммоний хлоридінің тазартылуы
60 °С-та қаныққан аммоний хлоридін әзірлеңіз, ол ұшін 50 мл су және қатты
заттардың ерігіштігі кестесіне қарап тұздыц салмағын есептеп, таразыға
өлшеп салыңыз. Ерітіндіні қайнағанша қыздырып, ыстық ерітінділерді сұзуге
арналған құйғышпен фильтрлеңіз. Фильтратты фарфор тостақаша құйып, су
моншасына қойып, жартылай суынан айырыңыз, Неге бұл тәжірибеде ерітіндіні
судан тек қана жартылай айырады ?
Тостақанды әрі қарай мұзы бар ыдысқа салып қойыңыз. Содан соң тұзілген
кристалдарды фильтрлеп, ауада кептіріп алыңыз. Алынған заттың шығуын
есептеп, алғашқы алған затпен салмағын салыстырыңыз.
б) Натрий хлоридінің тазартуы
Бұл тәжірибенің негізінде, электролиттердің еріуінің төмендсуі ерітіндіге
басқа электролит құрамындағы бір текті ионныц ендіргеніне байланысты болып
келеді. Деген дей қаныққан натрий хлориді срітіндісіне хлор ионын
сндіргенде тепе-тендік солға қарай ауысып, таза тұз кристалдары тұзіледі.
Тәжірибені орындау.
20 г NаСІ тұзын алып 50 мл суға ерітіндер. Ерітіндіні бір стаканға
филтрлеңдер. Тартпалы шкафтың ішінде суретке қарап аспапты құрастырыңыз.
Вюрц колбасының түбіне 20 г натрий хлоридін салып үстіне тамшылатып құятын
құйғыш арқылы 20-25 миллилитрдей 70% күкірт қышқылын қосыңыз. Асбест торы
арқылы колбаны жай отқа қыздырыңыз. Бөліне (бастаған хлорсутек газды
әзірлеп қойған қаныққан натрий хлориді ерітіндісінен өткізіңіздер. Біраздан
соң стақан түбінде түзілген натрий хлоридінің кристалдарының пайда болуын
байқаңыз. Стакандағы ерітінді қаныққандай болғанда оны қалай білуге
болады? .Сол кезде хлор сутекті өткізуін тоқтатып, алынған тұз кристалдарын
Бюхнер құйғышы арқылы фильтрлеп, кептіргіш шкафта кептіріңіз. Хлорсутекті
қаныққан [тұз срітіндісімен өткізгенде неге тұнба түзілсді? Реакция
теңдеуін жазып дәлелін беріңіз.
Иодтың сублимациясы
Сатуға түсетін иодта қосымша түрінде хлор, бром және су болады. Иодты
тазарту үшін лабораторияларда оны калий иодидімен және сөндірілмеген әк
(ізбес) қосып қыздырып айдайды .Сол кезде иод қатты күйден бірден газ
күйіне Балқымай ауысады. Бұл құбылыс сублимация деп аталады .
Технохимиялық таразыға 1г кристалданған иодты, 0,1г калий иодидін және
0,5г кальций оксидін өлшеп, фарфор
тостақанға салып араластырады. Тостақанның бетін 13 колсміне салқын су
құйған колбамен жабады да асбес торы орнатылған сақинасы бар штативке
қойып спирт шамымен
I қыздырады. Осы кезде иод кристалдары бірден балқымай буланып салқын
колбаның сыртына түзіледі. Әрі қарай
I алынған затты өлшеп шығу пайызбен есептеңіз. Қальций
оксидімен, калий иодидін не үшін қосатынын және иодты осы
і ііспен тазартқанда иодтың қандай физикалық қасиеті
I пайдаланатынын айтып беріңдер.
Су дистиляциясы
15-суретке қарап су дистияяциясын өткізетін аспапты
құрыңыз . Вюрц колбасына 13 көлеміндей краннан су құйып,
үстіне азғантай мыс купоросының ерітіндісін қосыңыз.
Колбаның түбіне сұйық бір қалыпта қайнау үшін қайнатқыш
тастарын салып, ауызын термометр салынған
19
тығынмен жабыңыз. Тоңазытқышқа салқындататын су астыңғы шүмегінен кіріп,
жоғарғы шүмегінен шығады. Оны тәжірибе бойына кранға қосып қойыңыз. Вюрц
колбасып қыздырып 20-30 мл суды алонж арқылы колбаға жинап алыңыз. Екі
бөлек алынған ерітіндінің және тәжірибе нәтижесінде алынған судың 2-3
тамшыдан алып шыны пластинкаларға тамызып қыздырып салыстырыңыз.
15-сурет . Судың дистиляциясын. өткізетін аспап .
1- дөңгелек түпті ; 2- Либих тоңазытқышы, 3-форштосс; 4-аллонж; 5-
қабылдаушы колба.
Сұйық заттардың тығыздығын анықтауы
Сұйық және қалыпты заттардың тығыздығын анықтау үшін кішкене шыны
ыдысты пайдаланады. Оны иикнометр деп атайды. Ол кішкене өлшеуіш колбадай
болады. Пикнометрдің ішіне көлем белгісіне дейін су құйып, таразыға өлшеп
анықтайды.
Құрғақ таза пикнометрді таразыға өлшеп, салмағын жазып алыныз.
Тығыздығын анықтайтын сұйықты (спирт,глицерин) пикнометрді қайта-қайта
дистилденген сумен шайқап тағы да су толтырып таразыға елшеңіз.
Бақылауды жазу улгісі
1. Пикнометрдің салмағы;
2. Тығыздығын сұйықтықпен толтырылған пикнометрдің салмағы
20
3. Сумен толтырған пикнометр салмағы;
4. Сұйықтың салмағы;
5. Сұйықтың тығыздығы.
Металдардын тығыздығын анықтау
Алдын ала өлшснген таза құрғақ пикнометрге аздап бытыра күйіндегі
қорғасын (мырыш) немесе басқа металды салып таразыға өлшеңіз. Әрі қарай
пикнометрдегі металды алмай үстіне көлем белгісіне дейін келтіріп су
құйыңыз тағы да таразыға өлшеңіз. Содан соң суын төгіп ішіндегі металды
алып, пикнометрді шайқап су құйып тағы да өлшеңіз.
Бақылаудың жазу үлгісі.
1. Бос пикнометрдің салмағы;
2. Пикнометрмен металдың салмағы;
3. Пикнометрдің металмен және сумен бірге салмағы;
4. Пикнометрмен судың салмағы;
5. Металдың салмағы;
6. Судың салмағы;
7. Пикнометрдің металмен толмаған көлемі;
8.Металл көлемі;
9. Металдың тығыздығы.
Тәжірибе арқылы алынған көрсеткішті, анықтамадағы көрсеткішпен
салыстырыңыз.
Заттардың балқу температурасын анықтау
16-суретте корсетілгендей аспап құрастырыңыз .Фарфор келіге кобальт
(ІІ)нитратының кристаллогидрат Со(НО3)2' 6 Н2О тұзын ұнтақтап бір жағы
бітеу жұқа шыны капилярға толтырып салыңыз. Содан соң 17-суреттегідей
капилярды резеңке сакинасымен термометрге бекітіңіз. Термометрді әзірлеген
тесігі бар тығынға орнықтырып, сол тығын үйлесетін бір үлкен пробиркаға
салып штативке тікесінен бекітіңіз. Содан соң бір шыны стаканға су құйып,
асбес торы бар
сақинаға орнықтырып? ішіне штативке бекіткен әліі пробирканы
түсіріп, жайлап астынан қыздырыңыз.
17-сурет. Термометрге
бегітілген затпен толтырылғған капиляр
16-сурет. Балқу температурасын анықтауға арналған аспап.
Жайымен қыздырған суды араластырғышпен араластырып^ капилярдағы
заттың күйін байқаңыз. Капилярдағы зат мөлдір болып еріген соң тсрмометрдің
көрсеткішін жазып алыңыз. Сол көрсеткіш тұздың балқу температурасы
болады.
Судың қайнау температурасын анықтау.
Судың қайнау температурасын анықтау үшін Вюрц колбасымен пайдалану
ыңғайлы болады. Колбаның түбіне аздап су құйып ішіне қайнатқыш тас салып,
ауызын термометрі бар тығынмен жабыңыз. Термометрдің ртуть құйған шаригі
суға тимей, тек кана буы тиетіндей болу керек. Суды жайлатып қыздырып
колбаның жанындағы шүмегінен судың буы кеткенше қыздырып, қайнай
бастағаннан бірнешс минут кейін температураны жазып алыңыз. Колбадағы су
суыған соң тәжірибені қайталаңыз. Тәжірибе арқылы тапқан температураны
кестедегі берілгендермен салыстырыңыз.
Кпа-дағ97,3 98,64 99,97 101,3 102,6
ы
Атмосфе
ралық
қысым
Газдар күйі тендеуін пайдаланып алынған газ көлемін қалыпты жағдайға
келтіріңіз. Газдың натрий хлориді ерітіндісінің үстіне жиналатынын
ұмытпаңыз. Бу қысымын һ (кПа) натрий хлоридіерітіндісінің қалыпты
температурада берілгенін алыңыз (1,°С).
т,°с һ, кПа 1,°С һ, кПа1,°С һ, кПа
16 1,372 19 1,652 22 1,989
17 18 1,466 20 21 1,759 23 24 2,119
1,556 1,879 25 2,252
2,286
Жаттығулар мен есептер
1. Қайта кристалдау әдісі заттардың қандай қасиеттерімен
байланысты.
2. Натрий хлоридін қайта кристалданғанда қаныққан ерітіндіні
суынан неге жартылай қайнатып айырады ?
3. Аммоний сульфатының (МН4)2§О4 қаныққан ерітіндісін 100°С-тан 20-
қа дейін суытқанда 9,3 г тұз бөлінеді. Қанша грамм тұз және су қайта
кристалдану үшін алынды .
4. 20 грамм қайта кристалданған калий дихроматын К2Сг2О7 алу үшін
қанша грамм тұз және су керек, егер кристалдану 80 мен 10 °С аралығында
өткізсе.
5. Кальций карбидінің тазалық дәрежесін анықтаңыз. Егер оның 4,4 граммы
сумен әрекеттессе 1,5 литр ацетилен бөлінеді ( р= 760 мл.сн.бағ., 1 =
0°С. қ.ж.)
2. Кальций карбидінің сумен әрекеттесу теңдеуі бойынша
алынған навескалар бойынша қанша ацетилен бөлінуі
керегін есептеңіз.
3. Алынған заттағы кальций карбидінің салмағын пайызды
түрде есептеңіз.
6. Мрамордың СаСО3 ыдыраған кезінде 118 граммнан 25 л көмір қышқыл газы
(IV) бөлінді (оның көлемі 17°С және 103,9 кПа өлшенген ). Мрамордың
ішіндегі қоспалардың пайызбен есептеңіз.
25
III. Заттардың химиялық эквиваленті
Бақылау сурақтары
1. Химиялық эквивалент дегеніміз не ? Эквивалент заңының
анықтамасын беріңіз.
Күрделі заттар эквиваленті.
Тотықтардың, қышқыддардың, негіздердің және тұздардың
эквиваленттерін қалай анықтайды?
Эквивалент жөне эквиваленттер заңының қандай
практикалық маңызы бар ?
Эквиваленттік мольдік массасы.
Элементтің стехиометриялық валенттілігі.
Эквиваленттерді анықтау
Химиялық қосылыстардың құрамына енетін элементтер белгілі және олар
тұрақты салмақ қатынасында болады (құрам тұрақтылық заңы). Бұл қатынас
олардың эквивалентіне сәйкес келеді.
Эквивалент дегеніміз — химиялық элементтер бір-бірімен қандай салмақ
мөлшерінде қосылатындығын көрсететін сан.
Элементтер бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал салмақ мөлшерінде
реакцияласады эквиваленттер заңы.
Бұл заң мынадай математикалық тәуелділікті көрсетеді.
т2 э2
Мұндағы ті — бірінші заттың массасы, т 2 - екінші запың массасы, Эі -
бірінші заттың эквиваленті. Э2 —екінші заттың эквиваленті.
Магнийдін эквивалентін ығыстыру әдісімен анықтау
Аспаптың (19-сурет) герметикалығы тексерілгеннен кейін
лаборанттан 0,001 г дәлелдікпен өлшенген папирос қағазына
оралған магний ұнтағын (жаңқасын) алыңыз. Пробирканың
тығынын алып, құйғышты жоғары, төмен түсіру арқылы
бюреткадағы судың деңгейін нөлге не одан сәл төмендеу етіп
қойыңыз. Өлшеуіш цилиндрмен 5 мл сұйытылған күкірт
қышқылын өлшеп алып, оны құйғышпен пробиркаға
құйыңыз. Магний оралған пакетті 1-2 тамшы
дистилляцияланған сумен ылғалдап, қышқыл құйылған пробирканы көлбеу ұстап,
қышқылдан 3-4 см жоғарырақ өлгі пакетті қойыңыз. Осыдан кейін пробирканы
аспапқа жалғастырып, оның герметикалығын тағы да тексеріңіз. Бюреткадағы
(не құиғыштағы) судың деңгейі нөл бөлігінде, не одан сәл төмендеу болатын
болсын. Бюреткадағы судың деңгейін төменгі мениска бойынша 0,05 мл
дәлдікпен жазып алыңыз.
Оралган пакеттегі магнийді пробиркадағы қышқылға сілкіп түсіріп, сутектің
бөлінуін және оның бюреткадағы суды ығыстыруын бақылаңыз. Пробиркадан газ
көпіршігі бөлінуі
27
токталғаннан кейін газдың үй температурасына дейін салқындауы уы ушін 10
минуттай қойыңыз. Бюреткадағы судың денгейін 0,05 мл дәлдікпен, тәжірибе
кезіндегі үй температурасын және миллиметрмен өлшеген барометрдін сынап
бағанасы бойынша қысым көрсеткішін жазып алыңыз.
Тәжірибе нәтижесінің қорытындысын шығару
Тәжірибе кезінде магний ығыстырып шығарған сутектің көлемі
У=а-а
2. Бөлінген сутектің көлемін қалыпты жағдайға келтіру формуласы:
V=V(P-h)293760T
19-сурет . Металдардың эквиваленттік массасын анықтауға арналған аспап 1
-бюретка; 2- құйғыш; 3-пробирка
3. Қалыпты жағдайда сутектің грамм-молекуласы 22,4 л
(не 22400 мл) көлем алады деп, бөлінген сутектің салмағы §
есептеңіз.
2. Алынған магнийдің салмағы (Ь) мен бөлінген сутектің салмағы (§ ) бойьшша
магнийдің эквиваленті есептеледі.
мұндағы Т = 273 + і— абсолюттік температура, һ- су буының үлес қысымы
(қосымшадағы 1- кестені қараңыз).
5.Эксперимент жүзінде табылған эквивалентті, магнийдің теориялық
эквивалентімен (24,32 : 2 = 12,16) салыстырып, салыстырмалы қателік пайызын
есептеңіз.
Бақылауларды жазудың үлгілері
Магнийдің салмағы (г) —Ь ;
Тәжірибе кезіндегі үй температурасы –t0;
Тәжірибе кезіндегі атмосфералық қысым — р — мл сын.бағ;
Су буының үлес қысымы- мм сын: бағ;
Реакцияға аяқталғаннан кейінгі бюреткадағы судың деңгейі— а;
Реакция аякталғаннан кейінгі бюреткадағы судың деңгейі — а.
Қателік пайызы =
. 100.
Э теориялық — Э практикалық Э теориялық
Жұмыс дұрыс және ұқыптылықпен орындалғанда, салыстырмалы қателіктің мөлшері
аз болады.
28
Щ ,1 II 4.1
Жаттығулар мен есептер
1. Мына қосылыстардың құрамындағы эквиваленттердің
валенттілігі мен эквивалентін табыңыз;
а)К2О, ә)СаО ,б) Ғе2О3, в) РЬО, г) SО3, д) Р2О5, е)НNO3, ж)Н2SО4,
з)Na2О3, и) АІ2 (SО4)з к)Са3(РО4 )2
2. Қалыпты жағдайда 0,1953 г металл 56 мл сутекті ығыстырған
болса, металдың эквиваленті неге тең ?
3. Қалыпты жағдайда 1 г металды тотықтыруға 462 мл оттек
жұмсалған болса, металдың эквиваленті қандай болғаны?
4. 1г металл 1,251 г тотық түзген болса, метаддың эквиваленті
қандай болғаны ?
5. 0,09 г металл қышқылдан 17°С-де және 0,987 атмосфералық
қысымда 48 мл сутек ығыстырылған. Сутек су үстінде
жиналған. Металдардың эквивалентін табыңыз.
6. 8.Хлорлы темірде 34,46 % темір жөне 65,58 % хлор бар.
Хлордың эквиваленті 35,46.Хлорлы темірдегі темірдің эквивалентін табыңыз.
7. Күміс тотығы құрамында 93,09% күміс, 6,91% оттек, ал
йодты күмісте 45,95% күміс және 54,05% йод бар. Йодтың
эквиваленті нешеге тең ?
8. Қалыпты жағдайда оттек және сутектің массасы қандай
көлемде болады?
9. Техникалық темір сульфитінде қанша қоспа бар, егер оның 5
грамы 39°С температурада және 1,617 • 105 Па ауа қысымында
қышқылмен әрекеттескенде 0,8 л күкірт сутек газы бөлінді.
10. Калийдің 1 грамы 0,9 г хлормен, немесе 2 г броммен
әрекетгесе алады. Калийдің және бромның эквиваленті нешеге
тең, егер хлордың эквиваленті 35,5 грамға тең болса.
IV. Заттардың салыстырмалық молекулалық салмақтарын анықтау
Бақылау сұрақтары
1. Атом молекулалық ілім Р.Бойль, М.В.Ломоносов, Д.Дальтон,
А.Лавуазье еңбектері.
2.Атом мен молекулалар дискретті бөлшектер ретінде.
3. Абсолюттік және салыстырмалық атом мен молекулалық салмақтар. Моль зат
мөлшері ретінде мольдік масса.
4. Атомдық жөне молекулалық зат туралы ілім. Углеродтық атом салмағының
бірлігі.
5Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы . Авогадро заңы. Грамм-атом, грамм-
молекула. Авограмм.
6. Салыстырмалық газ ( сутек пен, ауамен ) тығыздықтары.
7. Заттардың молярлық массасын анықтау әдістері.
8.
6. 30
31
Көмір қышқыл газының молекулалық салмағын анықтау
20-суретте көрсетілгендей аспап құрастырыңыз. Тищенко шөлмектері (2,3)
көмір қышқьш газын СО2 хлорлы сутекпен тазарту жөне кептіру үшін қажет.
Колбаға (4) алдын ала тура келетін тығын қарастырыңыз. Жұмысты орындау мына
ретте
жүргізіледі:
в) Тәжірибе кезінде термометрдің, барометрдің көрсеткішін жазыңыз;
Бақылауларды жазудың улгілері
1. Ішінде ауасы бар тығындалған колбаның салмағы (г)-ші
2. Көмір қышқыл газы толтырылып, тығындалған колбаның
салмағы (г) - т
3. Колбаның көлемі (г) V
4. Тәжірибе кезіндегі абсолюттік температура — Т= (273+ I).
5. Тәжірибе кезіндегі атмосфералық қысым — (р) —мм.сын.бағ.
6. Ауаның қалыпты жағдайдағы келтірілген көлемі — У0
7Солба көлеміндегі уаның салмағы (г) — та
Ауасыз колбаның салмағы (г)- тЗ= ті- та
Колбадағы СО салмағы (г) — тЗ= т2- тЗ
10.Ауамен салыстырылған СОг тығыздығы —
11.СО2молекулалық салмағы -МСо2-
12.Салыстырмалы қателік проценті —
20-сурет. І.Кипп аппараты • 2,3 Тищенко шөлмектері.
Жұмысты орындау мына ретте жүргізіледі:
а) Колбаға СО2 жинамастан бұрын, оны тығындаңыз.
Тығынның төменгі деңгейін белгілеп, колбаның мойнына
сыртынан резеңке сакина кигізіп белгілеңіз; ө) Газ өткізгіш
түтіктің ұшын дайындалған колбаға ендіріп, 5-10 минут бойы
СО2 жіберіңіз. Колба газға толғаннан кейін оның мойнындағы
белгіге дейін тығындап, колбаны қайта өлшеңіз. Газ өткізгіш
түтікті алғаннан соң Кипп аппаратының кранын жабуды
ұмытпаңыз. Колбадағы ауаның көмір қышқыл газымен
ығыстырылғанына көз жеткізу үшін тағы да бірнеше минут СО2
жіберіп толтыра түсіңіз. Тұрақты салмақ болғанша бірнеше рет
қайталаңыз;
б) Колбаға мойнындағы белгісіне дейін су құйыңыз. Ол суды
өлшеуіш цилиндрге құйып, судың көлемі бойынша колба
көлемін жазып алыңыз-,
Жаттығулар мен есептер
1. Құрамында 20% сутек 80% көміртек бар газдық 1,5 г
қалыпты жағдайда 1120 мл көлем алады. Газдың химиялық
формуласын жөне молекулалық салмағын табыңдар.
Газдың сутекпен салыстырмалық тығыздығы 16 тең. Сол гаЗ-
дың молекулалық салмағын табындар.
3. Құрамында 27,27 % көміртек жөне 72,72 % оттегі бар газдың
салыстырмалық тығыздығы 22 ге тең. Газдың молекулалық
массасын және химиялық формуласын табыңдар
4. СО2, Н2О және С82 молекулаларының абсолютгік
салмақтары нешеге тең.
5. Газ күйіндегі заттың молекулалық салмағын табындар. Егер
оның 400 мл 87°С жөне 700 мл.сн.бағ. бойынша
салмағы 0,36 г тең болса.
6. 24 °С және 10"7 мл.сн.бағ. бойынша газдың 1м3 молекула
саны нешеге тең.
32
33
У.Химиялық реакцияларыныц жылдамдығы Химиялық тепе-теңдік. Катализ
Бақылау сұрақтары.
Химиялық реакцияларының жылдамдығы деген не ?
2. Химиялық реакцияларының жылдамдығы қандай бірлік
өлшемдермен өлшенеді?
3. Химиялық реакцияларының жылдамдығына қандай
факторлар тәуелді болады ?
4. Әрекеттесуші массалар заңы және олардың гомогенді,
гетерогенді жүйелерде қолдануы.
5. Химиялық реакцияларының жылдамдығының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz