Қысым жасамай оқыту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Бөлімі: «Филология»
Мамандығы: 0105013 «Бастауыш білім беру »
0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: 2/18. 41
Тіркеу нөмірі: №
«___» 2021 жыл
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Педагогика»
Тақырыбы: «Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі»
Орындаған: Кенжебаева А. Б.
Жетекші: Султашева Г. К.
Кафедра меңгерушісі: Қуатова А. З.
Білім меңгерушісі: Мухамбеталиева А. Қ.
Атырау - 2021 жыл
0105013 «Бастауыш білім беру»
0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
2/18. 41 тобы - Кенжебаева Әсел
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I - ТАРАУ. Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі
- Дидактикалық туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
- Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны
- Қазіргі заманғы дидактиканы оқытудың принциптері мен ережелері
II-ТАРАУ. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
2. 1 Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
2. 2 Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
II. ҚОРЫТЫНДЫ
III ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл өзіне-өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. Didaktikos - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу деген мағынаны білдіреді. Педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этикалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани т. б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған. Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады.
ХХ ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының негізін қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан ғалымдар ( Қ. Жұбанов, Т. Тәжібаев, Р. Г. Лемберг, Н. Көшекбаев, т. б. ) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді. Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамалармен ат салысқан ғалым - Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басщылық т. б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсаринннің ағартушы педагог ретіндегі негізгі ұстанымы - ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері. XXI ғасырдағы дидактиканың стратегиялық дамуында Ыбырай Алтынсариннің идеялары құнды орын алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Ы. Алтынсаринннің дидактикаға қосқан үлесін зерделеу, бағасын беру болып табылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- дидактика және жеке әдістемелерге тоқталу. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушыларға шолу жасау;
- оқыту процесінің қозғаушы күштері, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін сипаттау;
- Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясына тоқталу болмақ.
Зерттеу обьектісі: Ы. Алтынсариннің дидактикалық еңбектері.
Зерттеу пәні: Дидактика
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде жұмыстың теориялық мәні Дидактиканың оқыту үрдісіндегі маңыздылығымен танысу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясын меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы, Ы. Алтынсарин еңбектеріндегі дидактикалық әдестемені қазіргі дидактикалық жүйемен ұштастыра пайдалану болмақ.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
I. Дидактика туралы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі.
- Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
Дидактика - бұл ежелге грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар. Я. А. Коменский, И. Г. Пестолаций, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. Сухомлинский, А. С. Макаренко т. б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) . Оның 1632 жылы шыққан Ұлы Дидактика кітабында оқыту мақсаттары, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылдық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. Көп емес, өмірге керекті білімдерді беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды.
Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я. А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я. А. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау; оқушыларды сыныпқа бөлу; әр сыныпқа бөлме беру; күніне 4 сабақ өткізу; әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; қоңыраудың соғылуы; тәртіп; бір сабақтың ұзақтығы бір сағатттан аспау керек; сабақты күзде бастау. Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я. А. Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я. А. Коменский. Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі, - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ. Я. А. Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746 - 1827) Гертруда өз балаларын қалай оқытады? (1801ж. ) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары. Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді деген. Осы тұжырымдарға сай И. Г. Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді. Адамның дүние туарлы түсінігі алғашқыда анық емес, оны ретттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған. Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я. А. Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген. Жан Жак Руссо (1712-1778жж. ) Эмиль немесе тәрбие туралы (1762ж. ) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілердің оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы - Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж. ) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосқан. Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константинова Крупская (1869-1939жж. ) . Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская полетехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж. ) А. С. Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістерге қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж. ) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кендігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер т. б. ) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құрады.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерінің бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімдердің өзіне деген адал ниетін көреді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж. ) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды.
Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген 1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж. ) қазақша оқу әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» - деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп түсіндірк, талдау, қорыту, тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екендігін «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында айқын баяндайды.
Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тілінде жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізінде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқыту жайынан» деген мақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек», -дейді. Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж. ) . «Тәрбиеге жетекші» (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін ғылыми анықтама берген. Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдеп-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж. ) . Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
- Мұғалімнің қатты сөйлеуі:
- Суреттердің бояуының ашықтығы:
- Әсердің күштілігі:
- Затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату:
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.
Сонымен қатар дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдынды көптеген міндеттер тұр.
Олар: I-XI сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу, аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мемлекеттердегі оқу процесін жетілдіру: процеске жаңа технологияларды енгізу, мектептегі компьютерлендіруді аяқтау: мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу; ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу; білім берудегі ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
1. 2. Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны
Дидактика - оқу (обучение), білімдену (образование) теориясын нақтылаушы ғылым. Қазіргі заман оқу-білімінің мақсаты - әлеуметтік құнды іс-әрекетке араласу үшін тұлға мен қоғамға қажет адам сапа - қасиеттерді дамыту. Дидактиканың өзекті мәселелері - кімді, неге, қалай, нені, қашан, не үшін оқыту керек. Оқыту (преподавание) - оқу мақсатын (білімдендіру міндеттерін) іске асыру бойынша педагогтың (оқытушының) реттестірілген қызметі, ақпарат жеткізу (информирование) тәрбиелеу, игерілген білімді түсініп, қолдана білуге үйрету істерін қамтамасыз ету. Сауат ашу, сауат көтеру (учение) - таным, жаттығу және жинақталған тәжірибе негізінде оқушыда әрекет-қылық пен іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болып, бұрын игерілгендерді өзгеріске келтіретін қосымша үдеріс.
Оқу - көздеген мақсатты іске асыруға бағытталған мұғалім мен оқушы арасындағы жүйелі іс-әрекеттік байланыс, олардың бірлікті екі тарапты оқыту - оқып үйрену қызметі. Оқу - бұл оқушының мұғалім тарапынан арнайы ұймдастырылған танымдық іс-әрекеті, осы әрекет негізінде ғылыми білімдер, қажетті қызмет тәсілдері, қоршаған дүниеге болған көңіл-күй, құндылықты және шығармашыл қатвнастар қалыптасады. Оқу барысында бала дамиды.
Нақты жүйе ретінде оқу келесі элементтерді қамтиды:
- Мақсат;
- Мазмұн;
- Әдістер;
- Ұйымдасу формалары;
- Нәтиже;
Білімдену (образование) - оқу үдерісінде игерілетін білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдерінің жүйесі. Білім (знание) - пәннің теориялық тұрғыдан игерілгенін танытушы идеялар жиынтығы. Қоршаған дүниенің, жалпы болмыстың бала санасында түсініктер (понятие), сұлба, нақты бейнелер күйінде өрнектелуі (отражение) . Ептілік (умение) - игерілген білімді тұрмыстық тәжірибеде қолдана білу тәсілдері мен әрекеттерінің көрсеткіші. Дағды (навык) - орындалуы аса жоғары дәрежеде жетіле бекіген ептілік. Мақсат (цель) - оқуға игеруге байланысты: 1) жүйелі оқудың күні ілгері санада пайымдалған нәтижесі; 2) оқу соңында күтілетін болашақ. Мазмұн (содержание) - оқуға, білім меңгеруге байланысты оқу барысында шәкірт тарапынан игерілетін ғылыми білімдер, ептіліктер мен дағдылар, ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің тиянақты жүйесі. Ұйымдастыру (организация) - дидактикалық үдерістер: белгілі өлшемшектерге орай ретке келтіру, оқуда көзделген мақсатты тиімді іске асыруға қажет формаға келтіру. Форма - оқу үдерісінің болмыс тәсілі (способ существования), оқудың іштей мәні, логикасы мен мазмұнының сырттай көрінісі.
Оқу формасы ең алдымен сыныптағы бала санымен, оқу уақыты, орыны және іске асу ретімен байланысты. Әдіс (метод) - оқу мақсаты мен міндеттерінің орындалу (іске асу) жолы. Құрал-жабдық, шаралар (средство) - оқу үрдісінің заттай қолдауы. Құрал-жабдықтар тобына кіретіндер: педагог дауысы, шеберлігі, оқулықтар, сынып құралдары және т. б. Нәтиже (результат) - оқу үрдісінің салдары, соңғы өнімі, көзделген мақсаттың орындалу дәрежесі.
И. Гербарт жүйесі - тәрбиенің ең жоғары мақсаты - адамгершілікті, мораль тұрғысынан берік мінезді тұлға қалыптастыру. Мектеп міндеті - баланың интеллектуал дамуына қамқорлық жасау, ал тәрбиелеу - отбасы міндеті. Оқу мен тәртіп, білім мен сезім, ерік орайласа байланысып, тәрбиелік оқудың негізін қалайды. Тәрбие оқумен бірге ерік пен мінез, ақыл негізінде қаланады. Мұғалім басты тұлға. Дж. Дьюи жүйесі - оқу бала қызығуына, өмірлік қажеттеріне негізделуі тиіс. Оқушының ойлау қабілеті оқу, білім қиыншылықтары мен кедергілерін жеңуге орай қалыптасады. Оқу проблемді болуы шарт, баланың өзіндік белсенділігі мен жеке танымдық әрекетінің арқасында жүргізілуі қажет. Мұғалім жәрдемші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz