Алтын Орданың саяси тарихы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы:
Тарихымыздың алтын дәуірі - Алтын орда.
Орындаушы: 10 сынып оқушысы
Бақтыбай Нұрай Шырынханқызы
Жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі
Әбзелбек Жансая Нұрдәулетқызы
Үшарал ауылы, 2021ж
Мазмұны
І. Кіріспе____________________________ _________________________1
1.1 Алтын Орда мемлекетінің құрылуы____________________________ _________ 1
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Алтын Ордадағы басқару жүйесі және саяси тарихы _______________________5
2.2 Алтын Орда мәдениетінің дамуы______________________________ __________7
2.3Алтын Орданың ыдырауы____________________________ __________________8
ІІІ Қорытынды__________________________ _______________________________10
IV Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ __________________11
Тарихымыздың алтын дәуірі - Алтын орда.
І Кіріспе
Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру біздің борышымыз деп білемін. Осы орайда Алтын Орда тарихына көз жүгіртсек... Алтын Орда - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысы аумағында құрылған мемлекет. Осыдан тура 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзада-нояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны Талас құрылтайы деп атайды. Түрік деректерінде Бату ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Алтын Орда мемлекеті-тарихи әдебиетте Қыпшақ ұлысы деп те аталды. Сондай-ақ палеогенетикалық зерттемелер нәтижесі Алтын Орда аристократтарына гендік, қандық тұрғыдан қазақтар ғана жақын деген болжам айтты. Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр, осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды ерекше атап өтті. Алтын Орданың 750 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Атап айтар болсақ Парижде өтіп жатқан Халықаралық Түркі Академиясының Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі атты форумда Алтын Орданың 750 жылдығы аталды. Аталған шараға Америка Құрама Штаттары, Ресей, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Латвия, Голландия және Мажарстан сынды елден жетпіске жуық ғалым және ЮНЕСКО өкілдері қатысты.
1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық тарихы жастарға мұра. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологияның қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті.
Алтын Орданың ежелгі территориясының қырық пайызы бүгінгі Қазақстан иелігі, байырғы қазақ жұртының ата-мекені. Кез келген тобыр ұлт бола алмайды. Қазақ халқы да ұлт болып қалыптасу жолында қилы-қилы тарихи кезеңді бастан кешірді. Бүгінгі қазақтар көне қыпшақтардың заңды жалғасы, мұрагері. Алтын Орданың мұрагеріміз деп пікір айтуға біздің де толық құқымыз бар.
1.1 Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орданың тағдырлы тарихы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Бірақ елімізде дәл осы кезеңді жеке-дара зерттеумен айналысатын тарихшылардың саны аз. Тіпті, көркем шығарма туралы айтқанда Кеңес кезіндегі жазушы І.Есенберлиннің Алтын Орда трилогиясын еске алатынымыз рас. Қазақстан тарихының көне замананнан бүгінгі дейінгі тарихының бес томдығында Алтын Орда дәуірі турасында егжей-тегжейлі жазылған. Шыңғыс хан Моңғол империясын құрған соң, Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына кіргені белгілі: үлкен(далалық) бөлігі - Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедейге қарады. Шыңғыс қағанның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. Жошының ұлы Бату қолы Ресей жеріне, Еділдің батысындағы жерлерге жорық жасап, Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейін кеңейтіп, орталығы төменгі Еділде орналасқан іргелі мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің аты Алтын Орда деп орнықты Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы қлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нәтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері -- Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ, Алтын Орда деген мемлекеттің емес, тікелей хан ордасының атауы деп қарастыратын зерттеушілер де бар. Қалай болғанда, Алтын таудан(Алтай) тараған, металл өңдеп, алтын құйған, аумағынан бірнеше Алтын патша табылған халық үшін Алтын Орда атауы жат болмаса керек-ті. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары -- хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Яғни, аталған аралықта қала-кітапханалар қиратылып қана қоймай, салынып жатқанын да ескеру керек[1].
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жақынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары - ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т.б. кірді. Мұнда монңолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы татарлар деген атау алды.
Алтын Орда мемлекетінің құрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы - кұрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатылық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер басқалар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, бақадүрлер төмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды[2].
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге -- оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (ұлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына кірді.Бірақ Батудың өзі де, мұрагерлері де Алтын Орданы біртұтас орталықтан басқармағаны туралы айтылады. Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз шешімдер қабылдап, өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп санаса да, құрылтай жиналыстарына бармаған кездері де болған. Жошы ұлысын екі қанатқа бөлу арқылы бір жағын Орда Ежен, екіншісін Бату хан басқарып отырды. Орда Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Батый мен Орда Еженнің ұлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.
Ұлысты (үлесті жер) билеуге үкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы құқылы болды. Ал өзге моңғол ақ сүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне қарай бөлініп берілді. Біртіндеп ақ сүйектер құқысы арта түсіп, олар қарамағындағы жерді ұрпағына мұра етіп қалдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.Орда Ежен - кейінгі Қазақ хандарының атасы екендігі белгілі. Оның ұлысы шығыстың тарихи деректерінде Ақ Орда деп аталады. Ордадағы биліктің тізгіні осы ұлыс ұрпақтарының арасында алмасып отырды[3].
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Алтын Ордадағы басқару жүйесі және саяси тарихы
Алтын Орданың саяси тарихы.
Жошының мирасқоры - Батый 1235 ж. империя астанасы - Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтайында Еуропа елдеріне жасалатын жорық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалып, 1236-1242 жж. жасалған жорықтың нәтижесінде Батыс Дешті-Қыпшақты, Еділ бұлғарларын, Орыс князьдіктерін, Польша, Венгрия, Чехия т.б. елдерді бағындырып, ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енеді. Осылайша 1242 ж. Алтын Орда мемлекетін құрады. Алтын Ордада Бату -1243-1255 жж билік құрды. Батый ханнан кейін ұлы Сарайда таққа Сартақ ұлы келеді. Бірақ тез қайтыс болып кетеді. Одан кейін келесі ұлы Ұлақшы келіп, ол да тез қайтыс болады. Алтын Орда тарихында Сартақтың билікке келгені кейде айтылады, кейде айтылмайды. Ал Ұлақшы жөнінде тіпті айтылмайды. Батый ұлдарының кенеттен қайтыс болғандығы туралы арнайы зерттеулерде болмаса, оқулықтарда ешқандай мәліметтер жоқ[4].
Алтын Орда тарихында Жошы ханның Орда Ежен мен Батыйдан кейінгі үшінші ұлы Беркенің діншілдігі туралы көп айтылады. Берке ханның (1257-1263 жж.) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділіктен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен - бір құдайшылыққа - ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Алтын Ордада Берке ханның тұсында ислам діні кең тарала бастады деген тұжырым тарихнамада мықты орныққан. Соған қарамастан Берке ханның діншілдігі жөнінде әлі де болса қалың көпшілік біле бермейтін тұстар бар. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады[5]. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Алтын Орда тағына Беркеден кейін Меңгу-Темір отырды. Меңгу-Темір - Тоқтайдың ұлы, Батудың немересі, оның есімі Алтын Орда тарихында тәуелсіз мемлекеттің бірінші әміршісі ретінде сақталды. Ол өз атынан ақша шығару арқылы, Алтын Орданың толық тәуелсіз екенін көрсетті. Билік басына отырған соң, Меңгу-Темір Қырымға бас етіп Тоқа-Темірді отырғызады. Кейін ол Феодосияны басқаратын болады. Осы істері арқылы басқа елдермен сауда айналымын құрғысы келгенін көруге болады. Сол жылдары Алтын Ордадағы ең ықпалды тұлға түменбасы Ноғай еді. Ол Дунай мен Днепр арсында көшіп, Болгария мен Молдавияны бақылайтын. Сондай-ақ ол ықпалын Византияға да жүргізіп отыратын. Осыны пайдаланып, Меңгу-Темір 1266 ж. Бұлғар хандығына жорық ұйымдастырып, онда екі жыл билік жүргізеді. 1268 ж. хан Әзірбайжанға таласып, Абағамен соғысты. Бір жылдай уақыт өткен соң Меңгу -Темір хан мен Абаға арасында бейбіт келісім орнатылады . Жылнамашылар Меңгу-Темір қайтыс болған соң, оның орнына билік басына інісі Туда-Меңгу келгенін жазады. Биліктің өзгеруі орыс жерінде өзара қақтығыстың туындауына жол ашты. Осы араздық толқыны түменбасы Ноғайды жоғары көтерді. Оны Дон мен Дунай арасында мекендеген қыпшақ тайпаларының жұқаналары қолдады. Туда-Меңгу өзінің билігін күшейту үшін 1283 ж. Мәмлүк сұлтандығымен достық байланыс жаңартылды. Сол жылы Туда - Меңгу ислам дінін қабылдады[6].
Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты.
Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312 жж.) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланыстарын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз байланыста болған. 1311 ж. аяқ астынан Тоқта хан қайтыс болады. Ол билік еткен соңғы жылдарды Алтын Орданың гүлдену дәуіріне дайындық кезеңі жесе болады. Тоқта хан өз мемлекетінің өндіріс күштерін оң жолға қойып, қолөнер мен қала мәдениетін көтерді.Тоқта хан дүниеден өткен соң, тақ мәселесі көлденең тұрды. Хан болып Гиас әд-Дин Мұхаммед Торғұлжаның ұлы, Меңгу-Темірдің немересі сайланады. Ол жастайынан ерлігімен ауызға ілігіп, Өзбек деген атқа ие болады. Осы лақап есімімен Алтын Орда тарихына ең құдыретті билеушілердің бірі ретінде енді. Өзбек хан 1312 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді[7]. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.Билік еткен алғашқы жылдары Өзбек хан ең алдымен астананы Бату Сарайдан Берке Сарайға ауыстырды. Содан соң Өзбек исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Өзбек хан Алтын Орданы жеке-дара өзі билеген. Өз атынан ақша шығарған. Бату Сарай, Берке Сарай, Бұлғар, Мокша, Қырым, Тана және Хорезмде ақша бастыратын орындар болды. 1341 ж. Алтын Ордада Өзбек хан дүние салды.Өзбек ханның өлімінен кейін оның баласы Тыныбек хан билік басына келеді. Тыныбек хан тұсында Алтын Ордада елеулі өгерістер болған жоқ.Тыныбек ханнан кейін 1342 ж. Алтын Орда билігі Жәнібек ханның қолына өтеді. Бұл кезде хан ордасы Жайық жағасындағы Сарайшыққа ауысады. Осы жолдары Сарайшық қаласы гүлдену дәуірін бастан кешеді. Дала ақсүйектері мұнда зәулім үйлер, сарайлар, кесенелер тұрғызады. Жәнібек хан кезінде Әзірбайжан Алтын Ордаға қосылады. Хан, тіпті Тебризде өз атынан ақша шығаруды бастайды.Ақша одан басқа Сарайда, Бұлғарда, Мокшада, Қырымда, Азовта, Хорезмде және Гүлістанда басылатын. Енді осы қалалар қатарына Тебриз де кірді. Алайда осында ақша тек 1356 ж. ғана басылады. Тарихшылар сол жылды Алтын Ордада берік билік болған соңғы жыл деп есептейді.Әзербайжанға жорықтан кейін Жәнібек хан ауруға шалдығып, дүниеден озады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның (1312-1342 жж.) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz