Антропогендік әсердің атмосферада біліну



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультеті: География және табиғатты орналастыру
Кафедрасы: География, жерге орналастыру және кадастр

Тақырып: Антропогендік бедер пішіндеріне сипаттама бере отырып, адамның
шаруашылық іс-әрекетіне ықпалын анықтау.

СӨЖ- 6

Орындаған: Сіләмхан Ә. М.
Тексерген: Дуйсенбаев С. М.

Алматы 2021
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК
ӘСЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1. Антропогендік әсердің атмосферада
біліну ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .6

1.2. Гидросфераға антропогендік
әсер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

1.3. Литосфераға антропогендік әсерлер және олардың
көрінісі ... ... ... ... .13

1.4. А.В Чигаркин тұжырдамасы бойынша ландшафттардың бөлінуі ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19

Кіріспе

Табиғат кешендерінің алуан түрлі өзгеріске ұшырауына тек
антропогендік ғана емес сонымен қатар табиғи үрдістердің де тигізетін жері
жан-жақты қарастырады. Қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне
сәйкес келетін антропогендік факторлардың барлық түрлері дамыған сондықтан
олардың әсеріне дұрыс талдау жасау тиімді пайдалану, қорғау шараларына
ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор. Табиғат кешендердің дамуына
эволюциялық ерекшелігіне анропогендік фактордың тигізетін әсеріне өте ерте
кезеңнен бастап көңіл аударған. Соңғы кезеңдерде ҒТР-дың жетіскітеріне
байланысты оның әсері табиғи үрдістерден де артық. Сондықтан антропогендік
іс-әрекеттер, геожүйелердің табиғи жағдайын анықтауға негізгі фактор болып
есептеледі, ландшафтың шығу тегімен болашағын анықтауда тек табиғи факторды
атап көрсетц жеткіліксіз.

І. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР

Ландшафт деген түсінік оны жалпы немесе қатал таксономиялық
мағынада түсінік де комплекстік идеяны болжайды. Ол өзінің құрамында
міндетті түрде климаттың, қатты фундаменттің кездейсоқ жиынтығы емес, бір-
бірімен байланысты компонеттерді топтастырады. Ландшафтты бір ғана
компонент бойынша атауға болмайды.
Антропогендік ландшафттар дегеніміз- ландшафттардағы адам әсерінің
көріну нәтижесі де, олар екі топқа бөлінеді.
1. Жерді қолдану ерешеліктері (жыртылған жерлер мен плантациялар,
жайылымдар, бау-бақшалар)
2. Инженерлік құрлыстар мен олардың комплекстері (аз және көп қабатты
үйлер, қалалар, жолдар). Олардың әрқайсысында ландшафт деген сөзді
қосу, яғни елді мекендерді селитебті ландшафтар деп атаудан не ғылым,
не практика ештене ұтпайды.
Антропогендік ландшафттану көбінесе геосистемаларлағы адам әрекетінің
сыртқы әсерлерін фактілі анықтаудан асып кетпейді.
Антропогендік ландшафт ұғымын 30 жылдарда А. Д. Гожев, Б. Н.
Городков ұсынды. Ғалымдардың сол кездегі және кейінгі еңбектерінде
антропогендік ландшафт деп адамның іс-әрекеті салдарынан пайда болған
комплекстерді түсінді. Антропогендік ландшафт түсінігін кең және тар
мағынада түсіну кеңінен өріс алған. Дегенмен, қазіргі география ғылымында
Воронеж университетінің география мамандары ұсынған ғылыми тұжырым жиі
қолданылады. Олардың тұжырымдары бойыншы, антропогендік ландшафтар деп
ландшафттың бүкіл аумағында болмаса да басым компонеттердің түбегейлі
өзгеріске ұшырайды.
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланып
болмағандықтан, табиғи ортаға, тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан
ландшафттардың халық шаруашылығының жекеленген салаларының пайдалану
қажеттілігі мен ерешеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай.
Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы
агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, тереңдете жырту,
суару мен батпақтану құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар,
ауыспалы егістік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін
террассалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты
шаралардан кейінгі өзгерістер.

Антропогендік фактор – адамның барлық тірі организмдердің мекен
ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың
тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік
факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде
атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология
қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп,
жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде
адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер
шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау
институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-
жылға нашарлап барады. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш
маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік
факторлар негіз болып отыр.

1-2-Сурет. Антропогендік факторлардің сипатты түрлері

Антропогендік факторлар тікелей (жою, енгізу, акклиматизация, қорғау) және
жанама (ланшафтылар мен оның жеке құрамдас бөліктерінің өзгерісі - орманның
кесілуі, жердің жыртылуы, пайдалы қазбалардың өндірілуі, карьерлердің,
үйінді, террикондардың пайда болуы т.б.) болуы мүмкін. Жанама антропогендік
факторлар бір уақытты көп аумақты қамти отырып, өсімдіктер мен жануарлар
әлемінде, қоршаған ортаға өзгерістерді тудырады.
Адам қандай да бір жерде тек тірішілік етіп қоймай, өзінің
шаруашылық әрекеті арқылы табиғатқа әсер етеді.Адам табиғат кешенінің бір
немесе бірнеше құрамдам бөлігіне оның құрылымы мен қызметін өзгерте отырып,
тұтас табиғат кешеніне әсер ететінін, антропогендік ландшафт құратынын
толық түсінбейді.

1.1. Антропогендік әсердің атмосферада біліну

Бірінші экологиялық проблема – атмосфералық ауаның ластануы.
Ауаның негізгі ластануы көміртегі оксидіне,ауада жанған органикалық
отын өнімдеріне,кәдімгі отын құрамындағы улы заттармен байланысты.
Атмосферадағы көміртегі оксиді мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқуына,
яғни арта түсуіне түрлі отын көздерін (мұнай,тас көмір, табиғи газ) жаққан
кезде ерекше әсер етеді.
Атмосфералық ауаның ластануын қарапайым мысалдар арқылы,айналамызға
тазалық айлығы жүргенде керексіз заттар, қоқыстар өртеледі.Бұл әрине
сансыз көп машинадан бөлінетін улы заттармен қоса ауаны ластайды.Ол
заттарды өртемей,жерге көмген жағдайда бірнеше жылдарда жер қабаттары пайда
болатыны белгілі.

3-Сурет. Антропогендік әсердің зауыт-фабрикалардағы кезеңі

4-сурет. Сансыз көп машинадан бөлінетін улы заттар

-Ауа, су және жер ресурстарының ұдайы улануы
-Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілік ортасының бұзылуы
және умен ластануы
-Ұшқыш аппараттардың, ракеталардың сынақ қалдықтарымен ластануының
ұдайы көбейе түсуі
-Атмосфера режимі бұзылып ауа райының өзгеруі
-Адамдардың нерв-жүйке, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы,
жүрек ауруларының жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны
Бүкіл адамзат қауымын ойландыратын экологиялық проблемаға айналып отыр.
Қазіргі кезде ауаны есепсіз, жоспарсыз ластау нәтижесінде ауаның
құрамы өзгеріп келеді, яғни айналамыздағы ортаның экологиясы бұзылуда.
Зауыт, фабрикалардың өсуі, техниканың, іштен жанатын двигательдер санының
артуы ауаны ластай түсуде. Ауа әртурлі газдармен ластануда. Егер ауада
көмір қышқыл газы көбейіп кетсе, күн сәулесінің жерге шашырап түсуі
нашарлайды.Сонымен бірге тірі ағзаның дамуын қиындатады,әсіресе,адам үшін
әсері зор.
Қазіргі кезде отын есебінде мұнай,көмір,ағаш,табиғи газдар жиі
қолданылады. Отын толық жанғанда жылу бөліне отырып,коміртегі оксиді менсу
буы түзіледі. Егер отынның толық жануына оттегі жетіспесе,онда көміртегі
оксиді түзіледі. Мұндай жағдайда бөлініп шыққан иіс газы ауаға көп мөлшерде
бөлінеді. Ол адам денсаулығына зиянды әсер етеді.
Ауаны ластанудан сақтау үшін-ластаушы заттардың пайда болуына жол бермеу
керек.
Ол үшін іштен жанатын двигатель орнына элекр энергиясын пайдаланып, өндіріс
орындарын қаладан тыс жерлерге салу қажет. Улы газдар ауаға таралмас үшін
мұржа аузына газ тұтқыш қондырғылар орнатып,ауаны оттегімен байытушы
өсімдіктерді көбірек өсіру керек.
Атмосфералық ауаның ғаламдық деңгейдің ластануына, негізінен,
өнеркәсіп салалары жылу, электр стансалары, түрлі өндіріс орындары, көлік
түрлері әсер етеді. Бұл кезде ауаның құрамына шамадан тыс мөлшерде күкірт
диоксиді, азот оксиді, көміртек оксиді және ұсақ қатты бөлшектер бөлінеді.
Атмосфераны ластаушы ең қауіпті заттарға- радиоактивті заттар жатады.
Радиоактивті заттардың кейбір изотоптары мыңдаған жылдар бойы өзінің зиянды
әсерлерін жоймайды. Мұндай заттар көбіне ядролық қаруларды сынау кезінде,
АЭС- ында апат болған жағдайларда өте көп мөлшерде ауаға қосылады.
Көмірқышқыл газы атмосферадағы ауа құрамының негізгі құрамды бөлігі.
Ол өсімдік тіршілігіне қажетті газ. Оны фотосинтез кезінде сіңірсе, тыныс
алу кезінде бөліп отырады.
Атмосферадағы көміртегі оксиді мөлшерінің қалыпты жағдайдан арта
түсуіне түрлі отын көздерін (тас көмір, мұнай, табиғи газ) жаққан кезде
ерекше әсер етеді. Жер бетінде орманды алқаптың азаюы, әлемдік мұхиттардағы
фитопланктондардың жаппай жойыла бастауы атмосферада көміртегі оксиді
мөлшерінің арта түсуіне септігін тигізеді. Мұның бәріде
жер бетінде температураның қалыпты жағдайдан ауытқуына тікелей әсер етеді.
Атмосфераның ластануы нәтижесінде адамзатты алаңдатып отырған
ғалымдық экологиялық мәселеге қышқыл жаңбыр деген ұғымдар да жатады. Бұл
өнеркәсіптерден бөлінетін күкірт диоксиді мен азот оксидінің атмосферадағы
су буларымен қосылуынан пайда болады да, жауын- шашынның (жаңбыр, қар)
қышқылдығы арта түседі. Мұндай қышқыл жаңбыр өнеркәсібі өркендеген АҚШ-тың,
Ұлыбританияның, кейбір Еуропа елдерінің үстінде пайда болып, ауа массалары
арқылы басқа елдердің аумағына түседі де, өзен көлдердегі организмдердің
тіршілігіне зор қауіп төндіреді. Ондай мақсаттардағы өсімдіктердің өсуі де
нашарлап, өнімі азаяды.
Атмосфералық ауаға әсер ету көзі ретінде технологиялық құрал –
жабдықтар, көмірсутек шикізаты мен өнімдерін өндіру, өңдеу және
тасымалдауға арналған құрылыстар мен жүйелерін айтуға болады.
Ауаның негізгі ластануы көміртегі оксидіне, ауада жанған
органикалық отынның өнімдеріне, сондай – ақ кәдімгі отынның құрамындағы улы
заттармен байланысты.
Шектеу жүйесінде өнеркәсіп әрекеттері нәтижесінде пайда болған
атмосферада бөлінетін 39 түрлі зиянды заттардан 82338,295 тонна зиянды
қалдық бөлінетіндігі есептелген.
Атмосфералық озон әрекеттерінің фото химиялық әрекеттері
нәтижесінде ауаға түтінді газдардың таралуы кезінде азот манооксиді азот
диоксидіне тотығады. Энергия кәсіпорындары үшін өзгеру
деңгейі 0,8 яғни ауаның жерге жақын қабатында түтінді газдармен бірге
түсетін азот қышқылының жалпы массасы, ал 80% азот диоксидінің үлесіне
тиеді нәтижесінде қалдықтардың улылығы жоғарылайды.
Ауа бассейіндерінің жағдайы табиғи – климаттың жағдайы мен
техногенді факторлардың өзара қарым – қатынасымен анықталады. Фондық
ластану техногенді салмақтар мен климаттық жағдайлар атмосфераның өзін -
өзі тазалау мүмкіндігін қалыптастырады. Атмосфераның зиянды қосындылардан
тазаруына мүмкіндік беретін немесе бермейтін факторлар температура
инверсиясы, тұмандар, шаңды борандар, желдер, жауын -шашындар. Бұл
территория жел жылдамдығының жоғарылылығына қарамастан атмосферасы жоғары
деңгейде ластанған ауданға жатады. Бұл табиғи жоғары шаңданумен, жауын –
шашынның шаю қабілетінің нашарлылығымен, жиі тұратын тұмандармен
анықталады.

1.2. Гидросфераға антропогендік әсер

Екінші экологиялық проблема – су ресурстары.
Қазақстан суға тапшы елдер қатарына жатады.Атырау облысында таза су
тапшылығы белең алған. Оның үстіне өзен – көлдердің ластануы (мұнай
өнімдері,химиялық заттар т.б) жоғары деңгейде.
Каспий теңізінің экологиясы да бүлінген деп есептелуде.Соңғы жылдары
теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде көмір қышқыл газы,азот,аммиак
және сынаппен ластанған.
Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп
жүр.Мысалы,зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа
шалдыққанын анықтап отыр.Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған.Етінен
ауыр металдар – қорғасын,сынап,калийдің бар екендігін анықтаған.Бұдан басқа
гирбицид,пестицид сияқты улы заттар да табылған.
Соңғы он жыл ішінде теңіздер мен мұхиттардың мұнай және мұнай
өнімдерімен ластануы күшейіп, теңіздегі биологиялық процестердің жүруі
бұзылған. Оның ластануы 90-98% - ды құрайды, ал қайраңдық кен орындарында
теңіз түбіндегі сұйық көмір сутектің табиғи мөлшері 2-10%.

5-сурет. Каспий теңізіндегі балықтарының азаюы

6-сурет. Каспий теңізінің мұнайды су астынан өндірген кездегі ластануы

Теңіз сондай – ақ мұнайды су астынан өндірген кезде де ластанады.
Қазіргі кезде мұнайлы ластанушылардың 66% теңізге өзен сулары арқылы
түсетін болса 24% қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі.
Каспий теңізінің суы органикалық және минералды жолмен пайда
болған әр – түрлі заттармен ластанады. Олар теңіз жағалауында орналасқан
аудандарды су басқан кезде ағын сулар мен өзен ағыстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Атмосфераның антропогендік ластануы
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Табиғи ластану
Ғаламдық экологиялық проблемалар
Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау
Климат өзгеруінің басты әсерлері
Экологиялық проблемалар туралы
Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама
Пәндер