Асқанадам болашақтың жаңа адамзаты


Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт Телекоммуникация және ғарыштық инженерия
Кафедра Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 2 семестрлік жұмыс
Пән: «Философия»
Тақырыбы: Ф. Ницшенің «асқақ адам» идеясы
Мамандық: 6B07118 / Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық технологиялары
Орындаған: Жунисбаев Олжас тобы: СИТВЭк 21-1
Қабылдаған: аға оқытушы Жарқынбаев Е. Е.
2021 ж.
Жоспар:
1) Кіріспе
2) Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама
3) Ф. Ницшенің «асқан адам» идеясы
4) Фридрих Ницшенің философияға қосқан үлесі
5) Қорытынды
6) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Фри́дрих Ви́льгельм Ни́цше неміс ойшылы, классикалық филолог, композитор, ақын, ерекше философиялық ілімді құрушы. ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып, түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды.
Фридрих Ницше туралы қысқаша анықтама
Фридрих Уилһелм Ницше 1844 жылы 15 қазанда Лейпциг маңында орналасқан Рёккен ауылында дүниеге келген. ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Басты философиялық идеялары "Үстемдік еркі", "Асқанадам", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі, "Тіршілікті ұлықтау", "даралықтың тәуекелшілдігі", "Соңғы адам", "Дегдарлық және құлдық мораль" қатарлы ұғымдармен байланысты. Ф. Ницше бойынша адам, бір жағынан тек жәндік қана, ("жер бетіндегі бір түрлі ауыру түр"), ал екінші жағынан алғанда әрі бағалаушы, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Оның шығармалары дінді, этиканы, эстетиканы, қазіргі мәдениет пен философияны, өнер мен ғылым салаларын жалпы беттік сынау мен қайта таразылауға негізделген. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып, түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды. Оның қазіргі заман мәдениетіне ықпалы ерекше болды, әсіресе XX ғасырдағы экзистенциализм, постмодернизм, постструктурализм, Герменевтика ағымдары Ф. Ницшені өздерінің тікелей ұстазы деп біледі және кейінгі көптеген философиялық, психологиялық, мәдени, әдеби, саяси теория жасаушылар арасында Ф. Ницшенің ықпалына ұшырамағандары кемдекем. Ф. Ницше идеялары кейінгі неміс фашизміне тікелей қатысы жоқ, әйткенмен олардың Ницше идеяларын өз мақсаттарына бұрмалап пайдаланғаны байқалады. Ф. Ницше алғашқы шығармашылық ізденісін тілдің табиғатын зерттейтін әдеби филологиядан бастаған. 24 жасында Базель университетінде филология бөлімінде профессор ретінде дәріс бере бастаған. Ол осыған дейін аталмыш орынға отырған ең жас профессор еді. Алайда 1879 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан босап, Еуропаны шарлай жүріп, аурумен күресумен болды және осы 10 жыл бойында өзінің әлемді таңырқатқан және тіксіндірген ең маңызды туындыларын жазып үлгірді. 1889 жылы Ницшенің жүйкесі сыр берді және қалған өмірін шешесі мен қарындасының күтімінде өткізді.
Ф. Ницшенің «асқан адам» идеясы
Асқанадам неміс философы ФридрихНицшенің негізгі философиялық идеяларының бірі. Асқанадам дегеніміз адамның арман үлгісі, дегенмен бұл идея көбіне қатетүсіндірілуден көз ашпай келеді. Ол "Құдай өлді, дәстүрлі моральдық мәдениетті қайта таразылау керек" деген негізде жаңа дүниетаным, жаңа өмірсенім ретінде Асқанадам делінетін құндылық идеалын ұсынады. Асқанадам идеясы ұқсамаған дәстүр мен дағдылы этиканы ең арғы тұсынан жаңалау сынағы. Асқанадам тіршілік еркін, Үстемдік еркін, жарату еркін ең толық әйгілеген, шығармашылық шабыты тасыған, өмірдегі егей тұлға. Батыстың дәстүрлі құндылық өлшемдері жеміріле бастаған тарихи сәтте адамның тұрмыс мұратын қайта бастан орнықтырып, жаңа өмір мәнділігі арманын қалыптастыру керек болды, Асқанадам дәл осы сұраныстың Ницше тарапынан берілген сынақ жауабы. Ф, Ницше ұсынған "Асқанадам" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жол сілтейтін асқан адам; Асқанадам ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Асқанадам адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф. Ницше Асқанадамды обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Соңғы адамға салыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға. Ницше былай дейді: "Асқанадам дегеніміз теңіз, оның ішінде сенің үлкен менсінбеуің тұншығады". Асқанадам" философиясы "Барша құндылық атаулыны қайта таразылау" талабы мен Батырлық этика ұстанымының табиғи жемісі, ең жоғары арман тұлға образы. Адамзатты құтқаратын жаңа этикалық құндылық кешенін жасау қажет болғаны секілді, адамзатты құтқаратын Бірегейдің туылуын дәріптеп, адамзаттың кері азғындап кетуін тосу керек. Асқанадам адам баласының болуы мүмкін ең жоғары құндылық образы, батырлық егейліктің үлгісі, адамзат дамуының көрсеткіш нысанасы. "Мақсат адамзат емес, Асқанадам" болуға тиіс. Барша нәрсе өзінен де биік нәрсеге дамыды, адам да өзінен биік Асқанадам болуға ұмтылуы керек. Асқанадам адамзаттан биік, бейне адам хайуаннан биік болғаны секілді. Ал, адам болу хайуан мен Асқанадам арасындағы өтпелі арқан ғана. Адам бір болса осы арқан арқылы алға жүріп Асқанадам болады, немесе күйреп, жеңіліп, шыңырауға құлап жоғалады, немесе кері кетіп, хайуани деңгейге түсіп сорлайды. Әрине, Асқанадам болуға асығып алға жүру даңқ! Сапар сәтсіз болып шыңырауға құлау да құрметке лайық. Ал, хайуани деңгейге кері қайту масқара! Асқанадамдің көзімен қарағанда, қарапайым адамдар мал секілді күлкілі. Асқанадаммен қазіргі адамдардың айырмашылығы адам мен жабайы маймұлдардың айырмашылығынан үлкен. Асқанадам тума, Тәңірі жаратқан билеуші, үстем болмыс, әлемнің бағалы заты, бар болу қасиетінің үлгісі. Құдай тағала өте мейірбан боламын деп "өліп" кетті, Асқанадам ендігі адамдар көңіліндегі жаңа Құдай.
«Заратуштра осылай деді» кітабында Ницше Заратуштра образы арқылы талдау жасай келе, адам этика мен діни сенімнің жойылуынан туған нигилизмді бастан кешірген соң, көңілін бір түрлі "белсенді (оң) нигилизмге" бұруы керек, өз жүрегінің түрлі құндылық өлшемдерімен беттесуі керек, сол мағынада өз өмірінің мәнділігін жаратуы керек деп есептеді. Ф. Ницше өзін нигилизм ауыруын жазатын тамаша шипашақ таптым деп есептеді, ол осы Асқанадам болатын. Тіпті, сол нигилизм ауыруын жеңіп, жоғары деңгейге жеткен адамның өзі бірегей адам болмақ. Мән беруге тиістісі, Асқанадам адамзатттың бір түрлі идеал арман үлгі ретінде қазіргі барша адамдарға ұқсамайтын өте жаңа адам, адамның биік деңгейінің жаңа көрінісі. «Заратуштра солай айтқан» кітабындағы Заратуштра да Асқанадам емес, Ницшенің өзі де, Наполеон да Асқанадам емес, адамзат тарихында әлі Асқанадам туыла қойған жоқ. Асқанадам көзсіз батырлыққа ие дүлей күш иесі емес, сұрқия тиран да емес. Ол өзінен үздіксіз асып түсуді сынақ ететін , құндылықтарды қайта бағалы ететін адам. Тәңіріге сенетіндер Асқанадамды Ницшенің жаңа Құдайы деп қателеседі. Ол табынатын Құдай емес, талпынатын ең биік мұрат болмақ.
Асқанадам мен жай адам ұқсамайды. Адамға мораль керек, ал Асқанадам моралдың тар шанағынан аттап өтеді. Бәлкім, Ф. Ницше эволюция теориясының ықпалына ұшырағандықтан болар, " мораль дегеніміз әлсіздердің этикасы " дегеннен айнымады. Әлсіз қортықтар күштілерді жеңе алмағанда моральдық құндақ арқылы күштілерді тұсап, өз қауіпсіздігін сақтағысы келеді. Асқанадам әлсіздерге жанашырлық танытпайды, ол әлсіздердің құрып жоғалуын күйттейді. Ф. Ницшенің ойынша әлсіз-қортықтар құрып жоғалуға тиіс, әлсіздер бекіткен мораль құндағын үзіп, қоғам Асқанадамдық ұстанымға қарай ауысуы шынайы әділет есептеледі. Асқанадам жай адамға ұқсамайды. Ол тәукелшіл. Ол сәтсіздіктен қорықпайды. Асқанадам жақсы адам дегендік емес, жаман адам дегендік тіпті емес, ол жақсылық-жамандық өлшемімен шектелмейтін адам. Асқанадам қоғамында күштілер адамдардың құрметін туғызады. "Азап тартсын әлсіздер" делінетін ережеге адал болады. Дегенмен, Ф. Ницшенің идеясындағы Асқанадам дегеніміз тиран, диктатор дегендік емес. Диктаторлар мен тирандар өз-өзін терістей алмайды, өзгерте алмайды, түзете алмайды, өзінің тар шанағын жеңіп, биік деңгейге көтеріле алмайды, оларда жетілу, жоғары мақсат, ғажайып қасиет болмайды. Ал, Асқанадам өз-өзін түзету мен өзінен үздіксіз асып түсудің үлгісі. Ол өзінің өте күшті, құдіретті болуы үшін бәріне барады. Асқанадамдар ортасындағы бәсеке қоғамның шындап дамуын туғызады.
Жинақтап айтқанда, Асқанадамның 7 қасиеті бар:
1) Асқанадам - тіршілік дамуының ең жоғары шоқысы, адамзаттың ең асылы. Ол бүкіл адам баласынан биік шығып, тобырлық топалаңға былғанбайды, ол адамзат, қоғам, ұлт еркінің ең жоғарғы деңгейдегі әйгілеушісі.
2) Асқанадам - кемеңгер, ғажайып жаратылыс ретінде үстемдік еркінің биік көрінісі; ол күшті, құдіретті, дербес, жүректі. Шыңғысхан және Наполеон секілділер Асқанадамның төмен деңгейі.
3) Асқанадам бәрін игереді, бәрін иелейді, бәрін басқарып, бағыттайды. Ол қорқыныш пен жасандылықтан ада. Ол жақсылық-жамандық өлшемі сыртына шығып кеткен. Оның ар-намысы оны айыптамайды.
4) Асқанадам - ұлы сынақшы, ғажайып тәуекел иесі, ол тәуекелшіліктен рақат алады. Асқанадам тек Асқанадаммен бәсекелеседі, өздерінің ең жақын достарынан ең сұрқия жау іздейді.
5) Асқанадам - бір түрлі жоғары этикалық арман; Асқанадам - ақиқат пен этиканың таза нұсқасы, ереже мен құндылықтың жаратушысы. Ол заң шығарады, оның еркі, оның сөзі - заң. Олардың өлшемі "Мен істеймін" дегенге құрылған, олар әркез "Менің істеуім керек" деп айтып жүрмейді.
6) Асқанадам толық еркін, кемел, өзімшіл. Ол тәкаппар және жалғыз. Олар биікте тұрып бағалайды, тобырлардың топалаңына қосылмайды, қыран бүркіт секілді жемін биіктен аулайды, жеке келіп, жеке кетеді, ешкіммен шындап ортақтаспайды. Өзінің жеке адамдық оқшаулығын бастан-ақыр сақтайды.
7) Асқанадам азап пен қиындыққа ең төзімді, ол қайғы-қасірет ішінде тік тұрады, ең ауыр сынақтарда шынығып шығады, оның ерік қуаты тек қауіп-қатерді жеңуге бағытталған. Қасіреті қалың жанның ғана бірегей болуға үміті бар.
Ницше айтқан Асқанадамы қазақтың ежелгі батырларына әрі жақын келеді, әрі толық ұқсап та кетпейді.
Ницшенің айтуынша, Асқанадам дегеніміз адамзаттың ең ұлы жаңа құндылық мұраты. Ендеше, Асқанадам қалай қалыптасады? Қалай Асқанадам болуға болады?
Алдымен, Асқанадам болу үшін үйлесімді орта керек. Аталмыш үйлесімді орта дегеніміз Асқанадамды қалыптастыратын қауіп-қатерлі орта. Орта қанша жайсыз болса, Асқанадамның тууы да сонша мүмкін болады, "жайлы бесікте батыр бала өспейді". "Мамық төсек қауіпті екен бөстектен". Ницше айтады: "Ең таңдаулы, ең табысты тұлғалардың ғұмырын мұқият зертте. Сосын сұрақ қой: Аспанға бой созған алып бәйтерекке жағымсыз ауа райы мен дауылды нөсерден қағыс қалу көмектесе ме? Сыртқы реніш пен шабуыл, өшпенділік пен қызғаныш, күдік-күмән, қаталдық пен ашкөздік дегендерді жайлы ортаның факторлары деуге болмай ма? Осындай жайлы орта болмаса, тіпті ізгілік жағындағы үлкен ілгерлеу де болмас еді. " Бұл сөздерден Ф. Ницшенің өте бір тыржалаңаш мағынада рахымсыз Асқанадам идеясын айтып тұрғанын байқаймыз. "Мен сендерге Асқанадамды үйретемін: адам деген асып өтілуге тиіс нәрсе". Жалтақтаймай, өз әрекетінен еш қаймықпай, қымтырылмай, қорсынбай, өзін өзі айыптамай, құдіретті Үстемдік еркі бағытында ілгерле, тіпті әр қадамыңнан сансыз жемтік қалып, қан шүмектеп ақса да сен өз бағытыңнан тайма. Бейшара адамдарға барар жер, басар тау қалтырма. от теңізіне кешіп өт, заңғар шыңдарды асып өт, сөйтіп сен Асқанадам боласың. Асқанадам атаулы тасбауыр жеңімпаздықтың жемісі. "Асқанадам дегеніміз қара жердің мән-мағынасы. " Бұл сөздің мағынасы, Асқанадам о дүниенің, жұмақтың, аспан патшалығының терістелуі, Құдайдан үміт күтіп тілемшілік жасаудың ақырласуы. Ол таза осы дүниенің, осы өмірдің әңгімесін айту, ісін істеу; осы қасиетті қара жер бетіндегі даңыққа жетудің өзі.
Ф. Ницшенің айтуынша, Асқанадам қара жерге адал хауымның арасында пайда болады, бірақ ол барлық адамның біртұтас эвалюциясының жемісі емес. Бейне адам барлық маймұлдың эвалюциясы емес болғаны секілді. Адамзат құмырсқа секілді, келеді, кетеді, көбі бірдеңгейлі қозғалыс дағдысынан ұзамайды. Тек аз санды батырлар, жасампаз күштілер, Үстамдік еркі тасқындаған күрескерлер, сапалы туылғандар ғана сол бір шыңырау бетіне керілген арқаннан жүріп өтіп қарсы жағаға даңықпен жете алады. Асқанадам болады.
Асқанадам болашақтың жаңа адамзаты. Ол айырым ғажайып тұлға, кейбір әйгілі адам дегендік емес. Ол қазіргі ерекше таңдаулы адамдардың кейінгі ұрпағы, қазіргілерінің өзі емес. Тарихта әлі Асқанадам туыла қойған жоқ, Ницшенің өзі де Асқанадам емес. Ол адамзаттың азғындауы мен кері кетуін, үмітсіздігі мен түңілуін, әлсіреуі мен бұрлығуын сезінген соң Асқанадамның туылуын армандаған, Асқанадам болуға шақырған адам ғана. Ол Асқанадамның хабаршысы, Асқанадамның елшісі. Тіршілік еркінің құдіретінде, маймыл түрлері адам деңгейіне секіргені секілді адам да Асқанадам деңгейіне секіреді. Асқанадам қазіргі адамзаттың мақсаты және мәні. Қазіргі заман адамы белсенді, батыл түрде Асқанадам болуға қадам тастауға тиіс. Ф. Ницшенің Асқанадам идеясының айтары осы.
Фридрих Ницшенің философияға қосқан үлесі
Замандастары жас Ницшенің қабілетіне тәнті болуының нәтижесінде, 1869 жылы ақпанда Ф. Ницше 24 жасында профессор Ritschl-дың көмегімен докторлық диссертация қорғамай тұрып Швейцарияның Базель университетінде классикалық филология профессоры болдыжәне «Гомер және Классикалық филология» тақырыбында өз дәрісханасын ашты. Бұл жылдарда ол бәрін аузына қаратқан жас профессор ретінде Базельдің оқымыстылары мен ақсүйектерінің құрметті мырзасы болды.
1869 жылы 17 мамырда әйгілі музыкант Вагнерге тұңғыш рет жолықты және содан былай онымен қою байланыста болды. Әсіресе, Вагнердің А. Шопенгауэрді "тарихтағы ең ұлы философ" деп дәріптеуі Ф. Ницшенің оған деген құрметін еселеп арттырған болатын.
1870-1871 жылдардағы Пруссия-Франция соғысы кезінде Ницше өздігінен соғысқа қатысуға сұранады. Франкфуртта ол қатар-қатар тізілген әскерлерді көріп: «тұңғыш рет ұлы да, қасиетті «тіршілік еркі» күйкі тіршілік күресінде емес, «соғыс еркінде», «күштілік еркінде», «асқан Үстемдік еркі (кітап) Үстемдік еркінде» көрініс табуға тиіс дегенді тіке сезіндім» - деп жазады. Мұндағы «Тіршілік еркі» А. Шопенгауэрдің түп идеясы есептеледі, ол бойынша өмір тіршілік үшін күресу шеңберінде болады, бірақ бұл күрес мағынасыз, сондықтан өмір мән-мағынасыз бос әурешілік, күйкі күрес қана. Ницше өз сөзінде кейін өзінің негізгі идеясы болған "Үстемдік еркі (кітап) Үстемдік еркі" ұғымын алғаш пайдаланғаны байқалады.
Ф. Ницше 1870 жылы Пруссия әскері сапында соғысқа қатысып, әскерде жаралыларды емдеуші болып қызмет көрсетеді. Бірақ жеңіл жараланады да, әскерден босатылады. Қысқа мезеттік әскери тұрмыс оның жан дүниесіне айырықша әсер етті. Ол соғыстың күйреткіштік рөлін танып жетті және бұл соғыс оның кейінгі "Үстемдік еркі" идеясының қалыптасуына ықпал етті.
1870 жылы Базельге қайтып оралған Ф. Ницше Герман империясының құрылуын, Отто Фон Бисмарк билік құрған кезді үнсіз бақылаумен болды.
1870 жылы Ф. Ницшенің тұңғыш кітабы «Трагедияның тууы» (Die Geburt der Tragodie) жазылып бітті және екі жылдан кейін ресми жарық көрді. Бұл алғашқы туындының кейбір идеяларында жастық албырттықтың лебі аңқығанымен, бәрібір онда романтизм бояуы мен ғажайып қияли толғаныс тамаша ұштастырылған, ағымға қарсы сыншылдық рухы айқын аңғарылады. Бұл шығарма оның философиясының негізгі идеясы қалыптасып үлгіргенін көрсетті. Ф. Ницше философиясының негізгі бағыты "тіршіліктің мәні" мәселесі, ал ол бұл шығармасында адам өмірін өнер шығармашылығы ғана құтқара алады, тіршілік сұлулыққа мән сыйлайды, сұлулық та тіршілікті жарқыратады деп есептеді. Досы Оуэн Родос пен Вагнер ғана оның кітабына біршама жақсы баға берді. Қалғандары, тіпті F. W. Ritschls секілді жақын профессор достары да бұл кітапқа айырықша суықтық танытты. Бәлкім кітаптағы көптеген тың идеялар оларға «бос даурығу» болып көрінген шығар. Ол аталған кітапта филология зерттеуінің дәстүрлі анықтық ережесінен бас тартып, философиялық дедуктивті әдіс арқылы пайымдау жасғаны байқалып тұрды. Кейін басқа бір филолог Wilamowitz-Moellendorff деген кісі Ницшенің аталған кітабын аяусыз сынға алады. Оның өзі тым танымал ғалым болмаса да, бұл сын жалпы сол кездегі ғылым саласындағылардың Ф. Ницше кітабына берер бағасына өкілдік етті. Бұл жағдай Ницшенің азаматтық намысына нашар әсер етті. Бұл оқиғадан кейін Ф. Ницше сабақтарын таңдайтын студенттер де азая бастады. Кейін бар болғаны шетелден келген екі студент қана оның сабағын тыңдауға пейілді болған екен. Бұл Ницшенің көтеріңкі көңіл күйін бұзып, оқшаулық тұңғияғына одан сайын тарта берді.
Әрине, осынау көңілсіз жағдайға қарамастан, Ф. Ницшенің қайтуды білмейтін, ешкімге есе бермейтін «жойқын шабуылы» енді шындап басталған еді. 1873 жылдан 1876 жылдар аралығында ол іркес-тіркес өзінің төрт мақаласын жариялады: «Дэвид Штраус: ақталушы және жазушы», «Тарихтың тіршілікке пайдасы мен зияны», «Ағартушы Шопенгауэр», «Вагнер Байрейтте». Әсіресе, Ницше сол кездерде үлкен құрметке бөлінген, «Исаның ғұмыр тарихы» кітабымен танымал Дэвид Штраусты аяусыз сын найзасына ілді, оны білімі таяз, парасаты кемшіл қораш оқымысты ретінде сипаттады. Әсіресе Пруссияның Гегемонизмін айыптады, неміс ұлтының дөрекілігі мен такапарлығы тасасындағы тоғышарлыққа ауыр сындар айтты, неміс мәдениетінің беталысына сенімсіздік танытты. Кейін бұл мақалалар «Дәуірге үйлеспейтін ойлар» тақырыбында жеке кітап болып жарық көрді. Жұрттың бәрі Пруссияның Францияны жеңгеніне қуанып, мақтанысып жатқанда Ф. Ницшенің мұнысы нағыз ағын мен дауылға қарсы жүзген есірлік болып көрінді. Достарының іркес-тіркес одан бойын аулаққа салуында осындай бір саяси астар да болды. Олар оған тұшымды қарсы уәж айта алмағанымен, бәрібір оны ұлт сатқыны ретінде бағалағаны анық.
1873 жылдан бастап Сократқа дейінгі кезеңдегі грек ойшылдары туралы қысқа мақалалар жазып, оны кейін «Грек трагедия дәуірінің ойшылдары» атында жариялады. Бұл кітапта Сократ, Платон, Аристотельді ғана ұлықтайтын еуропалық мәдениетке ерегескендей алғашқы космоцентризм философтарына айырықша жоғары баға берді. Әрине, Ницшенің Сократты ұнатпайтыны оның кейінгі шығармаларында біртіндеп белгілі болды. Бір айта кетерлігі, ол біртіндеп өзінің рухани ұстазы А. Шопенгауэр секілді трагедиялы сезімде шығарма жазу әдетінен біртіндеп арылып, жігерлі де, асау ойларға ауыса бастады.
1876 жылы Байрейттегі музыка кешінде Вагнерден қатты үміті үзілді, Вагнер шығармаларында дәріптелген христиандық идеологияға қанағаттанбады, жұрттың дарақы эстетикасына төзбейтінін ашық айтты. Кейін, 1878 жылы Вагнер оған христиандық тақырыптағы «Парсифаль» туындысының сценариін жіберіп берді, бірақ Ф. Ницше жауап бермей, үнсіздік танытты.
Дегенмен кейін, «Адамдық, не деген адамдық» кітабын (аталған кітапта Вагнерді ашық сынаған мазмұндар бар еді) Вагнердің әйеліне жіберді. Содан кейін олардың ортасындағы байланыс толық үзілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz