Модель жолында басып шығару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

Инженерлік-технологиялық факультеті
(факультет атауы)

Техникалық физика және жылуэнергетика
(кафедраның атауы)

В062 - Жылыуэнергетика
(шифр, мамандықтың атауы)

БӨЖ

ПӘН: Техникалық физикадағы компьютерлік графиканың элементтері және АЖЖ негіздері

Тақырып: Сызбаны қағазға шығару құралдары

Тексерген: Нургалиев Д.Н.
Орындаған: Қалелов Әділ
Тобы: Тф -- 001

Семей
2021
Мазмұны
Кіріспе3
1 Сызбаны қағазға шығару құралдары5
1.1 Жалпы мәліметтер5
1.2 Дайын сызбаны басып шығару5
1.3 Модель жолында басып шығару6
Қортынды10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі11

Кіріспе

Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі, сондай талаптардың бірі жұмыс жасауға қажетті AutoCAD бағдарламасын пайдалану. AutoCAD бағдарламасымен жұмыс жасай білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға болады. AutoCAD бағдарламасы - сызбалармен жұмыс істеуге арналған программа.
Бүгінгі күндерде AutoCAD - автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды.
1 Сызбаны қағазға шығару құралдары
1.1 Жалпы мәліметтер

Сызбаны басып шығару құралына жібермес бұрын мынадай мәліметтер алынуы керек:
Сызбаның қағаздағы көшірмесін алу үшін қандай басып шығару құралы қолданылатынын;
Басып шығарудың қандай стилі, түске байланысты стиль немесе атаулы стиль қолданылатынын;
Сызба қайдан шығарылатынын, модель кеңістігінен бе, бет кеңістігінен бе.
AutoCAD-тан басып шығару басқа бағдарламалардан басып шығару секілді оңай орындалады, мысалы, Word мәтіндік редакторы секілді. Тек осы бағдарламадан басып шығарудың кейбір ерекшеліктерін білу керек.
Әр сызбамен сызба объектілерін басып шығару тәсілі көрсетілетін жеке кесте байланыстырылады. Бұл кестелер екі түрлі болады: түске байланысты және атаулы, ал оларға сәйкес басып шығару стильдері сәйкесінше басып шығарудың түске байланысты стилі және атаулы стилі деп аталады. AutoCAD-та бар стандарт кестелерді қолдануға да болады.
Model (Модель) және Layout (Лист) беттерінен дайын сызбаны басып шығаруды қарастырайық.

1.2 Дайын сызбаны басып шығару

Бағдарламаның графиктік аумағының төменгі жағында ашылатын салымдар орналасқан (1-сурет) Model (Модель), Layout1 (1-бет) және Layout2 (2-бет). Бұл салымдарға тағы да көптеген салымдар, LayoutN (N-бет), мұндағы N - бет нөмірі, қосуға болады.

1-сурет. Модель кеңістігіне және бетке өту салымдары

Model (Модель) салымы модельдерді нақты шамасымен салу үшін қолданылады. Ол жазықтығында объектілердің кез келген өлшемді сызбаларын орындауға болатын модельдің шексіз кеңістігін ашады.
Layout (Бет) салымдарында модель сызбасын қағаз бетінде орналастыру орындалады. Бұл салымдар модельдің әртүрлі масштабты бір немесе бірнеше түрі салынатын бет кеңістігіне өтуге мүмкіндік береді. Бір модель үшін беттер саны кез келген болуы мүмкін.
Әдетте модель кеңістігі басып шығару үшін сурет басынан аяғына дейін, негізгі жазуды, сызба жиектерін қоса бір масштабпен орындалған жағдайда қолданылады. Егер сызба моделі әртүрлі масштабты, бірнеше түрден тұратын болса, немесе бір модельді әр түрлі форматтарға шығару қажет болса, немесе басқаша орналастыру керек болса, онда бет кеңістігін қолданған жөн[1].

1.3 Модель жолында басып шығару

Model (Модель) бетінде басып шығаруға дайындық барысында сызба лимиттеріне сүйене отырып, дайындық операцияларын орындау ыңғайлы. Оның мәнісі модель және қағаз бетінің сызба форматы арасындағы масштабты анықтауға негізделген:
Сызба шектері қағаз бетіне сәйкес келуі тиіс, ал негізгі жазу өлшемдері бірдей болуы тиіс;
Қағаз форматының кез келген түріне мәтін биіктігі бірдей, әрі стандартқа сәйкес болуы шарт;
өлшем элементтерінің өлшемдері қағаз форматының кез келген түріне бірдей болуы тиіс.
Модель кеңістігінен сызбаны басып шығару үшін, мына іс-әрекеттердің ретін орнату керек:
Сызба лимиттері және сызба форматы жақтарын қолдана отырып, модель және қағаз беті арасындағы масштабты анықтау қажет.
Масштабқа сүйене отырып, мәтін биіктігін және өлшем элементтерінің өлшемдерін олар қағаз бетінде қажетті мәндерімен шығатындай етіп беру. Мысалы, егер қағаз бетінде мәтін биіктігі 5 мм-ге тең болу керек болса, ал бастапқы сызба 100 есе кішірейтілетін болса, онда мәтін биіктігі 500 мм-ге тең болуы тиіс.
Ескерту - Кейіннен осы сызбаны басқа масштабпен шығару қажет болса, онда мәтін биіктігін өзгерту үшін Scaletext (Масштекст) командасын қолдану керек, ал өлшем элементтерін, соның ішінде өлшем мәтіні биіктігін де өзгерту үшін Fit (Размещение) бетінде өлшем стилі диспетчерінде олардың масштабын орнату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайын сызбаны басып шығару
Кеңістікті модельдеу бағдарламалары
Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану
Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
Қызметкерді жұмыстан шығару
Деректер базасының өрістерінің қасиеттері
Аэропорт үшін деректер базасы
Adobe Photoshop программасы
Информатика пәні бойынша лекциялар жинағы
Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Пәндер