Бекмаханов өмір баяны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау мамандығы

Педагогика және Психология институты Логопедия 1-топ

СӨЖ

Тақырыбы: Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы

Орындаған: Жолдыбай Адель

Қабылдаған: Омарбекова А.

Жоспар:

Кіріспе

1) қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі;

2) Е. Бекмаханов өмір баяны;

3) Касымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуi бойынша "әділетсіз" айыпталуы".

Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.

Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.

https://e-history.kz/images/w800-h600-cct-si/media/upload/75/2013/08/21/d6e0b0eb33f296cbfc2bbb983a5f2ea8.jpg Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.

Москва мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А. П. Кучкин, А. М. Панкратова, Б. Д. Греков, Н. М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді.

http://gdb.rferl.org/579A78B2-739D-4D56-9050-1812EDA3F7A3_s_w650.jpg

Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды.

Ермұхан Бекмаханов - 1915 жылы 15 ақпанда Павлодар обл, Баяунауыл ауданында дүниеге келген. Тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл) .

Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е. Бекмаханов еңбегі айыпталды.

http://gdb.rferl.org/40675233-C9A1-450B-9029-E6C9B2ED1827_s_w650.jpg

1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Е. Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б. Сүлейменов, Е. Смайлов, жазушы Ю. Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә. Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады.

Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді.
Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А., 2005) кітабында баяндалады.

Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, казак халқының ұлт-азаттық көтерiлiсi ретiнде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.

Оның бұл зерттеуі 1947 жылы “XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" деген атпен жарық көреді. Алайда Бекмаханов Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық-монархиялық қозғалыс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін саяси қуғын-сүргінге душар болады. Жазғандарынан бас тартпаған Бекмаханов алдымен партиядан шығарылды. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі жұмысынан босатылды, тіпті ғылыми атақ дәрежелері жарамсыз етілді. Енді оған ешбір жерде жұмыс берiлмейтiн болды. Кеп iзденiстер мен өтініштердің нәтижесінде Алматы тысында бір ауылда мұғалімдік қызмет қана тапты. Сөйтіп кешегі ҚазГудың белгілі профессоры бастауыш мектептерге тарих пәнінен сабақ бере бастаған еді.

Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т. Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» (А., 1957) деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.

http://gdb.rferl.org/E50687C0-D3D0-4762-9369-70DE1679748A_s_w650.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Есенберлин романындағы алаш рухы
Мұсылман медреселерінің оқу жүйесінің мәні
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы
Е. Бекмаханов – тарихшы, ғалым
«Бекмаханов ісі» ХХ ғасырдың 40-50 жылдардың ортасындағы республикадағы шығармашылық интеллигенция
Ермұхан Бекмаханұлы
Қоғамдық кеңестік жүйе
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz