Гиподинамияның түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті
Тарих және педагогика факультеті

Ғылыми жұмысты орындағандар: Мәден Айгүл, Тойбол Балнұр
Жетекшісі: Айтжанова Ләззат
Тақырыбы:
Гиподинамияның оқушылар денсаулығынна әсері

Аннотация
Бұл жоба балалар денсаулығы, оның ішінде гиподинамияның балалар денсаулығына әсері, пайда болу себептері, емдеу жолдары туралы зерттегені айтылады. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныстар жасаған.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1

Гиподинамия деген не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Гиподинамияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Гиподинамияның амалсыз және міндеттеу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Гиподинамияға қарсы күрес, емдеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мектеп жасындағы балалардың ағзасының дамуы күрделі даму сатысында болады. Барлық дене құрылысы қалыптасады. Егер бастауыш мұғалімі бала ағзасының даму ерекшеліктеріне қарай оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізбесе балалардың мінез құлықтары дұрыс қалыптаспайды, оқуға деген қызығушылығы жоғалады, мүшелері қалыптаспай қалуы мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері балалар ағзасының жасына сай ерекшеліктерін білуі керек.
Жұмыстың мақсаты. Балалардың дұрыс емес күн тәртібінен, дене қимыл қозғалыстың аздығынан туындайтын гиподинамияның денсаулыққа кері әсерін, алдын алуға болатын жолдарын ұсыну.
Жұмыстың міндеттері:
-Балалардың дұрыс күн тәртібін қалыптастыру
-Дене қимылының шектелуінің алдын алу
-Гиподинамияға қарсы күресті анықтау

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасындағы оқушылардың денсаулығы, күн тәртібі
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік

Гиподинамия (грек, hypo - төмен, астында, қалыптан төмен; dynamis -- күш) -- қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі. кезде адам өзінің еңбек және тұрмыс қажетіне бұлшықет жұмысын аз пайдаланады. Сондықтан оның тіршілігінде ерекше жағдай гиподинамия (аз күш салу) мен гипокинезия (аз қозғалыс) жиі кездеседі.
Гиподинамия деп адам организмінде өзгерістер тудыратын қимыл әрекеті қарқынының шектелуін айтады. Бұл кейбір ауруларда, ғарышкерлерде (космонавтарда) байқалады. Өйткені олар ұзақ шағын кабинада және салмақсыздық жағдайда, тірек - қимыл аппаратына гравитация әсері жойылғанда, жұмыс істейді.
https:ru.m.wikipedia.orgwiki%D0 %93%D0%B8%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D 0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D1%8F
. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі -- Алматы: Сөздік-Словарь, 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Гиподинамияның пайда болу себептері
-- Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу;
-- Рационалды емес күн тәртiбi;
-- Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, ауру) төсек режимі.
Негізгі белгілері
-- Әлсіреу;
-- Жүрек соғысының және пульстің тез соғуы;
-- Қан қысымының жоғары болуы;
-- Қажығыштығу, тiптi ептеген жүктемелерде;
-- Эмоционалдық тұрақсыздық, күйгелектік.
Ағзаға әсері: - Тонустың және бұлшық еттердiң күш беретiн көрсеткiшiнiң төмендеуi; - Сүйек ұлпасынның құрамында және минералды зат алмасуды кальцидiң мөлшер деңгейінiң төмендеуi; - ағзаға шамадан тыс май жиналып, артық салмақтың пайда болуы; - капилляр жүйесiнiң жұмысын бұзады, яғни жұмыс iстейтiн капиллярларды саны, күре тамыр және тамыр лардың өткізгіштік қасиеттері нашарлайды.
https:www.oinet.kzeactionShowI nfo.php?classid=42&id=20757

Гиподинамия әсері суық тию және инфекциялық аурылардың әсерінен организімнің кері жауап қайтара алмайтын иммунитетінің әлсіреуін, жаттықпаған жүрек пен келесіде жүйенiң жүрек-қолқасының жеткiлiксiздiгiнiң дамытуларын калыптастырады. Гиподинамия күндiзгi рационда көмiрсутектер және майлардың үлкен молдығы бар шамадан тыс қоректенуiнiң фонындағы семiруге әкеледі. Мимен ұзақ уақыт және көп ойлайтын адамдардың арасында теріс үрдістерді жоюдың жалғыз ғана мүмкіндігі - активті демалыс және ұйымдастырылған физикалық қозғалыс. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысқан кезде адамның организімінде мүшелерін мен ағза жүйелерінде үздіксіз дамуы болады. Осыдан басты байқайтынымыз дене шынықтыру денсаулықты жақсартудың басты кепілі. Денені шынықтыру оң эмоцияларды береді, сергіктік байқалады, жақсы көңіл күй пайда болады. Сондықтан спортпен айналысатын адамның дене шынықтырудың маңыздылығын түсінуі анық, себебі ол денсаулық кепілі. Адамдар уақыты қажеттi дене күш жүктемелерi болмағандықтан көбiне-көп отыруға арналған немесе жатқан қалыбында өткiзедi. Көбiнде барлық жүктеме бiздiң автокөлiкмен шығып үйге кiру жолмен шектеледi. Бұлшық еттер жұмыссыз әлсiзденiп бiртiндеп семедi, күш және шыдамдылықтарды азайтады, жүйке-рефлекторлық байланыстарды нашарлатып, жүйке жүйесiнiң қызметiнiң (вегето-тамыр дистониялары пайда болады, жабығу үдейді) бұзылуына әкеліп соқтырады. Қимыл аздықтығы уақыт келе тiрек-қимыл жүйесін өзгерiске ұшыратып сүйек массасының азаюына, сүйек ұлпасының селдiреуiне, буындар артроз-артрит (буынның қабынбай зақымдануы) және омыртқаның функциясын бұзатын остеохондроз ауруы пайда болып, келе-келе сол аурулардан азап шегедi. Ұзақ гиподинамия жүрек-қолқа ауытқуларына: жүректiң ишемия ауруы, тамыр гипертониясы сияқты ауруларға алып келедi. Қимыл аздығы эндокрин жүйесінің қызметін бұзып, солардың себебінен (семiру, төзiмдiлiк және атеросклероздың белгiсiнің ұлғаюы) метаболиялық синдроммен айқындалады. Организімдегі барлық өзгерiстер ақыр соңында адамның өмiрінiң ұзақтықтылығының қысқаруына алып келедi. Ерте кезеңде гиподинамияны анықтау үшiн мерзiмдi лабораториялық және аспапты тексеруден өту керек.

Ал гипокинезия бұлшықеттің аз энергия шығыны, амалсыз ұзақ тұлға қалпын сақтау, біркелкі, қимыл, үйлесімді қозғалыс әрекетінің жеткіліксіздігі сияқты себептерден туындайды. Бұл ұшқыштардың, сүңгуір қайықтың бөлек орындарында, үйектік қыстауларда жұмыс істегенде пайда болады. Ол өндірістік механизацияланған жұмыстарда да байқалады.
Гиподинамия, адинамия күйін бұлшықет іс-әрекетін жоятын миорелаксант дәрісін егіп жасауға болады. Гиподинамия мен гипокинезия адам организміне қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан дәрігерлер оның организмге әсерін толық білуі қажет.
Гиподинамия бірнеше түрге жіктеледі. Ең әуелі СОЗЫЛМАЛЫ және ЖІТІ болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге бүкіл организм қозғалыс әрекеті тыйылатын жалпы Гиподинамия және жеке бұлшықет қимылы шектелетін жергілікті гиподинамия болады. Клиникада тағы екі түрі :АМАЛСЫЗ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕЛГЕН гиподинамия кездеседі.
Созылмалы гиподинамияда еңбек пен тұрмысқа байланысты күнделікті қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бұл көбінесе аз қимылдайтын, отырып жұмыс істейтін кісілерде байқалады. Олардың организмінде мүшелер мен жүйелердің әрекеттік белсенділігі әлсіреп, реттеуші тетіктері нашарлайды. Сондықтан организмнің әртүрлі әсерлерге шыдамдылығы азаяды.Қозғалыс белсенділігі көп жылдар бойы шектелсе, бұлшықет талшықтарының АТРОФИЯСЫ туады. Ет талшықтары жіңішкеріп, гликоген мен энергия қоры азаяды, маймен қатпарланады. Қозғалыс іс әрекетінің күші мен төзімділігі азаяды, қимыл үйлесімдігі төмендейді, бұлшықеттер тонусы әлсірейді. Осының салдарынан тұлға қалпы өзгеріп, ауырсыну синдромы пайда болады.
Гиподинамия зат алмасуының төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Энергия шығыны азайып, тотығу әсерленісінің қарқыны мен ферменттер белсенділігі төмендейді, газ алмасуы өзгереді.
Адамдарда бұл жағдайда жүректің соғу күші әлсіреп, минуттық көлемі азаяды. Сондықтан жүректің өз көлемі кішірейеді, миокардта құрылымдық өзгеріс байқалады. Қантамырлары жүйесінде өзгерістер туады. Артерия тамырларының тонусы әлсіреп, қан қысымы төмендейді. Капилярда қан іркіліп, ісіктер пайда болады. Бұлшықеттер жиырылмағандықтан лимфа ағысы тоқтап, тіндерге су жиналады.
Гиподинамия кезінде өкпенің сыйымдылығы мен желдетілуі азайып, қан іркіледі. Оң жүрекшенің жұмысы кемігендіктен, қуыстық веналарда қысым артып, бауырда қан жиналып қалады. Ол бауырдың зат алмасуын, тосқауыл және басқа әрекеттерін тежейді. Осыдан, қан қысымының көбеюі ішектегі заттардың сіңіруін, сөл бөлу қарқынын төмендетеді, асқорыту әрекеті бұзылады.
Гиподинамия жағдайында антидиурездік гормонның аз түзілуінен ПОЛИУРИЯ (көп несеп шығару) байқалады. Сонымен қатар бүйрек шумақтарының қан ағысы күшейіп, альдостерон сөлінісін демеуші рениннің түзілуіне кедергі жасайды деген болжам бар.
Организм аз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гиподинамия туралы түсінік
Жұмыс орнында денсаулықты нығайту
Гиподинамия және оның адам ағзасына әсері
Тәбеттің бұзылыстары
Семіру - организмде үшглицеридтердің тым артық жиналып қалуымен көрінетін дерттік жағдай
Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
Баскетбол секциясының маңызы
Еңбек гигиенасы
Гипокинезияның жүрек қан тамырына әсері
Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
Пәндер