Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КОМИТЕТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ РМҚК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері және ерекшеліктері.Дене шынықтыру және спорт саласындағы тәрбие
Орындаған: 3-курс студенті Иманбекова.Г
Тексерген: Педагогика пәні оқытушысы:
Курманбекова Б.К.
Алматы 2021 ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.Сынып жетекшінің міндеттері мен жұмыс жүйесі. 3
1.1 Сынып жетекшінің қызметі,қазіргі және келешектегі қоғамда алатын орны,саяси.құқықтық жағдайы. 7
1.2 Қ.Р сынып жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің қалыптасуы. 10
1.3 Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері. 13
2.Сынып жетекшісінің оқу . тәрбие процесіндегі басты қызметі.
2.1 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары. 17
2.2 Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы. 26
2.3 Сынып жетекшісінің ата . аналармен атқаратын жұмысы. 30
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 10
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.
Қазіргі кезде дүниетаным негізі - əлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру болып табылады. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.
Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның мəніне айналып,өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.
Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жəй, тұрмыстық тəжірибеден əр қилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұраттар мен принциптердің теориялық зерттеулері арқасында болуы мүмкін.
Адам дүниетанымында əрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам құқын, оның экономикалық жəне саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне дүниетанымдық еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық əлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды. Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат - мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет жасаудың бағдарын беру.
Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына,оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таныммен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет - өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған - іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е. Занесскийдің пікірінше Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде Мен-бейнені іске асырушы қызмет атқарады. Басқа да әртүрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып дүниетанымдық іс-әрекет, мақсаты, мотивациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметтік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдық тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке тұлғаның әлеуметік талаптар мен күтулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
И.Ф. Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуалдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның Мен деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданынның негізігін құрайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру іс-әрекеті жетістігінің маңызды шарты тәжірибелік іс-әрекеттер мен сенімдер, білім бірлігімен қамтамасыз етілген педагогикалық процесс болып табылады. Тек қана педагогикалық процесте логикалық тізбені ойластырғанда және іске асырғанда ғана жетуге болады. Г.Н. Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекетттік тұрғыдан оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды қарастырған.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқу-тәрбие процесінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Дүниетанымның мәні, түрлері және негізгі компоненттерін сипаттау;
2.Оқушылардың дүиетанымын қалыптастырудың маңыздылығы; 3.Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны, әдістерімен формасын анықтау;
4.Қазіргі мектептегі оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу әдістері: Мектеп тұжырымдамасын зерделеу, бақылау, әңгімелесу, озық педагогикалық тәжирбиені зерттеу
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дүниетанымның мәні түрлері және негізгі компоненттері
Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.
Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру меселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.Білім арқылы табиғаттың жөне қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой түжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі қөзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным түрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырьмдайды.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көз-қарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көз-қарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс, - деп жазды.
Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми түрғыдан түсіндіру керек. Мысалы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму себептері, бір түрдің жойылып кетуі, екіншісінің берік өмір сүруі көп жылдар бойы жұмбақ болып келді. Атақты ағылшын ғалымы табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің табиғи сұрыштау теориясы олардың себептерін ғылыми негізде түсіндіреді.
Дүниетанымның түрлері:
Сенім терең тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жекеадам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әртүрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріпотыру. Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микро орта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды. Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәрбиелік тұрғыдан маңызы орасан зор.
Дүние танымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс,сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар. Дүниетанымның- бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарыстар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Дүниетаным- адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік принциптері.
Ғылыми дүниетаным- қоғамдық санның жалпы, ең жоғарғы формасы. Табғат,қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген адамның жетекші идеяларымен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А.С.Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі,идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, - деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістерімен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардьң ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады, табысты болады.
Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болды. Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсеретеді. Адам тосын бір жағдайға кездессе немесе өзіне беймәлім нәрсе көрее,көпшілік жағдайда оны ойға салып қорытындыламай, сезім жетегіне еріп кетеді. Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақтады. Дегенімен, адамның ақыл-ойы,өрісі жете бермейтін құбылыстар аз емес.
Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтың рухани сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез-құлқын ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді. Бізге келіп жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілікті көзқарасы аңғарылады.
Бірсыпыра ғалымдарымыздың (Гұзылхан А., Қалиев С., Оразаев М., СмаиловМ., Сағындықов Е., Табылдиев Ә. т.б.) еңбектеріне сүйеніп, қазақ халқының танымдық мұрасыньң соншалықты молдығын қысқаша атап кеткен жөн.
Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таңқалдырғандай. Қысқаша атап өтейік.
1.Ең көне ескерткіш тас бетіне салынған сурет -- пиктограммалар.Тіршілік үшін тылсым табиғат пен тіл табысқан көне замандағы бар білімі,таным түйсігі, зердесі, ақыл-парасаты белгі-бейнелер түрінде тас бетінетаңбаланған.
Тастан қашалған тоғыз қүмалақ тақтасының орны; адам маңдайының, мұрнының және екі алақанының, тізелері мен табандарының ойық ізі; жан-жануарлар, мал жетектеген адам бейнесі; т.б. олардың лайықты сандық мөлшерде бейнеленуі белгілі бір ойды білдіретін жазу екендігіне күмән жоқ.
2. Тас бетіне белгі-бедер түсіру үшін арнайы құрал қажет.Мұның өзі өткен ұрпақтың тіршілігінің кең көлемді, терең білім негізіне құрылғанының айғағы.
3. Қорымдар да сәулет өнерінің бірегей туындылары.
4.Тастан үйілген обалар зерттеушілердің айтуынша қарапайым обсерватория болған. Аспан шырақтарының қозғалысы анықталып, ауа райы өзгеруі жобаланған.
5.Зәулім ғимараттар -- даламызда бой көтерген сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихы.
6.Киіз үй - қазақ халқыньщ сан ғасырлық ақыл-ойының,өмірлік тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің, шеберлік пенданалық суреткерлігінің құдіретгі туындысы. Ол -- сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі. Күрделі геометриялық беттердің біртұтастығы құрамы, олар аспан санына негізделген. Белдеуі -- зодиактік шеңбер. Шаңырақ -- көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Түндік әлемінің төрт бағытын нұсқайды. Уықтар саны дұрыс анықталғанда шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан бие сауым, сүт пісірім, ет асым, жүн түсау бойы, Шілдір бойы, арқан бойы көтерді деген уақыт өлшемдері анықталған. Қорыта келгенде, киіз үй өнер туындысы ғана емес халықтың астрономиялық, метеорологиялық математикалық, физикалық, экономикалық т.б. өмірлік білімнің айқын көрсеткіші.
7. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажеттілігіне сай бес саусақты пайдаланудың әдістерін меңгерген. Саусақ буындарының жылдың төрт мезгілін, жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын, бала тәрбиесінде тіл ашу, дүниені құраушы тектерді анықтау т.с.с. ұғымдар түсіндірген.
Бес саусақ негізінде құрылған білімдерді игеру негізінде әлемдегі бірлікті тану жүзеге асады.
8. Халық ауыз әдебиетінің түрлі жанрлары терең білім мен ғылымның айғағы. Сөз кездейсоқ айтыла салмай, халықтьң дүниетанымын көрсететіндей белгілі бір философиялық ойға құрылатындығы көрінеді.
Табиғаттағы заңдылықтың басы ұлы үйлесім (гармония), оның негізгі шарттарының бірі танас (симметрия). Осылардың бәрі қазақ халқының әрбір нақыл сөзінде, ой тұжырымында, іс-әрекетінде зерделеп түсінуге болатындай көрініс тапқан. Олай болса халқымыздьң дүниетанымы табиғат біртұтастығынан шыққан ғылыми білімдерден нәр алады.
Дүниетаным негізіне дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырыды.
Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйтқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру,саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар,іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік пен жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады. Философияның өзі де дүниетаным. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйренішті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы- оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық апараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының біріңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.
Философия мәні дүние-адам мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы; таным принциптерінің кешені таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіс намалық басты екі қызметі анықталады.
Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі,сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік-адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.
Философияның дүниетанымдық қызметінің бірі- әлеуметтік аксиялогия: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сындарлық болып бөлінеді. Құрылымдық-құндылық қызметінің мазмұны: Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-оқ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді. Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалу және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: заттық-мазмұндық, психологиялық және эмоциональды-жігерлік категориялары. Философиялық теориялар тәрбиелік теориялары мен тұжырымдардың негізін құрайды.
Жеке тұлғаның құндылық бағыттары-жеке тұлғаға қатысты және сыртқы ара қатынастың деңгейлері мен формалары. Жеке тұлға дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгі мен болашағын, өзіндік Мен деген сезімінің ұғынудың ерекше формалары. Жеке тұлғаның когнитивті, эмоциялық себеп-салдарлы және тәжірибелік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі. Жекелеген іс-қылықтар мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында, жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Құндылық бағыттар тәрбиелік ықпалдардан тұратындықтан жеке тұлғаның интегралды көрсеткіші болады.
Дүниеге көзқарас- дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық қызмет нәтижесінде қалыптасады. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның өмірлік ұстамдарын, ар-ұят ,намысын анықтайды. Сенім-көзқарастың ең жоғарғы күйі.Сенім білім сияқты обьективті шындықтың субьективті көрнісі адамдардың ұжымдық тәжірибесін меңгеруінің нәтижесі.
Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік биік мұрат ( идея) дүниемен адымды өзгертіп материялдық күшке айналдырады. Сенім жеке тұлғаның құндылықтары мен бағыттарын, мақсат мүдделерін, тілектерімен қажеттілігін, сезімімен қылықтарын анықтап бір тұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.
Сенім жеке тұлғаны іс әрекетін, болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім-жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекететуге итермелейтін саналы қажеттілігі, адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім-сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу-таным, қуанышымен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зияттық сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер-дүниетанымның маңызды құрамы. Сенім адамды әрекетке итермелеиді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай,тәжірибеде санамен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді.
Дүниетанымның құрамды бөлігі ретінде теориялық ойлау адымның білімді,блмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейлінше жетілдіріп ерік-жігерді, сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Биік мұрат (идея) өмірлік мақсат ролінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады.Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұратқа сәйкес қызмет әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
1.2. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру өзекті педагогикалық мәселе
Жеке тұлғаның дүниетанымы - ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды - жігерлік сипаттарын топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігі деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.
Л.И.Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткеншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Б.Г.Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз-өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер "мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекеттің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты".
Құндылық бағыттары - жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы арақатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік "Мен" деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуның когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелік саласының бірлігі мен арақатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет, құндылық бағыттары - адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі,ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлықпен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағытылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.
Психологтар "құндылық" ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихимағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісінсипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жке тұлғаның(адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; алекіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары,жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктердіайтады.
Кейбір зерттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандайда бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулері құндылық бағыттары ұғымның психологиялық тұрғыдан ұғынады.
Д.Н.Узнадзе құндылық бағыттарды, бір жағынан, құбылыстардың белгілібір симантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, иіс-әрекетке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады. Оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды.
Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны заттандыруға, яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша ,қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің объектісін танымайды. Ал ол объекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады. Сонымен, адам үшін "жеке тұлғалық мәні" бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.
Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдаумен оның жүзеге асу барысына даәсер етеді. Осылайша, құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы факторы болып табылады.
Теориялық-таным ретінде құндылық дегеніміз ,біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа , яғни көңіл-күйі басымырақ субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас.
Екіншіден, ол - сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйыдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады, үшіншіден, санадағы құндылық - объективті шынайы заттық білім. Ол дәл осы шынайылық, дұрыстық ақпараттың арасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол сонымен қатар қоғамның саналы мақсат - мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар - өмірдегі міне-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы. Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқына дүниетанымның рөлін баса айта келіп, А.С.Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістерімен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады, табысты болады.
Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болды. Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсеретеді.
Адам тосын бір жағдайға кездессе немесе өзіне беймәлім нәрсе көрсе, көпшілік жағдайда оны ойға салып қорытындыламай, сезім жетегіне еріпкетеді. Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақтады. Дегенімен, адамның ақыл-ойы,өресі жете бермейтін құбылыстар аз емес.
Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтың рухани сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез-құлқын ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz