ХІХ-ХХ ғасырлар шеңберіндегі халықаралық қатынастар



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Франклин Делано Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы.
1.1. Ф.Д.Рузвельттің президенттік жылдарына дейінгі өмір жолы мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. 1932 ж. сайлау кампаниясы, оның нәтижелері мен маңызы ... ... ... ... ... ..10

2. Ф.Д. Рузвельттің президенттік жылдарында АҚШ.тың дамуына қосқан үлесі
2.1. Рузвельттің “Жаңа бағыт” дәуірінің әлеуметтік . экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғ.бірінші жартысында АҚШ тарихы өзгерістер мен жаңалықтарға толы болды. Жалпы әлемде осы кезеңде революциядан бастап екі дүркін соғыстарға дейін болып жатты. Осыдан кейін әлемде державалар арасында әртүрлі салаларда жарыстар болды. Бірақ бұл жарыстарда адам баласының өмірі ескерілмеген еді. Осыған байланысты Рузвельттің ел билеген жылдарында жалпы әлем сахнасында алған орны ерекше деп есептейміз. Себебі ол елді ең алдымен демократияландыруға, соғыстан, ядролық қарудан, ашаршылықтан, аурулардан, кедейшіліктен сақтау үшін әлем тарихында бұрын болмаған адамдарды қамқорлыққа алу шараларын ұйымдастырған еді. Сондықтан да, біз, Франклин Делано Рузвельттің зор еңбегінің арқасында АҚШ көптеген жетістіктерге жетіп отыр деп айта аламыз. Осыған байланысты бұрын орын алған тарихи қателерді қайталамау үшін Ф.Д.Рузвельттің тарихи портретін зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарында екінші орында
, сонымен бірге оның әлемдік саясатта да алатын орны ерекше. Сондықтан да АҚШ-тың осындай дәрежеге жету тарихын зерттеу өзекті мәселе ғана емес, сонымен бірге осы мемлекетпен халықаралық қатынастарды дамытуда және жас Қазақстанның 50 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу мақсаты үшін маңызды болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Ф.Д.Рузвельт жеке тұлға ретінде жұмбақ болып көрінді. Оның саяси жолын зерттеген орыс ғалымдарының ішінде А.И.Уткиннің “Дипломатия Франклина Рузвельта” , В.Л.Мальковтың “Ф.Д.Р. Проблемы внутренной политики и дипломатии” еңбектерінде жалпы Рузвельттің сыртқы әлеммен кездесуі, дамыған елдермен қарым-қатынастарын күшейтуі туралы жазылса, Н.Н.Яковлевтің “Ф. Рузвельт – человек и политик” , А.В.Георгиевтің “Франклин Делна Рузвельт” , А.И.Уткиннің тағы бір “Рузвельт Ф.Д.” атты еңбектерінде Рузвельттің өмірбаяны, жетістіктері, оның саяси жолмен көтерілген сатысын көрсетеді. Сонымен қоса ағылшын ғалымдары Юнкер Д., Айгнер Д. “Франклин Рузвельт Уинстон Черчель” атты еңбегінде АҚШ пен Ұлыбритания басшыларының қарым-қатынастары туралы жазған еңбегі аса бағалы.
Деректік негізі. Рузвельтті қоршаған адамдардың көбі сол кезде оның елді қалай басқарғанын, саясатты қалай сапалы жүргізгені туралы жазған. Өмірде сирек кездесетін тұлға ретінде Р.Шервуд өзінің “Рузвельт и Гопкинс глазами очевидца” атты еңбегінде Рузвельтті көп жылдар бойы зерттеген. Сонымен қатар Ф.Рузвельтпен жұмыс істеп жүрген жолдасы S.Rosiman “Working with Roosevelt N.Y.” атты еңбегінде Рузвельттің жан дүниесін, оның саясатты қалай шебер пайдаланғаны туралы ашып көрсетеді. Сондықтан да бүгінгі күні АҚШ тарихымен танысушыларға аталған зерттеушілердің еңбектері аса маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеп отырған курстық жұмыстың мақсаты Ф.Д.Рузвельттің саясаткер ретінде портретін ашу арқылы Америка халқына сіңірген еңбегін жан-жақты қарастырып, талдау жасау. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
Франклин Делано Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде қалыптасуына талдау жасау.
Ф.Д. Рузвельттің президенттік жылдарын кезеңдерге бөлу арқылы, оның әр кезенінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, АҚШ қоғамына қосқан үлесін зерттеу.
Рузвельттің ішкі саясаттағы “Жаңа бағыт” дәуірінің әлеуметтік – экономикалық мазмұнын айқындау.
Президенттік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижелері мен
маңызын қарастыру.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Курстық жұмыс Франклин Делано Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде қалыптасу кезінен бастап, оның соңғы күндеріне дейін АҚШ қоғамына қосқан үлесі кезеңін қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған
Ақиқат журналы. – Алматы 2006ж, басылым № 8, бет 14-15.

Уткин А.И. Дипломатия Франклина Рузвельта. – Свердловск: Издательство Уральского Университета, 1990г.

Мальков В.Л. Франклин Рузвельт. Проблемы внутренной политики и дипломатии: Историко – документальные очерки. – М., 1988г.

Яковлев Н.Н. Ф.Д.Р. – человек и политик. Загадка Перл – Харбора: Избранные произведения – М.: Международные отношения, 1988г.

Георгиев А.В. Франклин Д.Р. – М., 1945г.

Уткин А.И. Рузвельт Ф.Д. – М.: Издательская корпорация “Логос”, 2000г.

Юнкер Д, Айгнер Д. Франклин Рузвельт Уинстон Черчель. – М., 1987г.

Шервуд Роберт. Рузвельт и Гопкинс глазами очевидца. /В 2-т/ М., 1958г.

Rosiman S. Working with Roosevelt N.Y. 1947y.

Яковлев Н.Н. Ф.Д.Р. – человек и политик. Загадка Перл – Харбора: Избранные произвидения – М.. издательство международные отношения, 1988 – с7-9.

Георгиев А.В. Франклин Д.Р. – М., 1945 – с19-20.

Уткин А.И. Рузвельт Ф.Д. – М.: Издательская корпорация “Логос” , 2000 – с24-28.

Яковлев Н.Н. ФДР – человек и политик. Загадка Перл – Харбора: Избранные произвидения – М.: издательство международные отношения, 1988 – с21-23.


Мальков В.Л. Франклин Рузвельт. Проблемы внутренной политики и дипломатии: историко – документальные очерки. – М., 1988 – 59-60с.

Уткин А.И. Рузвельт.Ф.Д. – М.: Издательская корпорация “Логос”, 2000 – с46.

Шервуд Роберт. Рузвельт и Гопкинс глазами очевидца./В 2-т/ М., 1958 – с63.

Юнкер Д, Айгнер Д. Франклин Рузвельт Уинстон Черчель. – М., 1987 – с145.


Уткин А.И. Рузвельт Ф.Д. – М.: Издательская корпоррация “Логос”, 2000 - с111.

Георгиев А.В. Франклин Д.Р. – М., 1945- с100.

Американские президенты: 41 исторические портреты от Дж. Вашингтона до Билла Клинтона. – Ростов – на – Дону , 1997 – с325.

Шервуд Роберт. Рузвельт и Гопкинс глазами очевидца./В 2-т/ М., 1958 – с321.

Уткин А.И. Дипломатия Франклина Рузвельта. – Свердловск: Изд-во Уральского Университета, 1990 – с 410-419 .

Яковлев Н.Н. ФДР – человек и политик – М.: изд-во межд. отн. 1988 – с 501 .

Уткин А.И. Рузвельт Ф.Д. – М.: Издательская корпоррация “Логос”, 2000- с134-135.

Уткин А.И. Рузвельт Ф.Д. – М.: Издательская корпоррация “Логос”, 2000- с112 - 113.

Мальков В.Л. “Новый курс” в США. Социальные движения и социальная политика. – М., 1973 – с 211.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ-ХХ ғасырлар шеңберіндегі халықаралық қатынастар

МАЗМҰНЫ
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------------------- ----------------------------------- ----3
1. Франклин Делано Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде қалыптасуы.
1.1. Ф.Д.Рузвельттің президенттік жылдарына дейінгі өмір жолы мен
қызметі---------------------------- ----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------------------5
1.2. 1932 ж. сайлау кампаниясы, оның нәтижелері мен маңызы -----------
-----------10
2. Ф.Д. Рузвельттің президенттік жылдарында АҚШ-тың дамуына қосқан үлесі
2.1. Рузвельттің “Жаңа бағыт” дәуірінің әлеуметтік – экономикалық
мазмұны---------------------------- -----------------------------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----------
----------------------------------- -------------25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғ.бірінші жартысында АҚШ тарихы өзгерістер
мен жаңалықтарға толы болды. Жалпы әлемде осы кезеңде революциядан бастап
екі дүркін соғыстарға дейін болып жатты. Осыдан кейін әлемде державалар
арасында әртүрлі салаларда жарыстар болды. Бірақ бұл жарыстарда адам
баласының өмірі ескерілмеген еді. Осыған байланысты Рузвельттің ел билеген
жылдарында жалпы әлем сахнасында алған орны ерекше деп есептейміз. Себебі
ол елді ең алдымен демократияландыруға, соғыстан, ядролық қарудан,
ашаршылықтан, аурулардан, кедейшіліктен сақтау үшін әлем тарихында бұрын
болмаған адамдарды қамқорлыққа алу шараларын ұйымдастырған еді. Сондықтан
да, біз, Франклин Делано Рузвельттің зор еңбегінің арқасында АҚШ көптеген
жетістіктерге жетіп отыр деп айта аламыз. Осыған байланысты бұрын орын
алған тарихи қателерді қайталамау үшін Ф.Д.Рузвельттің тарихи портретін
зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары әлемдегі бәсекелестікке
қабілетті елдердің қатарында екінші орында
[i], сонымен бірге оның әлемдік саясатта да алатын орны ерекше. Сондықтан
да АҚШ-тың осындай дәрежеге жету тарихын зерттеу өзекті мәселе ғана емес,
сонымен бірге осы мемлекетпен халықаралық қатынастарды дамытуда және жас
Қазақстанның 50 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу мақсаты үшін маңызды
болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Ф.Д.Рузвельт жеке тұлға ретінде жұмбақ болып
көрінді. Оның саяси жолын зерттеген орыс ғалымдарының ішінде А.И.Уткиннің
“Дипломатия Франклина Рузвельта”[ii], В.Л.Мальковтың “Ф.Д.Р. Проблемы
внутренной политики и дипломатии”[iii] еңбектерінде жалпы Рузвельттің
сыртқы әлеммен кездесуі, дамыған елдермен қарым-қатынастарын күшейтуі
туралы жазылса, Н.Н.Яковлевтің “Ф. Рузвельт – человек и политик”[iv],
А.В.Георгиевтің “Франклин Делна Рузвельт”[v], А.И.Уткиннің тағы бір
“Рузвельт Ф.Д.”[vi] атты еңбектерінде Рузвельттің өмірбаяны, жетістіктері,
оның саяси жолмен көтерілген сатысын көрсетеді. Сонымен қоса ағылшын
ғалымдары Юнкер Д., Айгнер Д. “Франклин Рузвельт Уинстон Черчель”[vii] атты
еңбегінде АҚШ пен Ұлыбритания басшыларының қарым-қатынастары туралы жазған
еңбегі аса бағалы.
Деректік негізі. Рузвельтті қоршаған адамдардың көбі сол кезде оның
елді қалай басқарғанын, саясатты қалай сапалы жүргізгені туралы жазған.
Өмірде сирек кездесетін тұлға ретінде Р.Шервуд өзінің “Рузвельт и Гопкинс
глазами очевидца”[viii] атты еңбегінде Рузвельтті көп жылдар бойы
зерттеген. Сонымен қатар Ф.Рузвельтпен жұмыс істеп жүрген жолдасы S.Rosiman
“Working with Roosevelt N.Y.”[ix] атты еңбегінде Рузвельттің жан дүниесін,
оның саясатты қалай шебер пайдаланғаны туралы ашып көрсетеді. Сондықтан да
бүгінгі күні АҚШ тарихымен танысушыларға аталған зерттеушілердің еңбектері
аса маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеп отырған курстық жұмыстың
мақсаты Ф.Д.Рузвельттің саясаткер ретінде портретін ашу арқылы Америка
халқына сіңірген еңбегін жан-жақты қарастырып, талдау жасау. Мақсатқа жету
үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
Франклин Делано Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде
қалыптасуына талдау жасау.
Ф.Д. Рузвельттің президенттік жылдарын кезеңдерге бөлу арқылы, оның
әр кезенінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, АҚШ қоғамына қосқан үлесін
зерттеу.
Рузвельттің ішкі саясаттағы “Жаңа бағыт” дәуірінің әлеуметтік –
экономикалық мазмұнын айқындау.
Президенттік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижелері мен
маңызын қарастыру.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Курстық жұмыс Франклин Делано
Рузвельттің саяси қоғам қайраткері ретінде қалыптасу кезінен бастап, оның
соңғы күндеріне дейін АҚШ қоғамына қосқан үлесі кезеңін қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінен құралған.
1.1. Ф.Д.Рузвельттің президенттік жылдарына дейінгі өмір жолы мен қызметі
Франклин Делано Рузвельт Гудзондағы Гайд – Парк деген меншікті
жерінде, ағылшын помещиктер отбасында дүниеге келеді. Оның әкесі – Джеймс
Рузвельт юнион-колледжін және Гарвард бизнес мектебін бітіргеннен кейін,
темір жолмен айналысып өз капиталын жинай бастайды. Ал, Сара Делано –
Франклин Рузвельттің анасы, Европа мен Қытай елдерін аралап, көпті көрген
әйел еді[x]. Франклин Рузвельт он төрт жасында Гротон мектебіне оқуға
түседі. Ол алғашқы айларынан оқуға деген құмарлығын көрсетіп, үздік
оқушылардың бірі атанып, бірден үшінші сыныпқа ауысады. Сөйтіп,
Ф.Д.Рузвельттің саяси өмірі алғашқы мектеп табалдырығынан басталады. Ол
өзінің саясат туралы пікірлерін мектептегі “Гротоннэн” газетінде жазған
еді.[xi] АҚШ міндетті түрде әлемде күшті ел болу керектігін және
изоляционизмнен арылу керек екендігін жазды. Сонымен қоса осы кезден бастап
Франклиннің кітапқа деген қызығушылығы артып, ол өзінің жеке кітапханасын
жинай бастайды. 1899 жылы маусым айында он жеті жасар Рузвельт Гротон
мектебін бітіріп, 1900 жылы Кембридждегі Гарвард университетіне қабылданды.
Ал, 1901 жылы Теодор Рузвельт президент болып сайланғаннан кейін Франклин
Рузвельт Ақ үйде жиі-жиі болып тұрғандықтан, осында көптеген
саясаткерлермен танысады.
Университетте оқып жүргенде Франклин Рузвельт спортқа көп көңіл
бөледі, бірақ үлкен жетістіктерге жете алмайды. Сонымен қатар ол
гуманитарлық ғылымдарды жақсы меңгерген, тіпті бұл тақырыптарға арнайы
курстық жұмыстар жазған. Ағылшын және француз әдебиетерін, латын тілі және
геология, саясаттану және ораторлық өнерді үйренген, тарихқа байланысты
бірнеше курстар оқыған, мемлекеттік құқық және экономикаға көп көңіл
бөлген[xii]. 1900 ж күзінен бастап ол 68 студенттердің ішінен ең үздік
студенті болып шығады. 1903 жылы Франклин университетті толық үш деген
бағаға бітіреді. Және тағы бір жылға “Кримпсон” студенттік газетінің бас
редакторы болып қалады. Гарвард университетінен кейін, Рузвельт
Демократияны қолдау жолына түскен. Ол “Картер, Ледиард және Мелбурн”
юристік канторасына жұмыс істеп жүргенде (1910ж басында) Нью-Йорк штатының
Датчес аймағының прокуроры Дж.Макпен танысады. Демократ партиясының өкілі
Дж.Макке Рузвельт ұнағандықтан, Мак оған Нью-Йоркте өтетін легислатура
сайлауларында өз кандидатурасын ұсыну туралы ақыл айтты[xiii]. Рузвельт
ойланбастан келісіп, бірнеше күннен кейін Пугкипси қаласына жергілікті
демократ басшыларымен кездесіп сұхбаттасу үшін барады. Оған бәрі ұнап, енді
ол партиялық қорға жіберілуін көздейді.
Нью-Йорк штатының легислатурасы кішкентай Олбани қаласында жұмыс
істегендіктен Рузвельт 1911 жылы Олбани қаласына көшіп келеді. Сол жылдары
Нью-Йорк штатының сенаторын халық емес, легислатура өзі тағайындап отырды.
Сондықтан, демократтық партияның өкілі Таммани У.Шихан кандидатурасын
ұсынған. Бірақ оның кандидатурасына ауыл аймағындағы демократтар қарсы
болды (Франклин де осылардың ішінде болды). Оппозициялар Рузвельттің үйіне
келіп жиналыстар өткізген, ал бұл жиналыстардың бас кеңесшісі Рузвельттің
өзі болды. Соңында Рузвельт Нью-Йорк штатының сенаторы болып тағайындалады.
Ол 1912 жылы сенаторлармен кездесу өткізіп, табиғи ресурстарды үнемді
пайдалану және сақтау туралы жария етеді.[xiv] Оған көптеген кәсіпкерлер
қарсы шығады. Сонымен қатар Рузвельт аптасына 54 сағат жұмыс мерзімін
енгізеді.
1910 жылы Дж.Храви Вудро Вильсонге Нью-Джерси штатының губернаторы
болуына зор үлес қосты. Осыған қоса 1912 жылдың маусым айында демократтар
Балтиморға барып болашақ президентті сайлауға конвект жинайды. Франклин Нью-
Йорк штатының делегаттарымен фракция құрайды. Олар Вильсонды президенттік
орынға тағайындау үшін көптеген шаралар және жиналыстар өткізген.
Вильсонның программасы “Жаңа Еркіндік” деп аталды. Президенттік орынға
үміткерлердің арасында Теодор Рузвельт (өзінің соңғы сөзін айтқаннан кейін,
топ ішіндегі ашуланғандардың бірі Т.Рузвельттің кеудесіне оқ атқан еді)
болды. Теодор Рузвельттің жарақат алуына қарамастан Вильсон-6,3млн,
Т.Рузвельт-4,1млн, президент Тафт-3,5млн дауысқа ие болады.[xv] Соңында
1912 жылы қарашаның 5-інші жұлдызында В.Вильсон жеңіске жетеді.
Нью-Йорк штатының демократтары қайтадан екі палатада да өз
үстемдігін орнатты. Ал Франклин ауыл шаруашылығының пост председателі
орнына отырды. Кейін тағдыр бақытты өзгертулер енгізді. Жаңа әскери-теңіз
министрі Дж.Дэниэлс Рузвельтке өзінің орынбасары болуын ұсынды. Әрине, бұл
орын Рузвельтті қатты қуандырды. Себебі оның ағасы Теодор Рузвельт дәл осы
жолмен Ақ үйге келген еді. Ф.Рузвельт Дж.Дэниелске жауабын былай деп
қайтарды: “Өмір бойы мені қайықтар мен флот туралы кітаптар өте қатты
қызықтырды. Сондықтан да сіз ұсынған орыннан артық ешнәрсе болмас”[xvi].
Сөйтіп, 1913 жылы 17 наурыз күні Франклин Рузвельт Теодор Рузвельттің
әскери-теңіз министр орнына отырды. Рузвельт бұл жұмысқа келгеннен кейін
теңіз флотын кеңейтуге көптеген шаралар жасады. Мемлекеттік бюджеттің 20
пайызы осыған жұмсалды. Рузвельт қызметі кезінде бұрын кездеспеген жағдайға
душар болды; ол кәсіподақ басшыларымен және жұмыскерлерімен тіл табыса
білген, оның жұмыс уақытында ереуілдер кездеспеген еді. Рузвельт осы қызмет
бойынша кәсіпқойлық құрметіне ие болады.
1914 жылы 1-тамызда Европада соғыс басталып кетеді. Рузвельт
Американың изоляциялық саясаттан шығып, ерте ме кеш пе әйтеуір соғысқа
араласатының білді. Сондықтан да ол АҚШ тың соғысқа дайындалу үшін армия
мен флотты күшейтуін ұсынды. Бірақ Вудро Вильсон соғыс тез аяқталып кетуіне
сеніп, ешқандай шара қолданбады. Осыған қарамастан 1915 ж 7-ші мамырда
герман теңіз асты кемесі “Лузитания” кемесін суға батырады, онда 1200 адам
өліп оның 128 америка азаматтары болған еді. Бұл жағдай Рузвельттің
позициясын күшейтеді. Осыдан кейін ғана Вильсон Германияның күшеюі
Америкаға көптеген қиыншылықтар әкелетіндігін түсінді. Сондықтан 1915 жылы
21 маусымда Вильсон әкери-теңіз министрлеріне Американың соғысқа дайындалу
жоспарын құруға бұйрық берді. Сөйтіп Рузвельт өз дегеніне жетіп, әскери
теңізде ғана емес, сонымен қатар әскери-әуе флотың да кеңейтуге кірісті.
Екі жылдан кейін Германия теңіз асты соғыстарын бастайды. Америка соғысқа
дайын болғаннан кейін, Антанта құрамына 1917ж кіріп шайқасады. Бір жылдан
кейін Антанта мемлекеттері жеңіске жетеді. Осы бастан бастап ол әлем
саясатына кірісе бастайды.
1919-1920 жж. Демократиялық партия дағдарыста болады. 1920 жылдың
жазындағы Сан-Франсискода демократтық партияның конвенті жиналады.
Делегаттар ішінде Рузвельт те болады. 1920ж 6 июлінде өткен 44- ші сайлау
бойынша президенттік кандидатураға Огайо штатының губернаторы Дж. Кокс
алынды. Ал вице президент кандидатурасына Кокс Ф.Д.Рузвельтті дұрыс білмесе
де, тағайындады. Кейін Рузвельт өз орнынан кетіп, президенттік орынға Кокс
Гардингпен таласады. Сөйтіп заңды түрде Ф.Д.Рузвельт 9-шы тамызда өз сайлау
учаскісін ашады.[xvii] Сыртқы саясат жөнінде ол мынадай талаптар айтып
өтті: АҚШ басқа елдерден қалып қоймауы тиіс. Ішкі саясатта: мемлекеттік
жұмыскерлерге өз жұмысын сондай бір қызығушылықпен және сапалықпен істей
білуі үшін шаралар қолдану қажет. Осы президенттік сайлау кампаниясы
кезінде Рузвельт халық алдында күніне 30 реттен сөз сөйледі. Бұл саяси
соғыста үш айдың ішінде Рузвельт 30 штатты арлап шықты. Оның алғаш рет
секретарі – Маргерит Лихенд, бас спичрайтері – Марвин Макинтайр болды.
Бұған Франклин 5 мың доллар, ал мамасы 3 мың доллар жұмсады. Сөйтіп 1920
жылы партия үшін жасаған еңбектері босқа шығады. Себебі демократтар 127
дауыс, ал республикашылдар 404 дауыс жинап екі палатада да жеңіске жетеді.
Рузвельт тұлға ретінде халыққа ұнағанмен, Кокс Градингтен жеңіледі. Осы
жеңілістен кейін, Ф.Д.Рузвельті халық оның атын ұмытпас үшін, ол Гарвард
университетінің бақылау кеңесінің өкілі, теңіз шіркеу институтының
директоры, әскери-теңіз клубының президенті, Вудро Вильсон фондының негізін
қалаушысының бірі, таяу шығыстағы елдерге көмектесу комитетіне, американдық
гографиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Бірақ ойламаған кезде, 1921
жылы Рузвельт қатты ауырып қалады. Оның аяқтары жүрмей қалады. Оны
тексерген дәрігерлер тромбоз, бала параличі деген диагноз қояды. Ол Нью-
Йорк штатының ауруханасында жатқызылады. 1922 жылы Франклин аяқтарына
протез салып қайтадан жүруді үйренеді. 1924 жылға дейін жүруді үйренеді,
осы жылдан бастап аурудан жазылып қайтадан саясатқа орала бастады.
20 жылдары Ф.Д.Рузвельт демократ партиясының өкілі Альфред Стимсті
қолдайтыны туралы айтты. Сайлаулар жақындаған сайын А.Стимске Ф.Рузвельттің
көмегі ауадай қажет болды. Осыған орай Рузвельт А.Смит кампаниясына көп
жұмыстар атқарған еді, ал бірақ қанша күш жұмсалса да А.Смиттің
кандидатурасын конвент қолдамайды. Демократтар басқа кандидатураны ұсынуға
мәжбүр болды. 1928 жылы Ф.Д.Рузвельт А.Смиттің кандидатурасын қайта
қарастыруға қол жеткізіп, осы жылы конвент оны қолдады.[xviii] Сөйтіп
саясатта 1928 жылы Ф.Д.Рузвельт үлкен таңдауда болады: демократ
партиясында сыртқы саясаттағы эксперт ретінде өз орнында қалу немесе саяси
баспалдақпен одан әрі көтерілу болды. Рузвельт соңғысына тоқталды.
Қорыта келгенде 1900 – 1912 жылдар арасында Ф.Д.Рузвельт тұлға
ретінде қалыптасқан кезеңі болса, кейінгі жылдар оның нағыз саясатпен
айналысқан жылдар деп айта аламыз. Ол президенттік жылдарына дейін-ақ
саясатпен айналысып, бірқатар жетістіктерге жеткен кезеңі еді. Бірінші
дүниежүзілік соғыс барысында Рузвельт әскери стратегиялық саясаттан гөрі
халықаралық дипломатиялық саясатты таңдады, ал 1920 жылдан бастап-ақ АҚШ-ты
халықаралық аренаға шығаруды көздеді.

1.2. 1932 ж. сайлау кампаниясы, оның нәтижелері мен маңызы.
Франклин Делано Рузвельт 1928 жылғы оқиғадан кейін, саяси қадаммен
жоғары көтерілу мақсатын алға қойды. Сондықтан ол Ақ Үйге жақындау үшін, ең
алдымен Нью-Йорк штатының губернаторы болуға ұмтылды. Бұл орынға
демократтар бір ауыздан Рузвельт кандидатурасын ұсынды. Дәл осы уақытта
Рузвельттің айналасында көп жылдар бойы келешекте қызмет ететін адамдар
қоршайды: саяси менеджер Джеймс Ферли, құпия сөз жазушы Самюэль Розенман,
организаторлар Луис Хоув және Генри Моргентау, секретаршалары Мисси Лихенд
пен Грейс Тулли. Нәтижесінде ол денсаулығының нашарлығына қарамастан Нью-
Йорк штатының губернаторы болып 2130193 дауыс жинап жеңіске жетеді.[xix]
Рузвельт губернаторлық қызметін жеңілдікпен атқарады. Бұл салада біраз
жұмыстар атқарылған. Кейін 1929 жылдың қараша айында елде экономикалық
дағдарыс басталып кетеді. Акция курсы түсіп, бір күн ішінде 13,1 млн акция
сатылынды. Елде жұмыссыздық ахуалы , халық наразылықтары төніп тұрғаны
көріне бастады. 1930 жылдың көктемінде 1,5 млн. адам көшеге шығады. Олар
негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Ғылымдағы дағдарыс
Ұлыбританияның саясижүйесі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Пәндер