Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Филология департаменті
Ғылыми жоба

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау

Пән: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
мамандығы білім беру бағдарламасы 5В012100-Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Қайыр А.С.

Ғылыми жетекшісі: Мырзагалиева К.М. ф.ғ.к.
қауымдастырылған профессор

Курстық жұмыстың қорғауы болған күн
_______ 20__ж.
Бағасы________

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
І. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ МЕН КӨРЕТІЛГЕН ТАҚЫРЫБЫ
Жыраулар поэзиясының зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6 бет
Жыраулар поэзиясының көтерген тақырыбы мен өкілдері ... ... ... ...9 бет

ІІ. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІЛІГІ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдеуіш құралдар. ... 11 бет
2.2. Жыраулар поэзиясының тілдік өзгерістері мен ерекшеліктері ... 18 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26 бет

Кіріспе
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы қазақ тілінде дамыған әдебиеттің алғашқы кезеңі болды. Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ атымен аталатын мәдениет өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы кеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Қодан Тайшы, Сыпыра жырау Сұрғылтайұлының өз атымен бірде бір шығармасы бүгінгі күндерге дейін келіп жетпесе де, олардың есімі қазақ шежірелерінде, жыр-аңыздарында берік сақталған. Елге ер-азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Асан туралы аңыздар ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтарында да сақталған. Мұндағы деректер арасында алшақтық жоқ деуге болады. Асан көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Ол ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Осы орайда академик-жазушы М.Әуезов "Қазақ халқы өзінің тарихы жолында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символындай сезді. Ел мұңын жоқтаған ақындардың Асан есімін ауызға ең алдымен алатыны да осыдан" - деп атап көрсетті. Сахара эпосы тудырушылардың бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның (ХV ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді.
Тақырыптың өзектілігі: Көркемдік өнер шығармаларының өзіндік ерекшелігі, эстетикалық сұлулығы - дүниені, болмысты сипаттап сөйлетудегі суретшілік, бейнелілік, өрнектілік. Көркемдік келісім жоқ жерде, өнер шығармасы өмір сүрмейді. Көркемдік - өнер туындысының сапалық көрсеткіші. Көркемдіктің бастау бұлағы, қайнар көзі - суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың көркем сөз табиғаты тұрғысындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол: "Сөз өнері - адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілге. Ақыл ісі - оңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеп суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау. Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау".
Ақындар мен жыраулар шығармаларының кейде тоғысып, бір арнаға түсетіні, кейде тіпті, осындай ақын айтты деген туындының мынандай жырау айтқан деп те кездесетіні мәлім. Бұған бірнеше себепті келтіруге болады. Біріншіден, жыраулар шығармалары халық даналығы, сан ғасыр атадан балаға ауызша беріліп, жинақталған, сығымдалған, сұрыпталғандықтан болса, екінші себебі, жыраулар да ақындар да халық мүддесіне қызмет еткендіктен, өмір сүрген орталарындағы әлеуметтік мәселелері ұқсас болғандықтан, жырлайтын тақырыптары үндес болатындығы.
Профессор Н.Келімбетовтың пікірі бойынша: Дәстүр дегеніміз - бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер.Ғалым дәстүр ұғымын осылай ашып алып, оны дәстүр жалғастығы ұғымымен ұштастырады:
Дәстүр - халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани енгізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады., - деп түсіндіреді ғалым.
Б.Оспанов Дәстүр - ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, өнер мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірбиесіне сүйенеді [1, 3], - десе, С.Негимов Дәстүр - көркемдік тәжірибені сақтап, жаңартудың құралы, жарасымды келісім тудырудың бірегей өлшемі, - деп өзінше бір баға беруге тырысады. [2, 124]
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері - ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы троптардың түрлеріне әдеби-көркемдік талдау жүргізу. Сөйтіп поэзияның ұлттық ерекшелігіне де, халықтық сипатын да танытатын, құрайтын осы белгілерді анықтау міндеті қойылады.
Ғылыми жобаның нысаны: ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы және олар жайындағы ғалымдардың көзқарасы.
Жобаның ғылымилығы: Жыраулар поэзиясы ХХ ғасырда әр қырынан зерттелініп келді. Оны зерттеуге М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, Қ.Сыдиықов атсалысты. Ал хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысында қолға алына бастады. Осы тұрғыдан келгенде, жыраулар поэзиясын зерттеуге атсалысқан М.Мағауиннің еңбегін атап өтуіміз керек. Оның "Қобыз сарыны" атты зерттеуінде жыраулар мұрасы тұңғыш рет жан-жақты қарастырылды. Жыраулар поэзиясы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдан бері қарай тереңірек зерттеліп келеді. Айталық, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты профессор Ш.Қ.Сәтбаеваның басқаруымен 2000 жылы "ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы" атты көлемді ұжымдық зерттеу кітабын шығарды. Бұл кітапты жазуға көптеген белгілі ғалымдар атсалысты. Мәселен, Ш.Сәтбаева - "Алғы сөз", "Армиян жазулы қыпшақ ескерткіші "Дана Хикар сөзінің" тарихы мен бейнелілігі"; филология ғылымдарының кандидаты М.Жармұхамедов - "Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары", "Асан қайғы", "Бұқар жырау"; филология ғылымдарының докторы Ө.Күмісбаев - "Ақтамберді жырау", "Үмбетей жырау", "Шал ақын"; филология ғылымдарының докторы Б.Әбілқасымов - "Әбілғазы Баһадүрханның "Түрік шежіресі", "Қадырғали би Жалайридың "Жамиғат-ат тауарих" атты еңбегі"; филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиықов - "Шәлгез (Шалкиіз) жырау", "Жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшеліктері"; филология ғылымдарының докторы С.Негимов - "Билер мен шешен-ділмарлар хақында", "Асан қайғы", "Жиренше шешен", "Қазыбек би", "Әйтеке би"; филология ғылымдарының докторы Ж.Тілепов - "Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы"; филология ғылымдарының кандидаты С.Дәуітов - "Марғасқа жырау", "Жиембет жырау", "Тәтіқара ақын"; филология ғылымдарының кандидаты С.Қорабаев - "Төле би", "Ақтайлақ би", "Қазтуған жырау", "Доспамбет жырау"; филология ғылымдарының кандидаты Б.Адамбаев - "Сырым би" атты тарауларды жазды.
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, зерттеу, түсіндіру, баяндау.
Ғылыми жұмыстың құрлымы: кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ МЕН КӨРЕТІЛГЕН ТАҚЫРЫБЫ
1.1. Жыраулар поэзиясының зерттелуі
Әдебиетіміздің тарихында шын мәнісінде ұлттық поэзиялық байлығымызды жасасқан ақын-жыраулардың ұшан-теңіз дүниесі, қасиетті үлгі-өнегесі, ұлағат сөздері жанымызға шипа. Ақын-жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін, әлеуметтік және жалпы халықтық ұстанымдарын, сондай-ақ фольклорлық дәстурлерді сол қалпында
қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем өрнектеріне сүйене отырып, өзіндік сөз ұйқасын жасады. У.Далгаттың пікірінше, суырып салма ақын-жыраулар поэзиясы, сөзсіз көркемдік қасиетіне сәйкес фольклор мен жазба әдебиетін байланыстырушы буын.
Яғни көптеген халықтардың поэзиялық мәдениетінің дамуында осындай өтпелі дәуірлер болады. Олардың поэзиясының түзілісі фольклордың эстетикалык принциптерімен сәйкес келеді, оның шегінен аспайды. Ақындар мен жыраулар сияқты суырып салма дарынды ақын-жыраулардың өнернамасында даралық сипат, ұжымдық дәстүр диалектикалық бірлікте болады. [3, 8]
Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің, сұлулық әлемінің жұмбақ сырлары ала-бөтен, жаратылысы қызық. Поэзияның ішкі астар-қабаттарындағы қайнар көздерін ашу, қисапсыз көркемдік құбылыстарды айқындай, кестелеу тәсілдерінің табиғатын айқындау, сөздің көркемдік, эстетикалық қасиеттерін тану, оның бейнелі қолданысын контекспен тұтастықта алып саралау поэзия тілінің тарихы мен теориясын зерттеу объектісі.
Ақын-жыраулар мұрасын зерттеу ісіне Есмағамбет Ысмайылов сүбелі үлес қосты. Бұл орайда 1956 жылы басылған ,,Ақындар,, атты күрделі еңбегінде қазақ халқының рухани-мәдени тарихында көрнекті орын алатын ақын-жыраулар болмысы, өнерпаздык табиғаты, синтетикалық өнер иесі екендігі, сегіз кырлы, бір сырлы жаратылысы, бір басында бірнеше өнердің тұтасып түйіскендігі, яғни әншілік, орындаушылық, композиторлық, айтқыштық, жыршылық, ойыншылдық сияқты қасиеттердің үндестік тапқандығы шебер баяндалады. Халықтың поэзиялық-музыкалык мәдениетін байырғы сақтаушылар мен таратушыларын бірнеше түрге жіктеп, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ортақ сипаттарын біліктілікпен әңгімелейді. Мәселен, ақын импровизатор, жырау, жыршы, әнші ақындар, сал-серілер және өлеңшілер деген ұғым-түсініктердің табиғат тынығу төркінін, мән-мағынасын терең ашып талдайды.
Көрнекті әдебиет зерттеуші М.Мағауин ,,Қобыз сарыны,, деген еңбегінде ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған Қазтуған, Асан Кайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Актамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал сынды жыраулар мен ақындар жайында қыруар өмірбаяндық деректер, мәліметтер келтіріп, жыраулық поэзия мен ақындар поэзиясының әрқайсысына тән ерекшеліктерін, көркемдік әдістерін біліктілікпен көрсетіп береді.
Ұлттық образ мәнісін, эстетикалық ойлау дәрежесін, көркемдік таным тереңдігін, тілдік бояу-нақыштарды, айшық-өрнектерді халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мінез-құлқымен, шаруа кәсібімен, табиғи ортасымен, салт дәстүрімен, ырым-нанымдарымен, жөн-жосықтарымен, дүниетаным ерекшеліктерімен сабақтастыра зерттеу М.Д Үйсенов, М.Базарбаев зерттеулерінде көрініс тапты. [4, 10-15]
Сондай-ақ халық поэзиясының көркем тілі, өлең сөздің бейнелегіш, мәнерлегіш, суреттегіш құралдары, ақын-жыраулардың ақындық шеберлігі, сөз қолданудағы ұсталығы, образды сөздер жүйесі мен ұлттық поэзия тілінің жан-жақты жетілуі туралы мәселелер З.Ахметов еңбегінде қарастырылады.
Жыраулар поэзиясындағы сөздердің қолданысы, шығу тарихы, мәні мен мағынасы, жалпы алғанда, поэзиялық тіл мен түрлерге қатысты кұнды ой-өрнектері С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Хасанов, Т.Қоңыров және басқа ғалымдар зерттеулерінде кездеседі.
"Өнер алды-қызыл тіл" дегендей казақ халқы шешендер мен жыраулар өнеріне ерекше көңіл бөлген. Шешендік өнер мен жыраулар бірге дамып, ара жіктерін өте жақын ұстады. Олар қазақ халқының тарихында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын шеберлікпен дүниеге алып келді. Канатты да тұспал, келелі де кемеңгерлік куәгерлеріне тән асқақ та асыл сөз зергерлері, қатарынан озып шыққан зерделі де зерек, түбірлі сөздің түбін түсірер ақын-жыраулар жалындаған от болды. Оларды халық қаһарлы хандардың қатал да өрескел әмірлеріне қарсы тұрарлық кемел ақыл иелері, адамгершіл адал жандар, әділет пен ар-намыстың ажырамас жақтаушысы, зорлықшылдардан қорлық көргендердің сүйеніші, қара қылды қақ жаратын туғансыз тура биліктің, тұрлаулы төреліктің, шытырман шындықтың қасқа жолында күресуші күрескер деп таныды.
Казақ халқы тарихы ақын-жыраулар есіміне бай. Әрбір тарихи дәуір дүниеге әкелген ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлармен қатар қазақтың ақылгөй ақсақал абыз жыраулары бірге аталады. Жыраулардың шеберлі шешім түйіндері, ақылға негізделген ойлы орамдары, өткір тілді терең тебіреністен туындалған туындаған толғаныстары халық есінде жазылған хаттай сақталған. Өздерінен кейін мәңгілік өлмейтін іс, өрнегі өшпес көркем сөз калдырған асыл жандар. Асыл жыраулардың өшпес жырлары ғұлама тарих секілді. Олардын еңбектері зерттелуде.
Акын-жыраулардың асыл қазынасын зерттегендердің ішінде Ә.Мәметова, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Дәуітов сынды ғалымдардың тынымсыз ізденістерінің аркасында көптеген тың дүниелер халық жүрегінде жатталды.
Профессор Е.Ысмайылов жырау мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз, қазақ әдебиетінің көне өкілдері деп танытты. Жыраудың ақыннан өзгешілігі-шығармаларының сарыны мен такырыбы бірыңғай болып келуінде. Адам баласы басындағы қайғыны, зарды, ел ішіндегі ауыртпалықты толғай, әлеуметтік, елдік мәселелерді көтеру, тағы басқа әр түрлі өткен-кеткен күйлерді шерту, болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік дәстүрлер жасап, терең ой қозғау-жыраулардың дәстүрлі ерекшеліктері. Бірыңғай тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы
батырлар мен ел басы хандар ісін, халықтың жәй-күйлерін, қонысын, өткені мен болашағын толғап, осы мәселелер төңірегінде өкініштер мен өксіктерге бой ұра, тіпті зарыға жыр толғап отыру жырауларға тән қасиет. Олар өздерінің болжамдарын, ақыл-өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған. [2, 9]

1.2. Жыраулар поэзиясының көтерген тақырыбы мен өкілдері.
Қазақ хандығы дәуіріндегі жы - раулар поэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыру жолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпас қай - сарлығын жыр - лау ең өзекті мәселе болды. Жырау - лар билеушілердің және адамдар жоқшылық дегенді білмей, молшылықта өмір сүретін қоғам - ның мінсіз бейнелерін жасады. Олар өздерінің поэтикалық монолог-толғауларында маңызды мемлекеттік проблемалармен қатар, әдеп пен мораль, ар-намыс пен қадір-қасиет мәселелерін қорғады. Өмір мен өлім туралы, дүниенің құбылмалылығы мен жалғандығы туралы өз ойларын толғады.
Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерек - шеленді. Мемлекетті басқар - ған хандардан бастап, балаға тә - лім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды. Қазақ хал - қы сөз өнерін киелі санайды. Сөз - сүйектен, таяқ еттен өтеді дейді дана халқымыз.
Өмірден ерте кеткен ақын, профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды. Білім-білік, ақиқат, тіл, жаратылыс жайлы толғамдар да сол арнада желі тартты. Ежелгі түркі дүниесінің бар болмысы мен арман-мүддесі бір кезеңде қазақтың классикалық мәдениеті арқылы жаңғыра көрінді. Жырау - лар дәуірінің ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс ретінде дамыған әлеуетті әлеуметтік-көркемдік ұлы самғау бұрын-соңды болмаған еді. Ол поэзияда, елдік құрылыста, тұр - мыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын мүсін - делді, - дейді.
Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан Қайғы болатын.
Оның толғауларынан Қазақ хандығының құрылу дәуірінің тарихи белгілерін көреміз. Ғалым Б.Кенжебаев: Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді, деп жазған еді. [3, 56-58]
Асан Қайғының, Қазтуғанның, Доспамбеттің, Шалкиіздің, Жием - - беттің, Марғасқаның, Ақтамбердінің, Тәтіқараның, Үмбетейдің, Бұқардың толғау - ларында қазақтың ата мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық, көркемдік-стильдік әр - түрлі ерекшеліктеріне орай жырланады. Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда дәуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен, қимастық сезіммен жырланады. Атап айтқанда, Еділ, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары, т.б. мекендер жыр арқауының негізін құрайды.
Бүгінгі таңда жыраулар поэзия - сының көркемдік ерекшелігі мен құндылығы - Тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елінің өс - кін ұрпақтарын еліне, жеріне, Тәуелсіз Қазақстанына деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімін оятып қалыптастырады. Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мәңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау - жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі.
Қазақ хандығының мемле - кеттік құрылуы дәуірінде өмір сүрген көркем сөз шеберлері - қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының қалыптасуында Доспамбет пен Шалкиіз жырау - лардың алатын орны ерекше. Доспамбет жырау поэзиясында атамекенді сүю, ардақтау, отаншылдық-патриоттық рух өте басым.Бетегелі Сарыарқаның бойында, Соғысып өлген өкінбес!.
Доспамбет жыраулар поэзия - сында өзіндік қолтаңбасы бар, жорықшы, батыр жырау болған. Қазақ хандығы дәуірінде мемлекет мүддесін жоғары ұстанған ақын, елінің бірлігін, тұтастығын жырлаған.
Жыраулар - Қазақ хандығы мемлекетіндегі қазақ халқының әрбір азаматының асыл сапаны иеленуін, сол жақсылықты ұрпақтарға жалғастыруын мұрат тұтқан қайраткерлер. Жеке адам - - - дардың қасиеттері арқылы халықтың, оның ұрпақтарының өнегелі тұлға, үлгілі әулет құрай - тын - дығын жыр жолдарында айғақтайды.
Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, әлем бір қалыпта тұрмайды, бәрі өткінші деген пікірді уағыздайды. Жырау әрбір адам ақырын жүріп анық басуы тиіс, асқанға бір тосқан болатынын да еске салады.
Жыраулар қазақ халқының ертеңгі болашағы, балалардың да татулықпен, бірлікпен қа - лып - тасып өсуін жырлайды. Жастайынан ауызбіршілікпен, достықпен қалыптасып өскен жас ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені - тарихта дәлелденген ақиқат.
Ақтамбердінің қазақтың жаңа жас буынына арналған тәрбиелік өсиетінің осындай тағылымды жақтары бүгінгі Қазақ елінің өскін ұрпақтарына үлгі-өнеге болмақ.
Ақтамбердінің жырлап кеткен өсиет сөздері бүгінгі таңда өзіндік құндылығымен ерекшелене түседі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақ елі үшін бірлігін сақтауға, мемлекеттілігінің тұтастығын қамтамасыз етуге жыраулар поэзиясының беретін тәлім-тәрбиелік жақтары ұшан теңіз.

ІІ. ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІЛІГІ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдеуіш құралдар.
Кез келген шешендік сөздерге берілген анықтамаларға көз жіберер болсақ, шешендік сөздердің басты белгілерінің бірі-бейнелілігі екендігі аталып көрсетілген.
Шешендік сөздер тек ұйқасқа құралып қоймайды, сонымен қатар әдеби көркемдеу тәсілдерін де барынша пайдаланады. Бұл-жыраулар поэзиясындағы шешендік үлгілерінде де көрініс тапқан.Осы тұрғыдан келгенде шешендік сөздерде ең мол қолданылатын ажарлау тәсілі-аллитерация мен ассонанс. Мәселен,
Бұқар жырау
Асан қайғы:
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп [5,101].
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің [5,181]...

Алғашқы шумақта а, ал екіншісінде о дыбысы қайталанып келіп, ерекше, үйлесімін тауып, үндестік құрған. Өлеңнің өрнек кестесіне әдемі ажар беріп, оның экспрессивті-эмоционалды бояуын күшейте түскен. Демек, дауысты дыбыстардың үндесуі ақын, жырауларға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап, үндеп келетін көтеріңкі пафосты дәл танытады.
Сондай-ақ, Шалкиіздің 45 жолдан тұратын Мен көремін толғауының 41 жолы а-дан, 4 жолы о-дан басталады.
Сол сияқты дауыссыз дыбыстар да жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздерді айрықша ажарлылық сипатқа ие ете алады. Мысалы, Шалкиіз жыраудың бір туындысынан мысал келтірейік:
Жағаға жақын қонғанда,
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанда,
Жазымда басың қалмас па?
Жат туғанды өзі еткен
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па? [5,44].
Әсіресе, қатаң дауыссыз дыбыстардың үндесуі шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді. Мәселен,
Асан қайғыда:
Немесе Жиембетте:
Тақырлауға қонған қаз - тырна,
Таң маңынан ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдап атар ол [5,182].
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан [5,182].

Осында қиюласып тұрған ұйқас көрінбейді. Тек мұнда жыраудың берен білігі мен пафосы ғана ұйқасты байқатпай, жыр жолдарындағы т,ж дыбыстарының үндесіп келуі ерекше әсерге бөлейді.
Сонымен қатар, шешендік сөздерде ең көп қолданылатын көркемдеу тәсілі, ажарлаудың бір түрі - теңеу. Теңеуде суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді [5,12]. Мысалға, Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан арнауынан үзінді келтірейік: Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай [5,53],-
деп, теңеудің әдемі де сұлу үлгілерін алға тартқан. Өзінің ерлігі мен өрлігін, зорлығы мен беріктігін табиғаттың тамаша туындыларына теңеп, сол арқылы күштілігін, мықтылығын суреттейді. Бір жағынан бұл жырда көркем тәсілдің тағы бір түрі-әсірелеу (гипербола)де бар. Осы жерде ескертетінбір нәрсе-жыраулар да, шешендер де өз туындыларнда көркемдеу тәсілдердің тек бір түрін ғана емес, бірнешеуін түйдектете, қатарынан қолданады. Ол -шығармалардың құндылығын, тартымдылығын, әдемілігі мен әсерлілігін арттырады, тыңдаушыға ләззат сыйлап, құлағының құрышын қандырады. Сонымен, Жиембет жырау өз шығармасында теңеу үшін дүниетанымға жақын заттар мен құбылыстарды мысалға алғандықтан, тыңдарман қауымның қабылдауын жеңілдетіп тұр.
Теңеу сапасы, оның көркемдік қуаты жыраудың табиғи талантына, дүниетанымына, өмір тәжірбиесіне, тіршілік еткен ортасына , айтпақ ойына - авторлық идеясына байланысты. Мәселен, бірнеше жыраулардың шығармаларынан үзінді келтірейік.
Шалкиіз жырау:
Доспамбет:
Тағыдай түн түре қараған,
Таң бегісіп жусаған,
Тарпаңдай тізесі бүгіп су ішкен,
Арқада мезгілсіз жылқы жусаса,
О дағы аш қасқырға жолығар [5,188].
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес [5,188].
Үмбетей жырау:

Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай,
Бура сойған не сұмдық? [5,190].

Осы үзінділердегі теңеулердің қай-қайсысы да жыраулардың айтпақ ойына айтулы ажар, әдемі әсер беріп, таным-түсінікті тереңдетіп тұр. Шалкиіз өмірдің өзекті бір мәселесі туралы толғайды. Әр нәрсенің өзіндік өлшемі, арнасы, уақыты бар, одан ауытқып, шалғай кетсе, Өмірде небір бұлқыны күшті асаулардың өзі кесапатқа кезігеді демек. Тағыдай, тарпаңдай деп ерекше күш-қуат дарытып суреттеген жырау негізгі ойын осылайша әсерлі жеткізген. Ал, Доспамбеттегі ерлік, батырлық рух, сол өршіл идеяға қызмет еткен құнарлы теңеулер (қылқандай, жусандай, судай) батыр қимылын, ер арманын көз алдымызға елестетеді. Үмбетей мал шаруашылығымен айналысқан елде, тек сол ортада ғұмыр кешкен жырау ғана айта алар теңеулер қолданады (баладай, даладай, қаладай, жамшыдай, қамшыдай).
Әрбір теңеу белгілі бір ойды, мағынаны білдіреді. Мысалы, емен ауырлық - салмақтың белгісі(Ер өзіңнен соңыратын, Емен салдай батыр ол, Шалкиіз), кейде мықтылық, беріктік, қайсарлық сипаты (Бұрала біткен емендей, қисық туған адамсың, Үмбетей). Жырауларда сары шыпшық - дәрменсіздік белгісі: Сары шыпшықтай шырлатып, Ғазірейіл кімдерге құрық салмаған?! (Шалкиіз); дала кеңдік белгісіндей: Омырауы даладай (Ақтамберді), Жатқан жері даладай (Үмбетей); тау биіктік, ірілік, ұлылық баламасындай: Жақсылар ағын судай, асқар таудай (Шал ақын); сол сияқты күштілік, мықтылықты - арыстанға: Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес (Шалкиіз); өрлік, асаулық, бұға тағылықты - байланбаған құлынға, асау тайға: Өрлігімді сұрасаң, жылқыдағы асау тайыңдай (Жиембет), Құланы құлындай тулаған (Бұқар); ерлік, батырлықты жолбарысқа: Менің ерлігімді сұрасаң, жолбарыс пенен аюдай (Жиембет), Жолбарыстай жон түзген... табаны жалпақ тарлан боз (Ақтамберді); ұнамсыз әдеттер, жағымсыз құбылыстарды бағзы дәуірден халық санасында жағымсыз бейнеде қалыптасқан аждаһаға, бөріге, буыршынға теңейді: Буыршындай тіздесті, Жамандықты іздесті. Бірін-бірі күндесті (Бұқар), Ақырған аждаһадай аю келін, біз түгіл құдайынан ұяла ма?!, Нәрсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай (Шал).
Бір аңғарған сырымыз, мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі елде өмір сүріп, бар өмірі табиғат аясында өткен жыраулар адам өмірінің қат-қабат құбылыстарын өздері өмір сүрген табиғи орта, мал шаруашылығы, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесіне орай сөздермен салыстыра береді.
Жыраулар поэзиясындағы шешендік үлгілерінде эпитет (айқындау) те өзіндік орын алған. Мысалы Асан қайғыда:
Таңдайға біткен қызыл тіл,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол [5,182].
Шалкиіз жырауда:
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің [5,182].
Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, қызыл тіл сияқты сөз тіркестері ауыз әдебиетінен, әрісі түркі тілі халықтар әдебиетінен етене таныс болуы мүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, Ежелгі поэзиямызданкүні бүгінге дейін әрқилы орайда қолданылып келе жатқан бұл тіркестер - дәстүрлі жалғастықтың куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып қалыптасқан тұрақты айқындаулар.
Батырлар ерлігін, ат сапасын, қару-жарақ қадірін айқын да айбарлы, ажарлы да ашық реңмен жырлауда айқындау тәсілінің де өзіндік рөл атқарғанын аңғарамыз. Мысалы: саф арғымақ, суын түсті жүйрік, ақ табан ару торы ат, тоқал торы ат (Ер Шонан), қыналы боз (Жиембет), тұмар мойын ат (Ақтамберді), торы төбел ат (Доспамбет).
Бір топ айқындаулар батыр, батыр арманы, оның құрал-жабдықтарын айқындай түседі: Жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыт киер ме екенбіз?! Жалаулы найза жанға алып, жау қашырар ма екенбіз?! (Ақтамберді); Толғамалы ақ балта, толғап ұстар күн қайда?! ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Қазақ батырларының ерлік істері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Пәндер