Төменгі қуыс вена жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖқЖМК

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Веналар

Орындаған 126 Емдеу Ісі топ. Ст:
Ерболқызы Асылжан
Қабылдаған: Нурсутпаевна Бекзат

2020-2021жыл
Веналар
Барлық веналық қан мүше денелерінен оң, веналық, жүрек жартысына екі ірі веналық сабау арқылы жоғарғы және төменгі қуыс веналарға барады. Тек жүректің меншікті веналары тікелей оң жақ жүрекшеге, қуысты веналарды жанай құйылады.
Жоғарғы қуыс венасы (vena cava superior; сурет 197) -- қысқа тамыр, диаметрі 20-25 м, ұзындығы 5-8 см, 1-ші оң жақ және сол жақ иық бас веналарының қосылуынан пайда болады. Венада қақпақтар жоқ, екінші қабырғааралықтардың артымен төмен жүріп үшінші қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Венаның алдында қалқанша без бен -- өкпеқаппен қапталған оң жақ өкпе бар. Оң жағында медиастеналді өкпеқап, сол жағында -қолқаның жоғары көтерілетін бөлімі орналасқан. Арт жағында оң жақ өкпенің түбірімен жанасады. Жоғарғы қуыс венасының негізгі сабауына көкірекаралықтың, жүрек жанындағы қапшығының, сонымен қатар тақ веналары құяды. Соңғысы оң жақ жоғарылайтын бел венасының (v.lumbalis ascendens) жалғасы болып табылады, ол сол жақ жоғарлайтын вена жартылай жұпсыз венаның түбірі болып табылады.

Жұпсыз вена төменгі көкірекаралыққа омыртқа жотасының көкірек бөлімінің оң жақ алдыңғы қабырға бетімен өтеді, өңештің артында IV-V көкірек омыртқалары деңгейінде жұпсыз оң жақ өкпенің түбірінің артынан бойлайды, төмен және тік бағытталып жоғарғы қуыс венаға келіп құяды. Жұпсыз венаға құяды: 1) өңеш веналары (w.esophageus); 2) бронхиалды веналар (w.bronchialis); 3) сырткы қабырғаралық веналар IV-XI (w.intercostales posteriores); 4) жартылай жұпсыз вена (v. hemiarygos).
Жартылай жұпсыз вена көкірек бөліміне келіп, омыртқа жотасының сол жақ қабырғалық беті бойымен жоғары көтеріліп, кейін кесіп өтіп және XIII көкірек омыртқасы деңгейінде жұпсыз венаға құяды. Жартылай жұпсыз вена қабылдайды: 1) көкірекаралық веналар (w.mediastinales); 2) өңеш веналары (w.oesophageales); 3) IV-VI артқы қабырғааралық веналар (w.intercostales posteriores); 4) қосымша жұпсыз вена (v. hemiarygos accessoria) соңғысы сол жақтың III-IV жоғарғы қабырғааралық веналардан құралады, сонымен қатар өңештік және көкірекаралық веналардан.
Артқы қабырғааралық веналар көкірек қуысының қабырғаларынан және бөлшектеп алдыңғы құрсақ қабырғасы бөлігінен қан жинайды: А) омыртқааралық вена (v.intervertebralis) сыртқы және ішкі омыртқалық веналық өрімнен құралады. Б) жұлын тармағы (r.dorsalis), арқа бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды. Омыртқааралық веналар омыртқа өзегінің ішіңде орналасады, үлкен шүйде тесігінен жоғары және сегізкөздің ұшынан төмен орналасады. Жұлыннан, оның түбіршектері мен омыртқаның кезекті затынан қан жинайды.
Жоғарғы қуыс вена жүйесі
Жоғарғы қуыс вена жүйесі тамырлар арқылы құралады, олар веналық қанды бастан, мойыннан, қол аймағынан, көкірек және іш қуыстарының мүшелері мен қабырғаларынан жинайды. Бас және мойын мүшелерінің негізгі веналық коллекторы болып ішкі мойындырық венасы және аздап сыртқы мойындырық венасы болып табылады.
Сыртқы мойыңдырық венасы (v.jugularis externa) төс -- бұғана -емізіктәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде төменгі жақсүйектің бұрышы деңгейінде, құлақ қалқаны түбіңде, екі веналық сабаудын қосылуынан: артқы құлақ венасы (v.auricularis posterior) және сыртқы мойындырық венасы мен төменгі жақсүйек венасы (v.retromandibularis) арасындағы ірі анастомоздан құралады. Төменгі мойындырық венасы өзінің бастауынан төмен түсіп, теріасты мойын бұлшықеті астында орналасады. Бұғанадан жоғары өзінің мойын шандырынан өтіп бұғанаасты венасына құяды.
Сыртқы мойындырық венасының қақпақтары бар сыртқы мойындырық веналарына келесі веналар құяды: 1. артқы құлақ венасы (v.auricularis posterior) құлақ қалқанының артында орналасқан беткей өрімінен қан жинайды; 2. жауырынүсті венасы (v. suprascapularis) аттас артериясын екі сабау ретінде жанында жүреді, кейін қосылып бір сабауға айналып сыртқы мойындырық венасының соңғы бөліміне барып құяды. Мойын аймағының аттас бөліміне теріден қан қабылдайды; 3) мойынның көлденең веналары (w.transversea cervicis) мойының бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды; 4) аддыңғы мойындырық венасы (v.jugularis anterior) жұп венасының тері веналарынан құралады, сол жерден төмендеп мойынның ортаңғы сызығы жанына барады.

Көкіректің мойындырық тілігі үстінде мойындырық веналары әдетте бір-бірімен жақсы дамыған анастамоз -- мойындырық вена доғасы (arcus venosus jugularis) арқылы байланысады. Кейін алдыңғы мойындырық венасы сыртқа қарай ауытқып және төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеттің артынан өтіп, сыртқы мойындырық венасы бұғанаастылық венасына құйылады. Кейде алдыңғы мойындырық веналары қосылып мойынның ортаңғы венасын құрайды.
Ішкі мойыңдырық венасы (vena jugularis interna) бассүйектің мойындырық тесігінен төмен түсіп, жалпы ұйқы артериясымен бірге шығады. Оның барлық тармақтары бассүйек сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Бассүйекішілік веналарына (сурет 199, А): 1. ми веналары (w. cerebri) үлкен ми сыңарларынан қан жинайды. Олар беткі және терең болып бөлінеді. Мидың беткі веналары дорсо-латералді, медиалді және базалді бетімен үлкен ми сыңарларынан және мишықтан қан жинайды. Олар мидың төменгі және жоғарғы веналары (vena cerebri media superficiales) мишықтың жоғарғы және төменгі веналары (w. сегеЬеШ). Мидың терең веналары жарты шарларының ақ затынан миды құраушы ядроларынан, қарынша қабырғалары мен мидың тамырлары түйінінен қан жинайды. Оларға негізгі қалаушы венасы (vena basilaris), мидың алдыңғы веналары (w.anteriores cerebri) көру төмпешігінің ішкі және жолақты дененің веналары (w.thalamastriate superiores et inferiores), мидың ішкі ееналары (w.internae cerebri), мидың үлкен венасы (vena cerebri magna), мидың жұлын бөлігінің веналары (w. pontis) сопақша мидың веналары (vv.medulla oblangata); 2. менингеалді веналар (vv. miningeae) мидың қабықтарынан; 3. сүйекішілік немесе бассүйектің диплоидты веналары (w. diploicae) бас сүйектен, осы кезде сүйекішкі веналарының бір бөлігі мидың қатты қабығының қойнауына құяды, келесісі -- веналық түтіктері арқылы бастың сыртқы жамылғысының веналарымен байланысады; 4. көз веналары (w. ophtalmicae) көз шарасынан, көзжас безінен, қабақтан, мұрын қуысынан, маңдай бөлігі мен сыртқы мұрыннан өтеді; 5. ішкі құлақ веналары, ұлудан қан жинайды.
Төменгі қуыс вена жүйесі
Төменгі қуыс вена жүйесі аяқтан, жамбас астауы мен құрсақ қуысы мүшелері мен қабырғаларынан қан жинайтын қан тамырлардан түзіледі. Төменгі қуыс венасы (v. cava inferior; сурет 203) IV-V бел омыртқалары деңгейінде оң және сол жақ жалпы мықын артерияларының қосылуынан пайда болған. Венаның сол жағында қолқаның іштік бөлігі орналасқан, өзінің бастауынан төменгі қуыс венасы жоғары көтеріліп, омыртқалардың денесінің оң жақ бүйір бетін бойлай, кейін көкеттің аттас тесігі арқылы өтіп, жүрекаралық қалта қуысына келіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Төменгі қуыс венасы жүрер жолында бірқатар тармақтарды қабылдайды, олардың ішінен қабырғаішілік және ішкі мүшелік веналық тамырлар ерекшеленеді. Қабырғаішілік тармақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбас және сан артериялары
Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
Жүрек пен қан тамырлары физиологиясы
Қос мекенділердің сыртқы және ішкі органдарының құрылысы
Алдыңғы бұлшық еттер
Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының және әлсіз жерлерінің топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы, қан ағысы және лимфалық ағысы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Ас қорыту жүйесінің ағзалары
Пәндер