Құқық қайнар көздерінің түсінігі
МЕББМ Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
Технологиялық бөлім
1225000-Ет және ет өнімдерінің өндірісі мамандығы бойынша 30.03.2020-10.04.2020 аралығында өткен өндірістік оқытудың
ЕСЕБІ
Тақырыбы: Кәсіби жұмыстар мен әрекеттер процесінде құқықты реттейтін нормативті құжаттар, заңнамалық актілер
Орындаған: ТПМ-931 топ студенті Жұмақай Д,
Тексерген: арнайы пәндер оқытушысы Жумашева А.А.
Орал 2020
Жоспар
I.Кіріспе 3
II.Негізгі бөлім 4
1.Құқық қайнар көздерінің түсінігі 4
1.2.Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, реквизиттері мен құрылымы 6
1.3. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы 10
III.Қорытынды 13
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
I.Кіріспе
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері. Мемлекет және құқық теориясы - құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясы жалпыланған нысанда уақыттық және кеңістік сипаттарына қарамастан барлық мемлекеттер мен барлық құқықтық жүйелерді игереді. Сондықтан, онда мемлекет пен құқық туралы ғылыми ойлардың жеткен жетістіктері, әлеуметтік институттардың мәліметтері туралы барлық теориялық маңыздар топтастырылған.
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің төл ерекшелігі мемлекет және құқық теориясы ұғымдар жүйесін тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында қорытындылады. Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен объектісін, құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені және құқық бұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т.б. жатқызуға болады.
II.Негізгі бөлім
1.Құқық қайнар көздерінің түсінігі
Құқықтың қайнар көзі ұғымы көптеген ғасырлардан бері келе жатыр. Оны барлық елдердің құқықтанушылары жүздеген жылдар бойы талқылап, қолданып келеді. Теорияда құқықтың қайнар көзі көптеген ғасырлар бойы қолданылып жүр және бірнеше мағынаға ие:
* материалдық мағынада - бұл мемлекеттік билікті анықтайтын қоғам өмірінің материалдық жағдайы;
* формальді - заңдық мағынада - билік басында тұрған саяси күштің еркін заңға араластыру тәсілдерінің жиынтығы (заңдық прецедент, құқықтық әдет - ғұрып, нормативтік құқықтық акт);
* таным қайнар көзі ретінде - қазіргі уақытқа жеткен түрлі тарихи құжаттар, діни көзқарастар.
Құқықтың қайнар көзінің формальді - заңдық мағынасы біздің қызығушылығымызды тудыратын болады. Құқық адамдардың санасында нормативтік бекітулер ретінде қалыптасады, бірақ ол одан тыс көрініс тауып, бекітілуі қажет.
Құқық нысаны - заңдық нормалардың көрініс табуы мен бекітілуінің ішкі тәсілі. Құқықтың сипатталуы мен көрініс табу нысанын арнайы құқық термині құқықтың қайнар көзі деп атайды. Сондай - ақ құқық нысаны (қайнар көздері) мемлекеттік ерікті заңға енгізуімен байланысты мемлекеттік қызметтпен байланысты. Халықтың еркін қалыптастырудың екі жолы бар: құқық шығармашылық жолымен, яғни мемлекеттің және оның органдарының нормативтік құқықтық актілерді шығаруы және тағы бір жолы мемлекеттің бұрын қалыптасқан мінез құлық ережелерін санкциалауы, бекітуі.
Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне байланысты құқықтың келесідегідей нысандары (қайнар көздерінің) ажыратылады:
1. нормативті құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4. нормативтік келісім шарт
Құқық нысанының (қайнар көздерінің)бұндай жіктелуін проф. Бабаев В.К., Алексеев С.С., Сапун В.А. ұстанады. Мәскеулік Мемлекет және құқық теориясы оқулығының авторы доцент Лубенченко құқықтың қайнар көзі ретінде келесілерді бөліп көрсетеді: заң, нормативтік актілер, әдет-ғұрып, сот тәжірибесі және соттық прецедент, заңдық ғылым. Біздің ойымызша бірінші көзқарас әлде қайда дұрысырақ болады.
Әрбір құқық нысанының (қайнар көзін) түсінігін қарастырайық.
Әдет-ғұрып - тарихи қалыптасқан және әдетке айналған мінез құлық ережесі. Құқықтық (санкцияланған) әдет - ғұрып, мемлекет заңдық күшті санкция берген, әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез құлық ережесі ретінде көрініс табады. Санкциялау, яғни мемлекетпен бекіту. Құқықтық әдет - ғұрыпқа құлиеленушілік құрылыстағы феодальдік құқықтың ескеркішін жатқызуға болады: Қазақстанда Жеті Жарғы, Үндістанда Ману заңы, Германияда Солистік шындық, Ресейде Русская правда.
Сот прецеденті - келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі боынша шешім. Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады. Бұдан шығатыны, прецедент кезінде құқық қолдану функциясын орындайтын органдар құқық шығармашылық органдарының функцияларын өздері иеленеді. Қазіргі уақытта прецедент англосаксондық құқық жүйесі орнаған елдерде - Англияда, Индияда, АҚШ - та қолданылады.
Нормативтік құқықтық акт - құқық нормасынан тұратын мемлекеттің құқықшығармашылық актісі. Бұл құқық нысаны (қайнар көздері) әлемінде негізгі қолданылатын, басқа қайнар көздердің алдында басымдылыққа иелердің бірі.
Романо-германдық (континентальдық) құқықтық жүйеде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, сот прецеденті құқық қайнар көзі ретінде танылмайды. Сот прецедентін құқықтың қайнар көзі деп танушылардың қарсыластары өз пікірлерін әдетте былайша сипаттайды, уақыт өткен сайын сот шешімдері көбейіп жиналып қалады және бұларды бақылап жіктеу қиын, сондықтан соттың адасуына әкеп соғады.
Дегенмен заң әдебиеттерінде басқа да көзқарастар орын алған. Қазіргі әлемде құқықтық жүйесінде тек қана сот прецеденті әрекет ететін мемлекеттер жоқ. АҚШ - та және Англияда да сот прецедентімен қатар заңдар әрект етеді. Тіпті англо-саксон құқықтық жүйесінде мынадай үрдіс байқалады, яғни статуттық құқықтың үлес салмағы ұлғайып келеді, ал романдық құқықтық жүйеде (Франция, Германия және т.б.) прецеденттік құқық салмағы ұлғаюда. (қараңыз.Венгеров А.Б. Теория государства и права: заңдық жоо-на арналған оқулық. - М., 1998, б. 420).
Құқықтың қайнар көздерінің ішінде нормативтік келісім шарт - құқық нормасы баяндалған екі немесе көп жақты келісім ерекше орынға ие. Нормативті келісім шартқа мемлекет аралық және халықаралық ұйымдар аралық халықаралық шарттарды жатқызуға болады. Мысалы, ТМД елдері бекіткен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт және т.б.Құқықтың қайнар көзі тек нормативтік келісім шарт болып табылатынын ескеру қажет. Егер шарт - келісім қызметкер мен әкімшілік арасында жасалған болса онда көрсетілген жағдайда құқықтың қайнар көзі шарттың негізі болатын нормативтік құқықтық акт болады. Шарт бұндай жағдайда жеке акт деп аталады, ал нормативтік шартта құқықтың қайнар көзі ретінде әрқашан құқық нормалары болады. ҚР Конституциясының 4 бабында бекітілген:
3 тарм. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.4 тарм. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді реми түрде жариялау, оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Сурет 1
Негізгі заң актілері мен нормативтік құжаттар
1.2.Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, реквизиттері мен құрылымы
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1)Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2)Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3)Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4)Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5)Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6)Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7)орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8)мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанын көрсету:
Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz