Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Мағжан Жұмабаевтың педагогтық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Ақынның өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары ... ... ... ... ... ... .8
Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..23
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Баршa ғылым салаларының пайда болуындaғы алғы шaрт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары aдaмдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан ұрпаққа берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірбиесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. Ежелгі заманғы Қытай, Үндістан,Египет, Греция тәрізді дамыған елдерде тәрбие жүйесі бір арнаға келтірілді. Алғашқы педагогикалық тұжырымдар сол ғылыми аумақта дүниеге келді. Барлық заманда адам баласының рухани дамуына және тән-дене дамуында шешуші рөлді халық педагогикасы атқарып келген.
Алғашқы адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Тертуллиана еңбектерінде жарияланғaн.
Орыс педагогикасын әлемдік деңгейге көтерген ұлы педагог Констaнтин Дмитриевич Ушинскийдің балалар мен мұғалімдерге арналған кітаптары орыс педагогикасының алтын қорына айналды. Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісінде еңбек еткен ұлы тұлғаларда болды. Соның бірі де бірегейі алаштың маңдайына біткен азаматы, өз заманың қайталанбас біртурар тұлғасы,халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы ақын - Мағжан Жұмабаев еді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақтың қоғамдық ой алыбы М.Жұмабаев өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы педагогика және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру тақырыбы, шығармалары, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ. Ұлы педагогтың шығармаларындағы сабақтастық үндестігін, жас ұрпаққа берер өнегесі, ұлттық тәлім-тәрбиесі мол екендігін түбегейлі зерттеуді курстық жұмыстың көкейкестілігі деп тұжырымдаймын.
Зерттеу нысаны: Курстық жұмысты жазу барысында П.К.Анохин, Б.С.Блюм, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, В.П.Зинченко, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Ж.Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И.П.Павлов, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д.Б.Эльконин, В.Оконь, К.Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйендік.
Зерттеу пәні: әдебиет оқыту әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой - санасының қалыптасуына ықпал ету.
Зерттеу әдістері: Зерттеу, жүйелеу, жинақтау
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жастарға ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау.
Поэзияға деген сүйіспеншілік тудыру және оқушыларға педагогикалық тәрбиенің маңызын айқындап ашамын.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғақлияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.
Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның Шолпан атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді.
Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді. Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды. Мағжан Шолпан, Сана журналдары, Ақ жол газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
"Бірлік" ұйымы жұмысына белсене араласып, "Балапан" қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды.1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды."Алаш" партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды.
"Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады.1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады.
Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды.Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың "Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына" деген ескертпемен "Сәлемге сәлем" деген жауап өлеңі басылды.Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, "уралап айқайламадың" деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.1929 жылы Жұмабайұлы "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

1.2 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық - тәлімгерлі идеялары
Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялдарын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өздерінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л.Н.Толстой мен К.Д.Ушинский т.б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгендері туралы зерттеу жұмысында аталған.Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру - маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.
ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі - ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
Басқа тәрбие тақырыптарында арналған мақалаларын есетпемегенде оның 1922-1924 жылдары Орынбор мен Ташкентте қатарынан екі рет басылып шыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын педагогикасы айрықша орын алады.Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне салиқалы ой салатын және олардың назарына үнемі ауадай қажет ұрпақ тәрбиесіне аударатын, ең маңыздысы нақ осы күні дүниеге келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.
Педагогикадағы қиын, күрделі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен-өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттіліктен туады. Мағжан тәрбиенің мақсатын өте терең тұжырымдайды, ол: баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса, өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз - дей келе, тағы да, тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу - деп жалғастырады. Мағжанның 1913 жылы Қазан қаласында шыққан бірінші жинағы
Ләззат қайда? деген өлеңде ақын жас жанына тыншу табасың
Айтар сөзім, мінекей,
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
Ұстаз жыршы өзінің бүкіл шығармашылығын бала оқыту, тәрбиелеу
Кітап әпер, оқысын балаң қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей адамзаттың тобына! -
деп, қазақты оқуға, білімге шақырады.
Өнер-білім қайтсе табылар атты өлеңінде Мағжан жастарды оқуға
Мағжан Жұмабаетың шығармасын, әсіресе, ағартушылық шығармасын әңгімелегенде оның
Ауылдағы ойын балаларына арналған балалық шақ деген тамаша
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын.
Салты оның - үйрену!
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл! -
Аты өшкірден құтыл деп отырғаны - надандық. Баланың
Осы өлеңге ұқсас Қарағым деген өлеңінде Мағжан:
Қарағым, оқу оқы, босқа жұрме!
Ойынға, құр қарасың, көңіл бөлме.
Оқымай, ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да, қасына ерме!
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме, -
деп, жас жеткіншектерді оқу-білімге шақырады.
Әже атты өлең - әже мен немересі арасындағы
Қоя қойды Кенжебай,
Жылаған жаңа нан сұрап,
Тындап отыр тентектер,
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап...
Қандай ғажап көрініс! Осы күні немерелеріне ертек айтып
Осыған ұқсас Мағжанның тағы бір өлеңі Немере мен
Осы тектесқай жырынан болсын Мағжанның биік парасаты, кемеңгер
Жалпы Мағжан еңбектерінің негізгі идеясы - ұстаздық бағытта болды.
Мағжан Жұмабаев жазған "Бастауыш мектепте ана тiлi" (1925), "Сауатты бол" (1926), "Педагогика" (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң "Педагогика" атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: "Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым". Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар.
Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: "Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын..." Баланы келешек заманына лайық қылып шығару" - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. "Ұлт тәрбиесi - деп жазды ол, - баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi".
Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. "Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет... Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас... Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл" дегендi айтады. Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. Автор "Қазақ бесiгi - аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi" дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.
Тілсіз ұлт құриды - оның болашағы жоқ,- деп, кесіп айтады. Жоғарыда айтқандай М.Жұмабаев педагогикасының басты ілімі (идеясы):
-Ізгілікті педагогика; яғни баланың балалық қасиетін сыйлау, ұрыспау, қатты мінез көрсетпеу, оны жақсы өнерге тәрбиелеу; бала қиялын дамыту, заманына сай оқыту, бастауыш сыныпты таза қазақ тілінде оқыту; ғылымның әр саласынан мағлұмат беру; ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеп, оқыту болса - С.Сауытбековтың ілімінде Мағжан педагогикасымен сабақтастық дүниелер жеткілікті.
С.Сауытбеков бала тәрбиесінде балаға өтірік айтпау, алдамау; сабақ барысында тиянақты білім бере отырып оқушыны ғылым жаңалықтарымен қаруландыру, халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу; ұлт тәрбиесі арқылы оқушыны сусындату; дамыта оқыту принциптерін пайдалану; батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу; әділдік пен өнерге баулу, сурет салып ән айтуға тәрбиелеу сияқты идеялары Сейтенді Мағжанмен жақындастыра түседі.
М.Жұмабаевтың педагогика саласындағы жазған еңбектерінде оқытудың әртүрлі тәсілдері айтылып қана қоймай, сабақ берудің әдістері терең талданып жазылған. Әсіресе, бала тәрбиесі мен оқыту үрдісінде мұғалімнің рөлі ерекше көрсетіледі. Оның көп шығармаларының негізгі өзегі ел жайында, қазақ халқын оқу-білімге, өнерге шақыруға арналған. Мәселен, Ләззат қайда, Жазғы таң, Сорлы қазақ, Өнер-білім қайтсе табылар, Балалық шақ өлеңдері соның куәсі. Өнер-білім қайтсе де табылар өлеңінде:
Өнер-білім - қарны ашқа ас, деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға,-
Түра жол көрсетейін - бас, деп білсе.
Өнер-білім жер астында болса дағы,
Іздесе оны талпынып, бос қалмаса, -деп, халықты өнер-білімге, оқуға шақырады. Сондай-ақ Қарағым деген өлеңінде:
Қарағым, оқу оқы босқа жүрме!
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Оқымай ойын қуған балаларға,
Жолама, шақырса да қасына ерме!,- деп, балаларды оқуға үгіттейді. Осы өлеңге орай С.Сауытбековтың де Қарағым деген өлеңінде:
Селеңдейсің көшеде,
Қайда сенің сабағың?
Үйреніп едің кеше не?
Қапы қалма қарағым!
Өсе берсін талабың,
Ұқ ақылын ағаның.
Әдепті бол әрқашан,
Әкем десең қарағым,- деп, ұстаз жас жеткіншектерді білімге шақырып, оларға ой салады. Бұл қос ұстаздың нағыз педагогикалық бірлестігі, үндестік әуені. Қос ұстаздың тағы бір үндестігі, олардың патриоттық, батылдық тақырыптарына арнап жазған дүниелері болып табылады. Екеуі де жас жеткіншектерді ұлжандылық пен отансүйгіштікке, ер жүректілікке, елін, жерін сүюге шақырады. Айта берсек, Мағжанның Батыр Баян, Қойлыбайдың қобызы, Көкшетау, Абылайхан т.б поэмалары мен өлеңдері оқушы сезімін оятып, жігеріне жігер қосып, ұлылық сезімдерге тәрбиелейді.
Мәселен, Батыр Баянда:
Жас Баян жауды талай көрген еді,
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірген еді,- деп, батырлықты паш етеді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы дәл сондай, батырлықты қырық мысалында қалдырған. Қос ұстаз, қос ақынның туған жерге деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі
Мағжан Жұмабаевтің лекциялары
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Өлеңді оқытудың тиімді жолдары
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларындағы этно психологиялық жақтары
Пәндер