Бейіндік оқытудың жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 120 бет
Таңдаулыға:   

№1 Лекция

«12 жылдық білім беру жүйесі»

Жоспар:

1) 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі

2) 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері

1) Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.

Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.

Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастық-тың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.

«Білім беру ағысқа қарсы қозғалысқа ұқсас. Егер тоқтаса, шарасыз-дан артқа кетеді» деген екен бұрынғы философтар. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша сапалы да игілікті іс атқаруына ыкпал ете отырып, педагогикалық қызметті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуде бірлесіп енбек етуге ниет білдірудеміз.

Н. Ә. Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек», - деген болатын.

Жалпы білім беретін мектепті реформалаудың негізінде Қазақстан Республикасын өзінің аумағында білім беру жүйесі басым рөл атқаратып, тұрақтылықтың кепілі және әлеуметтік-экономикалық дамудың қайнар көзі болып табылатын, дамыған демократиялық мемлекет ретінде таныту мақсаты жатыр.

Реформалаудың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін үздік әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару.

Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.

Ал енді 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі туралы не айтуға болады? Егер де біз еліміздегі білім берудің жоғары деңгейін сақтап қалғымыз келсе, бұл бізге, сөз жоқ, ауадай қажет.

Бұл бағытта қазірдің өзінде тиісті дайындық жұмыстарына кірісу керек, онсыз сапалы 12 жылдық білім беру жүйесін құру мүмкін емес. Ол - ең алдымен, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру, оның еңбек ақысын педагогикалық жұмыстың қоғамдық салмағымен сәйкес келтіру, мектептердің материалдық-техникалык базасын нығайту, мектеп кабинеттерін, спорт залдарын қайта жабдықтау, соңғы үлгідегі компьютерлермен жарақтандыру, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды шығаруды жолға қою, мектеп кітапханаларын ақпараттық орталықтар етіп қайта құру, мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі нысандарын көбейту. Сонымен бірге, болашақ педагогтың кәсіби даярлығына қазіргі білім беру ісінің басымдықтары мен міндеттеріне сәйкес келетін елеулі өзгерістер енгізу қажет.

Шындыққа келгенде, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінің еліміздің барлық халқының қатысы бар. Бұл алдағы өзгерістерге айрықша жауаптылықпен қарауды талап етеді. Жаңа жүйеге көшудің дәйектілігі, базалық жоспарлардың, оқу бағдарламалары мен оқулықтар-дың түрлі нұсқаларын жасаудың конкурстық негіздері, тәжірибе жүргізу, оның нәтижелерін кеңінен талқылау - міне, осының бәрі 12 жылдық орта білім беруді ойдағыдай енгізудің міндетті шарттары, кепілі болып табылады:

2) Қазіргі кезеңде 12 жылдық орта білімге көшудің керегі не деген сұрақтар көп туындайды. Осыған байланысты өз пікірімді білдірмекпін.

Бүгінде жеке тұлға сапасына қойылып отырған ең басты талап - оның кез келген ортадағы қажеттілікке өзін бағыттай білу. Әрине, бұл оңай талап емес.

Кенестік білім жүйесі оқушыларды теориялық тиянақты да, көлемді, жоғары деңгейдегі біліммен қаруландыра білгенмен, көп білімді іс жүзінде қолдануға жаттықтыратын практикалық істерді орындату жағы төмен болды. Осындай келелі кемшіліктерді болдырмау, алты жастан бастап балаларды мектеп қабырғасында окыта отырып, оларға теория мен практиканы қатар меңгерту 12 жылдық орта білім берудің мақсатына айналмақ.

Психологтардың айтуы бойынша, баланың интелектігінің дамуы өзінің ана тілінде оқып білім алу негізінде жүзеге асады.

Адам қай кезде де өз ойын сөз арқылы жеткізетіні мәлім. Белгілі ойды сөз арқылы сипаттау үшін тек оқулықтан оқығанды, ақпараттар арқылы алған ұғымдарын қайталап қана қоймай, оны өмір тәжірибесімен сабақтастыру, сол арқылы ой мүмкіндігін, тіл байлығын көрсету орын алуға тиіс. Сонымен қатар өз ойы мен пікірін кез келген жаңа жағдаяттарды қолдана білуі міндетті. Міне, сонда ғана біз жеке тұлғаны дамыған, ой-өрісі кеңейген, ой түйіндей алатын адам деп айта аламыз. Мұндай педагогикалық, психологиялық талаптарды орындау он екі жылдық білім берудің түбегейлі мақсатына айналуда.

Біріншіден, білім мазмұнымен көлемін дүниежүзілік әлемдік деңгейге көтерудің керектігі айқындалып отыр.

Екіншіден, кәсіптік бағдар беру деңгейін көтеру. Олардың әрқайсы-сының өз мүмкіндігі мен ыңғайына қарай мамандыққа бет бұруына жағдай жасау. Бұл арқылы жасөспірімдердің өзіндік «менін» түсінуіне мектеп қабырғасынан бастап-ақ мамандыққа өз қабілеті мен бағыттылы-ғына қарай таңдап, қиялы мен мүмкіндігін жүзеге асыруына бағыттау.

Үшіншіден, алты жастағы баланы мектепте оқу мүмкіндігінін физиологиялық, психологиялық жағынан дайын екендігін ескеру.

Дегенмен, олардың жас ерекшеліктерінің кейбір физиологиялық, психологиялық жақтарын (зейіннің тұрақсыздығы, саусақ шеміршек-терінің әлі қатып жетілмегендігі т. б. ) ескеріп, білім беру барысында сөйлеуге, тілін дамытуға, ойлау мүмкіндіктерін кеңейтуге баса көңіл бөлінеді. Ойын әрекеттеріне негіздей отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшу, сонымен қатар оқушылардың бойына қарым-қатынас этикасын сініру мәселелері шешіледі.

Сайып келгенде, баланы алты жастан мектеп қабырғасында оқуға тартып, он екі жылдық орта білімге көшудің бірнеше тиімділігі бар екенін байқатады.

Республикалық ғылыми орталық өз жұмысын бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиеленудің мазмұнын, көлемін, білім беру формалары мен әдістерін зерттеуден, яғни осыларға бақылау жүргізіп, эксперименттен өткізуден бастап отыр. Бұл - өте орынды мәселе.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің білім беру жүйесіне өндіруге байланысты алдын ала эксперимент жасап, авторлар мен мұғалімдердің қоян-қолтық жұмыс жүргізуі - бұрын-соңды болмаған жағдай.

3) 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу жұмысымен танысу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр:

1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушы-лардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

  1. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдері-нің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
  2. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.

4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.

5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұғымды жерінде қолдана білу шеберлігі.

7. Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы.

8. Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі.

9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан экспери-менттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

Сайып келгенде, алты жасар баланың оқу-әрекетінің компонент-терін (зейін қойып тыңдау, тапсырма орындау, түсінігін айтып беру, сұрақтар мен тапсырмалардың мәнін түсіну, сызбалар мен суреттер арқылы белгілеу т. б. ) орындауға дағдыландыру мәселелеріне толық көңіл бөлінді.

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай денгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.

Мектепке баланы алты жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым.

Он екі жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалар-дың оқуға дайындық деңгейін анықтау басшылыққа алынады. Ол бойынша «Әлеуметтік зерттеу», «Ата-аналар туралы мәліметтер», «Ата-аналардың педагогикалық бірлігі», «Ата-аналарға арналған сауалнама», «Медициналық зерттеулер, «Балалардың денсаулық құжаты», «Балалар-дың физиологиялық қызметі туралы мәлімет», «Тестілер». Осыларды жинақтай келе, оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. Онда Р. Кеттел тестісі арқылы сөз, мотив, жеке бастың қарым-қатынасы, тұлғаның ерекшелігі ескерілді.

Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымы және т. б. Бірақ оқулық, оқу орны бұдан сырт қала алмайды.

Сөз соңына айтарымыз, әлі де эксперимент жүргізілуде. Алда жоспарлы, мұқият зерттеуді қажет ететін мәселелер оқу материалдары-ның тиімділігін анықтау әлі де зерттей түсуді қажет етуде.

Бақылау сұрақтары

№ 2 Лекция

  1. жылдық білім - Қазақстан мектебінің болашағы

Лекцияның жоспары:

  1. 12 жылдық білім берудің мақсаты
  2. 12 жылдық мектептің негізгі міндеттері
  3. Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары

1) 12 жылдық білім берудің мақсаты:

Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру.

2) 12 жылдық мектептің негізгі міндеттері:

- Оқуға үйрету

- Өз тағдырын өзі шешіп, өмірін ұйымдастыруға үйрету

- Ойлауға үйрету

Міндет:1

шығармашылықпен жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру

Міндет:2

өмірлік бағдарын белгілейтін әлемдік біртұтас көзқарасты, тұрақты, әлеуметтік мақұлданған құндылық бағдарын қалыптастыру;

Міндет:3

Қазақстан халқының мемлекеттік рәміздеріне, тіліне, дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметке, адамның жеке құқығының бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

Міндет:4

оқушылардың сапалы білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын арттыру

Төмендегілерді ескере отырып

- Оқушылардың нақты мүмкіндігі - оқушылардың жеке басының ерекшеліктері

- Оқушылардың ішкі өзіндік қажеттілігі

1-саты

Бастауыш білім.

1- 5 сыныптар.

Оқудың басталуы 6 жастан.

Оқу мерзімі 5 жыл

Негізгі міндет - жалпы білімдік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру, өзін-өзі дамыту жолында білімдер мен біліктерді игеру, шығармашылық-зерттеушілік іскерліктерін дамыту, оқуға ынталандыру, тұлғалық жеке ерекшеліктерін ескеру

2-саты

Жалпы негізгі білім.

6-10 сыныптар.

Негізгі мектеп.

Оқу мерзімі: 5 жыл

Негізгі міндет - оқушыларды тұлғалық-даралық бағытта оқытып тәрбиелеу. Оқушыларды базалық білім негіздерімен қаруландыра отырып, оның жоғары мәдениетті, әдепті қарым-қатынас түзе алатын, мамандыққа деген көзқарасы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру. Алдын-ала бағдар беруге дайындық енгізіледі.

3 -саты

Жалпы орта білім

11-12 сыныптар.

Бағдарлы мектеп

Оқу мерзімі 2 жыл

Негізгі міндет - бағдарлы білім беру.

Бағдарлы білім беру - оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.

Инварианттық компонент Мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының барлық оқушылар меңгеруге тиісті бөлімі

Жеке тұлғалық бағыттағы компонент

Вариативтік бөлім

Оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты меңгеретін мектеп ұсынған арнайы таңдау курстары, оқу жоспары

Бағдарлы компонент Профильдік оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұнынға сәйкес тереңдетіліп оқытылатын оқу курстары мен таңдаулы курстар

Негізгі компетенциялар

1. Құндылық-бағдарлық компетенция 2. Жалпы мәдени компетенция

3. Мазмұндық-білімділік компетенция

4. Коммуникативтік компетенция

5. Ақпараттық компетенция

6. Әлеуметтік-азаматтық компетенция

7. Өзін-өзі жетілдіру компетенция

3) Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:

мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына сәйкестендіру

сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуға жағдай жасау

білім мазмұнын оқушының жеке дамуындағы білім беру ортасы ретінде қарастыру

білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім мазмұнына оқушылардың игеруі қажет негізгі /ключевые /компетенцияларды, технологияларды енгізу

оқушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын оқу ситуацияларын кеңінен қолдану

Білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және оқушының білім алудағы талғамын ескеру.

Болащақ 12 жылдық мектептегі білім сапасы- экономикасы дамыған демократиялық қоғам жағдайында әр түрлі салада мәселені өздігінше шешуге мүмкіндік жасай алатын оқушылардың білім алу нәтижесінде жеткен жетістігі деп түсінеміз

Бейінді оқытудың мақсаты мен міндеттері қалаған бағдарына сәйкес жалпы орта білім көлемінде пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету

мектептегі білім берудің вариативтігі мен жеке тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ету

оқушыларға білім мазмұнының маңызды элементтері мен оны оқу үрдісінің формаларын таңдауға мүмкіндік беру

оқу үрдісінің іс-әрекеттік компонентін жетілдіру (жобалау-ізденушілік және коммуникативтік біліктілік)

жеке қабілеті мен қажеттіліктеріне сәйкес әр түрлі әлеуметтік категориядағы оқушылардың жалпы орта білім алуына бірдей мүмкіндік жасау

білім беру процесінде бейіндік және деңгейлік оқуға жағдай жасау;

орта мектеп түлектерін барынша жоғарғы оқу орындарында оқуға дайындау

Бейінді оқыту формалары

Ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар бұл мамандар мен материалдық- техникалық, оқу-әдістемелік мүмкіндіктері кіріктірілген, толық базалық және бейіндік білім алуға негізделген, ірі білім беру орталықтарына шоғырланған ауылдағы білім беру орталығы

Кешкі және сырттан оқытатын мектептер көбінесе осы қызметті атқаруға құқылы бейіндік мектептер мен ресурс орталақтарының базасында, ЖОО және БЖИ -ның жанынан ашылады.

Бақылау сұрақтары

№3 Лекция

Лекцияның жоспары:

  1. Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері
  2. Бейіндік оқытудың жүйесі

3) Бейіндендірудің мектепішілік және сырттай формалары

1) Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері

Қазіргі заман жағдайында маманды еңбек нарығы қалыптастырады. Ең бастысы өз бетінше шешім қабылдай білу, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттері негізгі құндылық болып табылады. Мектептің жоғарғы сатысын жаңартудағы басты идея білім беру дараландырылу, функционалды және тиімді болу қажет. Ол мектептің жоғарғы сатысына қатысты білім беруді өзгерту стратегияларының басты мәнін анықтайды және осы стратегиялардың негізгі ұстанымдары мыналар:

- өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен шикізатының шамасын білетін, әлеуметтік кеңістікте таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;

- біртіндеп бағдарды білім, білік және дағдылар жүйесінен оқушының түрлі жағдайларда мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функциональді және негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау;

- оқушының білім беру траекториясын дараландыру, оқушының танымдық зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Жоғарғы мектептегі бейіндік оқытудың басым бағыттарының бірі бейіндік оқытуды енгізу оқушылардың жеке білім алу сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бейіндік білім беру - оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануы жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқу әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды енгізудегі басты мақсат - оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу. Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.

Бейіндік білім беруге көшу кезінде мынадай міндеттер жүзеге асырылады:

- жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену үрдісіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді терең оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- мектепте білім беру үрдісінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;

- білім беру мазмұнын жаңарту және оның әрекеттік құрама бөлігін (жобалау-зерттеу және коммуникативтік біліктерді игеру) күшейту негізінде білім алу үдерісінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

- оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.

Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысындағы бейіндік оқытуға көшуге жағдай жасау үш бағытта жұмыс жүргізуді көрсетеді:

- ұйымдастыру жағдайын жасау;

- бейіндік оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық кадрларды даярлау;

- бейіндік оқытудың әдістемелік базасын қалыптастыру.

Бейіндік оқыту ҚР жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады. Білім беруді бейіндендіру алған терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлауға қабілетті, өзін-өзі таныта алатын, дамыта алатын және жылдам өзгермелі әлем жағдайында өз бетімен адамгершілік-жауапты, дұрыс шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаттарына жетуге бағытталған.

11-12-ші сыныптарда білім беру үрдісіне қойылған мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру мынандай ұстанымдар бойынша құрылады:

- білім беру үрдісіндегі тұлғалық-бағдарлы, әрекеттік, құзыреттілік және денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асыру;

- өзара байланысты әрекеттерді және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын мақсатты ұйымдастыру;

- оқушының өз әрекетінің бейіндік бағытына қатысты өзін-өзі анықтауы;

- оқу әрекетінің формаларын дараландыру, өнімсіз және өнімді әрекеттерді сәйкестендіру, оқытудың белсенді әдістері мен жеке жұмыс әдістерін тұрақты қолдану;

- оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағдарлау, оқу жобаларын негізгі құзыреттіліктерді дамыту мен қалыптастырудағы қол жеткізген нәтижелерді көрсету тәсілі ретінде міндетті түрде орындау;

- оқушының өзінің оқу әрекеті мен оның нәтижесіне өзіндік талдау жасауға, өзіндік бағалауға жағдай жасау;

- білім беру мазмұнының практикалық бағыттылығы, вариативтілігі, саралануының құралы - жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі танытуы және кәсіби өзін-өзі анықтауы.

Көрсетілген ұстанымдарды іске асыруда төмендегі педагогикалық құралдар, оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары мен оның нәтижесін бағалау қолданылуы тиіс:

- қазіргі жоғарғы сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыратын, негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал ететін ақпараттық және педагогикалық технологиялар;

- жасөспірім жасына біршама сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастыру формалары (лекция, семинар сабақтары, әңгімелесу, практикум, сынақ, оқу-зерттеушілік, жобалау-шеберлік, топтық және жеке оқу сабақтары, кеңес алу т. б) ;

- оқу үрдісін оқушының жеке білім алу траекториясын қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларының құрылымдық негізінде модулін құру;

- оқушының орта жоғары кәсіби білім алу икемделуіне қажетті, зерттеушілік және оқу-жобалау білігін дамыту мен игеру мүмкіндігін туғызатын жобалау тәсілі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Бейіндік оқу
Мектепішілік бейіндік оқыту
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz