Гистологиялық әдістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Цитология және гистология
Сөж 1
Тақырыбы:Жасуша және ұлпалардың зерттеу әдістері

Орындаған :Кутинбетова Сара
БГ-23 тобының студенті
Тексерген :Базарбаева Жанат

Нұр-Сұлтан 2021
Жоспар
1.Кіріспе
Цитология ғылымы
2.Негізгі бөлім
Цитологияда негізгі қолданылатын әдістер
Гистологиялық әдістер
3. Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Цитология (гр. Κύτος -- қойма, бұл жерде: жасуша и гр. Λόγος -- оқу, ғылым) - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физио логия,генетика,биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.
Цитололгияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары жасушаны зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлерін қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскоптарды). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5 -- 7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бөлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге күю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.

Микроскоптың көру қабілеттілігі қолданылып отырған жарық ағымына байланысты және жарық ағынының 13 бөлігіне тең болады. Жарық толқынының ұзындыры неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көру қабілеттілігі соғұрлым артады. Егер жарық толқынының ұзындығы 0,6 миллимикрон (мкм) болса, микроскоптың көру қабілеттілігі -- 0,2 мкм -- 13 ХО, 6 мкм -- 0,2 мкм. Люминесцент микроскопы ультракүлгін жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы -- 0,27 -- 0,4 мкм. Осындай толқын препаратқа түскенде ол сәулені сіңіре отырып, өзінен жарық шығарады, бұл құбылыс флуоресценция деп аталады. Шыққан жарық толқыны сінген жарық толқынына қарағанда әрдайым ұзын болады. Кейбір заттар түскен жарық толқынының жартысын сіңіріп, өзінен жасыл, сары, қызыл спектрді шығарады. Флуоресценция деп заттарды ультракүлгін жарығымен шағырылыстырылғанда өзінен жарық бөлуін айтады. Оларға пигменттер, витаминдер, майлар жатады. Кейбір заттарды флюрохром бояуларымен бояу арқылы флуоресценцияны көруге болады. Мысалы, ДНК-ны акридин қызыл сары бояуымен боялғанда жасушадағы дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) ашық жасыл сәуле береді, ал рибонуклеин қышқылы (РНҚ) ашық қызғылт сәуле береді.
Бекітілгеннен кейін мүшелер бөліктерін концентрациясы жоғарлайтын спирттерде ығыстырып, спиртті ксилолға, одан кейін ксилолды парафинге салады. Осылайша, фиксацияланған ұлпа ауада қатып қалған тығыз парафинге айналады және оны кесуге болады. Қалыңдығы 5- мкм-дей кесіндіні арнайы құрал микротом арқылы дайындайды. Мұндай кесінділер заттық шыныға бекітіліп, парафин ксилолда ерітіліп,құрамындағы су спиртпен ығыстырылады. Содан кейін кесінділерді суда еритін бояулармен бояуға болады. Тұрақты препараттар дайындау үшін боялған кесінділерді әйнек арқылы канадалық бальзаммен жабады, бұндай препараттарды ұзақ уақытқа дейін сақтауға болады. Бекітілген ұлпалар мен жасушаларды бояу үшін, әртүрлі табиғи және синтетикалық бояулар пайдаланады. Табиғи бояулармен (гемотоксилин, кармин т.б.) кешенді қосылыстар түзетін әртүрлі металдардың қышқылдары қолданады.

Синтетикалық бояуларды қышқылды және негізгі деп бөледі. Негізгі бояуларда сілтілік қасиетін анықтайтын, құрамында амин топтары болатын тұздар негіздері болады. Мұндай бояулар жасуша құрылымында қышқылдық топтармен тұзды байланыстар құрайды. Қышқылдық бояулар құрамында гидроксильді топтар немесе SO2OH топтарынан құралады. Негізгі (сілтілік) қасиетті жасуша құрылымы қышқылдық бояулармен байланысын ацидо- немесе оксифильді деп атайды.

Клетка бөліктерін әр түрлі түске бір мезетте бояйтын түрлі бояулар коспалары қолданылады. Осындай бояуларды пайдалана отырып, тек жасушаның морфологиялық айқын суреттемесіне қоса оның химиялық кұрлымы жайлы мағлұматтар алуға болады.

Ерекше химиялық заттарды анықтайтын бояуларға гистохимиялық және цитохимиялық бояулар жатады. Цитохимиялық талдау әдістері өте көп. Цитохимиялық реакцияға мысал ретінде ДНҚ-ға қолданатын кең таралған Фельген реакциясын айтуға болады. Маңыздылығы, тек ДНҚ-да спецификалық қышқылдық гидролизден кейін, дезоксирибоза пуриндердің ұсақталуынан альдегидті топтар пайда болады. Бұл топтар арнайы индикатормен, Шифф реактиымен қызыл түс береді. Бұл бояу арқылы ДНҚ-ны, оның санын анықтайды. Жеке амин қышқылдарымен (тирозин, триптофан, аргенин т.б.) реакциялар арқылы белоктардың таралуын анықтауға болады. Липидтер мен майлар жасушаларда жақсы еритін арнайы бояуларды айқындайды.
Цитохимиялық реакциялар арқылы ферменттерді анықтауға болады. Бұл реакцияның жалпы принципі - микроскоп арқылы белокты ферменттердің өздері емес, өнімдердің белсенділіктерін анықтайтын таралу аймақтары көрінеді.
Тірі жасушаны зерттеуде казіргі таңда микрохирургиялық әдістер қолданылып жүр. Микроманипуляторлық прибор көмегімен жасушалар кесіледі, олардан бөліктер алынады, заттар салады (микроинъекция) және т.б. операцияның жүруін қадағалайтын микромонипулятор әдеттегі микроскоппен үйлестірілген. Микрохирургиялық құрал ретінде әйнек ілмектер, инелер, капиллярлар қолданылады. Олар микроскопиялық өлшемде болады және арнайы микроқұралдар қолданылады. Микроманипуляция кезінде арнайы камераларға жасушаларды салып, сонымен бірге құралдарды да салады. Микроманипулятор көмегімен ядроны бір амеба штаммынан басқаға ауыструға және жасушалық ядро целомындағы жасушалардың физиологиялық ерекшеліктерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Микроманипулятор көмегімен амеба жасушасына коллойдтық алтын енгізу арқылы, содан кейін ядро мен цитоплазмада оның бөліктерінің араласуын зерттейді.
Осыдан микрохирургиялық құралдар көмегімен жасушадағы митотикалық айналуды қозғалтуға, жеке хромосомаларды шығаруға, тірі жасушаға белгіленген антидене немесе әр түрлі белоктік молекулаларды енгізуге болады. Механикалық әсерден басқа микрохирургияда жасушаларға соңғы кезде лазерлік микрошоғырлары немесе ультркүлгін жарығының микрошоғырлары кеңінен қолданылады. Бұл тірі жасушалардың жеке участкелерін тез арада анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір ядрошықты анықтап және екіншісінің тіршілігін қадағалауға болады. Бұл жағдайда екінші ядрошық өзіне қосымша жұмыс алып және екеуі үшін жұмыс істейді. Микрошоғырлардың көмегімен митотикалық хромосоманың немесе бөліну ұршығының белгілі бір аймақтарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибедегі егеуқұйрықтардың бүйрегінің морфологиялық зерттеулері
Операциялық және биопсиялық материалдардың жаңа өңдеу әдісі
Гематейннен бояу ерітіндісін дайындау
Сүт бездерінің кистасы
Эндоскопиялық тәсілдер
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Әдістеме және зерттеу әдістері
Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесіндегі морфофункциональді ерекшеліктері
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Торайлардың Ауески ауруы
Пәндер