Балаларды қадағалау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

«Щапов» бөбек бөбекжайы

Тақырыбы: Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Дайындаған: Мендіғази Г. М

Ж о с п а р .

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1- тарау. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойын өткізудің маңызы

1. 2. Дидактикалық ойындардың негіздері

2- тарау. Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру.

2. 1. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата - аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша дидактикалық ойындар сипатталған.

Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық ойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін дидактикалық ойындарды пайдалану қажет.

Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.

Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.

Осы құралдың көмегімен балалардың математика саласындағы құпияларын танып, жаңалықтар ашады.

Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.

Ойын барысында баланың көңіл - күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа бауылу, ойлануға, талдау жасауға, үйренуің, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.

І бөлім. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дидактикалық ойын өткізудің маңызы

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі. Дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан - ак қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым - қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет - сапалары туралы мағлүматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты - баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру жэне дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны - қандай да болмасын ақыл оіі міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға үқсамайды, мүнда қиял - ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты жэне айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын эртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт. Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:

  1. Міндеті- эрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның мақсаттан келіп міндеті, оның оқу мазмүнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді жэне жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.
  2. Әрекет- ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез - қүлқын анықтап, үйымдастырып, бір түтас үжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол эртүрлі болуы мүмкін, бүл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, эрі қызықты болуы шарт.

  1. Ереже- дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орн алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге күрылған ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай үйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек жэне қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс - әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті
  2. Ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.
  3. Ойын нәтижесі- бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мүғалімнің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.
  4. Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық жэне рухани ләззат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндетін шешу баладан белгілі бір күш - жігерді талап етіп, олардың ойлау іс - әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мүның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардьщ өз күштеріне сенімін арттырады, оларды қуаныш сезімге бөлейді.
  5. Мұғалім мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге экелгендігін қадағалаудың маңызы зор.
  6. Адам өскен сайын ойын өзінің мэнін, жетекші ролін жоғалта бастайды. Бірак ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқа да мамандықтар) . Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді. Сондықтан дидактикалық ойын - бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды күралы болып табылады.
  7. Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мүғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тэрбиеші балаларды ойнауға, яғни А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мүндай ойынның өзіне тэн сапасы бар, ол - мазмұнының тәрбиелік - танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің бірі.

Күтілетін нәтижелер:

  • Бала ойынның құрылымы бойынша негізгі математикалық түсініктерді (сан, есеп, пішін, көлем, бағыт) түсінуі.
  • Бала қандайда бір нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындарды таңдай білуі.
  • Дидактикалық ойындар арқылы балалар өз ойларын толық және еркін жеткізе білуі, ойын ережесін ұғынады.
  • Заттың түріне, түсіне, пішініне қарай салыстыру, талдау, әр затты қолдарымен ұстап оған мән беру арқылы ішкі сезімге әсер етіп бекіте білуі.
  • Сурет бойынша, математикалық ұғымдардың арасындағы байланыстарды, олардың қасиеттерін тұжырымдай біліп қолданылуы.
  1. Дидактикалық ойындардың негіздері.

Дидактика бұл ежелгі грек сөзі, яғни didacticos - үйретуші, didascalos - мұғалім деген мағынаны білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика ойындар сонымен бірге кішкентай баларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойындар балалардың ойын әрекетіне тән құрылымы элементтерінің бірі: ой - ниет, мазмұн, ойын әрекеттері, ереже, нәтижә бар. Дидактикалық міндеттін болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдылық әрекетін дамытуға бағытталғаның атап көрсетеді. Дидактикалық ойындардың зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсендігін дамытатындай.

Дидактикалық ойын элементтерінің бірі - ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипатыф мен тәсіл белгілейді, балалардың міңез - құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым - қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Ойын ережелерін үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаты бар. Үйретуші ережелер баларға не істеу, қалай істеу керек екені ашып беруге көмектеседі, олар ойын әрекеттерімен үйлес болады, оның ролін күшейтеді, орындау тәсілін анықтайды. Ұйымдастырушы ережелер ойынның тәртібін, жүйелілігін және балалардың ойындағы қарым - қатынасын белгілейді. Тәрбиеші ережелер нені және неге істеуге болиайтының ескертеді.

Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте - бірте меңгереді. Соларды бағалай отырып, олар өзінің және жолдастардың ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым - қатынастардың дұрыстығын бағалайды.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық - оңай жолымен, қажеттілер - қызық жолымен беріледі.

Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

Ойын - болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді . . . ?”, “Мен не істер едім, егер . . . ” деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшелінеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

Ойын - жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.

Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым - қатынасын негізделеді. Бұл қарым - қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар мынадай түрге жіктеледі:

Сюжеттік - рольдік ойындар.

Жаттығу ойындар.

Драммалық ойындар.

Шығармашылы ойындар.

Әдеби - музакалық ойындар.

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандайда бір мақсаттары мен міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұлылдыру, ерікті зейін қою, ой - күшін жұмсау, ережені ой енігінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.

2- тарау. Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру.

2. 1. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

«Тышқанды әсемде»

http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-10575-1394813869.jpg Авторская дидактическая игра «Наряди мышку»

Ойын мақсаты: Балаларды негізгі түстермен таныстыру, ұсақ қол моторикасын, шығармашылықты дамыту, суреттің ритімін табуға, түсінуге үйрету, сондай-ақ үлгі бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру.

«Тышқанды әсемде»

(І кіші топтарға арналған) . Балаға әр тышқанға моншақты жіпке тізіп беруін сұраймыз. Мәселен, түсін атап, жіпке тізу.

«Үлгі бойынша әсемде".

Тышқан дүкенге келіп, өзіне әдемі моншақ сатып алды. Бірақ олар байқаусызда үзіліп кетті. Ол моншақтың бір ғана суреті қалды. Сол суретке қарап, моншақты үлгі бойынша жіпке тізіп бер.

Бұл ойынды күрделендіруге болады. Балаға суретті көрсетіп, моншақты есте сақтау арқылы жіпке тізуді сұраймыз.

«Тышқанды өз бетінше киіндір»

(Баланың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын жүзеге асыруға көмектесу, Балаға қақпақтардың жиынтығын беріп, оның жұмысына сүйіспеншілікпен қарап, нәтижесін тамашалау!!!)

«Геометриялық лото»

Геометрическое лото. http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-9279-1394816851.jpg

Ойын мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар және түстер туралы білімдерін бекіту. Балаларды фигураларды салыстыруға, ұқсастығын табуға, сөздік қорын дамытуға, тез ойлауға, зейін қойғыштыққа, ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Ойын барысы(1) .

Балаларға фигуралары бар карточкалар беріледі. Жүргізуші қорапшадан кез келген фигураны алып балаға береді. Кімнің карточкасы тез жабылады сол бала жеңімпаз болады.

Ойын барысы(2) .

Балаларға карточкалар беріледі. Геометриялық фигураларды санап, сәйкес санды табуға тапсырма беріледі. (тек қана үшбұрын немесе төртбұрыш не дөңгелек)

Ойын барысы (3) жеке жұмыстану

Балаға карточка берілді. Бірдей фигураларды табуға, олардың түсін атауға тапсырмасы беріледі. (қызыл төртбұрыш, сары төртбұрыш, жасыл төртбұрыш)

Ойын барысы (4) жеке жұмыстану.

Балаға карточка беріледі. Түсіне сәйкес фигураларды табуға сұрайды. (қызыл үшбұрыш, қызыл төртбұрыш, қызыл дөңгелек)

Ойын барысы (5) жеке жұмыстану.

Балаға карточка беріледі. Балаға фигураларды санап, олардың санын салыстыруға ұсынылады. (аз, көп, тең) .

«Жылан»

Дидактическая игра «Змейка» http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-104650-1394734876.jpg

Ойын барысы:

Жыланды түймеден құрастыру қабілетін дамыту. Түстері мен көлеміне қарай түймелерді топтастыруға үйрету. Тыныс алуды реттеу, баланың тілдік қорын дамыту.

Басшылыққа алу.

1. Ойыншық жыланды көрсетіп:

-Бұл не?

-Жыландар қайда мекендейді?

-Үлкен жылан қалай дыбыстайды?

-Кішкентай жылан қалай дыбыстайды?.

-Жылан қалай жорғалайды? (Қолмен көрсету) .

Жыландар табиғатқа керек. Оларды өлтіруге болмайды. Олардың көбі улы болып келеді. Сондықтан оларға көп жақындамау керек.

2. П. Бажова өлеңін оқу:

Эй-ка, эй-ка,

Көкшіл жыланша!

Сен бізге көріншіІ

Дөңгеленіп жүрші!!!

(Балалар өлең жолдарын қайталайды) .

3. Контур сызығы бойынша жыланды құрастыр.

Түймелерді көрсетіп, олардың түсі мен көлемінің әртүрлі екенін айту. Жыландарды да көлеміне қарай құрастыру. Үлкен жылан қандай түсті? Қара түсті. Кішкентай жыланша түрлі түсті.

Ескерту.

Балаларды қадағалау!

«Тәулік»

http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-154595-1394442832.jpg Пособие для изучения частей суток http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-154595-1394442688.jpg http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-154595-1394442754.jpg

Ойын барысы:

Тәулік туралы білімдерін бекіту. Олардың жүру заңдылықтарының өзгермейтінін жеткізу.

Ойын барысы: Балаларға сөйлемді аяқтауға ұсыну :

Түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды … жасаймыз.

Жаттығуды таңертең жасаймыз, ал кешкі асты …. Тамақтанамыз.

Кешке тамақтанамыз, ал түскі асты . . . Ішеміз.

Мәселен: Түсте тамақтанамыз, ал таңғы жаттығуды … жасаймыз.

Күндіз кн болады, ай … болады.

Күндіз көшеде жарық, ал түнде …. .

«Геометриялық түймелер»

http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-1393958712.jpg http://www.maam.ru/upload/blogs/detsad-1393958773.jpg

Ойын барысы:

Түстер туралы білімді бекіту. Олардың танымдық процестерін дамыту. (таным, қабылдау, зейін, қиялы, ойлау) . Өзінің түйсігіне сүйенуді үйретеді.

Ойын барысы:

Тәрбиеші балаға түймелерді «тігуге» ұсынады.

Ойын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Бұл ойын ұсақ қол моториканы дамытуға арналған тиімді жаттығу. Сондай-ақ кеңістікті бағдарлауға үйренеді. Бұл ойын арқылы балаларды мектепке дайындығын дамытуға болады. .

«Қанқыз»

Авторская дидактическая игра по математике «Божьи коровки»

Ойын мақсаты:

Санауға, санауды бекіту.

Ойын барысы:

Балаларға қанқыз беріледі. Бір жақ қанатында 1-10 дейін дөңгелектер салынған, екінші жағында 1-10 дейін сандар салынған. Барлық саны 10.

Балаларға дөңгелек санына сәйкес санды қою ұсынылады. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімнің педагогикалық аспектісі - Оқушыларға ғылымды оңтайлы түсіндіру тәсілі
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары
Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыту жұмыстарында қолданылатын әдістердің мазмұны
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Балалар емханасының, балалар ауруханасының жұмысын ұйымдастыру
Тамақтану тәртібі және оның ережелері
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы
ЖПД практикасындағы иммунды профилактика
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz