Жүзім аурулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Агробиология факултеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Түркістан облысы Сарыағаш ауданы жағдайында жүзімді аурулардан қорғау шараларының жүйесі

Орындаған: Мирзакулова Д.
ЗР-317
Қабылдаған: Жунусова А

2021ж
Жоспары

I.Кіріспе
1.1.Сарыағаш ауданы климат жағдайы
1.2Жүзімнің өсірілу технологиясы
II.Негізгі бөлім
2.1.Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жүзім аурулары
2.2. Сарыағаш ауданы жағдайында жүзімді аурулардан қорғау шараларының жүйесі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
1.1.Сарыағаш ауданы климат жағдайы

Қазақстандағы жүзімдіктердің алқабының көбеюі Мақтаарал ауданында- 2,3 есе, Сарыағаш ауданында - 19,6% және Қазығұрт аудандарында - 2,8% көрсетіп отыр.
Сарыағаш ауданы - Түркістан облысының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Орталығы - Сарыағаш қаласы.Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 2 - 3°С, шілдеде 24 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм.

1.2. Жүзімнің өсірілу технологиясы

Жүзімдіктерді егу үшін ажыратылған алқап алдын ала тастардан, ағаштардың түбірінен тазартылады, тегістеледі. Тазартылғаннан кейін үлескі тегістеледі. Көлбеулігі 12 градустан жоғары болған беткейлерде сатылар жасалынады (кертпелер беткейлердің кесе-көлденеңінен жасалынды). Жердің ой-шұқырлары көп болып, топырақты көбірек жылжытуға тура келсе, топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жер бетінде қалатындай болуы керек. Топырақ құрамындағы ауа, жылу, ылғал және құнарлықты сақтау және арамшөптерден тазарту мақсатында үлескі екі жыл бойына сүрі танап күйінде ұсталады.
Бауды отырғызудан бір жыл алдын сидератты өсімдіктер егіліп, олар көп тыңайтқыш үшін айдалады. Ажыратылған жерлер тазартылып және тегістеліп болғаннан кейін плантаж соқа жәрдемінде нәрлілігі жоғары топырақтар 60-70 см, ал нәрлілігі төмен топырақтарда 40-45 см тереңдікте жыртылады. Плантаж жыртудың алдында әр гектарға 30-40 тонна көң, 600 кг фосфорлы және 150 кг калийлы тыңайтқыштар беріледі. Топырақты тереңдетіп жырту, тыңайтқыштар беру көшеттердің тамыр жүйесінің тереңдеп тез өсуіне, өсімдіктерді нәрлі заттар және сумен қамтамасыз етуге көп әсер етеді. Нәтижесінде көшеттердің жақсы қабылдануына, тез өсіп-өнуіне, ерте өнім беруіне және өнімділігінің артуына жағдай жасалынады.
Өсімдіктерге жақсы жарық түсуі үшін қатарлары солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттылатындай етіп жасау керек.
Жүзім сабағының өсіп - өну дәуірін алты кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - сөл жүргізуден немесе көктемгі жас ағу деп аталатын
кезеңнен бұрын бүршік жаруға дейін басталады.
Жүзімнің өсіп-өну дәуірінің екінші кезеңі бүршік жарғаннан бастап, гүлдей бастағанға дейін созылады. Бұл кезеңде бұтақтар, жапырақтар, гүл шоғырлары, шиыртпақтар және өгей бұтақтар қаулап өседі. Ауаның температурасы +8 0С кем болмаған жағдайда, ағаш бүрлеріне су және оттегі жеткілікті дәрежеде келіп тұрған жағдайда, бүршіктер ашыла бастайды. Ауаның температурасы неғұрлым тез көтерілсе, бүршік жару да соғұрлым күшті болады.
Жүзім түрінің барлық көгеретін бөлшектерінің шапшаң қаулап өсуі жүзім сабағының өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Жүзім бұтақтары тәулігіне 6-8 см, ал кейде 10 см астам өсіп отырады.
Өсу дәуірінің екінші кезеңінде жүзім сабағының көпшілік бөлігі және
бұтақтардың жалпы ұзындығының жартыдан астамы өсетін болғандықтан, жүзім сабағы бұл кезде қоректік заттарды, суды өте көп қажет етеді. Сондықтан өсу дәуірінің екінші кезеңіне қарай жүзім суарылуға және ең алдымен азот тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілуі тиіс. Осы мақсатпен бұтақтар 5-7 см өскеннен кейін бірінші рет, 15-20 күннен кейін, артық бұтақтарды екінші рет бұтақтайды. Бұталамай қалдырылған бұтақтар 50-60 см өскеннен кейін қатарлап аспаларға ілінеді.
Үшінші жүзім сабағының гүлдену кезеңі, орта тәулікпен температура
+150 градустан кем болмайтын кезде жүзім бітеу гүлдене бастайды. Әсіресе, температура +20 градус болғанда жүзім жаппай гүлдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік аудандарында жүзім мамыр
айының аяғында, ал Алматы облысында маусым айының алғашқы онкүндігінен гүлдей бастайды. Гүлдену 14-15 күнге созылады.
Жүзім сабағы гүлдеген кезде, гүл шанақтарының немесе гүлдердің жаппайтүсе бастайтыны (гүл төгілуі) байқалады, мұның себебі гүл шоғырлары мен гүлдерге көптеген органикалық қоректік заттардың және қанттың жеткілікті мөлшерде келмеуінен пайда болады. Жүзім сабағының өсу дәуірінің бұл кезеңіндегі агротехниканың міндеті, гүл шоғырлары мен гүлдердің органикалық қоректенуінің нашарлау себептерін жою болып табылады.
Төртінші кезең гүлдену аяқталғаннан бастап,жеміс пісе бастағанға дейін-гі дәуірді қамтиды. Бұл кезде бұтақтар өсіп болып, жидектері мен ұрықтар өркендейді. Ұрықтанғаннан кейін түйін шапшаң өседі,бұл кезде аналық жасушалар ұрыққа, дәнек- тұқымға, ал түйін,тәтті, балауса етті
жидекке айналады. Сондықтан жүзімнің өсу дәуірінің 4ші кезеңінде, тік
бұтақтарды екінші және үшінші рет аспаға көтеріп байлау, суару, фосфоржәне калий тыңайтқыштарымен екінші рет үстеп қоректендіру, жерді күту жұмыстарын бір мезгілде жүргізу қажет.
Бесінші кезеңі жеміс пісе бастағаннан бастап оның толық жетілуіне дейін созылады. Бұл кезде жидектерге қант барынша тез жинақталып,органикалық қышқылдардың мөлшері азаяды. Жидектің еті
өте нәрлі болып балбырап жұмсарады,ал қабығы тиісті сортына тән түрге ие болады, яғни жүзім ағашының жетілу процесі өтеді.
Қазақстан жағдайына бұл кезең оңтүстік аудандарында ғана толық өтеді. Басқа аудандарда суық шапшаң түсетін болғандықтан жапырақ түсіп үлгермейді. Осы кезеңде жүзім сабақтары күзгі күзеуден өткізіледі және түптері көміледі.
Жапырақтары түскеннен кейін, жүзім сабағы тынығу кезеңіне енеді.

2.1.Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жүзім аурулары.

Табиғи жағдайларға байланысты Сарыағаш ауданындағы жүзімдіктерде зиянкестер мен аурулардың көп түрі бар. Ауруларда кең тарап, айтарлықтай зиян келтіретін жүзім ауруларына: оидиум (ақ ұнтақ), мильдю, антракноз,дақты некроз, жидектің сұр шірік ауруы және басқалары жатады.
Оидиум(ақ ұнтақ)(1-сурет). Ауру қоздырғышы-Uncinula necator Burril саңырауқұлағы.Жіпшумақ залалданған мүшеде дамып,үстінде мол конидия тасушылар түзеді. Олар ауа толқынымен жеңіл таралып , тіршілігі 6 сағатқа созылады. Конидиялар жіпшеге өніп, одан жіпшумақ дамып, аппрессорийларымен ұлпаға тіркеліп,олардан клетка ішіне гаусторийлар еніп, саңырауқұлақты қоректендіреді. Инкубациялық кезеңі ауа райына байланысты 4-12 күнге созылады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура 20-25 ° С және 50-80 % ылғалдылық. Күзде жапырақтар мен өркендерде клейстотецийлер түзіледі, бірақ олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда маңызды орын алмайды. Саңырауқұлақ жіпшелері қабық астында, бүршіктерде, өркен көзшелерінде қыстап шығады.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады.
Аурудың алғашқы белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына қолайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді. Жапырақтың үстіңгі бетінде сұрғылт жеңіл өңез пайда болып, өсе келе жапырақтың астыңғы бетіне, сағағына, кейін өркеніне таралады. Соңынан залалданған жапырақта қоңыр, жансызданған ұлпа бөліктері пайда болады. Залалданған жапырақтар сынғыш келіп, шеті жоғары қайырылып қурайды . Кеселге шалдыққан өркен бетінде өңез пайда болып, астындағы ұлпалар қоңырланып, жайылған дақ түзіледі . Күзге қарай өңез тығыздалып, өркендер қызыл - қоңыр түске енеді.

1-сурет.Оидиум(ақ ұнтақ)

Оидиум(ақ ұнтақ) ауруының даму циклы

Милдью. Ауру қоздырғышы Plasmopara viticola Berl . et de Toni саңырауқұлағы ( 2- сурет ). Қоздырғыш - монофаг тек жүзiмде кездеседі. Конидия тасушылары (зооспорангий тасушылар) леп саңлауынан топталып шығады. Оның негізі ісінген, ал тармақталған ұшында зооспорангийлер түзіледі де, әр зооспорангийде екі талшықты 5-8 зооспоралар қалыптасады. Жынысты спорасы - ооспора. Ооспоралар өсімдік қалдықтарында (жапырақтар мен жидектер) қыстап, көктемде өніп, кейін зооспорангий түзеді. Зооспоралар өсімдікті залалдайды. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезеңі 4 күн . Қоздырғыш өсімдіктің вегетациялық кезеңінде жыныссыз көбейіп 7-16 ұрпақ береді. Өсімдіктің гүлдеуінен бұрын және одан соңғы кезеңде залалдануы аса зиянды, себебі осы мезгілдерде гүл шоғырында ылғал мол сақталуына байланысты, ол ауруға түгел шалдығып, жансызданады. Кесел ылғалы мол аудандарда кездеседі. Саңырауқұлақтың дамуына 24- 25 ° С температура және 95-100 % ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері - жапырағы, жас өркен дері, бітеу гүлдері, гүлдері, көк жидектері және мұртшалары залалданады. Жапырақ бетінде ашық - жасыл, сарғыш түсті, дөңгелек майлы дақтар пайда болады. Бірнеше күннен кейін жылы, ылғалды ауа райында дақтың астыңғы бетінде ақ ұнтақ өңез пайда болып, ал құрғақшылықта - түзілмейді. Дақтар өсе келе қосылып, жапырақ қоңырланып, қурайды. Жетілген жапырақтардағы дақтар бұрышты, хлорозды ұлпамен жиектелген.Залалданған жапырақтар қурап түседі. Өркендерде түзілген дақтар ұзынша, қоңыр - сұр түсті, сәл ішке қарай басылған олар ылғалды ауа райында ақ өңезбен жабылады. Ауруға шалдыққан өркендер деформацияланып, қисайып, жапы рақтары түсіп қурайды. Гүлдеуге дейін ерте залалданған гүл шоғыры қоңырланып, қурап, түйіндері түседі. Гүлдер сирек залалданады, бірақ гүл саға ғы ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл жағдайда залалданған бөлiк қоңырланып, қурайы да, гүлдері түсіп қалады. Ылғалды ауа райында олардың үстінде мол ақ өңез пайда болады. Жас жидектер әдетте ауруға жиі шалдығып, ал бұрын байланғандары леп саңлауының жойылуына байланысты залалданбайды. Ауру жидектердің түсі қоңырланып, тез түседі.

2-сурет.Милдью.

Милдью ауруының даму циклы

Антракноз. Ауру қоздырғышы - Gloeosporium ampelophagum Sacc. саңырауқұлағы ( 3 - сурет ). Ауруға шалдыққан бөлікте са ңырауқұлақтың түссіз, кейін қоңырланатын жіпшумағы дамып, ол клетка аралығында таралып, залалданған ұлпа үстінде конидия тасушылар мен конидиялар майда, сұр түсті ложеда түзіледі. Конидиялар түссіз, эллипс тәрізді, бір клетка көлемі 3-6 х 2,5-3,5 мкм. Құрғақ ауа-райында олар бір - біріне жабысып түйіршіктенеді, ал мол ылғалдылықта олар шырыштанып, ісініп, жаңбыр тамшысымен, шықпен басқа өсімдіктерге таралады. Конидиялары 11-40 ° С температура аралығында өнеді. Жиі жаңбыр мен 24-30 ° C температурада саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 3-4 күн. Саңырауқұлақ жіпше, пикнида, склероций түрінде залалданған бөліктерде қыстайды.
Кесел вегетацияның бірінші жартысында, әсіресе гүлдеу кезеңінде қарқынды дамиды. Жаздың екінші жартысында өсімдік жапырақтары мен ұлпаларының ескіруінен және жауын - шашынның тапшылығынан аурудың дамуы тежеледі. Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері, әсіресе жас өркендері ауруға шалдығады. Жапырақта алғаш сәл көрінетін ашық - қоңыр, ұсақ жайылған дақтар пайда болып, ұлғайып , қоңыр - сұр түске айналып, күлгін қызыл жиекпен жиектеледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп тесіліп , ал жүйкесі залалданған жапырақ қурап түседі. Гүл шоғырының күлте жапырақтарында дөңгелек қара дақтар, ал гүл сағақтарында ойық жаралар пайда болады. Жидектегі дактар дөңгелек пішінді, қоңыр - қызыл немесе қара жиекті, ортасы сұрғылт немесе қоңыр түсті, сәл басылған болып келеді. Мұндай жидектер біржақты қисайып өсіп, тез жансызданып, қурап, гүл шоғында ілініп тұрады, бірақ жеуге жарамайды. Өркендерде алғаш қоңыр дақ пайда болып, кейін ортасы басылып, ойық жараға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жидек дақылдарының аурулары
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
Жүзім шарабының ассортименті
Жеміс дақылдарының карантинді зиянкестері және олардан қорғау шаралар жүйесі
Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Гүлді өсімдіктердің аурулары жайлы
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Жүзім
Пәндер