Тұжырымдаманың бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖАС ҰЛАН ҰЙЫМЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қызметінIң тұжырымдамасы
Тұжырымдама құрылымы

1. Кіріспе
2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
3. Жас Ұлан қызметі, мақсаты мен міндеттері
4. Тұжырымдаманың бағыттары
5. Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер

Кіріспе
Мемлекетіміздегі қазіргі заманғы білім берудің басым бағыттарының бірі - өскелең ұрпақтың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптасуы мен дамуы. Оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау: баланы тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты қалыптастыру, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту, бала құқықтарын қорғау.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы Конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) ратификациялады. Осы Конвенция ережелерін, балалардың жағдайы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған Балалардың өмір сүруі үшін жарамды әлем атты Декларацияны және іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында республикада айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңының және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы қамтамасыз етіліп келеді.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында адамгершілік - жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
2011 жылғы 11 ақпанда өткен Нұр Отан ХДП XIII Съезінде Елбасы, Нұр Отан ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін Жас Ұлан бірыңғай қозғалысы және Жас Қыран балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде Елорда күніне арнап, жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.
Жас Ұлан өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым болып танылады.
Тұжырымдамада көзделген барлық іс-шаралар балалар қозғалысы дамуының басымдығына негізделген, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімді, белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
oo жас ұрпақты тәрбиелеуде балалар ұйымы қызметінің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамда айқындау;
oo балалар мен жасөспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
oo жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
oo жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
oo балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаға, табиғатқа, экологиялық хал-ахуалға жанашырлықпен қарауға баулу оң көзқарасын қалыптастыру;
oo баланың интеллектуалды, рухани дамуының, тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерінің жетілуіне ықпал етудің жаңа әдістемелерін жасау;
oo қоғамда Жас Ұлан ұйымы туралы оң пікір қалыптастыру.

ЖАС ҰЛАН ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Табиғи қағида - табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.
Мәдени үйлесімділік қағидасы - жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
Мақсаттылық қағидасы -мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысты ескеру, қызметтің негізгі түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.
Гуманистік бағыт қағидасы - әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идея мен бағытты бірінші орынға қояды; балалардың өзін-өзі жетілуіне көңіл бөледі.
Этникалық қағида -этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасау, азаматтық келісім және үйлесімдікке жетуді қарастырады.
Сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы - өмірінің әр сатысында баланың жан-жақты дамуына ықпал ету, ұрпақтар, дәстүр сабақтастығын сақтау.
Үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуы: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуіне ықпал етеді.
Әлеуметтік әріптестік қағидасыұйымның мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық, үкіметтік емес және т.б. ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау, балалардың коммуникативтік қабілетін арттыруды көздейді.
Демократиялық қағидасыбірлікке, ынтымақтастыққа, бала құқығының сақталуына, балалар ұйымы бастамаларын қолдауға, әр баланың қызығушылығын ескеруге негізделген.

ЖАС ҰЛАН ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ бағыттары
Жас Ұланның мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, тұжырымдаманың басты бағыттары жүзеге асырылады:
1. Зерде (танымдық) бағыты - өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманғы ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін, жан-жақты көзқарасының кеңеюін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
2. Руханият (адамгершілік, адалдық) бағыты - балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдіру. Жақсылық атаулыға деген сезімді арттыратын, жамандыққа жол бермейтін; ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
3. Отан (патриоттық) бағыты - Отанымыз - Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығаю жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шет елде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам-мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.
4. Салауат (салауатты өмір салты) бағыты - ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамассыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын шараларды қамтиды.
5. Еңбек (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты - жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде қең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрену. Туған өлкесіндегі әр кезеңде еңбегімен танымал болған атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен танысып, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Денсаулық сақтаудағы азаматтық, еңбек, коммерциялық және халықаралық құқық.ҚР денсаулық саласындағы бірыңғай ұлттық жүйе»
Рухани тұлға - сананың жеке жағдайының, нақты алынған рухани қабілеттері мен қасиеттерінің толық бірлігі
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
«Қазақстан Республикасының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы»
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі туралы
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
12 жылдық жалпы орта білім беру мақсаты
Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы
Пәндер