Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Халықаралық бизнес университеті
Жоғары базалық білім факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы

ROS 2
тақырыбы: Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық индустриясына тигізетін әсері

Орындаған :
Төлбасы Айгерім Ерсұлтанова Карима

топ № 18-536-35

Алматы, 2021

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны ... ...

2 Түркістан әкімдігінің туризм басқармасының Түркістан облысына дестинациялық брендингін дамыту мақсатында алға қойылған бағдарлама шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 Халықаралық мысалында Түркістан қаласының дестинациялық брендингті дамыту жолында қарастырылатын мәселелер мен жаңа
даму мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық индустриясына тигізетін әсері

Аннотация:

Бұл ғылыми мақалада дестинациялық брендингтің қонақжайлық индустрисясына тигізетін әсері туралы жазылған.
Мақала кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың толық көлемі - бет, кестеден, суреттен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімнің бірінші тарауында брендинг, дестинациялық брендинг түсініктерінің шығу тарихы, даму кезеңдері, дестинациялық брендингке сипаттама беріледі.
Екінші бөлімде Түркістан қаласы әкімдігінің атқарып жатқан жұмыстары, Түркістан облысындағы қонақжайлылық индустриясының даму тенденциялары баяндалады.
шінші бөлімінде Түркістан қаласын дестинациялық бренд ретінде халықаралық мысал үлгісінде ұсыныстар көрсетілді.
Қорытынды бөлімде, сәтті құрылған стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде Түркістан қаласының дестинациялық брендингінің қонақжайлылық индустриясындағы рөлі анықталды.

Түйінді сөздер: брендинг, дестинация, қонақжайлылық, инвестиция, корпоративтік мәдениет

Кіріспе

Қонақжайлылық индустриясы әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Дестинация экономикаға және қонақжайлылық индустриясына тікелей әсер ететін ірі салалардың бірі. Қонақжайлылық индустриясына назарды аударту маркетингтің коммуникацияның мақсатты топтарына әсер ету арқылы жүзеге асады. Дестинацияны алға жылжытудың басты кілті болып,әлеуметтік - экономиканы басқаратын - аумақтық дамуы болып келеді. Мақсатты басқару субъектілері аймаққа инвестицияларды тарту болып табылады, бұл тікелей экономикалық өсімге және аумақты дамытуға ықпал етеді.
Дестинациялық брендинг - дестинацияны оңай анықтауға және саралауға мүмкіндік беретін атауды, символды, логотипті, сөздік қорын немесе басқа графикалық материалдарды жасауға қолдау көрсететін маркетингтік іс-шаралар

жиынтығы. Жалпы алғанда, бұл іс-шаралар тұтынушылардың таңдауына оң әсер ететін мақсаттағы бейнені қалыптастыруға қызмет етеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер дестинациялық брендинг бағытын саналы түрде жүргізу арқылы ел экономикасын, танымдылығы мен танымалдылығын қонақжайлылық саласы арқылы құруда. 2017 жылы түркі
әлемінің мәдени астанасы болған - Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының жүрегі болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып бекітіліп, 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан қаласының танымдық, рухани көздерін көрсету алға қойылды.
Жұмыстың мақсаты дестинациялық брендингті зерттей отырып, Түркістан облысының негізгі дестинациялық бренд ретінде қонақжайлылық индустриясында алатын орнын зерттеу. Жұмыстың міндеті дестинациялық брендингтің қонақжайл ылық саласындағы орнын анықтау, брендинг ұғымының шығу тарихын зерт теу, Қазақстан Республикасында
Дестинациялық менеджмент ұйымының дамуы мен қонақжайлылық саласында алатын орнын анықтау Зерттеу пәні дестинациялық брендингтің қонақжайлылық индустриясына тигізетін әсері.

Дестинациялық брендингтің қонақжайлылық саласындағы орны

Алғашқы кездері брендинг ұғымын маркетингтің бір бөлігі, тіпті жарнамаға жатады деп есептеген. Алайда брендинг бірте-бірте менеджменттің маңызды құралдарының біріне айналып, жарнама, маркетинг, қоғаммен байланыс, қызметкерлерді және корпоративтік мәдениетті басқару кезінде ұзақ мерзімді қаржылық жетістіктерге қол жеткізуге болатын салаға айналды. Брендинг ұғымының тарихы ортағасырлардан бастау алады. Осы кезеңде қолөнершілер өз тауарларына белгі қоя бастаған. Себебі халық саны артқан сайын, ағаш ұстасы және темір ұстасы, кірпіш пен аяқ киім өндіретін ұсталар саны да арта бастайды. Сұраныс өсіп, тауар саны көбейгендіктен әр ұста өзінің тауарын айқындап, анықтап көрсету мақсатында тауарларға белгі сала бастайды [1]. Мысалы, қазіргі таңда Зальцбург немесе Ротенбург сияқты қалаларда темірден жасалған бірегей тауар белгілерін табуға болады. Олар бұрындары шеберхана болған немесе қазіргі күндері де шеберхана болып табылатын ғимараттардың есігінде орналасқан. Ал 1266 жылы Англияда билік өкілдері әрбір наубайшы өзінің нан өнімін арнайы белгімен белгілеп, оның салмағын көрсетуді талап етті [2].

Брендингтің нақты гүлденуі ХХ ғасырдың екінші жартысында келді. Бұл көптеген себептерге байланысты - жаңа өнімдердің пайда болуы, нарықтың өсуі, халықаралық нарыққа шығу, бұрын болмаған тауарларды өндіру. Осы орайда брендинг философиясы дүниеге келеді. Тауарды ажырату қажеттілігі туындады. Көбінесе өнімдер бір-бірімен алмастырылды, тұтынушы үшін көптеген ұқсас

өнімдер болды, сондықтан осы немесе басқа өнімдер үшін айқын артықшылық көрінбеді. Брендинг сияқты маркетинг құралы осы негізде пайда болды, өйткені ол компаниялар мен тұтынушыларда туындайтын проблемаларды қалай шешу керектігін көрсетті. Брендинг бір мезгілде бірқатар елдерде дамыды, бірақ Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары оның дамуына ерекше үлес қосты. Солтүстік Америкада брендинг өнім менеджменті жүйесі ретінде пайда болды. Брендингтің қалыптасуы 4 кезеңге бөлінеді [3]. Бірінші кезең - 1870- 1900 жж. Фирма басшылары бірінші өндірушілердің бірі болып көпшілік тұтынушылар қолданатын тауарларды құрды, олардың көпшілігі брендтер болды және әлі деөндірілуде. Осы кезеңде тауарлардың сапасына, сондай-ақ оларды тарату және жарнамалау әдістеріне жаһандық өзгерістер енгізілді.
Екінші кезең (1900-1920 жж.) жетекші өндірушілердің нарықта өз орындарын табуымен, бұрыннан бар брендтерді дамытып, жаңаларын жасау фактісі бойынша сипатталады.Сонымен қатар, осы кезеңде орта деңгейдегі менеджерлер пайда болады.
Үшінші кезең Ұлы Депрессия кезеңі (1920- 1930 жж.) жәнеЕкінші Дүниежүзілік соғыс (1939-1945 жж.) кезеңіне түсіп, брендті басқарудың қолданыстағы әдістері танымал болды.Маркетингтің формалды тұжырымдамасы, сондай-ақ брендинг-маркетинг пайда болды. Белгілі компания Procter & Gamble брендинг маркетингінің әдіснамасын ең басты, тиімді тәсіл деп жариялап, оған бірнеше басқа компаниялар да қосылды. Дегенмен брендинг- маркетинг әлі кеңінен қолданылмады.
Төртінші кезең 1945 жылы басталды және бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Қазіргі уақытта ірі өндіріспен айналысатын фирмалардың көпшілігі брендинг басқару жүйесін енгізіп жатыр [4].

Дестинациялық брендинг - дестинацияны оңай анықтауға және саралауға мүмкіндік беретін атауды, символды, логотипті, сөздік қорын немесе басқа графикалық материалдарды жасауға қолдау көрсететін маркетингтік іс-шаралар жиынтығы. Жалпы алғанда, бұл іс-шаралар тұтынушылардың таңдауына оң әсер ететін мақсаттағы бейнені қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни тұрақтанған қаланы, аумақты, мемлекетті жоғарыда аталған маркетингтің іс- шараларды қолдану арқылы дестинацияның ерекшелігін (unique selling points) көрсету барысында брендке айналдырып, брендингін жүргізу. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер дестинациялық брендинг бағытын саналы түрде жүргізу арқылы ел экономикасын, танымдылығы мен танымалдылығын қонақжайлылық саласы арқылы құруда.

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы - экономиканың жедел дамып жатқан салаларының бірі. Әрбір 11-жұмыс орны дәл осы қонақжайлылық индустриясында құрылады.

Әлемдік ЖІӨ Әлемдік экспорттың Әлемдік экспорт қызметінің
0%

22%
13%
65%

Диаграмма 1. Қонақжайлылық индустриясының әлемдік экономикада алатын орны

Ал Қазақстанда туризмнің ІЖӨ-дегі үлесі 1% ғана деп бағалануда. Оған қоса елге келетіндердің негізгі ағыны - Өзбекстан мен Қырғызстаннан келетін еңбек мигранттары екен. Қазақстандық туристік саланың сарапшылары Қазақстанға туристік мақсатпен келетіндер санының аздығын айтады. Орналастыру орындарының, яғни қонақ үйлердің, кемпингтердің, хостелдердің, мейманханалардың орташа толымдылығы 23,5% ғана. Әрі бұл көрсеткіш төсек- Орын саны 130 мыңға бағаланатын еліміздің қонақжайлылық әлеуетінің өзінде осындай болып тұр. 2015 жылы Қазақстанда барлығы 2056 орналастыру орны есептелген, соның 11%-ы ғана жұлдызды қонақ үйлер екен, қалғандары санаты жоқ қонақ үйлер немесе басқа орналастыру орны ретінде саналады. Әлемнің 141 елінің ішінде Туризм және саяхат саласындағы бәсекеге қабілеттілік рейтінгісінде Қазақстан небары 85 орынға табан тіреген.

Түркістан облысына дестинациялық брендингін дамыту мақсатында алға қойылған бағдарлама шаралары

Қазіргі таңда Түркістан қаласы облыс ортылығы болып бекітілді және 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы - Түркістан облысы деп саналатын болды.
Аталған бөлімдердің ішіндегі Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 2018 жылдың 13 ақпанынан бастап өз жұмысын атқаруда. Басқарманың қазіргі таңдағы басты мақсаты Түркістан қаласының қонақжайлылық индустриясын дамыту жобалары болып табылады.
Осы орайда, Түркістан қаласы әкімдігімен Turkistan - The Heart of the Silk Way өңірдің туристік бренді әзірленді.

Облыстың туристік әлеуетін насихаттау, алға жылжыту мақсатында
Turkistan Tourism Center туристік ақпараттық орталығы құрылды.

Орталық өңір тұрғындары мен қонақтарға Бір терезе қағидасымен қызмет көрсете отырып, туристік ақпаратпен қамтамасыз етеді және облыста бизнестік ортаны дамыту бағытында жұмыс атқарады.
Туристік өнімді ілгерілету. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап аудан, қала ішінде сонымен қатар, шет елдерде туристік имиджді дамыту үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Туркия, Оңтүстік Корея, Франция, Малазия, Үндістан, Швеция елдеріндегі елшіліктеріне және Қытай, Өзбекстан, БАӘ т.б. елдердің туристік ұйымдарына, Ресейдің Челябинск, Санк-Петербур қалаларында орналасқан туристік-ақпараттық орталықтарына облыстың туристік әлеуетін насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар ұсынылды.
Сондай - ақ, ағымдағы жылдың 17-18 ақпанында Түркияның Стамбул қаласында өткізілген Түркі кеңесінің туризм саласы бойынша жұмысшы тобының 10 отырысына облыс делегациясы қатысып, төрт ел арқылы ұйымдастырылатын Ұлы Жібек жолы туристік маршрутының әрбір нысанына жеке-жеке тоқталып талқылау өткізілді. 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында маршруттарды тестілеу туры өткізілді.
Шетелдік инвесторларды тарту, инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында 2017
жылдың ақпанайында облыста Қазақ-Түрік инвестициялық форум өткізілді. Нәтижесінде, ынтымақтастық жөніндегі 5 меморандумға қол қойылды.

Түркістан облысының туризм басқармасының дестинациялық брендингін дамыту жолында жүргізілген іс-шаралары

Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік дестинацияны таңдау
Бренд менеджментінің тапсырмасы
БРЕНДИНГ МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Брендингтің теориялық негіздері. Қазақстандық және шетелдік тәжірибелер
Брендингтің тарихы
Бренд құрудың соңғы кезеңі - брендті талдау және бренд атауын іздеу
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУІНІҢ ТАРИХИ ҚЫРЛАРЫ
Бренд мағынасының мәні және ерекшелігі
Брендинг
Пәндер