АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру


ӨӘЖ:636. 32/. 8:616-006(079. 2)
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Төлеухан Р. Ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров ауылдық аймағында 2020 жылғы ветеринариялық іс-шаралардың жоспарлануы және орындалуы
Мамандығы: 5В120200 - «Ветеринариялық санитария»
Нұр-Сұлтан 2021
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі: А. Е. Ешмухаметов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров ауылдық аймағында 2020 жылғы ветеринариялық іс-шаралардың жоспарлануы және орындалуы
5В120200 - «Ветеринариялық санитария»
мамандығы бойынша
Ғылыми жетекші:
в. ғ. к., аға оқытушы
Нұр-Сұлтан 2021
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Әдеби шолу
- Н. Әбдіров ауылдық округінің ветеринариялық жағдайына сипаттама
- Ветеринариялық жоспарлау және оның орындалуы
- Өзіндік жүргізу әдістемелері мен қолданылған нәтижелері
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
- ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
- ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Ветеринария туралы N 339 Заңы
- "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді бекіту туралы". ҚР АШМ 29. 06. 2015 ж. № 7-1/587 бұйрығы
- Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы ҚР АШМ 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы.
- "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7 1/587 бұйрығы
Терминдер мен анықтамалар
Бруцеллез - жаппай іш тастаумен, дене қызуының көтерілуімен және сыртқы белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын антропозоонозды індет.
Иммунитет - ағзаның генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде инфекциялық емес агенттерді жұқтырмаушылығы.
Агглютинация - антиген мен антидененің желімделуі.
Аллергия - ағзаға қайтадан енген кезде жоғары сезімталдықпен білінетін белгілі бір антигенге бағытталған жай-күй реактивтілігі.
Серологиялық реакция - антиген мен антидененің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция.
Иммундеу - ағзаға белгілі бір вакциналарды жіберу арқылы белгілі жұқпалы ауруларға қарсы төтеп беретіндей қсиеттер дарыту.
Балау - жан-жақты зерттеулер нәтижесінде ауруды анықтау, ауырған ағзаның хал-жағдайы туралы қорытынды.
Биологиялық сынама - зертханалық жолмен жануарларға патологиялық материалдарды жұқтырып, соны зерттеу арқылы жұқпалы ауруларды балаудың бір тәсілі.
Вакцина - микроорганизмдерден, олардың жекелеген компонеттерінен, антигендерінен немесе олардың өмір сүру процесі кезінде түзілетін заттардан дайындалатын биологиялық дәрмек.
Уыттылық - белгілі бір микроб штаммының уыттылығы, оның ауырту қабілетінің күштілігі.
Қысқартылған сөздер
ҚР - Қазақстан республикасы
ОҚО - Орталық Қазақстан облысы
ЖШС - Жауапкерлігі Шектеулі Серіктестік
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
КазАТУ - Қазақ агротехникалық университет
ІҚМ - Ірі қара мал
ҰҚМ - Ұсақ қара мал
РБС - роз-бенгал сынамасы
ПРА - пластинкадағы агглютинация реакциясы
АР - агглютинация реакциясы
КБР - комплементті байланыстыру реакциясы
ИФР - иммунды флуоресценция реакциясы
ИФА - иммуноферменттік анализ
ДНҚ - дезоксорибонуклеин қышқылы
ВҒЗИ - ветеринария ғылыми-зерттеу институты
АҚ - акционерлік қоғам
КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
І. Кіріспе
Елбасының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген.
Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауыл шаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т. б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. Өйткені өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратын әр түрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Мен де «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барып жұмыс істеп, мал асырап ауылымның көркеюіне үлесімді қосқым келеді.
Жалпы, ветеринарияның басты міндеті - ауыл шаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғарғы сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.
Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды түрлі аурулардан сақтандыру болып табылады уақытында дұрыс төл алу мен өнімін арттыру. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айналып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Нүркен Әбдіров селолық округінде жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты - шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Айтылғандарды ескере отырып жүргізілген, осы ғылыми зерттеу жұмысымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нүркен Әбдіров ауылдық округінің ветеринариялық ахуалын бақылап, зерделеп, пайда болған ауруларды балау, дауалау және оған қарсы жүргізілетін арнайы шараларды жетілдіру мен нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелері алға қойылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты.
Н. Әбдіров ауылдық округінің ветеринариялық ахуалын, ветеринариялық іс-шаралардың жоспарлануы мен орындалуын зерттеп, бруцеллезден және басқа да аурулардан сауықтыру шараларын қарастыру болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. Қарқаралы ауданы, Н. Әбдіров ауылының мал шаруашылығының жалпы ахуалын бақылап, ветеринарлық іс шаралардың жоспарлау және орындалуын зерттеу.
2. Нүркен ауылы бойынша бруцеллезге және басқа да ауруларға қан алу, вакцинация жұмыстарын толыққанды зерттеу.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Әдеби шолу
Нұркен Әбдіров ауылдық округі - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы ауылдық округ. Құрамына Ақшоқы, Жарлы, Жекежал ауылдары кіреді. Орталығы - Жарлы ауылы. Ауыл орталығы - Қарқаралы қалысының оңтүстік-батысында 30 км жерде, Жарлы өзенінің екі жағасында орналасқан. Халық саны 2019 жылы 2407 адамды (1207 әйел және 1200 еркек) құрады. Негізі ауыл іргетасы 1929 жылы қаланды. Кейін 1951 жылға дейін Шекеме (ШКМ - школа крестьянской молодежи) ауылы деп аталып келді. 1951 жылы бұрынғы Ақшоқы, Нүркен атындағы, Қызылшілік, Жекежал, Кеңестас, Жаңатоған, Ұзынбұлақ ұжымшарларының бірігуінен Нүркен атындағы ірі ұжымшардың, ал 1963 жылы оның негізінде қайта құрылған Нүркен Әбдіров атындағы кеңшардың орталығына айналды. Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш жерлесіміз Нүркен Әбдірұлы Әбдіровтың құрметіне селолық округе сол кісінің есімі берілген болатын. Ал ауылға өзен атына байланысты Жарлы атауы берілді. Жалпы ауылдық округі бойынша ауылшаруашылық жер көлемі - 58307 га, оның ішінде ш/қ - 34024 га , барлық егістік - 5562 га , жайлым аумағы - 4829 га . 90-жылдың ортасына дейін ауыл экономикасын негізінен ұжымшарлар мен кеңшарлар, қосалқы шаруашылықтар, аудандық aуыл шаруашылығы бірлестіктер құрады. Нарық экономикасына өтуге байланысты басым бөлігі жекешелендірілген болатын. Олардың негізінде көптеген шаруа қожалықтары (35), ЖШС (1) құрылды.
Мал көметін орын Н. Әбдіров ауылдық округінен екі шақырым жерде орналасқан. Ауылдық округте мал соятын арнайы позектория бар. Ш/қ-дан бөлек ауылдың өзінде тозығы жеткен 1 ғана мал қамап ұстайтын роскол және ІҚМ-ға арналған станок бар.
- Н. Әбдіров ауылдық округінің ветеринариялық жағдайына сипаттама
Нүркен ауылы негізінен қой, ет-сүт бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысады. Қазіргі таңда Нүркен Әбдіров ауылдық округі бойынша мал басы - АШЖБ (Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) базасынан алынған мәліметтер бойынша:
Ірі қара 6670 бас, аналығы 4728 бас
Жылқы 8801 бас, аналығы 6413 бас
Қой, ешкі 15982 бас, аналығы 13723 бас
Ірі қара малы 117 % басы өссе, жылқы малы 115 % басқа, ал қой ешкі 76% басқа кеміп отыр.
Қазір ауылда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. КСРО кезінде Қарағанды облысының алдыңғы қатарлы дүркіреп тұрған ауылдарының бірі болған, Компартия құлаған кезде бытырап- шашылып кеткен болатын. Міне, содан кейін енді-енді аяғына тұрып ауылдың ауыл шаруашылығы енді қарқын алып келеді. Ауылдың одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары: ЖШС «Атамаекен» - С. Қиянат., «Рауан» шаруа қожалығының басшысы - Ж. Жүзбаев, «Боқай» шаруа қожалығының жетекшісі - А. Рахимбеков, «Жаңатоған» шаруа қожалығының жетекшісі - А. Әріпов үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000-2002 жылдары Қарағанды облысының жоғары наградаларының иегері атанды.
Н. Әбдіров ауылдық округі лептоспироз, туберкулез, қарасан ауруларынан таза деп есептеледі. Ауылда жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары - барлық малдарды - сібір жарасы, қарасан, нодулярлы дерматит ауруларына қарсы вакцинациялайды. Туберкулезге, жылқының маңқасына аллергиялық тексеру жүргізеді, ал ірі қара мен ұсақ малдан бруцеллезге серологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алынады. 2017 жылдан бастап Н. Әбдіров ауылында бруцеллез кең етек алуда. Бруцеллезді анықтауға малдың қанын, қан сарысуын, сүтін серологиялық тексеруге жібереді. Серологиялық реакциялардың ішінде ең танымал реакциялар: АР, КБР, КҰБР, ККБР, ШР. Егер мал ауру болып шықса, оны емдемейді, ет комбинаттарына консерв жасау мақсатында апарады. Заң бойынша малдың ауырғанын жасырып қалғандар жазаланады. Егер оны жасырып қалатын болса, онда ол табынға жұғатынын халық түсінуі керек.
1. 3 Ветеринариялық жоспарлау және оның орындалуы
Жоспарлау - ветеринариялық іс-шараларды басқару функцияларының маңызды бөлігі мен оны ұйымдастыру үшін қажетті бірден-бір маңызды элемент болып табылады. Ветеринариялық шараларды жоспарлау елімзідегі мемлекеттік және жеке меншік иелігіндегі ветеринариялық қызметтің барлық тізбектері үшін міндетті болып табылады.
Ветеринариядағы жоспарлау нысандарына жатқызылатындар: жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларын профилактикалау мен жою; материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қаржыландыру; ветеринариялық ғылымды дамыту және оның жетістіктерін практикаға ендіру; мамандар дайындау; ветеринариялық мекемелер жүйесін дамыту.
Ветеринариялық шараларды құрастыру кезінде келесі жайттар ескеріледі:
- ветеринариялық шаралардың жоспары максималды түрде малшаруашылығының дамуына септігін тигізетіндей болуы керек;
- жоспарлар бірқатар жылдар бойғы ветеринариялық статистика деректерін пайымдап, қорытындылау ісіне сүйенеді; жоспарлар алдында малшаруашылығына қызмет көрсету жағдайын жан-жақты бағалап, өткен жылдардағы шаралардың тиімділігін айқындап алу керек;
- барлық жоспарланатын жұмыс түрлері нақтылы, сандық шамада көрсетілетіндей, орындалуының күнтізбелік мерзімдері айқындалған болуы керек; ветеринариялық шаралар жоспарлары шынайы болуы тиіс, яғни жұмыс күшімен және қамтамасыз етілген (мамандар, материалдық-техникалық және қаржылай ресурстар) болуы тиіс.
Нүркен ауылының 2020 жылғы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген тапсырмалардың орындалысы мен 2021 жылға жоспары:
- Қажетті асыл тұқымды бұқа- барлығы: 2 бас («Нур» -2 бас)
- Жерді игермей отырған шаруа қожалықтар - барлығы: 2 («Нұр - К» ш/қ, «Қарқаралы» а/ш колледжі
Мал азығы, тонна
Өсімдік шаруашылығы:
Ш/қ
аты
Ш/қ
басшысы
1. Егін себу жоспары : Н. Әбдіров ауылдық округі бойынша 2021 жылы «Атамекен» ш/қ барлығы 641 гектар, оның ішінде бидай 374 га, арпа - 267 га, картоп - 5 га, 92 га - көп жылдық шөп себу жоспарланып отыр.
2. Ауыл шаруашылығы бойынша жұмыс орындарын ашу . Шаруа қожалықтарда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2021 жылдың соңына дейін барлығы 21 жұмыс орнын ашу жоспарда тұр. Оның ішінде жаңадан 4 ш/қ қожалығы ашылды, 11 тұрақты жұмыс, 8 маусымдық жұмыс орны ашылады. Бұлар 17 шаруа қожалықтарға және жеке кәсіркерлік нысандарына орналасады.
3. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту жоспарын орындау:
- 2021 жылға жеке кәсіпкер Жұмағазы Жадыраның қымыз өндіру цехын ашу жоспары бар. Жұмсалатын қаражат көлемі 1, 5 млн теңге.
- 2021 жылға «Тілеуқабыл» Ш/Қ Көпжасаров Қуаныш қой бордақылау алаңын ашу. Жұмсалатын қаражат көлемі 2, 0 млн теңге.
- 2021 жылға «Атамекен» Ш/Қ Қинаят Сланбек ІҚМ қыстық қора салу. Жұмсалатын қаражат көлемі 3, 5 млн теңге.
Нүркен Әбдіров ауылдық округі бойынша
- Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру бойынша «Жаңаөлке» және «Наурыз» шаруа қожалықтары 10 /он/ бастан, барлығы 20 бұқашық тапсыру жоспары бар.
- Ірі қара аналық мал сатып алу бойынша «Сарыжайлау» шаруа қожалығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 53 /елу үш/ ІҚМ аналық бас сатып алады.
- Қой сатып алу бойынша «Гүлім» шаруа қожалығы «Қарқаралы несие серіктестігі» ЖШС-не 75 /жетпіс бес/ бас қой сатып алуға ұсыныс берді.
- Қоғамдық табынға асыл тұқымды бұқаларды қосу үшін Мәди ауылдық округіне қарасты «Абылай» ш/қ -нан ақбас асыл тұқымды 6 /алты бұқа/ қосады.
- Ауыл шаруашылығы техникасын алу бойынша «Ерболат» ш/қ -1 дана, «Асыл» ш/қ -1 дана, «Атамекен» ш/қ-1 дана трактор және «Атамекен» ш/қ 1 дана комбайн алуға «Қарқаралы несие серіктестігі» ЖШС -мен несие алуға ұсыныс берілді.
- Әр ауылдық округ бойынша инвестициялық жобаларды шығару;
2021 жылы сиыр саууға арналған кешеннің құрлысын бастау.
Кешен құрлысына жұмсалған қаражат көлемі 2, 5млн теңге. Кешен іске қосылған жағдайда 1 уақытта 20 сиыр сууға мүмкіндік береді.
- Кешен «Атамекен» шаруа қожалығы есебінен жүргізіледі.
- Кешен аумағы 250 шаршы метр
Жануарлар бруцеллез ауруы ошағын жою бойынша жоспар
Мал дәрігерлік іс-шараларды жоспарлау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz