Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі


«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба
Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі
Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С. Қ. Төлеуханова
Ғылыми жетекшiсi: Ф. Ғ. Д., филология және журналистика
кафедрасының профессоры: М. М. Иманғазинов
2015 жыл
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3
1Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі . . . 5
1. 1. Қазақтың прозалық туындылары және Ілиястың прозадағы тың ізденісі . . . 5
1. 2. Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларындағы тың ізденісі және ондағы тарихи бейнелер мен прототип . . . 8
1. 3. Ілияс Жансүгіровтің классикалық таңдаулы прозалық туындыларындағы образдық тарихи-көркем бейне . . . 11
2 Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі . . . 44
2. 1. Ілияс Жансүгіров сатирасындағы образдық көркемдік бейне. …… . . . 44Қорытынды. . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . 62
КІРІСПЕТақырыптың өзектілігі. диплом жұмысы «Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі» деп аталады. Оның өзектілігі - Ілияс Жансүгіровтің классикалық туындылары қазақ халқының реалистік өмірін мейлінше бейне тудырар көркемдік әдіспен шынайы, дәл айтуға, көркем бейнелеуге көп күш жұмсаса, ол жөнінде толыққанды зерттеу жүргізілмеген. Ілияс Жансүгіровтің әр тақырыпта жазған алғашқы туындыларынан бастап, прозалық шығармаларында ел өмірі мен бірге халықтың ауыр тұрмысы, билеуші таптардан көрген құқайы, теперіші, аянышты халі өте шынайы, көркем тілмен жазылғанына көз жеткізе аламыз. Қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрді қалыптастырған бірінші ақын Ілияс Жансүгіров болса, ондағы образдық көркемдік бейне болмысы оның әр шығармаларында көрініс берген. Бұл игі дәстүрді кейінгі буын қаламгерлері кейінгі кезеңге жалғастырып, белгілі бір аумақты арнаға түсіріп, бүгінгі күні қазақ әдебиеті қомақтана түскені жалпы жұртқа мәлім болса, бұл жұмыстың өзектілігі ашылары һақ.
Жұмыстың мақсат-міндеттері. Прозалық жанрдың орта көлемді түрі - повесть болса, онда образдық көркемдік бейне деталінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ал, тарихи тақырыптағы әңгімелердің бүкіл әдебиетке қосқан идеялық-көркемдік үлесін сөз еткенде, өнер тақырыбындағы алғашқы қазақ прозасындағы көркемдік шеберлікке ең алдымен көңіл бөлсек, онда да образдық көркемдік бейне тарихи оқиғаға қатысты болуы шарт. Өйткені, қазақ қаламгерлері халықтың рухани байлығы өнерді, сол өнерді жасаушы асқан дарын иелерін жазу арқылы қазақ прозасының ең жақсы үлгілерін қалыптастырса, онда кез-келген қаламгер образдық көркемдік бейне мәселесіне үлкен көңіл қойғаны абзал. Өнер арқылы өткен дәуірдегі халық өмірінің әлеуметтік шындығын терең ашуда жазушылар проза жанрының бар мүмкіндігін жете пайдаланды.
Жұмыс нысаны. Ұлттық әдебиеттегі осы бір жанрдың кемелдене түсуіне кең жол ашты. Олар идеялық мазмұны бай, көркемдік сапасы мол бірнеше прозамен қазақтың эпопеялық прозасының өрісін кеңейтіп жіберді. Жалпы, қаламгердің әр туындылары жөнінде айта кетсек, көптеген туындылары қарасөзбен де, өлеңмен де жазылған. Онда белгілі бір кездегі өмір шындығы мен адам тіршілігінің алуан сәттері, қоғам өміріндегі елеулі оқиғалар суреттеледі. Әр тақырыптағы туындыларды қарастырғанда, ең алдымен байқалатын жай: жанрдағы шеберлік мәселесі мен ондағы образдық көркем бейне. Жанрдың кемелденіп, толысуы өзге тақырыптардағы туындылында да бар екені рас. Сондықтан бұл туындыларды қал-қадірімізше ой елегінен өткізіп, талдап шықсақ, тақырыптың нысаны ашылар деген ойдамыз.
Ғылыми жаңалығы. Сан ғасырлық халық талантының жарқын көрінісі - ғажайып әр жанрдағы туындыларды нақышына келтіре толғаған бірінші қазақ қаламгері Ілияс Жансүгіров болса, оның 1912 жылдан бастап жазған өлеңнен кейін әр сала бойынша түрлі шығармалар жазған қаламгердің еңбектерінде образдық көркемдік бейне тұнып тұр. Айталық, «Күңнің өлімі» (1921), «Талтаңбайдың тәртібі» (1923), «Құқ» (1928) прозасында кейіпкерлердің күйініш-сүйініштері нақты фактіге, шынайы тартысты, көркем күйінде берілген.Дәл мұндай тұрғыда жазылған туындалар Ілияс Жансүгіровте өте мол. Сондықтан осы тақырып аясын ашу үшін оның бірнеше туындаларын алып талдау өткізіп, әдеби анализ өткізу мақсатын көздесек бұл жұмыстың басты жаңалығы болмақ.
Диплом жұмысының дерек көздері. Прозалық, сатиралық, публицистикалық жанрлық сипатта жазылып, халық өмірін баяндайтын туындыларда да образдық көркемдік бейне детальдары 1920-30 жылдары газет-журналдарда жарияланып, олардың бірқатары 1933 жылы толық жинағының 2 томына енді. Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы образдық көркемдік бейне және прозадағы тың ізденіс болмысын талдауда қаламгердің 20-тарта шығармасы негізге алынбақ. Бұл 1912 жылдан бастап, 1933 жылға дейін жарық көрген таңдаулы шығармалары. Таңдамалы прозалары мен очерк, әңгіме, фельетондары 1930 жылдары таңдамалы туындылары өз алдына кітап болып шықты. Олардың жалпы саны жиырма шақты болса, олардың бірқатары толық күйде талданбаған, зерттелінбеген.
Диплом жұмысының маңызы мен мәні. Әдебиеттану ғылымында жазушының туындылары ерекше екені өткен ғасырларда мойындалған. Прозада, поэзияда тағы да басқа жанрларда ерен еңбек еткен қаламгердің әдебиет үшін маңызы өте жоғары болса, мақсат пен міндет осы проблемалық мәселені шешу алдағы уақыттың еншісінде болса, бұл жұмыстың маңызы мен мәні болмақ.
Зерттеу әдістері. Жүйелі сипаттама, салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-типологиялық, Ілияс Жансүгіровтің шығармаларының ерекшеліктерін анықтап, саралауда талдау, сипаттама, көркем мәтін негізіндегі материалдарды жүйелеу тұжырымдауда салыстырмалы, әдеби теориялық әдістерге сүйену көзделеді.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспе бөлім, екі тарау, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ілияс Жансүгіров поэмаларындағы образдық бейнелердің
көркемдігі
1. 1. Қазақтың прозалық туындылары және Ілиястың прозадағы тың ізденісі
Проза (лат. prōsa ) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) болса, осы жанрға Ілияс Жансүгіровтің қосқан үлесі қомақты.
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор.
С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан - коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т. б. әңгімелері, Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т. б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері болмақ.
Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісін оның алғашқы жазған прозалық шығармаларындағы юморлық элементі басым туындыларынан көре аламыз. Әрине, юморлық шығармалардағы персонаж - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әшейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-әзіл, ал әзіл келемежге айналса - ирония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе, - сарказм болғаны. Юмор бар жерде ылғи сын бар деуге де болмайды. Сатиралық персонаж - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көптің көз алдында - көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Қулық пен сұмдықты, екіжүздік пен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз күреске үндейді.
Енді Ілияс Жансүгіровтің прозасындағы еңбегі мен тың ізденісіндегі персонаждарға тоқталайық. Ілияс Жансүгіров әңгіме, повесть, роман жазуға бірден ден қойған жоқ. Ол көп нәрсені өзінше пайымдап, өмір тәжірибесінен өткізіп барып осы салаға келген. Жазушының айтуынша оған әсер еткен Совет өкіметі алғаш орнап жатқан кездегі басынан өткен жақсы-жаман қылықтарды суреттеуден туған. Ілияс Жансүгіровтің әңгімелері - қазақ халқы өмірінің көп саласын қамтитын, әсіресе кеңес өкіметі жылдарындағы адамдардың тағдыры мен өмірі, тұрмысы мен мәдениетін суреттейтін реалистік туындылар.
Академик С. Қирабаев «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі» тарауында «Әр халықтың қаламгерлері өз ұлтының тағдырын, өмірін жазуға тырысты. Әдебиет ұлттық категория болып қалды» деп атап көрсеткендей 1920-1937 жылдары жазылған І. Жансүгіровтің прозалық шығармалары да әлеуметтік өмірдің түрлі қырларын қамти отырып, өз кезеңінің өзекті де толғақты мәселелерін суреттеуге ұмтылды» [1, 224 б. ] .
Профессор М. Иманғазинов: «Ілияс Жансүгіровтің әңгіме, повестері - қазақ халқы өмірінің көп саласын қамтитын, әсіресе Кеңес өкіметі жылдарындағы адамдардың тағдыры мен өмірі, тұрмысы мен мәдениетін суреттейтін, жаңа тұрпатты бейнесін бар қырынан ашатын көркем мейлінше ашық, батыл жазылған бірқатар реалистік туындылар»[2, 72 б] .
1920 жылдардағы және 30 жылдардың бас кезіндегі қазақ ауылындағы әр түрлі жаңа құбылыстарды көрсетуге арналған шығармалар. Академик Мұхаметжан Қаратаев - Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчествосын көп зерттеген адамдардың бірі. Өзінің бір естелігінде Ілияс Жансүгіровтің әңгімешілдігі туралы: «Сырт көзге Ілиястың тұйық тұнжырық адам көрінуі әншейін білместік. Ол барлық асылын, әдемісін ішке жинайтын, тереңге сақтайтын ардагер екеніне сол жолда анық көзім жетті. Шынында да ақынның сырттай «тұйықтығы» оның ішкі бай рухани дүниесінің қақпағы сияқты ғана беріктік пен бекемдік екен. Бір сенген, бір шешілген адамның алдында Ілекең ғажап сыршыл, әңгімешіл, сөз тапқыш, әзілдегіш адам екен», деп, жоғарыда айтылған қасиеттерді растай түседі. Ілияс Жансүгіров - тек шебер айтушы ғана емес, сонымен бірге көрген-білгенін, естігенін шебер жазып жеткізе білетін талантты прозаик жазушы.
Алғашқы әңгіме, повестерін, ірілі-ұсақты прозалық шығармаларын 1920 жылдан бастап газет-журналдарға шығара бастайды. 1935 жылы «Жол аузында» деген атпен кітапша етіп шығарады. Бұл әңгімелердің мазмұны кедейшіліктің тауқыметін тартқан жалшылар жайлы, сол қоғамда өмір сүрген әйелдердің басындағы ауыр халі жайлы, қазақ ауылдарындағы ескілік жайлы, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңарған совет адамдарының қажымас еңбегі жайлы, теңдікке қолы жеткен, әлеуметтік істерге енді араласа бастаған қазақ кедейі жайлы жазған болатын. Колхоз болып ұйымдасқан шаруалар мен жол салып жатқан жұмысшылардың еңбектері - Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларының негізгі тақырыбы.
Автор оқиғаны әсірелемей, боямасыз нақты суреттеуі, кейіпкер мінезін оның сөзі мен ісі арқылы ұтымды таныта білуі шеберліктің көрінісі. Совет адамдарының қажымас еңбегі жайлы, жоспарды орындаудағы олқылықтар жайлы жазылған шығармалардың бірі «Жарыс» әңгімесі 1932 жылы жазылған, алғаш рет «Әдебиет майданы» журналының 1932 жылғы 2 санында жарық көрген. Ұлы Қазан революциясы адам баласын қанау, құлдану атаулыны түгел жойып, сол қанау негізіне құрылған ескі үкімет, шаруашылық мекемелерін де мүлде тазарта өзгерткені қазақ жалшылары жұмысшы бола бастаған, бес жылдық, он жылдық жоспарлар құрала бастаған кезді суреттейтін әңгімелерінің бірі. Олқылықты жою, жоспарды уақытында орындау тақырыбына арналған бұл шығарма шахтадағы жұмысшылардың жоспарды орындау мақсатында әкелі балалы екі шахтердің жарысын көрсету арқылы Ілияс Жансүгіров шахта өмірінің сырын шертеді. Автор әңгіменің персонаждары Жауатар мен оның ұлы Рақымжандардың өткен өмірімен толыққанды таныстырып жатпайды. Оларды жиналыста отырған кездерінен бастап қана таныстырады. Жауатарды «Екібастұздың ескі шахтері - Жауатар ақ самай адам еді» [3, 128 б. ] - деп суреттейді.
Осы шығармадан Ілияс Жансүгіровтің ішкі монологты да жақсы меңгергендігін көруге болады. Жауатар бірінші күні жарыстан жеңіліп, үйіне келіп қарттық жайлы ой толғағанынан көре аламыз. «Мынау кәрі қол. Кешегі ауыр еңбектің алып білегі. Бұл қолдар қашаннан жердің қабырғасын іреп, қазынасын ақтарған қолдар… бұл қолдың қайраты қандай? Шынымен-ақ қалжырап бара ма? Кейінгі жастар осыны біліп келеке қылғысы келе ме?» [4, 131б. ] - деп ой қозғайды.
Автор шахтаны өте әсерлі суреттейді. «Түнімен салдыр-күлдір болып шыққан шахта, таң атқан соң түнгі кезекті ауызынан шығарып, күндізгі кезекті жұтты» [5, 128б. ] .
Осы тақырыпты қозғайтын әңгімелердің бірі «Төменнен толқын» әңгімесі. Риддер қорғасын заводының жұмысынан көрініс беретін бұл шығарма завод жұмысындағы олқылықтардың себебін анықтауға жиналған жұмысшыларды суреттейді. Қорғасындай ауыр отырған жұмысшылар жиналыс аяғында жұмыстың неліктен жүрмей жатқандығы жайлы айтылған төменнен толқи бастайды. Әңгімелерінің барлығы дерлік колхоздастыру кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар, социалистік жарыс тақырыбына жазылған.
Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармалары Отан, 1916 жылғы Ұлы Қазан революциясын, партия, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы жазылған шығармалардың бірі «Дарқан» повесі 1935 жылы жазылды және қаламгердің 5 томдық жинағына кірген болатын. 1916 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі қазақ халқының өмірінен көрініс беретін бұл шығарманың бас-аяғы жинақы, нақтылы сюжеті бар повесть. Повесть үш достың Дарқан жайлы әңгімелесіп отырған жерінен басталады. Повесте қарапайым жалшыдан революционер дәрежесіне дейін көтерілген Дарқан жайлы жазылады. Жазушының айтуы бойынша, ол жамағайыны «Қосайдың есігінде күл шұқып, итпен бірге сүйекке таласып, күшікпен бірге қаспаққа жармасып өсті» [6, 245 б] .
Байдан көрген қорлығы жүрекке кек болып қатты, жоқшылық азабы оны өмірге басқаша қарауға үйретеді.
Дарқанның санасына еңбекшілерді әділеттілік пен бостандыққа жеткізу туралы ой ұялай береді. Енді ол өз халқын азап пен қорлықтан құтқару жайлы толғана бастайды. Қалаға келісімен большевик Алексеймен танысады. Біртіндеп Дарқанның рухани сана-сезімі оянып, байларға деген жай өшпенділігі саналы революциялық идеяға ауысады. Қанаушы құрылыстың сөзсіз құритынына сенген ол: «Бүгін сендер біздің біреумізді түрмеге тықсаңдар, ертең оның орнына мыңдаған адам келеді» [6, 246 б] . - дейді сеніммен байларға.
«Плещеев» пароходында жұмыс істеген ол Семей мен Тобольскінің арасында ақтардың көзін құртуға ат салысады. Повестің соңында Дарқанды біз қорғасын заводының инженері ретінде көреміз. Повесть Дарқанның «Мен күресте күшейдім ғой» [6, 286 б. ] деген сөздерімен аяқталады.
Әдебиетте дара персонаж жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан болса, жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де көруге болады. Ілияс Жансүгіров те осы тәсілдерді қолдана отырып, «Дарқан» повесінде персонаждардың сырт келбетін беруді шебер қолдана білді. «Мен көргендегі жалпақ мұрын, кең танау, қазанның түп күйесіндей Шайқара, ағарып, бозғыл тартыпты. Ондағы өркештен істеген торсықтай екі ұрт, алжа-алжа болып терісі босап, әр жерінен сызық түсіпті. Қара қошқыл көздің майы азайып, аларыңқы тартыпты. Қара қызыл айғырдың ту құйрығындай қайратты қара шашы өңі сынып, жұмсарып ұлпаланыпты. Сирек тартқан шаштың самай-самайына ақ шашырапты»[6, 234 б. ] деп суреттелген кескін, келбетті портрет дейміз.
Бұл да персонаж жасаудың өзгеше бір тәсілі. Портрет - француз тілінен аударғанда - бейнелеу деген мағынаны білдіреді. «Портрет адамның бүкіл анатономиясын түгел қамтып, жіпке тізіп беруі шарт емес. Әр портретте әр адамның ең ерекше сипаты ғана нақты, затты, қысқа, қызық суреттелгені жөн» [7, 121 б. ] дейді, З. Қабдолов.
1. 2. Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларындағы тың ізденісі және ондағы тарихи бейнелер мен прототип
ХХ ғасыр басында реалистік роман жанры адам тағдыры мен оның бейнесін барынша терең ашып көрсету қажеттілігін тудырды. Бұл қажеттілік Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романының тууына айтарлықтай ықпал етті. 1935 жылы жазылған Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романына тоқталатын болсақ, роман - өз бойына бейнелеу тәсілдері мен амалдарының қай-қайсын да қабылдай алатын, сол мүмкіндігіне орай негізгі персонажды сан алуан қырынан барынша жан-жақты ашып көрсетуге қабілетті, әсіресе персонаждардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамдық-әлеуметтік ортадағы мұраттар мен мүдделер қайшылығынан туындайтын қақтығыстар мен күрес-тартыстар үстінде ішкі жан әлемі мен сыртқы бітімін мейлінше толыққанды сипатта тұлғалай сомдауға әлеуеті молынан жететін эпикалық түр. Мазмұны мен пішіні үйлесім тапқан романда эпикаға тән кең тыныстылықты, драмаға тән ширыққан тартысты, лирикаға тән нәзік сезімталдықты бірімен бірін жымдаса ұштастырып, қоян-қолтық араластыра қолдануға толық мүмкіндік бар. Әдебиеттің өзге түрлерінен ұшыраспайтын, тек романға ғана тән мұндай қарымдылық оның бойында аз ғана уақыт аясында қалыптасып үлгермегені шындық. «Жолдастар» романы - Ілияс Жансүгіровтің проза саласындағы іргелі шығармаларының бірі. Жазушы романды екі кітап етіп жазуды жоспарлаған. Баспагерлерге жазған хатында Ілияс Жансүгіров өз еңбегінің төмендегідей болатынын ескертеді.
«Жолдастар» атты романның қысқаша мазмұны төрт бөлімге бөлінген. Біріншісінде - қазақ кедейлерінің тұрмысы, екіншісінде - төңкерістен бұрынғы қалаға, өндіріске байланысты қазақ жұмысшыларының өмірі, үшіншісінде - 1916 жылға арналған жиһангер соғыстың тұсы, төртінші бөлімде - 1917 жылдың төңкерісі. Осы желімен романның бірінші кітабы бітеді. Романның екінші кітабы - тұтасымен Қазақстандағы азамат соғысынан алынған . . . » [8, 36 б. ] .
Романның бірінші кітабының толық нұсқасы қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы латын әрпімен 583-беттік көлемде басылып шығады. Аталмыш нұсқасы екінші рет 1962 жылы Ілияс Жансүгіровтің таңдамалы шығармалар жинағының үшінші томында жарық көреді. Алғашқы үзінді 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының 3-4 сандарында, 18-27 беттерде «Ақ вексель» деген атпен шығады. Романның прологы «Қызыл таң» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінің 1935 жылғы 9-24 қазандағы сандарында басылады.
«Жолдастар» романы о баста үш кітапқа өлшеніп, пішілген. Отызыншы жылдары жарық көрген «Сатан», «Мардан» повестері осы кең жоспарлы ірі туындының алғашқысы. Жазушының үш кітапқа жоспарланған алғашқы романының бірінші кітабы «Пролог», «Бастау», «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты төрт бөлімнен тұрады. Роман - эпикалық сипатқа ие. Онда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жыл ақпан буржуазиялық революциясы, Ұлы Қазан революциясының бір өңірде жеңуі тәрізді апалаң-топалаң уақытты суреттеген шығарма. Шынайы, толыққанды реалистік романның бөлімдер, тіпті атаулары да ойлы оқырманын бей-жай қалдырмайды.
Роман «Пролог», «Бастау», «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты төрт бөлімнен тұрады. Онда 1910 жылдан 1937 жылға дейінгі қазақ халқының өмірі суреттелген. Романның алғашқы беттерінен бастап оқырман ауыл өмірімен және басты персонаждармен - Сатанмен, оның ағасы Тәжимен, олардың шешесі Сәтбаламен танысады. Шалматай, Шаяхмет және басқа дала мықтыларының бейнелері тың серпін беретін образдар ретінде шығармаға біртіндеп енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz