Деңгейлік саралап оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Шет тілі: екі шет тілі мамандығы 5В011900

Орал 2021 ж

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қорғауға жіберілді Каф.меңгерушісі
______ ________________ (қолы) (ТАӘ)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану

Шет тілі: екі шет тілі мамандығы 5В011900

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Орал 2021ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары,құрылымы және жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын ағылшын сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Деңгейлеп саралап оқыту мен саралап оқыту технологиясын ағылшын сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Екінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА ПƏНДЕРМЕН ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1 Ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі педагогикалық технологиялар арқылы оқытудың байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.2 Ағылшын тілі мен орыс тіліндегі педагогикалық технологиялар
арқылы оқытудың байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Үшінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 38 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге технология деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
Технология деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта педагогикалық технология ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен техника, технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде технология ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
Техника терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
Технологиятерминісолтəсілдержүй есі (ілім) дегенмағынаны білдіреді.
Технология түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда форма нем есе əдістеме түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың дəстүрлі технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер технология түсінігін ашпайды, сондықтан білімберутехнологиясы,педагог икалықтехнология,оқыту технологиясы терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде техно логия түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай д а педагогикалық технологияларсипатынайқындаушыкөпте гентерминдерұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқытутехнологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалы қ технология, оқу-оқыту технологиясы жəне тəрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мəні оқу технологиясы, тəрбие технологиясы ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықт арды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек, делінген.
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушы-ның педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.

Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары,құрылымы және жетістіктері

Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.

Педагогикалық технология аттары, авторы
Мақсаттары
Ынтымақтастық педагогикасы
-талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту; балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Білім берудегі ізгілендіру технологиясы.

Амонашвили Ш. А.
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.

Ойын арқылы оқыту технологиясы
- дидактикалық; - тəрбиелік;
- дамытушылық;
- əлеуметтендірушілік.
Проблемалық оқыту технологиясы
- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен əрекеттену
əдістерін меңгеру; танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамы-ту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов)
-білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы
(Лысенкова С. Н.)
- білім, білік, дағдынымеңгерту; - мемлекеттік стандарт
көлемінде білім беру;
-барлық баланы табысты оқыту.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
-оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
- əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
-оқытуды оқушылардың əртүрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скиннер, Н. Краудер, В. П. Беспалько)
-ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
-ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев)
- математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин)
-пəндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Өздігінен даму технологиясы

(М. Монтессори).
- барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту;
- балалардың математикаға де-ген қызығушылығын туғызу.
- балалардың бойында дарын-дыларды тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
- бала санасындағы нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.
Дамыта оқыту технологиясы

(С. Выготский,

Д. Б. Эльконин,

Л. В. Занков,

В. В. Давыдов)
- бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Белгілі психолог Выготский: Оқыту, білім беру, дамытудың алдындажүріпотыруыкерек. Дұрысұйымдастырылғаноқытуүдерісі ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады - дейді.
Өз кезінде Ж. Аймауытов ... Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер деп оқыту үнемі ізденіспен, жаңадан жаңаны жасайтын іс-əрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы - сабаққалайықтыəдіс-тəсілдердідұрыст аңдау. Сондықтанбастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік əдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады.
Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды Кім шапшаң?, Ойлан тап, т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педа-гогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық технология - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары; ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық,
əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.)
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Саралап оқыту технологиясының мәні
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
Пәндер