Бағалау критерийі
Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныптың математика пәні бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
Әлем күн сайын өзгеруде. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда.
Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі - бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс - мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болып тұр. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау өте маңызды.
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе де, барша әріптестеріме қашықтықтан оқытудан қашпауға кеңес беремін!
Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл - заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану - дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!
Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Оқытушы ұстаздарымыз интернеттік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.
Қашықтықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады. Қашықтықтан оқыту бұл оқытушының біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 247 режимінде білім алу мүмкіндігі.
Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім беру компьютерсіз және интернеттерсіз мүмкін емес. Оқушылардың көпшілігі қашықтықтан білім алуда дербес компьютер мен интернетті белсенді пайдаланып жатыр.
Қашықтықтан бастауыш сыныптарда оқытудың ерекшелігі оқытудың қол жетімділігі мен қашықтығы - оқушының өз үйінен немесе мектептен шықпай-ақ оқу орнынан алыстатылған оқу мүмкіндігі. Бұл заманауи ұстазға өмір бойы, арнайы іссапарсыз, демалыстарсыз, негізгі қызметпен қоса отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте назар аудара отырып оқыту кешке және демалыс күндері де оқытуға болады. Қашықтықтан білім берудің ерекшелігі интернет желісі бар жер шарының кез келген нүктесінде оқушыларға білім беру мүмкіншілігі.
Қашықтықтан оқыту қай пәннен болса да жеке сипатқа ие, неғұрлым икемді, білім алушы оқу қарқынын өзі анықтайды, жеке сабақтарға бірнеше рет қайтып келуі мүмкін, жеке бөлімдер мен т.б. тақырыптарды жіберіп алып, қалаған уақытында тапсырманы орындау мүмкіндігіне ие. Мұндай оқыту жүйесі оқушыны бастауыш сыныпта өз бетімен айналысуға және өз бетімен білім алуға мәжбүрлейді.
Бастауыш сыныптардың сабағында тәжірибе көрсеткендей, білім алушы қашықтықтан неғұрлым дербес, мобильді және жауапты болады. Бастауыш сынып ұстаздары мектеп қабырғасында отырып оқушыларға жаңа тақырып бойынша Bilimland.kz білім беру платформасының әзірлеген бейне сабақтарын жіберіп, тапсырмаларды daryn.online платформасы арқылы орындатқызуға болады.
Қашықтықтан оқыту оқушылардың барлығын бір уақытта оқытуға мүмкіндік беру, оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқытудың өнімділігі артады, қажет болған кезде оқуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту білім беру процесін шығармашылықта дамытып, білім алушының шығармашылық ой-өрісінің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сабақта оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артып, берілген тапсырмаларды, тест жұмыстарын қызыға орындауы байқалды.
Қашықтықтан оқытуды енгізу сынақ немесе емтихан тапсыру кезінде білім алушылардың яғни оқушылардың қорқынышын азайтады. Оқушылардың толқуы мен қорқуы кейбір сыныптастарына өз білімдерін толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бағалаудың субъективті факторы алынып тасталады. Топтың әсерімен немесе оқушының басқа пәндер бойынша үлгерімімен байланысты психологиялық әсері алынады. Оқушылар өткізілген тақырыпты өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындап, тапсыра алады. Қашықтықтан білім беру үшін мектептің интернет желісі жақсы жұмыс жасауы қажет. Ұстаз оқушыларын көрмесе де олармен ватсап желісі, теллеграм, zoom. бағдарламалары арқылы тікелей байланысқа шыға алады. Қашықтықтан оқытуды дамыту оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін қолдануды, оқытудың жаңа үлгілерін құруды талап етеді. Казіргі уақытта еліміздің барлық ұстаздары қашықтықтан білім беруді карантин жағдайына байланысты үйде, кейбіреулері мектепте жұмыс орнында іске асырып жатыр. Қашықтықтан оқыту қай пәннің ұстазы болмасын коммуникативтікті, жауапкершілікті, сауаттылықты талап етеді.
Бастауыш сыныптарды қашықтықтан оқыту дараландырылған, әр оқушы мен мұғалімнің жұмыс стиліне бейімделу мүмкіндігі, өз бетінше заманауи интернет технологиялары мен қашықтықтан оқытуды қолдану әр түрлі виртуалды кәсіби қауымдастықтарды (мысалы, мұғалімдер қоғамдастығын) оңай қалыптастыруға, мұғалімдермен өзара қарым-қатынас жасауға, мәселелерді талқылауға, жалпы міндеттерді шешуге, тәжірибе, ақпарат және т. б. алмасуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуды дамыту интернет технологиялардың дамуына және қашықтықтан оқыту әдістерін жетілдіруді талап етеді. Ұстаздардың алдында қашықтықтан оқыту бойынша үлкен жауапкершіліктер тұр. Қашықтықтан оқыту түрі дәстүрлі күндізгі біліммен салыстырғанда оқу курстарын қолжетімді ете отырып, білім берудің жаппай таралуына ықпал етеді. Ауылдық жерлерде тиісті техникалық мүмкіндіктер мен жақсы телекоммуникация арналары пайда болған кезде Қазақстанда қашықтықтан оқыту кең таралады. Елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін одан әрі дамыту барынша интерактивтілікті қамтамасыз етуді көздейді. Шын мәнінде, оқытушымен шынайы қарым - қатынас имитациясына қол жеткен кезде ғана оқыту толыққанды болып табылатыны құпия емес, - міне, оған ұмтылу керек. Виртуалды қарым-қатынас есебінен жеке контактінің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік беретін электрондық коммуникациялардың әртүрлі түрлерінің үйлесімін пайдалану қажет.
Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқыту сабақтарын одан әрі жетілдіру келесі факторлармен байланысты:
* Мультимедиалық-дыбысталған бейне - және слайд фильмдер, анимация, графика;
* Процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін қоса алғанда, қаныққан интерактивтілік;
* Аудио және бейне ағынын пайдалану;
* Бақылау және тест тапсырмаларының көптүрлілігі;
* Мультимедианың арқасында оңай сіңірілетін оқу материалының үлкен көлемі;
* Тыңдаушылардың өзара қарым-қатынасы.
* Курстарды жеткізудің аралас әдістерін қолдану: Интернет жүйелері, CD-ROM және т. б. бағдарламалар.
Қашықтықтан білім беру заманауи білімнің екі негізгі принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді - "Барлығына арналған Білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz