Графика өнерінің қалыптасуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Ә КУАТВЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Нурахман Гулмира Илдосқызы
Графика өнерінің
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
Шымкент 2020
Ф. 7. 07-05
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
МҰНАЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСТЕРІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
(ғылыми дәрежесі, А. Т. Ә. )
«___»20__ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Графика өнері
5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
Орындаған: Нурахман Г. И
Ғылыми жетекші
Ғылыми дәрежесі, атағы Абдураев Ж.
Шымкент 2020
Ф. 7. 07-06
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
академик ә. қуатбеков атындағы халықтыр достығы университеті
факультеті
мұнай және құрылыс өндірістері
5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Мұнай және құрылыс өндірістері
( кафедра атауы)
(а. т. ә. . каф. мең. )
«» 201_ж.
Тапсырма №___
Диплом жобаны орындауға арналған(жұмысын)
Нурахман Гулмира Илдосқызы Т107-16 __
(А. Т. Ә) (тобы)
Жобаның тақырыбы: Графика өнері
Университет бойынша «__» 20___ж. № ___бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаның өткізу мерзімі (жұмыстың)
Жобаны орындауға берілген мәліметтер(жұмысы) () дачи законченного проекта -
Диплом жобасында (жұмысында) жобалауға жататын сұрақтар тізімі() дачи законченного проекта -
диплом жобасындағы түсіндірме жазбаның мазмҰны
(диплом жұмысының мазмұны)
ГРАФИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ ТІЗІМІ (нақты міндетті сызбалардың көрсетілуімен)
ҰСЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
Тапсырма берілген күні ""201__ж.
Диплом жұмысының (жобаның)
Ғылыми жетекшісі Абдураев Ж.
(Аты-жөні) (қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент Нурахман Г. И
(қолы) (Аты-жөні)
Ф. 7. 07 - 07
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕ
Диплом жобасын (жұмыс) жазу
Студент (аты-жөні) Нурахман Гулмира Илдосқызы
тобы: Т107-16 мамандығы: 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу»
(шифр және атауы)
Диплом жұмысының тақырыбы: Графика өнері
№
п/п
Жобаның (жұмыстың) ғылыми жетекшісі Абдураев Ж.
(аты-жөні, қолы, тапсырма беру мерзімі)
Дипломшы Нурахман Гулмира Илдосқызы
(қолы, тапсырма алу мерзімі)
Мазмұны:
- Анотация . . . 13
- Кіріспе . . . 14
- Графика өнерінің қалыптасуы . . . 16
- Графика өнерінің дамуы . . . 20
- Графика өнерінің түрлері . . . 32
- Графика өнерінің Қазақстанға келуі . . . 37
- Графикалық тәсілмен бейнелеудің түрлері . . . 56
- Қорытынды . . . 77
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78
АННОТАЦИЯ
Бұл дипломдық жобада бейнелеу өнерінің саласы - графика өнері, оның қалыптасуы, түрлері және Қазақстанға келуі туралы айтылады. Сонымен қатар графика тәсілі арқылы сурет салудың әдістері де көрсетілген.
АННОТАЦИЯ
В этой дипломной работе рассматривается о разделе изобразительного исскуства - графический жанр, о его происхождении, виды и формирование в Казахстане. А также представлены методы рисование графического жанра.
ANNOTATION
In this thesis, the division of fine art is considered - the graphic genre, its origin, species and formation in Kazakhstan. Also, methods for drawing a graphic genre are presented.
Кіріспе
XX ғасырдың басында кеңес билігі мен социалистік қатынастың пайда болуы қарсаңында қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады. Графика Қазақстанда кеңінен тараған бейнелеу өнерінің алғашқы түрі болды, ал бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде ол Қазақстанда XX ғасырдың басында пайда болып дами бастады. 30 жылдардың басында пайда болған кескіндеме мектебінің ізденістерінің бағыты мен сипатын көпке дейін анықтап берген кескіндемешілер ұжымы қалыптасты. Ол кездері суретшіграфиктердің жұмысы кездейсоқ сипатта болып, олар газет бетіндегі мақалаларға иллюстрациялармен және этюдтермен бірге кескіндемелік жұмыстарға қосымша материал қызметін атқарған нобайлармен шектеліп отырды. Сол жылдардағы суретшілердің көптеген графикалық жұмыстары бірбірінен тек ерекше көркемдік сапасымен ғана ерекшеленбейді, олар жиірек сол кезді бейнелейтін құжат ретінде тарихи қызығушылықты ұсынады. Сол жылдары графикада реңдік шешім үстемдік құрып, басты назар сюжеттік қырына аударылды, өйткені оқиға туындының образдық сипаттылығын әлсірететін оның ішкі заңдылықтарына күрделі талдаусыз, суретшінің жеке қатынасынсыз бейнеленді. Жекедара интерпретацияның күші көптеген суретшілердің өмірді көруінің енжарлығымен төмендетіліп, ол өмірлік факторлардың механикалық тіркеуінің шынайылығын эстетикалық ұғуға алып келді. Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы ұлттық көркемөнер дамуының негізгі ықпалы болды. Ол 1904 жылы Алматы облысында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Балалық шағында шопан болды, 1928 жылы ТүркістанСібір (Түрксіб) темір жолында қара жұмысшы болып еңбек етті. Алғашқы жеке суреттері мен нобайлары осы жылдары пайда болды. Алматыға келген соң Қастеев суретші Н. Г. Хлудовтың жеке студиясына оқуға түседі. 1934 жылы Алматыда Қазақстанның халық арасындағы таланттарын іздестірудің слеті ұйымдастырылды. Қастеев осы слетке қатысушылардың бірі болды. Екі жыл бойы Қастеев Мәскеудегі Н. К. Крупская атындағы халық шығармашылығының үйінде оқыды. 1936 жылдың аяғынан бері Алматыда өмір сүріп қызмет атқарды. Халық өміріне жақындығы суретшіге біздің өнеріміздің алтын қорына енген шығармаларын дүниеге әкелуге мүмкіндік берді. Оның шығармашылығы тұтастай қазақ халқының тұрмысы мен өмірін бейнелеуге, сондайақ туған табиғаттың көріністеріне арналған. Қастеевтің ертедегі акварельдері мен суреттері көбінде иллюстрациялық, этнографиялық және бір сарынды сипатта болды. Бірақ суретшінің қолтаңбасы біртіндеп аздыкөпті ықшамды әрі мәнерлі, ал образдарылирикалы бола бастайды. Қастеевтің шығармаларында сюжеттердің нақтылығы мен дәйектер олардың баяндалуының керемет аңғырттығымен үйлеседі. Суретшінің көзі ең қарапайым нәрседен ерекше нәрсені көруге дейін қабілетті. “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала сауықтыру орталықтары екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі сауықтыру орталықтары, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан сауықтыру орталықтарында қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Қоғамның өндірістік идентификациясы ең алдымен адамның психофи-зикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталынады. Ғылыми-техникалық прогресс, урбандалу процесі, экологиялық дисбаланс прессингті нығайтады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді. Осы зерттеуде ОҚО тауларының демалыс, сауықтыру қызметтерінде қолданылу мәселелері мен туристік рекреациялық ресурстары, оның шаруашылығының туризм мен қоршаған орта сферасындағы қарым - қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі қоғамның даму этаптарының ерекшеліктерінің бірі болып қоршаған ортаның ластануының техногендік факторының өсуі болып табылады. Бұл қауіпті жағдайларда алдымен табиғи туристік ресурстардың дағдарысына әкеледі. Туризм өзінің басты ресурсы - табиғи ортаның үнемі сақталып және жақсарып отыруын қалайды. Сондықтан Қазақстан Республикасында сауықтыру шипа жайларын көбейту мәселесі алда тұр.
Графика өнерінің қалыптасуы
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. [1] Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho- жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т. б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репинсынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты. [2]
Емдік-сауықтыру мақсатындағы саяхаттардың тамыры өте тереңде жатыр. Сонау заманда ежелгі гректер мен римдіктер өздерінің денсаулықтарын жақсарту үшін ауа райы жайлы орындар мен сауықтыру көздерін пайдаланған. Курортты жерлерге тек қана науқас адамдар емес, сонымен бірге физфкалық күштерін қалпына келтіру мақсатында сау адамдар да келген. Ежелгі Грецияда Эпидавр және Кос, ал Римде Байи деп аталатын теңіз жағалауындағы курорттар әйгілі болған.
Уақыт өтіп жатты, бірақ саяхаттардың мақсаты өзгермей қала берді. Емдік қасиеті бар табиғат факторлары өзінің сұранысын жоғалтқан жоқ. Бірақ дем алу және көңіл көтеру мақсатындағы туризм түрімен салыстырғанда емдік туризммен айналысатын туристтер легі азшылықты құрады.
Емдік-сауықтыру орталықтарының ерекшеліктері. Емдік-сауықтыру орталықтары бірқатар айырмашылықтарға ие. Біріншіден, туристің сауықтыр орталығында болу ұзақтығы, белгілі бір себептерге байланыссыз, 3 аптадан кем болмауы тиіс. Тек осы уақыт аралығында ғана емделу мақсатымен келген тұлға қажет сауықтыру шараларын алады. Екіншіден, курорттарда емделу бағасы қымбат тұрады. Дегенмен қазіргі уақытта салыстырмалы түрде арзан сауықтыру орталықтары ұйымдастырылуда. Туристер арнайы емдеу үшін маманданған және денсаулықты нығайтуға арналған курорттардың бірін ғана таңдайды. Бұл таңдау олардың жеке мақсаттарына тікелей байланысты. Соңғы кездері емдік-сауықтыру орталықтарының экономикасы бірнеше өзгерістерді бастан кешуде. Дәстүрлі санаторий-курорттар емдеу орталықтарынан көпфункционалды сауықтыру орталықтарына айналуда. Құрылыстың тұлғасы: Шипажай кешені аумағындағы ландшафт негізінен өзара тығыз байланысты көгалдандырылған жеке учаскелерден: ғимарат алдындағы партер, ғимаратпен тікелей байланысатын алаң, альпинарий, өзені мен су айдыны және шаруашылық аймағы. Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата - бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған. Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері - ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады. Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл - түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет - журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар. Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады. Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші - иллюстрацияшылардың рөлі зор. Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады. Компьютерлік графика - графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.
Графика өнерінің дамуы
Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т. б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т. б. ) . Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”) . Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.
20 ғасырдың 20 - 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т. б. ) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б. В. Иогансон, А. А. Дейнека, С. В. Герасимов, А. А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум. -экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә. Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә. Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер - А. А. Риттих, Н. В. Соловьев, А. И. Бортников, Н. И. Крутильников, Л. П. Леонтьев, графиктер Г. А. Брылов, Б. А. Чекалин, Л. В. Гербановский, т. б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К. Я. Баранов, Риттих, А. И. Черкасский, И. Я. Иткинд, М. С. Лизогуб, т. б. табысты еңбек етті. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz