Ұршықпен жіп иіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М. Сужиков атындағы №6 орта мектебі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Ұршық өнерінің иірімдері
Бағыты: Этномәдениеттану
Орындаушы: Батырхан Үркер
Жетекшісі: Накипбаева Ажар Бақытқызы

Қызылорда қ, 2017 ж.

Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Қолөнер -- ұлттық құндылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Мал жүнінің пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Ұршық және жасалу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Ұршықпен жіп иіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4. Жіптен тоқылған бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..

Аннотация
Бұл жұмыс төрт түліктен алынатын жүн және оның қолдану аясымен қоса, жүнді иіретін ұршық туралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс деректі ұршықты ала отырып, онымен иірілген жіптен алынатын бұйымдардың адамға пайдасы туралы және оның қолдануы туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Ұршықпен иірілген табиғи таза өнім жүннен тоқылған бұйымдардың қасиеті мен адам өміріндегі маңыздылығы ерекшеленген.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту. Ұлттық қолөнердің асыл жауһары ұршықпен жіп иіруді қазіргі кезде де тиімді пайдаланып түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау
Зерттеудің міндеті: Ата-бабадан келе жатқан ұлттық дәстүрді сақтау. Қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдарын зерттеу. Ұршықты пайдалану жолын зерттеу. Ұршықпен иірілген жіптерден қандай бұйымдар жасауға болатынын білу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: . Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып, салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының құндылығы:
1. Ұлттық дәстүр, қолөнерді сақтау
2. Төрт түлік малдың жүнін қажетіне жарату арқылы, ысырапшылдыққа жол бермеу.
3. Ұршық иіргенде дене мүшелері қимылдап, қан айналымы артады, яғни адам денсаулығы үшін де пайдасы зор екенін білу
Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.

І. Кіріспе
1.1. Қолөнер ұлттық құндылық.
Ұлтымыздыңзор мәдениеті мен өнерінхалыққа паш ететін құндылықтардың бірі-қолөнері.Өнер - халық қазынасы. Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес.
Қазақ халқының ежелден күн - көрісі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болған. Ол сойсаң-азық, кисең киім,мінсең-көлік болып, елдің тіршілігінің тірегі болып табылған. Бұрыннан - ақ қазақтың амандасуы Мал-жан аман ба? деп басталған. Осыдан-ақ қазақ халқы үшін малдың маңызы мен қасиеті болғандығын түсінуге болады. Қазақ халқының өмірінде осы төрт түлік малдың жүні үлкен қызмет атқарады және оны пайдалануды мыңдаған жыл бұрын білген.
Жүннен тоқылған бұйымдар мықты , шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мал жүнінің пайдасы.
Мен өз жұмысымда төрт түлік малдан алынатын жүннің пайдасына тоқталғанды жөн көрдім.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданылатыны қой және түйе жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жалы мен құйрығы.
Жылқы-қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Жылқының жал құйрығын қыл деп атайды Жал құйрықты көбінесе арқан жіп есуге пайдаланған, қобызға таққан.
Түйе жүні өнеркәсіпте де, ел арасында да өте жоғары бағаланады. Бұл жүннен тоқылған бұйымдарға сұраныс көп. Өйткені, түйе жүнінен жасалған орамал, кеудеше суық өткізбейді, жеңіл,таза, жұмсақ.
Ешкі жүнін түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған. Одан шарф, шұлық, қолғап, шәлі, сияқты жеңіл, әрі жылы киімдер тоқыған.
Қой жүнінен жеңіл қалпақ байпақ, қолғап, кеудеше, шұлық, киім-кешектер жасалады.
2.2. Ұршық және жасалу жолы.
Осы төрт түлік малдан алынатын жүнді иіруге арналған құрал-ұршық деп аталады.
Ұршықтың басы қорғасыннан құйып, ағаштан, түйенің ортан жілігінің айдар басынан ойып, не тастан қашап жасалады. Ұршықтың салмағы жіпті үзіп кетпейтіндей болуы керек. Ұршық тым жеңіл болса, иірілген жіп ширыға береді. Сондықтан оның басының қалыпты салмағы болуы тиіс. Ұршық басының дәл ортасына тесік тесіліп, оған ұршықтың сабы өткізіледі. Сабын жұмырлап жонып, ұшын үшкірлейді.Сабы ұршық басынан 10-11 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иретілген ойық жол салынады.Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдерінеолит дәуірінен белгілі. Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды.

2.3.Ұршықпен жіп иіру.
Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.
Малдан қырқылып алынған жүнді алдымен кір сабынмен жуады, сосын салқын сумен шаяды.Жүнді пайдаланбас бұрын бірқатар дайындық жұмыстары жүргізіледі.Аршылған талдан, жыңғылдан немесе бұтақсыз жас талдың қабығын сыдырып кептіріп сабау таяқ дайындайды.Жүнді сабайтын жер тегіс әрі ыңғайлы болуы керек. Жүнді тулақ үстінде, аула ішінде сабайды. Сабар алдында жүн 2-3 сағат күн көзінде жатса тіпті жақсы. Әдетте тулақты айнала отырып 4 адам сабайды. Жүн үлбіреп көпсіп, біріккені жазылған сәтте сабауды тоқтатады. Енді оны түтіп майда қоқыстарынан тазартылып шүйкеленеді. Шүйкенің үлкендігі 200-300грамнан аспауы керек.Өйткені шүйкенің көлемі үлкен болса, ұршық иіргенде қол тез шаршайды. Ал иірілген жіп 500г болғанда, ұршықтан суырылып тасталуы керек. Себебі ұршық ауырлап кетсе, жіп үзіліп, қол байлау болады.Бұл әр домалақтағы жіп мөлшерін біліп отыру үшін де қажет.
2.4. Жіптен тоқылған бұйымдар
Жүннен иірілген жіптен тоқылған бұйымдардар несімен ерекшелінеді?
-Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі төрт түлік малдан алынған жүн.
- Қолдан тоқылған бұйымдардың дүкендердегі синтетикалық бұйымдардан әлдеқайда пайдалы.
- Бұйымдар қолдан тоқылған кезде тапсырыс берушінің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Көлемі, пішіні, өрнегі-барлығы тапсырыс бойынша жасалынады.
-Қолдан тоқылған бұйымдардың жасы үлкенге де , жас балаларға да ерекше сыйлық бола алады.

ІІІ. Қорытынды
Ұршық және одан иірілген жіптен тоқылған бұйымдар туралы материал жинақтай жүріп, сыныптың оқушылары арасында осыған байланысты сауалнама жүргіздім.
Сыныпта 26 оқушы бар. Барлығы 5 сұрақ.
1.Ұршықты білесің бе?
иә - 11; жоқ-15
2.Ұршықты ұстап көрдің бе?
иә - 3; жоқ-23
3. Ұршықтың денсаулыққа пайдасын білесің бе?
иә - 0, жоқ - 26;
4.Ұршықпен иірілген жіптен не жасайтынын білесің бе?
иә-10, жоқ -16.
5. Ұршық туралы қосымша білгілерің келе ме?
иә -26
Бұл сауалнамадан шығатын қорытынды оқушыларды ұршық туралы мәліметтер қызықтыратынын көреміз. Сондықтан мен өз жұмысым туралы сыныптастарымды таныстырдым. Олар қызыға тыңдады. Ұршық туралы мына өлеңді жаттап та алдық.
Ұршық
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда ескен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.
Ұршығым, сені қолға алам,
Ұршығым ұшқыр нар тайлақ.
Жез бұйдалы-желмаям,
Желмаям, желші нар тайлақ.

Ұ с ы н ы с:
1. Ұршықтың пайдасы, қолданылуы жөнінде оқушыларға түсінік берілсе
2. Мектепте ұршық иіру үйірмесі ашылса
3.Еңбек сабақтарында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тоқыма тоқу үйретілсе

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Шаңырақ үй тұрмыс энциклопедиясы Алматы,1989
2. Жүннен жасалатын бұйымджар Алматы Қайнар,1990
3. Қазақ халқының қолөнері Қ.Қасиманов Алматы,2003
4. Қазақстан мектебі №5-6 ,2007ж
5. Ғаламтор материалдары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі

Жолдас Фатима Меңдібекқызы
3 сынып оқушысы

Қазақтың қолөнер бұйымы - ұршық

Секция: Этномәдениеттану

Жетекші: Халенова Зоя Молдашқызы
І - санатты бастауыш сынып мұғалімі

Аққыстау
2015 жыл

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 3-сынып оқушысы
Жолдас Фатиманың Қазақтың қолөнер бұйымы-ұршық тақырыбындағы ғылыми жұмысына

АҢДАУХАТ
Зерттеу мақсаты:
Ұршықтың қалай, қашан пайда болғанын және қазіргі заманғы жіп иіру
станоктарының артықшылығын білу.

Зерттеудің міндеті:
1. Ұршықтың шығу тарихын тану.
2. Ұршықтың құрылысын, жұмыс жасау әдісін меңгеру.
3. Заманауи жіп иіру станоктарының маңыздылығын білу.

Зерттеу нысаны:
Ұршықты, қазіргі кездегі қолданылып жүрген жіп иіру станоктарын өзара салыстыру.
Зерттеу жаңалығы:
Халық өнері- асыл қазына екендігін, қолөнер бұйымы ұршықтың пайдасын.оның ежелден келе жатқан жіп иіру құралы екендігін дәлелдеу, насихаттау.

Зерттеудің болжамы:
Ұршық тек қана бұйым емес, ол - ұлттық бренд. Сонымен қатар ол жүйкені тыныштандыру, денені шынықтыру құралы.

Зерттеудің әдістері:
Негізгі әдіс-тәсілдері: мәліметтер жинақтау, баяндау, суреттеу, салыстыру.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Болашақ сана сезімін, ұлттық психологиясын ерте замандағы ата-бабаларымыздың салт дәстүрімен, қолөнерімен сабақтастыра тәрбиелеп,мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік аламыз

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жолдас Фатиманың Қазақтың қолөнер бұйымы - ұршық тақырыбындағы ғылыми жұмысына

П І К І Р

Жолдас Фатима- мектебіміздегі дарынды оқушылардың бірі. Зерттеу жұмысында оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.
Оқушының жеке қызығушылығы бойынша таңдаған тақырыбын жас ерекшелігіне сай аша білген.Оқушы өзіндік зерттеулер жасаған. Зерттеу кезінде Фатиманың жасы кішкентай болуы және ақпараттар іздеу кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан, ол алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз пікірін ашық айтуға, ойын еркін жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.
Болашақта тақырып аясын кеңейтіп,зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр. Мектепішілік байқауда үздік деп танылып,шығармашылық жоба аудандық кезеңге жолданды.

Мектеп директоры: Қ. Хамзин
Жетекші: З. Халенова
Бастауыш сынып мұғалімі

Мазмұны:

I Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері
2.2. Жіп иіру құралдары.
2.3. Жіп иіруді механикаландыру.
III. Қорытынды бөлім:
Халық өнері - асыл қазына.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шебердің қолы ортақ деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының "сегіз қырлы, бір сырлы" өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Қолөнер бұйымдарының бірі-ұршық. Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол -- мұрындық (сірге ағаш), басы мен саптан тұрады. Ағаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы), қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған ұршық басы дөңгелек немесе жарты шар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тігін жіптері. Жіпті иіру
Жіптер
Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау жайлы ақпарат
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері, бұйымдары
Кілем өнері
Қойдың жүнін қырқу
Балабақшада бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері
ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ
АҚ КӨГЕРШІН СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІК МОДЕЛЬДЕРІН АНЫҚТАУ
Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары
Пәндер