Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
І тарау. Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау мәселесі.
1.1.Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар. Компьютерлік желілерді оқыту мен пайдалану.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары
1.4.Желілердің программалық жабдықтары
Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған тапсырмалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер - құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді - Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады.
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Ең қарапайым желі (network-сеть) кем дегенде 2 компьютерден тұрады. Олар мәліметтерді бірігіп пайдалана алатындай кабель (бірнеше сымнан тұратын өткізгіш) арқылы жалғасқан. Барлық желілер күрделілігіне қарамастан бір-бірімен осы кабельдер арқылы жалғасады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер - құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады.
Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Яғни, компьютерлер тобының және басқа құрылғылардың бірігуі желілер деп аталады. Ал, біріккен және ортақ қолданылатын компьютерлердің қоры желілер арақатынасы деп аталады. Желіге қосылған компьютерлер келесі мүмкіндіктерді бірігіп пайдалана алады:
* Мәліметтер қорымен;
* Ақпараттар қорымен;
* Принтерлермен;
* Модемдермен;
* Басқа да құрылғылармен.

Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау мәселесі.
1.1. Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар
Білім беруде пайдаланылатын телекоммуникациялық құралдар, телекоммуникациялық желілерде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін білім берудің ақпараттар құралы болып табылады. Білім беру жұмысында телекоммуникация құралдары мен қорларды пайдалану, электрондық почта, телеконференция, жойылған қатынасты ақпаратқа қайта орнату сияқты қоғамдық телекоммуникациялық сервистерге енгізіліп отыр. Әлемдік, ресейлік және қазақстандық ақпараттық Интернет-қорлардың көптүрлілігі глобалды телекоммуникациялық желілердің аса үлкен ағартушылық қуат-күшке ие екендігінің айғағы. Педагогтар мен білім алушы шәкірттер үшін бірдей қажетті білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар саналатын гипермәтіндер ең жақсы технология. Ақпараттарды гипермәтіндік түрде түсінудің астарында айқындалған мәтіндік көріністердің бір түрінен екінші түріне ауысып отыру арқылы мәтінді дәстүрлі түрде ұғыну түсінігі жатыр. Осыдан келіп, гипермәтін немесе линейлі емес деп аталатын жүйе келіп шығады. Гипермәтіндік жүйені компьютерлендірудегі негізгі идея, гипермәтіндік мақалалардың сақталып отыруы мен олардың өзара алмасып отыруының қамтамасыз етілуі болып табылады. Алайда, гипермәтін әрқашан да компьютермен және сәйкес түрдегі авттоматтандыру технологияларымен тығыз байланысты болып отырады.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
Желілердің түрлері мен типтері
Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты - бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:
1. Жергілікті есептеуіш желісі - локальня вычислительная сеть (ЛВС) - Local Area Network (LAN);
2. Жалпы есептеуіш желісі - глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).
Жергілікті есептеуіш желілері
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.
Жалпы есептеуіш желілері
Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.
Ауқымды желілер - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.
Ауқымды желілер - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiзбен офистен шықпай-ақ, сонымен қатар Ирландияға, Австралияға және де басқа мемлекеттерге саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол қоры жинақталған. Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн, тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCPIP хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады. Соңғы жылдары Интернеттi зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады. Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер, технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып, барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар, каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.
Сервердің негізіндегі желілер
Біррангілі желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін біррангілі желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл - клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік график көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен
Аралас желілер
Біррангілік және сервер негізіндегі желілердің жақсы сапаларынан құрылған желілердің аралас түрі бар. Көптеген қолданушылардың айтуы бойынша осы аралас желілер жұмыс істеуде қазіргі талаптарды қанағаттандырады. Аралас желілер - желілердің кең тараған түрі.
Желілер топологиясы
Топология (topology) термині немесе желілер топологиясы компьютерлердің, кабельдер мен басқа да желі құрылғыларының физикалық үйлесуін (компоновка) білдіреді. Топология желілердің базалық схемасын суреттейтін стандартты термин. Сонымен қатар топология желідегі компьютерлердің қатынасын анықтайды. Бұл терминнен басқа желілердің физикалық үйлесуін білдіретін мынадай ұғымдар бар:
* Физикалық орналасу;
* Үйлесу;
* Диаграмма;
* Схема.
Барлық желілер үш базалық топология негізінде құрылады. Олар:
oo шина (шина - bus);
oo жұлдыз (звезда - star);
oo сақина (кольцо - ring).
Шина - бәсеңдеу (пассивный) топология. Яғни, мұнда компьютерлер желілер арқылы берілетін мәліметтерді жіберушіден алушыға қарай орналастырмай, тек тыңдайды. Сондықтан егер желіден (қатардан) компьютерлердің біреуі шығып кетсе, желілер жұмысы ілгері қайтарылмайды. Ал, белсенді (активный) топологияда компьютерлер сигналдарды реттеп, оны қайтадан желі бойынша жалғастырып жібереді.
Жұлдыз тәрізді топологияда барлық компьютерлер кабель сегменттерінің көмегімен ортақ құрылғы - концентраторға (hub) қосылады. Мәлімет берілетін компьютерден сигналдар концентратор арқылы басқаларына таратылады. Бұл топологияда желілерге қосылу компьютерлердің барлығына бірдей. Егер де ортақ құрылғы желіден шығып кетсе, онда барлық желінің жұмысы тоқтатылады. Ал, ортақ құрылғыдан бір ғана компьютер шығып кетсе, бұл жағдайда қалған компьютерлер өз жұмыстарын жалғастыра береді.
Сақина тәрізді топологияда компьютерлер кабельге дөңгеленіп (шоғырланып) орналасады. Сондықтанда кабельдің терминатор қоятын бос орны болмайды. Сигналдар бір бағытпен сақина бойында әр компьютерге беріліп отырады. Бұл топологияда егер бір компьютер желіден (қатардан) шықса, онда бүкіл желінің жұмысы тоқтатылады.
Аралас топологиялар
Қазіргі кезде компьютерлерді желіге қосуда аралас топологиялар кеңінен қолданылып жүр. Бұл топология шина , жұлдыз және сақина тәріздес топологиялардың кейбір орналасу тәртібімен бірігіп құрылған.
Жұлдыз - шина (star - bus) топологиясы шина мен жұлдыз топологиясының бірігуімен құрылған. Мұнда жұлдыз топологиясынан бірнеше желілер сызықтық шина магистралының көмегімен біріккен.
Жұлдыз - сақина (star - ring) топологиясының жұлдыз-шина топологиясына аздап ұқсастығы бар. Алдыңғы және осы топологияда да компьютерлер концентраторға қосылады. Екі топологияның айырмашылығы жұлдыз-шина топологиясында концентраторлар сызықтық шина магистралына бірігеді, ал жұлдыз-сақина топологиясында барлық концентраторлар жұлдыз тәрізді болып бас концентраторға біріккен. Сақина бас концентратордың ішінде іске асады.
Топологияны таңдау
Топологияны әрбір желі үшін олардың көптеген факторларына байланысты таңдау қажет. Төмендегі кесте топологияны таңдауда көмек тигізеді.

Топология түрі
Артықшылығы
Кемшілігі
Шина

Кабельді пайдалану тиімді. Тасымалдау ортасын пайдалану қиын емес және қымбат емес.
Қарапайым және сенімді, жеңіл кеңейеді.
График көлемінің өсуіне байланысты желілердің өткізу қабілеттілігі төмендейді. Кабельдің желіден шығып кетуі
көптеген қолданушылардың жұмысын тоқтатады.
Жұлдыз

Желіге жаңа компьютерлерді қосуда оңай орналастыруға болады. Ортақ тексеріліп және ортақ басқарылады. Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желінің жұмысына әсер етпейді.
Ортақ түйіннің қатардан шығуы барлық желіге кедергі болады.

Сақина
Барлық компьютерлердің кіру мүмкіндігі бірдей. Қолданушылардың саны мәліметтер қорына әсерін тигізбейді.

Бір компьютердің қатардан (желіден) шығуы бүкіл желіге әсерін тигізеді. Бір компьютер желісінің конфигурациясын өзгертуде барлық желінің жұмысын тоқтатуға тура келеді.

1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары
Қазіргі кезде қолданушылардың басым бөлімі компьютерлік желілерді қосу (біріктіру) үшін сымды, кабельді қолданады. Олар компьютер арасында сигналдарды тасымалдау ортасы ретінде қызмет атқарады. Кішкентайдан үлкен желілерге дейін барлығын қалыпты жұмыспен қамтамасыз ететін кабельдердің әртүрлі типтері бар. Бірақ практикада көптеген желілер кабельдердің негізгі үш тобын қолданады:
1. коаксиалды кабель (коаксиальный кабель- coaxial cable);
2. қосақталған сым (витая пара- twisted pair);
oo экрандалмаған (неэкранированная- unshielded);
oo экрандалған (экранированная- shielded);
3. оптикалық талшықталған кабель (оптоволоконный- fiber optic).
Коаксиалды кабель
Ең қарапайым коаксиалды кабель сыртқы қабығынан, мыс (core) сымдардан, изоляция және өткізгіш сымнан тұрады. Сонымен қатар, егер де кабель металл тоқыма қабығынан және өзінің фольгасынан тұрса, онда ол екі есе экрандалған кабель деп аталады. Қатты кедергі кезінде төрт есе экрандалған кабельді қолдануға болады. Ол екі қабат фольгадан және екі қабат металл тоқыма қабығынан тұрады. Кабельдің ішкі жағы резеңкеден, тефлон және пластиктен тұрады. Коаксиалды кабельдер кедергілерді жақсы ұстайды және қосақталған сымдарға қарағанда сигналдардың сөнуі аз кездеседі. Коаксиалды
кабельдердің екі типі бар:
1. Жіңішке (тонкий- thinner) коаксиалды кабель;
2. Жуан (толстый- thicknet) коаксиалды кабель.
Жіңішке коаксиалды кабель - диаметрі шамамен 0,5 см (0,25 дюйм) иілгіш кабель. Ол қолдануда оңай және практикада кез-келген желілер типіне сәйкес келеді. Компьютердің желілік адаптер (байланыстыру құрылғысы) тақшасына (плата) қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель сигналдарды 185 м (607 фут) арақашықтыққа дейін береді.
Жуан коаксиалды кабель - диаметрі шамамен 1 см (0,5 дюйм) қатты кабель. Кейде бұл кабельді Ethernet желілік архитектурасында алғаш қолданғандықтан стандартты Ethernet деп атайды. Жіңішке коаксиалды кабельге қарағанда бұл кабельдің мыс сымдары жуан. Мыс сымдары жуан болған сайын олардың сигналды беру арақашықтығы да үлкен болады. Жуан коаксиалды кабель сигналдарды 500 м (1640 фут) арақашықтыққа дейін бере алады. Сондықтан да жуан коаксиалды кабельді кейде бірнеше жіңішке коаксиалды кабельдерден құрылған желілер үшін тіреу кабелі ретінде қолданылады.
Коаксиалды кабельдің екі типінің айырмашылығы
Кабель жуан болған сайын оны орналастыру қиын болады. Жіңішке кабель иілгіш болғандықтан, оны орналастыру қиын емес және қымбатта болмайды. Ал, жуан кабельді июге қиын, сонымен қатар оны жөндеу де қиынға соғады. Жуан коаксиалды кабель жіңішке кабельге қарағанда қымбат және ол сигналдарды үлкен арақашықтыққа береді.
Қосақталған сым
Ең қарапайым қосақталған сым бұл бір-бірімен айналған екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Оның екі типі бар: экрандалмаған қосақталған сым және экрандалған қосақталған сым. Көптеген қосақталған сымдар бір ғана сақтау қапшығына орналасады. Мұндай кабельдерде олардың саны әртүрлі болуы мүмкін.
Экрандалмаған қосақталған сым жергілікті есептеу желісінде кеңінен қолданылады. Оның ұзындығы 100 м-ге (328 фут) дейін барады. Экрандалмаған қосақталған сым екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Кейде бұл сымдарды телефон желісінде де қолданады. Экрандалмаған қосақталған сым арнайы стандартпен анықталған - Electronic Industries Assocation and the Telecommunications Industries Assocation (EIATIA) 568 Commercial Building Wiring Standard. EIATIA 568 кабельдің түрлі кезеңдеріне мінездеме бере отырып, өнімдерінің бірқалыптылығына кепіл береді.
Экрандалған қосақталған сым экрандалмаған сымдарға қарағанда сигналдарды сақтауды қамтамасыз ететін мыс тоқыма қапшығынан тұрады. Сонымен қатар сымдар фольгамен қапталған. Яғни, экрандалған қосақталған сым кедергілерден сақталынып, мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.
Оптикалық талшықталған кабель
Оптикалық талшықталған кабельде сандық мәліметтер оптикалық талшық бойымен модульденген жарық импульс ретінде беріледі. Оптикалық талшықталған кабельдер үлкен мәліметтер көлемімен жоғары жылдамдықта жұмыс істеуге арналған. Өйткені мұндағы сигналдар сөнбейді және бұрмаланбайды. Оптикалық талшық - сыртқы қабығы бар, шыны қапшықпен қапталған өте жіңішке шыны цилиндр. Әрбір оптикалық талшық сигналдарды бір бағытпен береді, сондықтан да кабель екі жеке талшық коннекторынан тұрады. Олардың бірі - сигналдарды беругі, ал екіншісі - қабылдауға арналған. Кабельдің қатты болуы пластикпен және кевлар талшығымен қапталған. Кевлар талшықтары екі кабельдің арасында орналасып, пластикпен жалғасқан.
Сигналдардың берілуі
Кодталған сигналдарды кабель бойынша беруде екі технология қолданылады: модульденбей берілу және модульденіп берілу.
Модульденбеген (немодулированные- baseband) жүйелер мәліметтерді сандық сигналдар түрінде береді. Сигналдар дискреттік электрлік немесе жарық импульстік түрінде ұсынылады. Мұндай әдісте коммуникациялық каналдың барлық көлемі бір импульсты беруде қолданылады. Басқаша айтқанда, сандық сигнал кабельдің барлық өткізу жолағын қолданады.
Ал, модульденген (модулированные- broadband) жүйелер мәліметтерді аналогтік сигналдар түрінде береді. Сигналдар аналогтік (үзіліссіз) электромагниттік немесе жарық электромагниттік толқын ретінде кодталады. Егер де өткізу жолағы жеткілікті болса, онда бір кабельден бірнеше жүйелер өте алады.
Желілердің жұмыс істеуі, ол - мәліметтердің бір компьютерден екінші компьютерге берілуі. Желілік операциялық жүйесі осындай жұмыстарды орындауда процедураның қатаң терімділігіне сүйенеді. Бұл процедуралар хаттамалар немесе тәртіптің ережесі деп аталады. Стандартты хаттамалар әртүрлі мекемелердің бағдарламалық және аппараттық қатынастарын реттейді. Екі негізгі терімді (набор) стандарт бар. Олар: OSI желілік моделі және оның IEEE Project 802 деп аталатын модификациясы.
OSI моделi
International Standards Organization 1978 жылы бiркелкi емес құралдардың желiлiк архитектурасын сипаттайтын арнайы спецификациалық жиынды шығарды. Бұл құжат бiркелкi хаттамалармен және ақпаратты стандартты айырбастауда қолданылатын ашық жүйеге жатады. 1984 жылғы ұсыныс халық аралық стандартқа айналды. Көптеген шығарушылар желiлiк құралдарды шығаруда осы спецификацианы қолданады және әр түрлi желiлердi құруда негiз болып есептеледi.
Бұл модель - желiлер ортасын бейнелейтiн өте кеңейтiлген әдiс. Бұл көп деңгейлi жүйе бағдармалық және аппаратық қамтамасыздандыру байланыстарын және әр түрлi мәселелердi шешуге мүмкiндiк бередi.
OSI жүйелiк моделiнiң функциялары жетi деңгейге бөлiнедi. Әр деңгейге әр түрлi желiлiк операциялар, құрылғылар және хаттамалар сәйкес келедi. ОSI моделiнiң көп деңгейлi архитектурасы:
* Қолданбалы деңгей;
* Ұсынылатын деңгей;
* Сеанстық деңгей;
* Транспорттық деңгей;
* Желілік деңгей;
* Арналық деңгей;
* Физикалық деңгей.
Әр деңгейде анықталған белгiлi бiр желiлiк функциялар орындалады және олар көршi деңгейлермен қарым-қатынаста болады. (Жоғарғы және төменгi деңгейлер). Мысалы: сеанстық деңгей ұсынылатын деңгей және транспорттық деңгеймен қарым- қатынас жасауы қажет. Бiрiншi және екiншi - төменгi деңгейлер физикалық ортадағы берiлгендердi анықтаумен және сәйкес есептердi шығарумен айналысады. Жоғарғы деңгейлер байланыс қызметтерiне қосымшалардың енуiн анықтайды. Деңгейдiң жоғарлауына байланысты күрделi есептер шығарылады. Әрбiр деңгей басқа компьютерге желi арқылы берiлгендердi ұсыну және т.б. қызметтердi атқарады. Деңгейлер бiр-бiрiнен интерфейспен - шекара арқылы бөлiнедi. Бiр деңгейден екiншi деңгейге сұраныстар интерфейс арқылы өткiзiледi. Көрсетiлген деңгей өзiнен төменгi деңгейдi қолданады.
Қолданбалы деңгей
Қолданбалы ( APPLI CATION) деңгей - OSI моделiндегi ең жоғарғы деңгей. Ол арқылы желiлiк қызметтегi қолданбалы процестерге кiруге болады. Бұл деңгей мынандай қызметтердi көрсетедi: файлға берiлетiн ақпараттармен қамтамасыз етедi, деректер қоры мен электрондық почталарға кiру мүмкiндiгiн туғызады. Төмендегi деңгейлердiң барлығы қолданбалы деңгейде орындалады. Қолданбалы деңгей желiлерге қатынауды басқарады, байланыстар бұзылғанда қайтып қалпына келтiредi.
Ұсынылатын деңгей
Ұсынылатын (PRESENTATION) деңгей компьютерлiк желiлер арасындағы деректердi айырбастап отыру үшiн қолданылатын форматты анықтайды. Бұл деңгейдi аудармашы деп те атауға болады. Ұсынылатын деңгейде қолданбалы деңгейден келген мәлiметтер ортақ түсiнiктi аралық форматқа аударылады.
Сеанстық деңгей
Сеанстық (SESSION) деңгей әртүрлi компьютердегi екi қосымшаларды орналастыруға, қолдануға және аяқтауға мүмкiндiк бередi. Бұл деңгейде желiдегi екi қосымшаны байланыстыруда қорғау және олардың аттарын игеру сияқты функциялар жүргiзiледi. Сеанстық деңгей мәлiметтермен қолдануға берiлген топтағы бақылау нүктелерiнiң синхронизациясын қамтамасыз етедi. Қате болса тек қана берiлгендердi соңғы бақылау нүктесiнде жазу керек. Бұл деңгей берiлгендердi қай жерде, қашан, қашанға дейiн т.б орындау керектiгiн бақылайтын диолог және бiрлескен процестерден тұрады.
Транспорттық деңгей
Транспорттық (TRANSPORT) деңгей ақпараттарды қатесiз, өз кезегiнде жоғалмай және көшiрмесiз жеткiзуiне кепiлдiк бередi. Бұл деңгейде жiберушi компьютердiң хабарлары реттеледi: көлемдi хабарлар бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi, ал қысқасы бiр пакетке жиналады. Бұл пакеттердiң желi бойынша таралуын ұлғайтады. Транспорттық деңгей хабарлар ағымын басқарады, пакеттердiң қателерiн тексерiп, оларды жiберу және қабылдаудағы мәселелердi шешуге қатысады.
Желiлiк деңгей
Желiлiк (NETWORK) деңгей хабарлардың адрестерiне жауап бередi, функциялық адрестердiң аттарын және логикалық адрестердi аударады. Бiр сөзбен айтқанда желiлiк деңгейде жiберушi компьютер мен қабылдаушы компьютердiң маршруты анықталады. Бұл деңгейде желiлiк трафикпен байланысты буманы коммутациялау, маршрутизациялау және жүктеу сияқты мәселелер шешiледi, Егер желiлiк адаптер маршрутизациясы жiберушi компьютерден берiлген көлемдi мәлiметтер блогын жiбере алмаса, онда осы желiлiк деңгейде бұл блоктар кiшкене мөлшерге бөлiнедi. Ал қабылдаушы компьютер осы мәлiметтердi қалпына келтiрiп жинайды.
Арналық деңгей
Арналық (DATA LINK) деңгей берiлген мәлiметтер кадрын желiлiк деңгейiнен физикалық деңгейге өтуiн қамтамасыз етедi. Кадрлар - бұл берiлген мәлiметтердi тiркейтiн логикалық бiрлескен құрылым. Арналық деңгей физикалық деңгей арқылы компьютерлер арасында кадрлар берiлген кездегi нақтылықты қамтамасыз етедi.
Физикалық деңгей
Физикалық (PHYSICAL) деңгей - OSI моделiнiң соңғы деңгейi. Бұл деңгей толықтырылмаған биттердiң ағымын физикалық ортада берiлуiн айқындайды. Мұнда электрикалық, оптикалық, механикалық және функциялық интерфейстердi кабельмен айқындайды. Сонымен қатар физикалық деңгейде жоғарғы деңгейлерге түскен хабарлардың берiлу сигналдары қалыптасады. Физикалық деңгей - бұл бiр компьютерден екiншi компьютерге биттердi (нөлдiк және бiрлiк) жiберуге арналған. Бұл биттердiң мазмұны ешқандай мағына бермейдi. Ендеше физикалық деңгей желiлiк кабельмен берiлетiн биттердiң амалын құрады.
Драйверлер
Драйвер - бұл компьютердiң нақты құрылғысымен жұмыс iстететiн бағдарламалық жасау. Егер кейбiр құрылғылар компьютерге қосылса да, ол құрылғының драйверi орнатылмағандықтан операциялық жүйе қарым-қатынаста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Компьютерлік желілер жайында
Каналдар санын есептеу және тарату жүйесін таңдау
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Компьютерлік желілер түсінігі
Желілік топологияға шолу
Интернет желісі жайлы жалпы мәліметтер
Жергілікті желілер
Компьютерлік жүйелер негіздері (Cisco) оқу-әдістемелік кешен
Пәндер