Салық жеңілдіктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс-14
Тақырып-14. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ.

1. Қаржы жүйесінің мәні.
2. Мемлекеттік бюджет.
3. Салық жүйесі.
4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

97

Қаржы - бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланыстықатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:
- мемлекеттік бюджет,

- банктік және мемлекеттік несие,
- экономиканы тұрақтандыру қоры,
- зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,
- әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,
- валюталық қор,

- мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

- мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді. Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес)

- заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) - меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы - шаруашылық,еңбек қызметтерінің(жалақы,акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады,ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы - қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

- мемлекет және оның институттары,
- компаниялар, кәсіпорындар,
- үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу - мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа,әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

98

2. Реттеу - мемлекет экономиканы реттеуді салық салу,несие саясаты,әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру - кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылықынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау - бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрдетексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатыменмемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

- ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

- субсидиялар - мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

- сувенция - мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

- дотоция - зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.
Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

- Трансформациялық шығындар - тауар мен қызметтерге,яғни мемлекеттіңқаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

- Трансферттік шығындар - қайтарылмайтын,яғни тікелей мақсатқажұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан,

салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы

99

жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;
- ақша эмиссиясы;
- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;
- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;
- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;
- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;
- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз - белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналғанбюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз - бұл шетел мемлекеттеріне,мекемелеріне,азаматт арына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз - бұл осы мемлекеттің халқына төленетінқарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық - заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесідеп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі - заң бойынша салық төлеу міндетті адам.Бірақ,салықтыңауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі - салықтың есебі неге жүргізіледі(жалақы,пайда,құндықағаз дар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі - салық неден төленеді.
4. Салық ставкасы - салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.
5. Салық жеңілдіктері.

100

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген)немесе жұмылдыру қызметі.Салық түсімі арқылыалынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі.Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпыұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің жеңілдіктерінің жағдайын талдау
Салық төлегендегі жеңілдіктер
САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ. Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері
САЛЫҚ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық қызметі
САЛЫҚ САЛУ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер
Қазақстан Республикасының бюджет қазынасын толтырудағы салық жүйесі мен салық салу
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Пәндер