Ағылшын тіліндегі сыпайылық категориясының ерекшелігі
Ақтөреева Сабина Әділбекқызы
М1703-39
Диссертация тақырыбы: Ағылшын тіліндегі сыпайылық категориясының ерекшелігі.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I - Тарау: Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара
байланыстылығы мен семантикалық сипатына шолу
1.1. Сыпайылық ұғымының зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.2. Қаратпа сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара байланыстылығы мен
әлеуметтілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Сыпайылық пен қаратпа сөздердің семантикалығы ... ... ... ... ...
II - Тарау: Ағылшын, қазақ, орыс, тілдеріндегі сыпайылық
категориясының жалпы сипаттамасы
2.1. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.1. Тілдесім әрекетіндегі сыпайылық категориясы ... ... ... ... ... ...
2.2. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылықтың бейвербалды
қатынастар арқылы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының
өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...
КІРІСПЕ
Адам есейген сайын оның айналасындағы орта ұлғайып, кеңейе береді. Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынасқа толы. Оны саралап ой елегінен өткізсеңіздер, олар адамдардың әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс тұрыс, сөйлеу, киім кию тәртібіне, бір сөзбен айтқанда, әдеп, әсіресе сыпайылық ережелеріне келіп тіреледі.
Ал сыпайылықтың өзі - адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік қасиет.
Сыпайылық тілде адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын және олардың өзара достық қарым-қатынас орнатуына ұйытқы болатын арнаулы қызмет. Сонымен, қоғамның, ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалының сау-саламат болуына , сөз жоқ, септігін тигізіп отырады.
Жалпы сыпайы адам, өзінің басқа адамды жек көретінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқан сезімін де білдірмейді. Мұның өзі айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Ал, отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен-кішілі ұрыс-керістер мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қатал айтылған түпкі сөз екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Дөрекі де анайы ауыз сөз, дұт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие көрмеген, тас бауыр, пәс адамдардан шығатыны әмбеге аян."Бұлттан шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы" т.с.с. мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз. Ондай сөздер қоғам ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның да көңілін қалдырып, жанын күйзелтеді.
Төңіректегілерді ренжіту әдепсіздікпен, яғни дөрекілікпен шектелуі мүмкін. Сондықтан, біз тілдік қатынас құралын(сөзді) дұрыс қолдану жолдары мен сөйлеу мәдениетіне аса назар аударып, сөз етуді жөн көрдік.
Себебі, сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. қазақ халқының "жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады" деген тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін аңғартады.
Тек, өз ұлтымыздың сөйлеу мәдениетін зерттеумен шектеліп қана қоймай, өзге ұлт өкілдерінің де сөйлеу мәдениетін, яғни ағылшын, орыс тілдерін қазақ тілімен салыстырмалы түрде зерттеуді жөн көрдік. Себебі, ұлттық мәдениеттің қалыптасуына этнос тілі үлкен рөл атқарады. Әр халық өзінің әлемдік суретін ұлт тілі негізінде қалыптастырады. Осыған байланысты, кей жағдайда адамдардың бірін-бірі түсінуі қиынға соғады. Сондықтан, сөйлеу мәдениетінің құрамды бөліктерінің бірі болып саналатын ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін салыстырмалы түрде зерттеп, олардың лексика-семантикалық тобын анықтауды жөн көрдік.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі: Алдымен, тілдегі сыпайылық пен қаратпа сөздерді жан-жақты қарастыру, олардың қазіргі таңдағы өзекті мәселелерімен ұштасып жатуынан көрінеді. Екішіден, гетерогенді тілдердің сыпайылық мағыналы қаратпалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салғастырмалы тұрғыда зерттеумен сипатталады. Жұмыста салғастырмалы тіл білімінде (контрастивтік лингвистика) арнайы зерттеу нысаны болмаған қазақ және ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясы қарастырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясын, олардың байланыс түрлерін және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салғастыра отырып анықтау. Осыған байланысты, зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- әр түрлі тілдердегі лексика-семантикалық, грамматикалық, прагматикалық, фонетикалық т.б. зерттеулердің жетістіктеріне сүйене отырып, зерттеуде басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу;
- қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздеріндегі сыпайылық категориясының құрамы мен құрылымын сипаттау;
- қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясының байланыс түрлерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
Зерттеу жұмысының нысанына: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясы алынды.
Зерттеу жұмысының пәні: қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясындағы лексика-семантикалық, грамматикалық, прагматикалық, фонетикалық т.б. байланыстар.
Зерттеу жұмысының әдістері: жұмыста салғастырмалы, контрастивті, компоненттік талдау, халықпен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, бақылау, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, сипаттау, сөздіктерді, әдеби туындыларды, информанттардың (тыңдаушылардың) жауаптарын тыңдау т.б. әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздемесі: тілдегі сыпайылық пен сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін зерттеуге (Сыздыкова Р.С; Формановская Н.И; Уалиев Н; Қобланова А; Brown P., Levіnson S; Leech G; Lacoff R; Сейсенова А; Телқозыұлы С т.б.), сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерін салыстырмалы (салғастырмалы) түрде зерттеуге (Бодуэн де Куртенэ ; Аракин В.Д; Ярцева В.И; Гак В.Г; Сұлейменова Э.Д; Ахметжанова З.К; Конилов т.б.), сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің сыпайылық категориясын (грамматикалық, лексикалық, фонетикалық т.б. ерекшеліктерін) анықтауға (Томаева Б.Ғ; Алпатов В.М, Кузьменкова Ю.Б. т.б.), ағылшын, қазақ және орыс ұлттарындағы сыпайылықтың бейвербалды қатынастар арқылы көрініс табуын анықтауға (Оразбаев К; Оразбаева Ф; Асылов Ұ; Ибрагимова Ж; Пиз А; Бейсенова С.Б; Еламанов Қ; Тумаркин, П. С т.б.) авторлардың еңбектері негіз болды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Алпатов В.И. Категории вежливости в современном японском языке. М, 1973; Сейсенова А. Сыпайылық категориясы Алматы, Қазақ тілші мен әдебиеті. №12. 1996; Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. Алматы, 1993; Телқозұлы С. Қазақ тілінің ресми және сыпайылық қаратпа сөздері. Алматы, Қазақ тілі мен әдебиеті. №7 2001; Brown P, Levіnson S. Polіteness phenomena. Cambrіdge, 1978 №8.; Leech G. Prіncіples of pragmatіcs. London and New York, 1983; Lacoff R. The logіc of polіteness. Chіcago,1973; Томаева Б.Ғ. Қазақ тілінің сый-құрмет мағыналы сөздердің лексика-семантикалық тобы. Алматы, 2000; Формановская Н.И., Шевцова С.В. Речевой этикет. Русско-английские соответствия. М., 1990; (Формановская Н.И. Вы сказали "Зравствуйте!". М., 1987; Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. М., 1989 т.б.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздеріндегі сыпайылық категориясының өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, оларды ғылыми тұрғыдан толығымен түсінуге үлесін қосады. Бұл жұмыс әр түрлі тілдердегі сыпайылық категориясын салғастырмалы бағытта қарастыратын кейінгі зерттеулерге теориялық-әдістанымдық бола алады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен материалдары жоғары мектептерде қазақ, ағылшын, орыс әдебіне, сөз әдебіне арналған арнаулы курс жүргізуде, гимназия, лицей оқушыларына білім және тәлім-тәрбие беруде, дипломаттар дайындайтын оқу саласында, түрлі анықтамалар жасауда (қазақ, ағылшын, орыс сөз әдебінің үш тілді, көп тілді сөздіктерін құрастыруда) қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы : Жұмыста қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі сыпайылық мағыналы қаратпа сөздерінің лексика-семантикалық, прагматикалық, грамматикалық, фонетикалық байланыс түрлері алғаш рет салғастырмалы тұрғыда қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері: Салғастырмалы тіл білімінде алғаш рет зерттеліп отырған бұл мәселе осы зерттеуде арнайы ғылыми мақалалар, диссертация дәрежесінде шешімін тапты. Ғылыми зерттеуде сыпайылық категориясына ғылыми-теориялық сипаттама берілді. Сыпайылық категориясының тілдегі қолданылу белсенділігі, тілде атқаратын қызметі анықталды. Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық құрамына ғылыми тұжырым жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жұмыстың көлемі- (белгісіз) бетті қамтып, кіріспеден, Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара байланыстылығы мен семантикалық сипатына шолу, Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі сыпайылық категориясының жалпы сипаттамасы. атты екі тараудан (әр тарау төрт бөлімнен), қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді.
I-Тарау: Сыпайылық пен қаратпа сөздердің өзара

Сыпайылық ұғымының зерттелуі
Әдетте, жұртшылықтың біразы сыпайылық дегенді коммуниканттың мәдениетті сөйлеуі деп түсінеді. Шындығында, бұл түсінік - сыпайылықтың тар мағынасы. Ал, сыпайылықты кеңірек мағынада былайша түсінуге болады: Әдептілік мәні бар көптеген тілдік амал-тәсілдердің ішінен (қарым-қатынас формулаларын, клишелерін). Әріптесінің әлеуметтік мәртебесінен, өзінің әлеуметтік роліне, қарым-қатынас типіне, қарым-қатынас қолайына лайықтысын талғай алуын, белгілі бір әлеуметтік жіктің, ортаның, топтың өкілі ретінде соларға тән тілдік белгілерді қолдана білуін, өзінің тыңдаушы, я болмаса сөйлеуші ретіндегі комммуникативтік ролін дұрыс атқара алуын, әрі мәдениеттілік танытуын коммуниканттың сыпайылығы деп айтуға болады.
Коммуниканттың сыпайылығы моральды-этикалық ұғыммен астасып жатады. Жасы үлкен адамға төрден орын беру, жасы үлкен адамның алдына түсіп сөйлемеу (Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без деген қағида), жасы үлкен адамға алдымен барып сәлем беру, оның алдымен кесе-көлденең өтпей жол беру т.б. вербалды және бейвербалды әрекеттерге қазақ қауымында қатаң көңіл бөлінеді. Біз бұл жерде сыпайылық танытудың барлық жағдайларына емес, тез зерттеу объектімізге қатысты болғандықтан, оның вербалды түріне, яғни сыпайылық білдіруіміздің басты-басты тілдік төгершіктеріне ғана тоқталмақпыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сыпайылық деген сөзге:
1) Адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік.
2) Адамға тән қарапайымдылық, айла-шарғы, қулығы жоқ, кеңпейілділік. деген анықтама берілген.
Адамға тән қарапайымдылық, айла-шарғы, қулығы жоқ кеңпейілділікдеген екінші анықтаманың сыпайылық деген ұғымның мағынасын ашуға қатысы жоқ. Өйткені айласы, қулығы жоқ, бірақ батырды сыпайы, қыз мінезді деуге болмайды. Ал, сыпайылық деген сөздің мағынасын ізеттілік, инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік деген синонимдермен ашу біршама дұрыс сияқты. Бұл - бір жағынан сөздің күнделікті өмірде қолданылатын мағынасы. Екінші жағынан, сыпайылық - этикалық ұғымды білдіреді, яғни этикеттік термин. Оның терминдік мағынасын күнделікті өмірде қолданылатын мағынасынан басқашалау болады. Біздіңше, бұл атаудың терминдік мағынасын былайша көрсетуге болады: Сыпайылық - екінші жақтың (адресаттың) әлеуметтік мәртебесін өзінің әлеуметтік мәртебесінен төмендетпеушілік. Кішіпейілділік деген сөздің күнделікті тіл жұмсауымызда сыпайылық дегенмен синонимдік қатарда қолдана береміз. Біздің байқауымызша, сыпайылық пен кішіпейілділіктің терминдік мағынада айырма бар. Салыстырып көріңіз кішіпейілділік - екінші жақтың (адресаттың)әлеуметтік мәртебесін өзінің әлеуметтік мәртебесінен сәл де болса жоғары қоюшылық. Басқаша айтқанда, сыпайылық танытқан адам, әлеуметтік мәртебесі жоғары болса да, оны әдейі төмендетіп, өзін әріптесімен бір қатарда ұстауға тырысады, кішіпейілділік танытқан адам өзінің әлеуметтік мәртебесін әріптесінен сәл де болса төмендетіп көрсетуге тырысады.
Сыпайылық - философилық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы орныққан тәртіпке сәкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ережелері. Адам - қоғамның жамісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелерімен, әлеуметтік ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы сыпайылық арқылы реттеліп отырады. Бұлайша орныққан сыпайылықтың тілдік жағы да, тілдік емес жағы да бар. Мысалы, жасы кішінің жасы үлкен адамға жол беруі, әскери адамдардың өзара сәлемдесуі, тағзым етуі т.б. сыпайылықтың тілдік емес жағына жатады. Ал сыпайылықтың тілдік құралдар, тілдік амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатын да түрі бар. Яғни, сыпайылық (тілдегі) деген ұғым тек мәдениетті сөйлеуайтуға ұят мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б. деген мағынада емес, адамдар арасында қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылытын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.
Сыпайылық жалпы алғанда адамдар (коммуниканттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады.
Міне бұларды, бір сөзбен айтқанда сыпайылықтың қызметі деп атауға да болады.
Сыпайылық әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды.
Ал жалпы тілдің ең басты қызметі - қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі.
Сыпайылық - негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады.
Зерттеу барысында сыпайылықтың мынадай негізгі қызметтері айқындалады:
1) Макрожүйе ретінде тілдің де, микрожүйе ретіндегі сыпайылықтың да байланысты қызметі (контактная функция) - ғылыми әдебиеттер (Л.А.Киселева, Н.И.Формановская т.б.) барынша талданып, кейіннен сөз болған мәселе Л.А.Киселева бұл орайда былай деп жазды:
Под термином контактная функция предлагается понимать предназначенность языковых средств для установления и подддержания социально-массового и индивидуального контакта, в известной мере определяющего поведение адресата. Под контактом здесь понимается установление, сохранение и укрепление поддержания связи и отношений индивидуальных или слциально-массовых в малых и болших социальных, многообразных, но сводимых в некоторые типы, среди которых наиболее отчетливо выделяются такие полярные разновидности:
а) Установление, сохранение и укрепление дружеских
отношении.
б) Установление и поддержание официально-вежливых
отношении..
2) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі - мәдениеттілікті білдіру функциясы (конативная функция) бұл коллектив мүшелерінің адресат пен адресанттың арасындағы сыпайылықты сақтау, сол арқылы қарым-қатынасты жалғастыру міндетін атқарады. Қазақ сөз этикетінде сыпайылықты білдіру екі ыңғайда көрініс табады:
а) Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз(мен), өзіңіз т.б. есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін арнаулы мағыналар;
б) Кешіріңіз, мүмкін болса, айыпетпесеңіз, қалауыңыз білсін т.б. этикеттік оралымдардың орнымен қолданылуы. Бұлардың әрқайсысының нақты жағдайға байланысты және кімдердің арасында қарым-қатынас жасалғанына орай қолданылатын орны, жүесі бар.
3) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі - реттеуіш қызметі (регулятивная функция). Адресат пен адресант аралығындағы қарым-қатынастың типтерін (үлкен-кішілі, бастық-бағынышты, ресми-бейресми, т.б.) айқындайды. Бұл орайда, қазақ тілі - ең бір қаратпа жүйесі дамыған, әр алуандығымен көзге түсетін тілдердің бірі. Олар туыстық қарым-қатынасқа таныс-бейтанысқа түрлі әлеуметтік жік пен ресми - бейресмилік жағдайда байланысты құбылып отырады.
Әкем, ағай, көке т.б. туыстық қарапалар немесе Мәке, Сәке, Жәке секілді қысқартулар не болмаса академик марғұлан, профессор Қ.Жұбанов, полковник Б. Момышұлы секілді дәреже-лауазымдарды білдіру арқылы адресат пен адресаттың арасындағы қарым-қатынас реттеліп отырады.
4) Тілдесу тонын айқындауға сезім-күйді білдіру қызметі басты роль атқарады. Оны көргеніме қуаныштымын, жақсы келдің, іске сәт-секілді арнайы формулалары мен түрлі тілекті білдіретін (Көгенің қазылы болсын!, Диқан дарысын т.б.) арнаулы штамптары бар. Әсіресе кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту, өтініш тәрізді сыпайылық түрінде сезім күйді білдіру функциясы өте айқын көрінеді.
Міне осы функциялардың жиынтығы. Яғни, олардың көріну түрлері мен амал-тәсілдері сыпайылықты құрайды.
1.2. Қаратпа сөздер
Қаратпа сөздерге қатысты көптеген мәселердің ішінде ең негізгі оның ережесі болу керек. Осы күнгі оқулық, жеке диссертациялық жұмыстардың біразында, оқшау сөздерге анықтама береді де, оның жеке бөлімдеріне ондай ереже бермей-ақ негізгі қасиеттерін берумен шектеледі. Ал қаратпа сөздер туралы да бірнеше авторлар ереже берсе кейбір типті қаратпа жөнінде диссертация жазған.
М. Бимағамбетов ол жағын ескермейді. Міне біз қаратпа сөздер туралы ережелер жиынтығын бере келіп, қаратпа сөздер туралы қай жағы тиімді, кейде ойланатын жайларына да назар аударуды жөн көрдік.
С.Аманжолов: Сөйлемдегі ой қаратылып, арналып айтылған сөзді қаратпа дейміз.
Аманжолов С., Әбілқаев А: Айтайын деген сөзімізге бір ия бірнеше адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа дейміз.
М. Балақаев: Айтылған ойдың кімге арналғанын бідіру үшін, оған басқаның көңілін аудару үшін жұмсалатын оқшау сөздерді қаратпа дейді.
Р.Сыздықова: Белгілі бір ойға қаратыла айтылған адамның (кейде жансыз заттың)назарын аудару үшін арналған сөзді немесе сөз тіркесін қаратпа дейміз.
Г.Әбуханов: Сөйлемдегі айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын білдіру үшін оған өзге адамдардың көңілін аудару үшін қолданылатын оқшау ойынша мына мәселер қаратпаның ережесі үшін басшылыққа алынуы тиіс.
Біріншіден, қаратпа үшін ойдың, назардың біреуге қаралып айтылуы керек. Осы жағынан келгенде ол үшін мынадай тіркестер пайдаланылады:
Сөйлемдегі ой қаратылып;
Айтайын деген сөзімізге назарын аудару;
Белгілі бір ойға қаратыла айтылған;
Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығын;
Айтылған ойдың кімге арналғанын
сияқты бірнеше вариантпен берудің қайсысы қаратпа үшін ең негізгісі. Сонда пайдаланып отырған сөздердің ішінен ойдың қарылуы немесе назарың аударылуының негізгісі, біздіңше біреудің назарын аудару ой сөзіне қарағанда мағынасы айқындау сияқты.
Екіншіден, кішінің назарын қайда қаратылуы жөнінде де ойлану керек сияқты. Өйткені:
Айтайын деген сөзіміге;
Кімге арналғанын;
Бір ойға қаратыла айтылған;
Айтылған ойдың кімге, неге айтылғандығы сияқты
әр түрлі айтылады. Мысалы: Ей Асан сен бері қарашы - дегенде негізінен Асан және сен сөзі негізгі объекті болуы тиіс.
Үшіншіден, барлық ережелерде қанша адамның назарын аудару туралы сөз болмайды да, тек С. Аманжолов, А.Әбілқаевтардың мектеп грамматикасында ғана айтайын деген сөзімізге бір я бінеше адамның деп олардың сандық көлеміне де назар аударылады.
Қаратпа сөздердің жасалуы көбіне дара сөздер арқылы өте мол. Ал олардың сөз тікесі, сөйлемдік түрлері де бар болғанымен, олардың жеке сөз түріндегі түрлеріне қарағанда аз. Сонда олардың сөз тіркесімен сөйлемдік түрлеріне сандық құбылыс ойша сөз бола бермесе керек. Ал жеке сөздерді қаратпалардың өзі дара, көптік жалғауы арқылы да келе бергенімен, олардан бірнеше қасиеттерді айту қиындау. Ал қаратпалардың қолданылуында Р.Сыздықова көрсеткеніндей Кәкітай, Дәрмен, Мағаш! Мұнда келіңдер - сөйлеміндегі бірнеше адам айтылғаныме, оларда көптік мән болғанымен, бірыңғай қолданылған ғой. Әрқайсысы жеке-жеке айтылуы тиіс. Бұлайша бірнеше есімнің бір қаратпа ретінде келуі сирек те. Сондықтан да бір не бірнеше адамның демей ақ басқаның назарын аудару үшін деп айту орынды болар еді.
Төртіншіден, қаратылатын сөз, сөз тіркесі деп қана айту жөн болар деп білеміз. Өйткені, сөйлемдік деп айту қаратпаның ой түрінің әлі біріншіден, толық қалыптаса қоймағандығын ондай қаратпаларда таза сөйлемдік қасиеттер басшылыққа алыну керек. Екіншіден, ондай түрге қатысты әзірше көлем жағынан да өте аз. Сондықтан сөзді, сөз тіркесі деп алу барынша орынды. Үшіншіден, тек Р.Сыздықованың ережесінде ғана жанды, жансыз заттың деп арнайы көрсетілсе, ал басқаларында олай нақтыланбайды. Бірақ, М. Балақаев, Р.Әміров т.б. еңбектерінде жансыз (домбыра, Қаскелең) т.б. қаратпалар айтылуы кездеседі. Оның үстіне кейде, оған қатысатын заттарды Кім? сұрау мен Неге? сұрауы да қоса алынуы сол мәселелерді толық қамтиды ғой деп білеміз. Осыған байланысты заттарды жанды, жансыз деп бөлмей-ақ, заттардың деп беру де дұрыс демекпіз.
Осы сияқты бес ерекшелік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz