Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесі. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Орындаған : Курбанова Феруза

Тобы:ИН-911К3а

Қабылдаған: Утеева Гулзина

Жоспар

  1. Педагогика тәрбие туралы ғылым.
  2. Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.
  3. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
  4. Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіңде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүиесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX - XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелшігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.

Педагогика ол ағзаның материалды - энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И. П. Павлов, П. К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаньщ әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен (элеуметтанумен) жан-жакты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т. б. ) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т. б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіңдіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл -мәселенің бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия жөне оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т. б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т. б. таралады.

Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойьшша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р. Г. Гурова педагогиканың баска ғылымдармен өзара байланысы қаңдай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда альшған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері
Педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері:

«Педагогика» оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді. Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген. Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды жүйелеуге мүмкіндік берді.
Педагогиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады (жалпы және жеке) . Әдістеменің жалпы бөліміне педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық негіздері кіреді.
Әдістеме қолданбалы дидактика ретінде қарастырылған кезеңде, әдіснаманы жасап шығаруға қажеттілік болмады, себебі мұндай түрде дидактика әдіснама ретінде саналған еді. Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз. Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдіснама жайлы сұрақтар тура қойылмаған, алайда олардың авторлары әдіснамаға әдістеменің нысаны мен пәнін, арнайы ғылыми саламен дидактикамен, философиямен, психологиямен байланысын жатқызады. Зерттеушілер әдіснамалық негіз ретінде философиялық және педагогикалық концепциялар мен теорияларды, оқытушылардың, психологтар мен әдіскерлердің еңбектерін санайды. Осыдан оқу пәнінің әдістемелік әдіснамасы деп нені түсінеміз деген сұрақ туындайды.
Ғылым әдіснамасының жалпы сипатына қысқаша тоқталсақ. Анықтамалық әдебиеттерде әдіснама танымның ғылыми әдісі ретінде; теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерін зерттейтін ілім ретінде; ғылымдарда қолданылатын әдістердің үйлесімділігі ретінде анықталады [13, 118-бет] .
Философияда әдіснаманың мазмұнына біртұтас көзқарас қалыптаспаған. Оны көп жағдайда белгілі саладағы іс-әрекеттің қисындық ұйымдастыруына, әдістері мен құралдарына жатқызады [2, 108-бет] .
Әдіснаманың философиялық және арнайы-ғылыми деңгейлері бар. Осы деңгейлерді педагогиканы оқыту әдістемесіне қатысты қарастырамыз.
Әдіснаманың жоғарғы деңгейі - философия. Педагогиканы оқыту әдістемесіне келсек, кеңес кезінде философиялық негіз ретінде сөзсіз материалистік диалектика танылды. Қазіргі уақытта педагогиканы оқыту әдістемесінің көптеген әдіснамалық жағдайы қайтадан қарастырылып отыр. Алайда, көптеген ғалымдар қазіргі кездегі амалдардың көптүрлілігіне қарамастан, бұрынғыдай әдістеменің философиялық негізі ретінде диалектиканы есептейді. Олар келесі көзқарасты ұстанады: диалектиканың жағдайы жалпылама болып табылады, сондықтан да тәрбие, оқыту, педагогикалық жүйе құбылыстарына қолданылады. Сондықтан философиялық теориялардың маңызды негіздерін еске түсіргеніміз жөн, өйткені педагогиканы оқыту әдістемесі тұрақты түрде онымен байланысты болады.
Философияда ғылымның белгілері болып идеялар, принциптер, заңдар, заңдылықтар, ұғымдар, категориялар саналады. Бұл белгілердің мазмұндық жағы педагогиканы оқыту әдістемесінде ерекше. Материалистік диалектиканың басты идеялары ішінен детерминизм, құбылыстар мен дамудың өзара жалпы байланысы принциптерін ерекшелейік.
Әлеуметтік және көптеген күрделі құбылыстар, яғни жалпылама педагогикалық үдеріс пен оны құрайтын қосалқы үдерістер (оқыту мен тәрбие) педагогиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын даму қағидасы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық үдерісті құраушылар өзара байланысты және өзара әрекеттеседі, мысалы, қоғамның сұранысы мен оқытудың, тәрбиенің мақсаттары, педагог пен оқушы, оқытылатын материал мен ақпаратты алу, беру әдістері, оқытушы қадағалауымен жүргізілетін сабақ пен оқушының өзіндік жеке дайындалуы, оқу және тәрбиелік жұмыстар және т. б.
Педагогиканы оқыту үдерісіндегі даму жайлы айтсақ, кешегі мектептің оқушысы студент болып, оқу жылының аяғында таңдалған мамандығына деген тұрақты және оң уәжі болып, педагогикалық мәселелерді шешу мен талдауға қажетті нақты білім жүйесіне иеленеді. Ал балалармен бірге жұмыс істеу қажеттілігі, педагогикалық мәселелерді шығармашылық түрде шешуге тырысу, педагогикалық ойлау қабілетін иелену сияқты басқа сипаттық өзгерістер 3-4 курстарда педагогикалық іс-тәжірибеден өту кезінде байқалады. Соның бәрі даму қағидасымен анықталады.
Педагогиканы оқыту әдістемесінде ұдайы қарама-қайшылықтармен күрес және тұтастық заңы көрініс табады. Осыдан қарама-қайшылық туралы сұрақ туындайды. Қарама-қайшылықтар дегеніміз бір-бірін жоққа шығаратын кереғарлықтар бірлігі. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеттесуінде кереғарлықтың жүргізу күші тұр. «Кереғарлық барлық қозғалыс пен өміршеңдіктің тамыры», - деп Г. Гегель жазған
Қарама-қайшылықтың күресі мен біртұтастық заңдарының қызметін кеңес педагогы М. А. Данилов 1969 ж. дәлелдеп, келесі маңызды қорытындыны жасады: «Оқу үдерісінің қозғаушы күші - оқушылардың ақыл-ойы мен икемділігінің, білімінің даму деңгейі мен оқыту кезінде алдыға қойылатын оқу және практикалық міндеттері арасындағы кереғарлық» [15, 22-бет] . Осыдан бері дидактикада кереғарлық оқытудың басты қозғалтқышы ретінде сипатталады.
Кереғарлық қозғаушы күш тек қана дидактикада емес, педагогиканы оқыту әдістемесінде көрініс береді. Мысалы, білім алушының педагогиканы меңгеру ықыласы мен оның дайындығы педагог іс-әрекетінің қорытындысы мен мақсаты арасындағы кереғарлықтар. Осындай кереғарлықтың ерекшеліктері олардың бірлесіп өзара бағынуларында тұрады. Кереғарлықтың басты және бағынушы, негізгі және туынды түрлері бар. Педагогтың міндеті болып кереғарлықтарды анықтау, олардың бірлесіп бағынуын айқындау және қай кезеңде екендігін, қандай екендігін, кім шешу керек екендігін - педагог пе, әлде нақты бір студент пе, соны белгілейді.
Педагогиканы оқыту әдістемесіндегі сандық өзгерістердің сапалыққа ауысу заңын қарастырайық. Педагогика бойынша бірнеше рет орындалған жаттығулар іс-әрекеттің қорытындысы ретінде бір үлгідегі педагогикалық міндеттердің шешімін табуға көмектеседі. Мысалы, педагогика бойынша іс-әрекетті бірнеше қайталау нәтижесінде, сонымен қатар педагогтың өз бойында қалыптасқан іскерлігі мен дағдысына байланысты оқу сабағының ұйымдастырушылық кезеңін тез әрі нақты өткізу мәселесін шешу - педагогикалық міндеттің бір түрі. Сонымен қатар, оқытушыдағы аналитикалық, прогностикалық, құрылымдық іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуы мақсатты түрде бағытталған әрекеттер мен оларды түзету және қайталауларының қорытындысы болып табылады. Көптеген дамушы әрекеттердің (сандық өзгерістер) кезінде біртіндеп жаңа қорытынды - құзыреттілік (сапалық өзгеріс) пайда болады.
Терісті теріске шығарудың заңы педагогиканы оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасында көрініс тапқан. Оның философиялық мәні төмендегідей. Даму - қарама-қайшылықтар күресінің қорытындысы. Даму үдерісі кезінде санның сапаға ауысуы жүріп, бұрынғы сапа жоғалып, жаңасы пайда болады. Бұл қозғалыс түзу және шеңбер бойымен жүрмей, шиыршық тәрізді жүреді, яғни, бір жерден шыққан шиыршықтар бастапқы жағдайларға қайта оралып, сол жерде түйісіп, келесінде алдыңғыдан неғұрлым жоғары орналасады. Олардың арасындағы өзгерістер мен байланыс, философтардың есептеуінше, терісті теріске шығару заңына бағынады. Бұл заңның дамуы мен көрініс табуында өзара байланысты екі ерекшелік бар: қайталанушылық және үдемелілік. Педагогиканы оқыту әдістемесіндегі терісті теріске шығару заңының көрініс табуының мысалдары көп, себебі педагогиканы оқыту үдерісі білім алушыларды дамытуға бағытталған, ал оның қорытындысы болашақ педагогтың тұлғасын қалыптастырады, өзгертеді, яғни алдыңғы жағдайы теріске шығарылып, жаңасы осындай болып тек бірнеше уақытқа дейін ғана сақталып, одан кейін тағы теріске шығарылады.
Оқыту әдістемесінің философиялық негізін қарастыра отырып, мазмұн мен форма және олардың өзара байланысы деген келесі категорияларды сипаттауымызға болады. Осы категориялармен педагог үнемі қатынаста болады, сондықтан оның практикада маңызы зор.
Философиялық категориялар ретіндегі мазмұн мен форма табиғат пен қоғамдағы байланысты көрсетеді. Мазмұн - құбылыс немесе нысанды құрайтын бір ретке келтірілген элементтер мен үдерістердің жиынтығы . Форма - мазмұнның бар екендігінің және оның көрінісінің, әр түрлі модификациясының тәсілі . Форма мазмұнның сыртқы жағы мен ішкі ұйымдастыруын көрсетеді.
Мазмұн мен форманың өзара байланысы төмендегідей. Мазмұн әрқашан қандай болса да формада көрінеді. Форма да өз кезегінде мазмұнды болып келеді. Мазмұн формаға қарағанда жетекші мәнге ие. Бұл оқыту үдерісіндегі басымдылық мазмұнда дегенді білдіреді. Жұмыстың формасын мазмұнға қарап таңдайды және ұйымдастырады. Бір мазмұн әр формада көріне алады, бір формада бірнеше мазмұн бола алады. Мысалы, педагогикалық міндеттерді (мазмұн) шешуге үйрету тәжірибелік сабақтарда (форма), кеңес беруде (форма), басқа білім алушылармен бірге жұптасып шешуде (тағы бір форма) болады. Бұл жерде бір мазмұн бірнеше форманы иеленген. Дәріс барысында (форма) педагогиканы (мазмұн), педагогиканы оқыту әдістемесін (мазмұн), психологияны (мазмұн) және басқа оқу пәндерін (мазмұн) оқуға болады. Бұл жағдайда біз бір формада бірнеше мазмұн бар екенін көреміз. Аталған немесе басқа мазмұн бір формада жақсы көрініс табады, ал екіншісінде нашар көрініс беретіндігін айтамыз. Мысалы, педагогиканы оқыту әдістемесінде оқу сабақтарының (мазмұн) талдауы мен өзіндік талдауы туралы оқытылса, ал мектепке экскурсия (форма) жасау сабақта дәрісті оқудан (форма) қарағанда қолайлырақ. Олай болса, мазмұн бір болса да, бір форма екінші формаға қарағанда қолайлырақ болып отыр. Форма мазмұнға қарағанда қолайлы болғанына қарамастан, белгілі автономиялыққа ие. Бұл оның мазмұнның ішкі ұйымдастырушысы болу қызметіне байланысты. Осы автономиялық кез келген мазмұндағы бір немесе басқа форманың ішкі ұйымдастырушылық бірлігімен сақталады.
Мазмұн формаға қарағанда қозғалмалы, ал форма кертартпа. Бұл мазмұн да, форма да бірдей «жылдамдықпен» болмаса да ұдайы өзгеріп, жаңарып тұратындығын көрсетеді. Кейбір жағдайларда жаңа мазмұн жаңа формада да, бұрынғы формада да көрініс береді. Сонымен қатар бұрынғы мазмұн бұрынғы формада да, жаңа формада да беріледі.
Осылайша, біз педагогиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын, педагогиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері ретінде саналатын философиялық заңдар мен негізгі философиялық категорияларды қарастырдық. Олар әдіснаманың философиялық деңгейін құрастырады.
Арнайы-ғылыми әдіснама жалпы ғылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деңгейлерден құралған. Сол деңгейдерді қарастырайық.
Жалпы ғылыми әдіснама ғылымның кең ауқымында қолданылатын ғылыми танымның әмбебап принциптерімен, құралдарымен, формаларымен сипатталады. Бұл деңгейге педагогиканы оқыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Тұтас педагогика ұғымы
Зоонимдердің тіл білімінде зерттелу жайы
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері жəне өзіндік ерекшеліктері, оларды жете ұғыну
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Биологияны оқыту формалары
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz