Экономиканың дамуы


Эссе
Тақырып: Экономикалық теория дамуында пайда болған ғылыми мектептер(меркантилизм, физиократ, марксизм, бейклассикалық теория, кейнсиандық, институтционализм)
Пән: Экономикалық теория
Тексерген: Ертай Х.
Орындаған :Ерғали. Д
Группа: УА-20-1К
Қарағанды 2020 ж.
Жоспар
1. Кіріспе бөлім
1. Экономика туралы жалпы түсінік
2. Экономиканың дамуы
2. Негізгі бөлім
1. Эконмикалық теорияның дамуында пайда болған ғылыми мектептер
3. Қорытынды пікір
«Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген, өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналасы, т. б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика-біздің өмір сүруімізге және дамуымызға қажетті материалдық игіліктерді жасайды. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да дәл солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі. Мысалы базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу - экономика. Мамандық тандар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қөғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет - сіз она да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме - мұны білу де - экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді. Экономикаға біз шыр етіп дүниеге келген кезден бастап араласады екенбіз. Сонымен біздің күнделікті тұрмысымыздың бәрі экономикадан тұрады екен. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Экономиканың алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б. д. д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономика түсініктерінің бірнеше түрлері дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттеген екен. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономикалық теория дербес ғылым болып 16-17 ғасырларда тауар - ақша қатынастары кеңейе бастағанда түбегейлі қалыптаса бастаған екен.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм -экономиканың ең алғашқы ілімі 16-17 ғасырларда ең бірінші меркантилизм мектебі пайда болды (итальян сөзі «мерканте» - көпес, сауда, пайда) . Бүл ілімде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту болды. Олар сыртқы сауданы дамытып елдегі алтын мен күмістің көлемін көбейту негізінде халықты байытуға болады деп есептеген екен. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т. Мен, А. Монкретьен, І Петр, И. И. Посошков.
Экономикалық теорияның екінші даму кезеңі- Физиократизм -18 ғасыр қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болады, бірақ Франсуа Кэне ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығында деп есептеген екен. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф. Кенэ, А. Тюрго, Дюпон де Немур.
Үшінші даму кезеңі- Классикалық саяси экономия - 18 ғасыр, негізгі өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Буагильбер болды, өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемінің негізі еңбекте деп дәлелдеген екен. Экономиканың нарықтың реттелуін және қоғамның барлық табыстарының қайнар көзін анықтаған. 19 ғасырдың екінші жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлініп кетті: марксизм және маржинализм болып. Марксизм - негізгі өкілдері К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, Г. В. Плеханов болды. Қарапайым тілмен айтқанда -жұмысшы табыны диктатурасы туралы ғылым.
Төртінші даму кезеңіне-Кейнсиандық мектеп жатады. Кейнсиандық мектеп -20ғасыр көрнекті өкілі Дж. Кейнс.
Кейнсианизм нарықтық экономика жағдайында толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін тепе-теңдік мүмкін емес деген болжамға негізделген және де жиынтық сұраныс әрқашан жиынтық ұсынысқа сәйкес келе бермейді делінген екен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz