ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР


1-тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫ КУРСЫНА КІРІСПЕ
ЖОСПАР
- Қазақстан Республикасы қылмыстық процесінің ұғымы, мазмұны және қайнар көздері
- Қылмыстық процесс пен қылмыстық-процестік құқықтың байланысы
- Қылмыстық-процестік құқықтың пәні және әдісі
- Қылмыстық-процестік құқықтың мақсаттары мен міндеттері
- Қылмыстық процестің стадиялары (жүйесі) . Қылмыстық-процестік институттар
- Процестік функциялар: ұғымы және түрлері
1. Қазақстан Республикасы қылмыстық процесінің ұғымы, мазмұны және қайнар көздері
«Қылмыстық процесс» терминінің шығу тегі күрделі. Терминнің алғашқы «қылмыстық» («уголовный») бөлігі - көне славян тілінен, мұнда «уголовье» сөзі айыпты адамды басынан айыратын әрекетті білдірген. Терминнің екінші «процесс» деген бөлігі - латынның «processus» сөзінен, бұл сөз «өту, жылжу» деп аударылады және 1) бір нәрсенің күйін біртіндеп ауыстыруы; 2) сот өндірісінің тәртібін білдіреді [1] . Осылайша, «қылмыстық процесс» термині қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау тәртібін білдіреді.
Энциклопедиялық тұрғыдан қылмыстық процесс - бұл анықтау, алдын-ала тергеу органдарының, прокуратураның және соттың қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау, шешу, сондай-ақ (ішінара) үкімді орындау бойынша өзге де мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың қатынасуымен жүргізілетін заңмен реттелген құқық қатынастары нысанындағы қызметі.
«Қылмыстық процесс» ұғымы «қылмыстық сот ісін жүргізу» ұғымымен теңбе-тең.
Мазмұны тұрғысынан «қылмыстық процесс» ұғымын пайдалану аясы біршама кеңдігімен өзгешеленеді және келесі аспектілерді қамтиды:
1) қызметтің ерекше түрінің атауы және мемлекеттің арнайы өкілетті органдарының қызметі;
- сот билігін жүзеге асырудың нысаны, бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бап 2-бөлімінің мағынасынан келіп шығады, яғни «сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен бел-гіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады»;
- қылмыстық істерді мәні бойынша тергеу, сотта қарау, шешу кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
«Қылмыстық процесс» ұғымын қолданудың келтірілген нұсқаларымен қатар осы ұғыммен «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі» оқу пәнінің атауын, сонымен қатар заң ғылымының саласын белгілеу жағдайлары орын алған. Алайда, заңгер мамандарды даярлау саласындағы қолданыстағы білім берудің мемлекеттік стандарттарына сүйенсек, онда оқу пәні ресми түрде «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы» деп аталатындығына назар аудару қажет. Қылмыстық процесс және қылмыстық-процестік құқық - жақын ұғымдар, бірақ бір-бірімен алмастырылатын ұғымдар емес, бұл туралы берілген дәрістің 2-бөлімде айтылады. Заң ғылымы саласына тоқталатын болсақ, мұндағы ахуал бірінші жағдайға ұқсас: қылмыстық процесс - бұл өз ғылыми түсіндірмесін, мәнісі мен дамуын «қылмыстық-процестік құқық» деп аталатын заң ғылымы аясында ие болатын қызмет.
Зерттеліп отырған пәннің ұлттық құқықтық жүйенің құрылымын қамтып көрсететін бағдарлама материалының баяндалуына қатысы бар екендігіне назар аударған маңызды. Қылмыстық-процестік құқықтың қандай да бір бөлімдерін қарастыру Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің ережелеріне негізделеді. Бұл түрлі елдердің қылмыстық-процестік заңнамасы құқықтың қалыптасу тарихымен белгіленген өз ерекшеліктеріне, халықтың мәдениеті мен дәстүріне, басқарудың үстем нысанына, экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттағы басымдықтарға және бірыңғай әрі біртұтас ұлттық құқық жүйесін қалыптастыру үшін маңызды басқа да факторларға байланысты.
Осылайша, заң нормаларымен белгіленген және тек қана қылмыстық процеске тән міндеттерді шешіп, мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған алдын-ала тергеу органдарының, прокурордың, судьяның және сот орган-дарының қызметі қылмыстық процестің мазмұны болып табылады.
Қылмыстық процесс мазмұны оның қоғамдық қарым-қатынастардың жалпы жүйесіндегі мағынасымен тығыз байланысты. Қылмыстық процестің мағынасы мыналардан тұрады:
- қылмыстық тұрғыдан жазаланатын әрекеттің айқындалуына байла-нысты өкілетті органдардың қызметімен құқықтық тәртіпті орнату;
- қылмыстық-процестік қатынастар аясына тартылатын азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарын ықпалды кепілдіктермен қолдау;
- қылмыстық тұрғыдан жазаланатын әрекетті жасау салдарынанбұзылған адам құқықтарын қалпына келтірудің тиімді тәсілдері менқұралдарын қарастыру;
- қылмыстық процесс қатысушыларына олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
- сот әділдігін жүзеге асыру және соттың әділ шешімді қабылдауы үшін тиісті жағдайлар жасау;
- қоғамға тәрбие беретін, профилактикалық ықпалды көрсету;
- құқыққа қатысты құрметті көзқарасты қалыптастыру.
Қылмыстық процесс, құқық ережелерінің жүйесі бола тұра, дербесдереккөздік негізге ие, оны сонымен қатар құқықтық негіз деп те атайды. Осылайша, «қылмыстық процестің қайнар көздері» және «қылмыстық процестің құқықтық негізі» ұғымдары тең түсініктер болып табылады.
Қылмыстық процестің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 1 және 2-баптарының ережелерінде нақты әрі толығымен бекітілген және ол мыналарды қамтиды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі - ҚРК) ;
- Конституциялық заңдар;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі - ҚР ҚПК) ;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және өзге де міндеттемелері;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары. ҚР ҚПК 1-баптың 1-бөліміндегі қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібінреттейтін өзге заңдардың ережелері ҚР ҚПК-ға қосылуы тиіс екендігіне қатысты нұсқау айрықша мәнге ие. Сөзсіз, бұл заң шығарушының дұрыс тәсілдемесі және ол тек қылмыстық процестің заңдылығын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ қылмыстық-процестік заңнаманың тұстастығы мен бүтіндігін сақтауға, ұйғарымдардың ішкі келістілігін және ойға қонымдылығын қамтамасыз етуге, қарама-қайшылықтарды жоюға және уақыт, кеңістік аясында және азаматтарға қатысты заң әрекетінің шеңберін сақтауға бағытталған.
Басқа жағынан, аталмыш ережені іске асыру заң шығарушыдан ҚР ҚПК-ға өзгерістер мен толықтыруларды тұрақты түрде енгізуді талап етеді, бұл жайтқа жаңа заңдардың қабылдануы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа халықаралық шарттарға қол қоюы себеп. Мұндай тәжірибе, біріншіден, Парламент жұмысын күрделендіре түседі, екіншіден, қылмыстық процесті жүзеге асыруға өкілетті органдардың құқық қолданушылық қызметін айтарлықтай қиындатады. Осыны ескере отырып, жоғарыда келтірілген қылмыстық процесс қайнар көздерінің тізбесін тағы бір қайнар көз түрімен толықтырған жөн: Қазақстан Республикасының өзге заңдары, бұл заңдар қылмыстық процесте қолданылатын нормаларды қамтиды. Біз бұл дереккөздерге Қазақстан Республикасының келесі Заңдарын жатқызуды ұсынамыз:
- Прокуратура туралы (1995 ж. 21 желтоқсан) ;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы (1995 ж. 21 желтоқсан) ;
- Ұлттық қауіпсіздік туралы (1998 ж. 26 маусым) ;
- Жедел-іздестіру қызметі туралы (1994 ж. 15 қыркүйек) ;
- Құқық қорғау қызметі туралы (2011 ж. 6 қаңтар) ;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы (2013 ж. 15 қаңтар) ;
- Адвокаттық қызмет туралы (1997 ж. 5 желтоқсан) ;
- Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау тура-лы (2000 ж. 5 шілде) .
Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары нормативтік-құқықтық актілерге жатқызылады. Атап айтқанда, ҚР ҚПК 180-бабында (3-бөлімі) келесі жайт көрсетілген: «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды». Осындай актіге сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу туралы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 ҚР Бас Прокурорының бұйрығы (2015 жылғы 10 тамыздағы № 99 ҚР Бас Прокурорының бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен) жатқызылады.
Қылмыстық процестегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін айрықша күшке ие құқық нормаларын білген маңызды. ҚР қылмыстық процесінде қолданылатын құқықтық нормалардың айрықша күші туралы ҚР ҚПК 2-бабы ережелерінде айтылған, бұл жайт төмендегі сызбадан көрініп тұр:
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ АЙРЫҚША КҮШІ
(ҚПК 2-бабы)
1) ҚПКжәне
2) Конституция заңы
1) ҚР ратификациялаған
халықаралық шарттар және
2) ҚПК
2. Қылмыстық процесс пен қылмыстык-процестік құқықтың байланысы
«Қылмыстық процесс» және «қылмыстық-процестік құқық» ұғымдарын қателесіп ұқсату жағдайлары сирек емес. Бұл ұғымдар тектес екендігі айқын, алайда олардың әркайсысы аталмыш ұғымдардың дұрыс байланысын белгілеуге мүмкіндік беретін арнайы белгілерге ие.
«Қылмыстық-процестік құқық» ұғымының бірқатар энциклопедиялық анықтамалары бар, солардың ішінде ең маңыздылары төменде келтірілген.
- Құқық дамуынын кеңестік кезеңі.
Қылмыстық-процестік құқық - бұл нормалары қылмыстық істерді қозғаумен, алдын-ала тергеумен, сотта қараумен байланысты болатын қызметті; оның тәртібі мен мазмұнын; осы ретте туындайтын құқықтыққатынастарды реттейтін құқық саласы [3, 381 б. ] .
- Кеңестік құқықтың құқықтық реформа кезеңінің энциклопедиясы.
Қылмыстық-процестік құқық - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және анықтау, алдын-ала тергеу, қылмыстық істерді қозғау, тергеп-тексеру, сотта қарау және үкімді орындаудың процес-тік мәселелерін шешу жөніндегі анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі [4, 457 6. ] .
- Кеңестік республикалардың құрамында болған қазіргі егемендік жағдайларындағы құқық дамуының бүгінгі кезеңі.
Қылмыстық-процестік құқық - құқықтың негізгі салаларының бірі: қылмыстық процестің міндеттерін, принциптерін, қатысушылар аясын, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ басқа да сот ісін жүргізу ережелерін анықтайтын және қылмыстық істерді қозғау, алдын-ала тергеп-тексеру және шешу, сонымен қатар (ішінара) сот үкімдерін орындау тәртібін регламенттейтін заң нормаларының жиынтығы [5, 639 б. ] .
Осылайша, жоғарыда келтірілген анықтамалардың ішінен қылмыстық-процестік құқыққа тән келесі белгілерді атап өтуге болады:
- бұл құқықтың дербес саласы;
- бұл сала негізгі салалардың біріне жатады, яғни ол ұлттық құқық жүйесінде іргелі сипатқа ие;
- біртұтас ғылыми теория мен нормалар түріндегі нақты процестік-құқықтық ережелерді үйлестіреді, аталмыш нормалардың қолданылуы қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнайы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесіне қатысты айтатын болсақ, қылмыстық-процестік құқық - бұл құқықтың іргелі саласы, құқықтың өзге салаларымен міндеттер мен принциптердің ортақтығымен, ішкі үйлесімділік және гуманистік бағыттылығымен біріктірілетін біртұтас өзара байланысқан құқық жүйесінің бір бөлігі, бүл сала нормалары қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруге, сотта қарауға байланысты қызметті; онын тәртібі мен мазмұнын; осы ретте туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық-процестік құқықтың мәнін толығымен түсіну үшін «құқық саласы» ұғымына көңіл бөлген жөн. Құқық саласы - бұл құқықтық нормалар мен институттардың оқшауланған тобы, бұл нормалар мен институттар олар реттейтін бір текті қоғамдық қатынастардың ортақтығымен біріктірілген.
Қылмыстық процесс пен қылмыстық-процестік құқық арасында келесідей байланыс орнайды:
- қылмыстық процесс қызмет түрі ретінде қылмыстық-процестікқұқық нормаларымен реттеледі;
- қылмыстық-процестік құқық реттеу өзіне тән мән-мағынаға ие;
- қылмыстық-процестік құқық жеке реттеу әдісіне ие;
- қылмыстық-процестік құқық, ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі бола отырып, заң жүзіндегі Қазақстан халқының еріктілегі болып табылады;
- заңға кіретін нормалардың жиынтығы біртұтас және жүйелі сипатқа ие, әлеуметтік болмыс пен бағыттылықтың тұтастығымен ерекшеленеді;
- қылмыстық-процестік құқық қылмыстық процестің жүзеге асыры-луы кезінде қол жеткізілетін және шешілетін өзіндік мақсаттар мен мін-деттерге ие.
3. Қылмыстық-процестік құқықтың пәні және әдісі
Құқықтық реттеу пәні ретінде құқықтың белгілі бір саласының нор-малары ықпал ететін қоғамдық қарым-қатынастардың сапалы біртекті түрін түсіну қалыптасқан. Аталмыш пән коғамдық қарым-қатынастардың негізгі үш тобын қамтиды: 1) билік қатынастары; 2) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және құқық тәртібін қорғау жөніндегі қарым-катынастар; 3) материалдық және материалдық емес құндылықтармен алмасу жөніндегі қарым-қатынастар. Реттеу пәні құқықтық нормаларды құқық салалары бойынша бөлу үшін басты объективті негіз болып табылады [6, 711-712б. ] .
М. И. Байтин атап өткендей, құқық пәні турасындағы мәселе жаңа көзқарас бойынша жеңіл болып көрінгенмен, негізінде соншалықты қарапайым емес [7, 7 б. ] . Ақиқатында, жоғарыда келтірілген анықтамаға сүйене отырып, қылмыстық-процестік құқық пәнінің ұғымын тек қылмыстық процесс мәнін және осы аттас құқық саласын ұғыну негізінде ғана түсіндіруге болады. Осыған байланысты Дж. Локк сөзін дәлел етуге болады, ол былай деп жазған: « . . . Құқық біз қандай да бір затқа еркін иелік ете алуымызға негізделеді, ал заң бізге белгілі бір әрекетті жасауды бұйыратын немесе тыйым салатын нәрсе» [8, 4 б. ], Г. В. Гегель өзінің «Құқық философиясында» былай деп жазды: «Пән ұғымы табиғи тұрғыда біздін игілігіміз емес. Әр адамның саусақтары бар, өз иелігіне қылқаламды және бояуларды ала алады, дегенмен осының бәрі оны суретші етпейді. Ойлауға қатысты жағдай да дәл осындай. Құқық туралы ой әр адам өз бетімен иелік ететін нәрсе емес; тек дұрыс ойлау ғана білім және пәнді ұғыну болып табылады және біздің іліміміз сол себепті ғылыми ілім болуы тиіс» [7 негізіндегі цит., 19 б. ] .
Қылмыстық процестің қылмыспен күресуге байланысты мемлекеттік қызмет түрі ретінде жүзеге асырылу заңдылығы қылмыстық-процестік құқық ғылымының пәні болып табылады [9, 1 б. ] .
Қылмыстық-процестік құқык пәні - бұл оның құқықтың дербес саласы ретіндегі белгілерінің бірі.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар қылмыстық-процестің реттеу пәні болып табылады.
Құқық жүйесіндегі пән және әдіс - өзара шарттастықтағы белгілер, олардың жеке түрде, бір-бірінен толықтай алшақтықта болуы заңды мәнін жоғалтады. Терминологиялық тұрғыда «әдіс» сөзі грек тіліндегі «methodos» сөзінен шыққан және жол, зерттеу, бақылап шығу дегенді білдіреді. Философиялық тұрғыда әдіс - бұл белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу тәсілі, шындықты тәжірибелік немесе теориялық игеру амалдарының немесе операцияларының жиынтығы [5, 266 б. ] . Заңды тұрғыда әдіс - бұл қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің белгіленген тәртібін (белгіленген нысанын) қамтамасыз ететін құқыктық тәсілдер мен кұралдар.
Қылмыстық-процестік құқықтың әдісі - бұл ерекше процестік тәртіп, жалпы алғанда қылмыстық іс бойынша, сонымен қатар оның жеке кезеңдері мен сатылары бойынша өзіне тән амалдары және шарттары.
Қылмыстық-процестік құқық қатынастарының жүйесінде мына әдістерді бөліп қарастыру қабылданған: 1) арбитральді; 2) диспозитивті; 3) императивті.
Арбитралдық әдіс (лат. тілінен «arbiter» - делдал) - бұл ең маңызды заңды мәселелер шешілген кезде процесс қатысушылары арасында тәуелсіз және әділ төрешіболатын жағдайдағы қатысушылар арасындағы қатынастардың қалыптасу тәсілі. Басқаша мұндай әдіс соттықәдіс деп аталады [6, 340 б. ] . Мысалы, сот іс бойынша келтірілген айғақтарды толықтай және жан-жақты қарастыру негізінде, сондай-ақ айыптаушы мен қорғаушының дәлелдерін бағалай және оларды назарға ала отыра, іс бойынша үкімді шығарады, бұл әдістің ерекшелігі соттың тәуелсіз болуында, оның тараптардың пікірлерімен байланысты болмауында, ал сот шешімі заңға және ішкі сенімге негізделгендігінде жатыр.
Диспозитивті әдіс (лат. тілінен «dispositivus» - бұйрық беруші) - қылмыстық процеске қатысатын тараптарға өздерінің материалдық және процестік құқықтарын өздігінен басқару мүмкіндігін ұсынуға негізделген. Диспозитивті әдіс субъект өз құқығын өздігінен жекеше қарап шешу арқылы, не болмаса басқа субъектілермен ерікті түрде келісу бойынша іске асырған кездегі құқық қатынастарының қалыптасу тәсілімен сипатталады. Бүл ретте процестік құқықтар мен міндеттердің іске асырылуы мемлекет алдындағы жариялық міндетпен мәжбүрленбейді, ал субъект өз әрекеттерінің қандай да бір нұсқасын таңдағаны үшін ешкімге есеп беруге тиіс емес [6, 340 б. ] . Мысалы, жеке айыптау істері бойынша, қылмыстық құқық бұзушылықтан зиян шеккен тұлға таңдау құқығына ие болады:
- айыпталушының құқыққа қайшы әрекеттері жөнінде сотқа шағымдану;
- сотқа талап арызбен жүгінбеу; 3) одан әрі қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату арқылы сотта айыпталушымен татуласу. Қылмыстықпроцесте аталмыш тәсілдің қолданылуы шектеулі сипатқа ие екендігін атап өту қажет.
Императивті әдіс (лат. тілінен «impreativus» - жарлықты) - қылмыстық-процессуалдық қатынастарда кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бұл әдіс субъектінің басқа субъектілермен арадағы уағдаластықтан немесе оның еркін қарауынан емес, заңның өктем әмірінен, яғни мемлекет алдындағы жариялы міндет күшінен туындайтын белгілі бір процестік әрекеттерді жасау құқығына немесе міндетіне негізделген [6, 341 б. ] . Мысалы, ҚР ҚПК 185-баптың ережелеріне сәйкес, қылмыстық қудалау органы кез келген дайындалып жатқан, жасалған немесе жасалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны, талап арызды қабылдауға және тіркеуге міндетті.
Аталмыш әдіс үшін императивті ұйғарымдар бұзылған немесе оларды тиісті тұлғалар орындамаған жағдайларда ҚР ҚПК-да қатаң түрде бел-гіленген салдардың орын алуы тән. Осылайша, жоғарыда келтіріген мысалда заң мынадай жағдайды белгілейді: 1) аталған императивті бұзған немесе орындамаған тұлғаға қатысты құқықтық жауапкершіліктің орнауы; 2) мүдделі тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерге прокуратураға немесе сотқа шағым беру құқығы (ҚР ҚПК 185-бабының 2-бөлігі) .
Қылмыстық-процестік құқықты реттеу пәні және әдісі құрылым мен мазмұн ортақтығы ұғымымен тығыз байланысты. Қылмыстық процесс -бұл материалдық, яғни қылмыстық құқық нормаларының іске асырылу құрылымы екендігін білдіреді, мұндағы қылмыстық құқық - бұл мазмұн.
Қылмыстық тұрғыдажазаланатын әрекеттің жасалу фактісі қылмыстық-процестік құқық бұзушылықтардың туындауы үшін негіз болып табылады. Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу фактісі - бұл мемлекетпен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасаған тұлға арасындағы қарым-қатынастардың туындауы үшін негіз болады.
Егер қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатқа ие болса, қылмыстық-процестік қатынастар екі жақты және көп жақты (мысалы, беттестіруді іске асыру кезінде тергеуші және жауап алынатын екі тұлға арасында, сондай-ақ жауап алынатын тұлғалардың өздері арасында құқық қатынастары туындайды; оқиға орнын қарауды іске асыру кезінде тергеуші мен жедел қызметкер арасында, тергеуші және куәгерлер арасында, тергеуші және криминалист маман арасында, жедел қызметкер мен криминалист маман арасында құқық қатынастары туындайды) болуы мүмкін.
4. Қылмыстық-процестік құқықтың мақсаттары мен міндеттері
Кей кездері әдебиетте қылмыстық процестің «мақсаттары» және «мін-деттері» ұғымдарының алмасуына жол беріледі. Осылайша, М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де басылып шығарылған «Уголовный процесс» оқулығының (Москва к., 2000 жыл) авторлары мақсаттарды «міндеттер» сөзіне синоним ретінде түсінеді. Қателік әдіснамалық сипатқа ие. Мәселе міндеттер мақсаттарға қатысты туынды сипатқа ие екендігінде жатыр. Мақсат - көлемдірек, ауқымдырақ ұғым. Этимологиялық тұрғыда мақсат - бұл жүзеге асырылуы қажет, ұмтылыс өзегі болатын нәрсе [10, 859 б. ] . Міндет-атқарылуды, шешілуді талап ететін нәрсе [10, 198 б. ] . Міндеттерді шешу арқылы мақсатқа қол жетеді. Айтылғанның барлығы мақсаттар мен міндеттер - түрлі сипаттағы, бірдей емес ұғымдар екендігін білдіреді.
ҚР ҚПК-да мақсаттар өзіндік дербес белгіленуге ие емес. Сонымен қатар, мақсаттар негізгі процестік-құқықтық функцияларды реттейтін қылмыстық-процестік нормалар жиынтығының мәнісінен айқындалуы және тұжырымдалуы мүмкін.
Қылмыстық-процестік құқықтың мақсаттары:
- қылмыстық заңмен тыйым салынған, кінәлі тұлғамен жасалынған әрекетті анықтау;
- осы әрекетті жасаған тұлғаны анықтау;
- кінәлі тұлғаға қатысты жазаның қолданылуын қамтамасыз ету;
- қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
- қылмыстық қудалауға және жазаны өтеуге заңсыз ұшыраған тұлғаларды ақтау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz