Қазақстан Республикасындағы бизнес дамуының статистикасы


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi
Политехникалық факультет
Баяндама
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы бизнес дамуының статистикасы
Орындаған: Қапар Н. Қ
Тексерген: Утегенова Ж. С
Көкшетау 2020 ж
Мазмұны:
- КіріспеСтатистика дегеніміз не?
- Негізгі бөлімШағын және орта кәсіпорындар дегеніміз не?Шағын және орта бизнесті дамытуШағын және орта бизнестің тіркелген заңды тұлғаларының салалық құрылымы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Статистика - бұл білім саласы, жаппай статистикалық (сандық немесе сапалық) деректерді жинау, өлшеу, бақылау, талдау және оларды салыстырудың жалпы мәселелерін анықтайтын ғылым; бұқаралық қоғамдық құбылыстардың сандық жағын сан түрінде зерттеу.
Статистика саласындағы маман (ғалым) статист деп аталады. "Статистика" сөзі латынның status сөзінен шыққан. 1746 жылы ғылымға "статистика" терминін неміс ғалымы Готфрид Ахенвалл енгізді, ол Германия университеттерінде оқытылатын
"мемлекеттілік" курсын "статистикаға" аударуды ұсынды, осылайша статистиканың ғылым және оқу пәні ретінде дамуына негіз болды. Осыған қарамастан, статистикалық есеп әлдеқайда ертерек жүргізілді: Ежелгі Қытайда санақ жүргізілді, мемлекеттердің әскери әлеуеті салыстырылды, ежелгі Римдегі азаматтардың мүлкі есепке алынды. Статистика материалдарды зерттеу мен өңдеудің арнайы әдіснамасын әзірлейді: жаппай статистикалық бақылаулар, жіктеу әдістері, орташа мәндер, индекстер, баланстық әдіс, графикалық бейнелеу әдісі, кластерлік, дискриминанттық, факторлық және компоненттік талдау, оңтайландыру және статистикалық деректерді талдаудың басқа әдістері.
Негізгі бөлім
Шағын және орта кәсіпорындар дегеніміз - үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажеттілігі.
Д. Лонгенеке, У. Петтидің, К. Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын және орта бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылуда:
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15-20 дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
4. Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын және орта болып есептелуі мүмкін.
Шағын және орта бизнесті дамыту - Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса - Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады.
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өсіп, 2013 жылдың нәтижелері бойынша 1 542 мың бірлікті құраған. Осылайша, шағын және орта бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл - мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын, сондай-ақ еліміздегі бизнес-климаттың қолайлы екенін куәландырады.
Шағын және орта бизнестің тіркелген заңды тұлғаларының салалық құрылымы
Қазақстандағы экономикалық өсу ошақтық сипатты иемденеді, оның экономикасына шектен тыс үйлеспеушілік тән болып отыр. Жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігі екі облыста (Атырау және Маңғыстау) және астана үлгісінідегі екі қалада (Алматы мен Астанада) қалыптасады, ал оларда республика тұрғындарының 19, 5%-ы өмір сүреді. Бұл аймақтар еліміздегі ең жоғары инвестициялық тартымдылықты және экспорттық әлеуетті иемденеді. Басқа бір полюсте - Оңтүстік Қазақстанның аса кедей облыстары болып отыр (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан), бұл облыстарда бүкіл қазақстандық тұрғындардың 73%-ы өмір сүруде және жалпы аймақтық өнімнің тек 12, 2%-ы ғана өндіріледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz