Көшпенділер трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы:
І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясындағы ұлттық идея көрінісі
Oқушы: _____________________
Ғылыми жeтeкші: _____________________
2020 жыл
Мазмұны
Aңдaтпa 2
Кіріспе 5
І.Тарихи және көркемдік шындық тағылымы 7
ІІ. Романдағы ұлттық идея көрінісі 13
Қорытыңды 16
Aңдaтпa
Зepттeу мaқcaты: Туындыдағы тарихи фактімен ұлттық идея көрінісін сипаттап қазақ тарихы прозасындағы Көшпенділер трилогиясының орны мен ролін анықтау
Міндeттepі:
І.Есенберлин шығармашылығын тарихи үрдісте талдау арқылы замана шындығын бейнелеудегі қаламгер ізденістерін, табыстары мен жетістіктерін айқындау;
Жазушы шығармасын жан-жақты талдау үстінде оның тарихи үрдістегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы орнын екшеу;
Бoлжaм:
Көшпенділер трилогияның үш кітабының да негізгі өзегі біреу ғана ұлттық идея көрінісі. Ол - қазақ деп аталатын халықтың осы уақытқа дейін өзіне де беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту. І,Есенберлин тарихи деректерді терең меңгерген сөз зергері ғана емес, сол заманға сай тарихи сипатты көре білген үлкен зерденің адамы.
Зepттey кeзeңдepi:
Мaтepиaлды жинay
Тeopиялық жәнe пpaктикaлық мaтepиaлдapды oқy
Мaтepиaлды жiктey
Caлыcтыpмaлы тaлдay
Cayaлнaмa, cұхбaт
Қopытынды
Экcпepимeнт әдicтepi: Ғылыми жoбaны жүзeгe acыpy бapыcындa capaлay, aнaлитикaлық-тaлдay.
Зepттeу жaңaлығы жәнe жұмыc нәтижeлepі:
Қазақ халқының терең тарихы болғанымен, оны көркем шығармада беру үлкен тәуекелшілдікті талап еткені белгілі. Сондай мүхиттан өткен қайықтай Кеңестік кезеңде үлтымыздың тарихын көркемдікпен бедерлеу үстанымы батырлықты ту еткен, трилогия сипатында жазылған туындысы талайлы тағдырға тартқан Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер шығармасындағы ұлттық идея көрінісіне талдау жасалды.
Нәтижeлepді пpaктикaлық пaйдaлaну caлacы:
Ғылыми конференция материалдарына, тарих және әдебиет сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға ұсынылады.
Аннотация
Цель исследования: определить роль и место трилогии Кочевники в прозе казахской истории, охарактеризовав отражение национальной идеи с историческим фактом в произведении
Задачи:
Аанализировать творчество И.Есенберлина в историческом процессе, выявить успехи и достижения писателя, отражающие реалии современности;
При всестороннем анализе произведения писателя показать его значение в историческом процессе, определить место в истории казахской литературы;
Гипотеза:
Доказано что, в трех книгах трилогии Кочевники одним из основных является отражение национальной идеи.
Этапы исследования:
Сбор материала
Изучение теоретических и практических материалов
Классификация материалов
Сравнительный анализ
Опрос, интервью
Заключение
Методы эксперимента: анализ, аналитико-аналитическое исследование при реализации научного проекта.
Новизна исследования и результаты работы:
Как известно, несмотря на глубокую историю казахского народа, его представление в художественном произведении требует больших рисков.
Область практического использования результатов:
Рекомендуется к материалам научной конференции, использованию в качестве дополнительного материала на уроках истории и литературы.
Annotation
The purpose of the research: to determine the role and place of the "Nomads" trilogy in the prose of Kazakh history, describing the reflection of the national idea with a historical fact in the work
Tasks:
Analyze the work of I. esenberlin in the historical process, identify the success and achievements of the writer, reflecting the realities of our time;
In a comprehensive analysis of the writer's work, show its significance in the historical process, determine its place in the history of Kazakh literature;
Hypothesis:
It is proved that in the three books of the "Nomads" trilogy, one of the main ones is the reflection of the national idea.
Investigation phase:
Collection of material
Study of theoretical and practical materials
Classification of materials
Comparative analysis
Survey, interview
Conclusion
Experimental methods: analysis, analytical research in the implementation of a scientific project.
Research novelty and results:
As you know, despite the deep history of the Kazakh people, its representation in a work of art requires great risks.
Field of practical use of the results:
It is recommended to use the materials of the scientific conference as an additional material in history and literature lessons.
Кіріспе
Ілияс Есенберлин - қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - Көшпенділер тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық айтқандық бола қоймас.
Нұрсұлтан Назарбаев
Өзектілігі: Тақырыптың - идеялық нысанасымен де, сюжеттік-композициялық құрылымымен де, образдық жүйесімен, тіл кестесімен, былайша айтқанда, бүкіл поэтикалық ерекшелігімен Қазақстан тарихынан өз орнын иеленген, жетістіктермен сүйінтіп, олқы тұстармен ойлантқан біртума туынды.
Сондықтан да, Көшпенділер трилогиясын сөз ету - белгілі дәрежеде қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының бір белесті кезеңін сөз етумен пара-пар өзекті мәселе. І.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының жан-жақты арнайы зерттеудің теориялық та, тәжірибелік те маңызы бар. Ол белгілі дәрежеде қазақ әдебиетінің әлем әдебиетіндегі тарихи роман жанрына қосқан үлесін, оның өзіндік орнын анықтауға да септеседі.
Романдары және тарихи сана. Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы І. Есенберлиннің қаламынан туған Айқас, Ғашықтар, Қатерлі өткел, Алтын құс, Маңғыстау майданы, Алтын аттар оянады, Көлеңкеңмен қорғай жүр, Алыстағы арпалыс, Аққу құстар қуанышы, Махаббат мейрамы, т. б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді. Ол - қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің Көшпенділер, Алтын Орда романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі Көшпенділер трилогиясы еді.
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. Көшпенділер трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
Көшпенділер қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
І.Тарихи және көркемдік шындық тағылымы
Тарихи факт - ол біздің санамыздан тыс өмір сүретін және өзіне ғана тән белгілі мазмұны бар объективті шындық. Көркем шығармалардағы тарихи деректермен көремдік шеберліктің жігін ажырату ежелден келе жатқан және болашақта да жалғаса беретін шексіз, қызық та, күрделі мәңгілік проблема. Тарихи шығармадағы тарихилық пен көркемдіктің ара қатынасы, айналып келгенде жазушының шеберлік қырын ашады.
Көшпенділер трилогиясының да тұтас табиғатына осы тұрғыдан көз салсақ, небір қызғылықты мәселелердің бас көтеретініне көз жеткіземіз. Трилогияның қамтыған кезеңі бірер жыл немесе белгілі бір тарихи кезең, әлде тұтас дәуір емес, қазақ халқының қалыптасуынан бастап, қабырғалы ел болғанға дейінгі небір қиын-қыстау уақыттардың тоғысынан құрастырған әлденеше ғасырға созылды. Сондықтан да, бұл кезеңдерге қатысты тарихи деректер, фактілер мен документтер ауызекі мағлұматтар өте мол. Көшпенділер трилогиясы хронолгиялық жүйеге құрылған тарихи шығарма. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар басты қаһармандар тарихта болған, автор оның барлығын тарихи деректерден алған. Сондықтан тарихи шығарма табиғатынан көркем қиялдан гөрі көркемдік болжалдың салмағы басым. Әр кезеңдегі трихи деректермен мағлұматтарды, ғалымдар еңбектерін барынша тереңдей зерттегені шығарма табиғатынан айқын аңғарылады.
Әбілқайыр ірбіс терісінің үстінде аунап түсіп, толғанып жатыр. Дешті Қыпшақтың бағы тая бастаған жеке билеушісінің осы ішкі толғанысы мен трилогияның бірінші кітабы (Алмас қылыш) басталады. Әбілқайырды іш-құсаға салған бұл толғаныс роман желісінің бүкіл тамыр-тамырына таралатын болашақ ұлы оқиғалардың бастау бұлағы. Арғы-бергі ата дәстүрін есіне алып, шиеленіскен түйіннің шешімін таба алмай шерменде болған Әбілқайыр толғанысының сырын Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Әбілқайыр мен қазақ Ордасын бөліп аламын деген Жәнібек сұлтанның таласы әлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірін жан алқымынан ала түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес араларында бітім болуға тиісті емес. Бірақ әлі қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп жүрген жағдайлары бар деп түсіндіреді автор. Ақыры бұл тартыс былай аяқталады: Жәнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас ішіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Исан Бұғы көшіп келген қазақ руларына бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендері бойымен Қозыбас Қара таудың Моғолстанға қарайтын теріскей жағын тегіс қонысқа берді. Осылайша, роман желісіне негіз болған қазақ хандығының құрылуы жөніндегі ұлы тартыс аяқталып, енді оқиға бұның қалыптасу дәуіріне ұласады. Романның тең жарымы осы желіге, яғни қазақ хандығының пайда болуының тарихи алғышарттарына арналған. Бұл орайда да жазушы көркем қиялдан гөрі тарихи деректерге негізделген көркемдік әрлеуге көбірек жүгінеді.
Жазушы қолына түскен деректерді көркем шығарманың әріне айналдыра отырып, өзінше дамыта пайдаланған. Қобыландының Дайырқожаны абайсызда өлтіруіне өзінше дәлелдер келтірген. Ол - Қобыландының Әбілқайырдың қызы Гүлбахрам - патшайым сұлуға дәмеленуі. Ал, Ақжол би сұлудың сүйгені Саян батырды қашырып, көмек көрсетеді. Екі алыптың соқтығысуының басты себебі де бұл емес. Оның тізгіні хандар қолында жатыр. Әбілқайыр Ақжол мен Қобыландының арасына астыртын шам тастап, шиеленістіре түскен. Оның ондағы мақсаты енді ғана ұйып, одақтас болып келе жатқан Арғын, Қыпшақ руларының арасына жік салып, Керей мен Жәнібек одағын бұзу болатын. Әбілқайыр ойы белгілі дәрежеде іске асқанымен мақсатқа жеткізбейді, қайта керісінше Жәнібек пен Керейге сұлтау болады. Ақжол бидің өлімі қауға тиген оқтай болды, Әбілқайырдың зорлығына әзер шыдап отырған ел Жәнібек, Керей сұлтандардың соңынан үдере көшті. Бұл жерде жазушы тарихи деректер негізінде көркемдік әрлеуді дамыта пайдаланған.
Тарихи деректерге негізделген көркемдік болжалдың тағы бір үлгісін шығармадағы Қотан, Қазтоған жыраулардың айтысынан көреміз. Жоғарыдағы мысалда жазушы тарихи мағлұматтарды өзгеріссіз пайдаланып, сюжеттік сол төңіректе өрбітсе, мұндағы өрнек басқашалау. Айтысқа түсуші тарландар қазақ әдебиеті тарихынан орын алатын белгілі жыраулар - Қотан, Қазтоған. Аты аңызға айналған Асан қайғыға жазушы төрелік айтқызады. Автор тарихта болған үш шығармашылық адамын бір мәселе төңірегінде тоқайластыра отырып, олардың шығармашылық зертханасына үңіледі. Жазушы қолында олардың өз шығармаларын қалай, қандай жолмен шығарғандығы жөнінде дерек жоқ. Сондықтан шығармашылық өрлеуге бой ұрады. Жыраулардың кейінгі уақытқа там-тұмдап жеткен өлең жырларының табиғатына орай оларды өзінше сөйлетеді:
Хан Ордасының алдында кілең би, батырлар алқа қотан отырғаннан кейін Асан қайғы айтысты бастады. Ол алдымен өзі іштегі күйігін сыртқа шығара ел-жұртының қамын сөз етіп, біраз толғау айтты. Халыққа тарап кеткен:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,
- деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы айтқан еді, деп жыраудың кейбір өлеңдерінің шығу тегін осы оқиға төңірегінде тоқайластырады. Автор Қазтоған жыраудың да кейбір шығармаларының шығу жағдайын көрсетеді. Жазушы суреттеп отырған кезеңнің ыңғайына орайластыра Асан қайғының аузына:
Сұмырай, сұрқия, сұм заман,
Шаққалы тұрған сұр жылан.
Өткені емес халқымның
болашағы шер мұңым - деген сөздер салса,
Қазтоғанның аузына:
Алаңда алаң, алаң бар,
Баталмай жау алаңдар.
Сақтан шыққан Кейсақ бар,
Қайсақ, қайсақ, қыпшақ-қыпсақ боп
Он екі атаға таралар - деген тәрізді бөгде жолдар салады. Бұл өлеңдер бұл ақындардың сақталған шығармаларының ішінде кездеспейді, бұл автордың көркемдік әрлеуінен туған.
Алмас қылыштағы оқиғалар тізбегі кейіпкерлер ерекшелігінің негізгі басым көпшілігі тарихи деректерге құрылған. Оған мысалды кез-келген тұстан келтіруге болады. Бұл бір жағынан шығармадағы тарихи шындықтың негізін бекітіп әрін келтіруге қызмет етсе, екінші жағынан шығарманың көркемдік нәрін солғындата түскендей әсер қалдырады. Жазушы кезеңдік шындықты тарихи деректер негізінде ашуға бар қайратын салған.
Алмас қылышта негізінен XV ғасырдың екінші жартысынан XVI ғасырдың бас кезіне дейінгі оқиғалар сөз болады. Автор кезеңдік тарихи деректерді барынша тиімді пайдалана отырып, өзіндік көркемдік әлемін жасайды. Осы тұрғыдан келгенде Алмас қылыштағы көркемдік шындық тарихи шындықпен қабысып кетеді.
Мәселен, романның басты мұратының бірі - қазақ хандығының құрылу, қалыптасу кезеңін көрсету. Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым сияқты бірнеше ханның билеуінен өтіп, көршілес елдермен жаға жыртысып, арпалысқа түскен халық өмірінің қысталаң шақтарын бейнелеген. Автор романда белес-белесті оқиғаларды хронологиялық жолмен баяндайды. Шығарма қазақ хандарының ішіндегі ең көрнектісі Қасым салған қасқа жол деп өзінің ел билеушілік даналығымен жұрт есінде мәңгіге қалған Қасым хан дәуірімен аяқталады.
Қазақтың мұнан кейінгі мықты ханының бірі - Хақназар жөнінде. Қазақ хандары Түркістан үшін сексен жылдай соғысты. Ақырында, осы Хақназар хан болған кезінде ғана тегіс өз жерін өзіне қайтарып алды. Хан астанасы Яссыға көшірілді. Содан кейін барып оны Түркістан деп атап кетті және осы Хақназар кезінде үш жүз жылдан көп әңгіме болып келген жәй бүкіл қазақтың Үш жүзге бөлінуімен аяқталады, - деген қысқа ғана хабарлармен аяқталады. Жазушының негізгі мұраты - қазақ халқының ел болып қалыптасуындағы ең сындарлы кезеңдерін көрсету. Сондықтан, ол XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырға бірақ аттайды.
XVIII ғасыр қазақ халқының қаласын-қаламасын әлемдік өркениетке тартыла бастаған кезеңі. Өркениетке келудің түрлі-түрлі жолы соның бірі - қазақ сияқты әлемдік дамудың шалқар көшінен саяқтап, феодалдық-патриархалдық қоғам деңгейіндегі қалған елдердің өз еркіндігін құрбан етіп, басы байлы отарға айналып барып мәдениетке қол созуы. Қазақ халқының алдында басқа таңдау жоқ. Өйткені екі өкпесінен қысқан Ресей, Қытай сияқты үлкен державалар өз олжасын асықпай арбап, аузына түсіріп, біртіндеп жұтатын аждахадай таяп келе жатқан. Оның үстіне өзі сияқты көшпелі Жоңғар мемлекетінің күшейіп, күш көрсетуі қосылады. Қалай дегенде де, қандай ел болмасын өз еркіндігін тәрк етіп, бодан болуға мойнын оңайшылықпен ұсына қоймасы анық.
Трилогияның үш кітабында да соңғы тарих халықтың өз тарихын көрсету көзделген. Дегенмен, халық тарихын билеушілер әрекетінен бөліп қарамайтын тұстар да жоқ емес. XVIII ғасырда да ондай айналып өтуге болмайтын хандар тарихына қатысты фактілер аз емес. Соның ең негізгісінің бірі - Қазақстанның Ресейге қосылуы жөніндегі ниетті документпен растаған кіші жүз ханы - Әбілқайыр. Бұл тарихи оқиға романда негізінен жазба деректегідей анық та, айқын суреттелген. Бұл көріністі Әбілқайырдың аузынан мына сөзден білеміз: Ресей қарамағына креміз дегеннен бері менің қасым көбеюде, -- деді ол. Қай халыққа болса да, басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын. Бірақ біздің жағдайымыз да басқа жол жоқ. Жоңғарды жеңсең ар жағында Қытай бар, Қытай Боғдыханына бағыну - тіліңнен де, діліңнен де айырылу деген сөз. Ал, Ресей оған қарағанда әділ де, адал жұрт. Жеріміз де тағдырымыз да бір. Жоқ, не десеңіздер де Ресейге қосылу - бізге қалған жалғыз жол. Бұл Әбілқайырдың Барақ сұлтанмен әңгімесі. Бұл жерде Әбілқайырдың жаулары талданып айтылмайды. Автор негізінен Әбілқайыр мен сұлтандар арасындағы күреске ден қойып, оның барақ сұлтан қолынан өлуімен аяқталады.
Әбілқайыр ханның халық құрметіне ие болған уақытының шарықтау шегі оның қазақ жасағының бас қолбасшысы болып сайлануы еді. Бірақ бұл жөнінде романда айтылмайды. Көшпенділерде Әбілқайырдың Ресейге қосылуы жөніндегі талпыныстары ғана суреттеледі.
Қазақ халқының Ресей қол астына бодан болмауға енді шарасы қалмаған. Ол тарихи шындық болатын. Бірақ сол бір ұлы оқиға қалай жүзеге асты, халықтың қолына бұғау, аяғына кісенді өз қолынан сала қоюға асықпағаны белгілі. Еркіндік тәуелсіздік үшін күрес айналып келгенде өмір үшін күрес екендігі белгілі. Сондықтан да бұл күрестің толастамасы анық. Бұл күрес тіпті ресей құрамына әбден бағынып, құзырына қарағаннан кейін де тоқтатылған жоқ. Міне, романда осы жанталас күрес көрініс береді. Бұл кезеңдегі бойы озық көрінетін қайраткер Абылай болды. Абылайдың билік кезеңі, қазақ халқының соңғы рет бас құрып, Жоңғар, Қытай басқыншыларына тойтарыс берген кезеңін суреттейді. Абылайға қатысты оқиғалардың басым көпшілігі негізінен тарихи деректер негізінде баяндалған. Абылайдың Қалдан-Церен қолына тұтқынға түсіп, Орынбор губернаторы Неплюевтің араласуымен босанып шығуы сөз арасында болса да тарихи деректер негізінде беріледі. Романда Абылай бейнесін аша түсуге қатысты қолданылған тағы бір деталь - оның Ботақанды өлтірумен байланысты эпизод. Ел аузында әйгілі Көтеш ақын:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?
Сұлтаным, қарашыңмен даулы болып,
Үстіне Ақ Орданың қол келтірдің,
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не ет сенің жапқан жалаң?
Жанайды бүгінгі күн босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң, - деген екі ауыз өлең сақталған. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерде бұл өлеңнің шығу жағдайы әртүрлі түсіндіріледі.
Ал, аңызда Жәңге батыр бидің аузымен айтылатын маңын жалмаған Қалмақ оңбаған, ханын жаулаған қара ойбайды, хан қисайтса бәрі оңбайды - деген. Халық қадірін білмесе, хан тарпақшы жазасын, хан қадірін білмесе, халық тарпақшы сазасын деген Абылай мен ұрыс-соғыс қыламын демесін, бітіп сөйлессін жарассын, - деген ақылгөй сөздің бүкіл мәні романдағы эпизодтқа сіңген, бойына таралып кеткен. Ақылға келіп, сабасына түскен Абылай халық тегеурініне шыдай алмайды. Кішірейіп, басын иіп, айыбын төлеп барып құтылады.
Романда Абылаймен қатар кейде одан ойы озық көрінетін тұлға - Бұқар. Тарихта болған, артына өшпестей мұра қалдырған өз дәуірінің жыршысы романда да сол тарихи мағлұматтар ауқымында көрінеді. Ол абылайдың ақылгөйі, тіпті қай кезде де тезге салатын бүгінін ғана емес, ертеңін де болжап, ханмен халықты жақындатып отыратын дәнекер Бұқар Абылайдың жасынан оның қасында. Бұқар Абылайдың жебеушісі, қолдаушысы. Қажет жерінде шындықты бетке айтатын сыншы да.
Бұқардың ғұмыр бойына армандап өткені - ел бірлігі. Оның бүкіл қазақты Абылай туының астына жинауға үндеуі де осы идеядан туған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz