Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпубликacы білім жәнe ғылым миниcтpлігі

Тaқыpыбы:
Ас тұзының адам өміріндегі маңызы

Oқушы: _____________________

Ғылыми жeтeкші: _____________________

2020ж.

Мазмұны
Aңдaтпa 3
Кіріспе 6
І. Негізгі бөлім 8
1.1. Тұздың тарихы 8
1.2. Ас тұзының өндірілуі. 9
1.3. Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер 11
ІІ. Ас тұзының медициналық әлеуеті 12
2.1.Ас тұзының маңызы 12
2.2. Ас тұзы дәстүрлі медицинада. 13
2.3. Ас тұзының халық емінде қолданылуы 14
2.4. Пайдалы кеңестер мен қызықты деректер. 17
III.Зерттеу бөлімі 18
3.1.Ас тұзының адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі. 18
3.2.Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама 20
Қ о р ы т ы н д ы 22
Қолданылған әдебиеттер 23

Aңдaтпa

Зepттeу мaқcaты: ас тұзының табиғаттағы және қазіргі адам өміріндегі рөлін көрсету және маңыздылығын бағалау және ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу.
Міндeттepі:
ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;
ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;
емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелде
Бoлжaм:
Егер біз тұз жайлы көбірек оқып білсек, онда тұздың көптеген сырларын ашар едік. Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен, соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.
Зepттey кeзeңдepi:
Мaтepиaлды жинay
Тeopиялық жәнe пpaктикaлық мaтepиaлдapды oқy
Мaтepиaлды жiктey
Caлыcтыpмaлы тaлдay
Cayaлнaмa, cұхбaт
Қopытынды
Экcпepимeнт әдicтepi: Ғылыми жoбaны жүзeгe acыpy бapыcындa capaлay, aнaлитикaлық-тaлдay жәнe қopытy, тaнымдық oйындap, экcкypcия, caйыcтap.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, сұхбаттасу, сауалнама, тәжірибе, жинақтау
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Халық медицинасының сан ғасырлық бай тәжірибесін көне көз қариялардан жазып алған мәліметтер сырқат кезінде қолданылып, ас тұзының емдік қасиеттері бар екені дәлелденді. Үй ішін аластауда, адамды тіл көзден аластауда, тұздың тазалағыш, зарарсыздандырғыш қасиеттерінің барына көзім жетті.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, тіл-көзден, үй ішін аластау үшін пайдалану.

Аннотация

Цель исследования: показать роль и оценить значение поваренной соли в природе и жизни современного человека, выявить специфику поваренной соли и доказать ее целебность.
Задачи:
сбор сведений о поваренной соли;
изучение лечебных свойств поваренной соли;
доказывать лечебные свойства с медицинской точки зрения
Гипотеза:
Если бы мы узнали больше о соли, мы бы раскрыли много секретов соли. Здоровье нашего народа укрепляется, если людей лечить природными минеральными препаратами, в том числе поваренной солью, а не вредными химическими препаратами.
Этапы исследования:
Сбор материала
Изучение теоретического и практического материала
Классификация материала
Сравнительный анализ
Анкетирование, интервью
Заключение
Методы эксперимента: дифференцированный, аналитико-аналитический и обобщающий в ходе реализации научного проекта, познавательные игры, экскурсии, конкурсы.
Методы исследования: обзор литературы, собеседование, анкетирование, практика, обобщение
Новизна исследовательской работы: значение исцеления святой солью от наших предков. Чудодейственные свойства поваренной соли: целебная, очищающая, обеззараживающая.
Результаты и выводы исследовательской работы: данные, зафиксированные древними глазами из многовекового богатого опыта народной медицины, доказали, что поваренная соль обладает лечебными свойствами. При удалении из помещения, удалении человека от языка, я убедилась в наличии чистящих, дезинфицирующих свойств соли.
Практическое значение исследовательской работы: использование целебных свойств поваренной соли для профилактики и устранения различных заболеваний, а также для профилактики заболеваний глаз, внутренних органов.

Abstract
The purpose of the study: to show the role and evaluate the value of table salt in nature and modern life, to identify the specifics of table salt and to prove its healing properties.
Tasks
collecting information about table salt;
study of medicinal properties of table salt;
prove medicinal properties from a medical point of view
Hypothesis:
If we knew more about salt, we would reveal many secrets of salt. The health of our people is strengthened if people are treated with natural mineral preparations, including table salt, and not harmful chemicals.
Investigation phase:
Collection of material
Study of theoretical and practical material
Classification of material
Comparative analysis
Questionnaires, interviews
Conclusion
Experimental methods: differentiated, analytical and generalizing during the implementation of a scientific project, educational games, excursions, competitions.
Research methods: literature review, interview, questionnaire, practice, generalization
Novelty of research: the significance of healing with Holy salt from our ancestors. Miraculous properties of table salt: healing, cleansing, disinfecting.
Results and conclusions of the research: the data recorded by ancient eyes from the centuries-old rich experience of traditional medicine proved that table salt has medicinal properties. When removing from the room, removing a person from the tongue, I was convinced of the presence of" cleaning", disinfecting properties of salt.
Practical significance of the research work: using the healing properties of table salt for the prevention and elimination of various diseases, as well as for the prevention of diseases of the eyes and internal organs.

Кіріспе
Азық-түлік тауарлары арасында тұтынушылар үшін аса қажетті өнім ретінде наннан кейінгі екінші орынды иеленетін ас тұзы (натрий хлориді) өнеркәсіптің химия, мұнай және химия-энергетикалық салаларында, коммуналдық және мал шаруашылығында да кеңінен қолданысқа ие. Сондықтан ас тұзының тұтыну ауқымы ескеріліп, еліміздегі аса маңызды азықтық, әлеуметтік және өнеркәсіптік мәні бар өнімдердің тізбесіне енгізілген. Республикамыздың аумағында жабық және ашық әдіспен өндіруге болатын жер асты және жер бетінде жатқан қоры аса бай тұз кен орындары да аз емес. Әрі осындай ел тұрғындары мен халық шаруашылығы үшін орны айрықша тұз кеніштері облысымыздың аумағында да баршылық.
Статистикалық деректер қазіргі таңда республикада жылына 426 мың тонна натрийлі тұз өндірілетінін, оның 100 мың тоннаға жуығы тағамдық, қалғаны әрқилы қажеттіліктерге пайдаланылатындығын, ас тұзының мұндайкөлемі еліміздің ішкі нарығындағы сұраныстың тек 91 пайызын ғана қамтамасыз ететіндігін, қалғаны Ресей мен Украина және Беларуссиядан импортталатындығын айғақтайды. Әрі аталған елдерден сатып алынатын тұздың тең жартысынан астамын қымбат бағалы сапалы йодталған ас тұзы құрайтын көрінеді. Бұған керісінше еліміз көршілес Қырғызстан мен Ресей, Өзбекстан сияқты мемлекеттерге бағасы арзан техникалық тұз шикізатын экспорттайды.
БҰҰ-ның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау (БДСҰ) ұйымының мәліметтері мен америкалық және британдық сарапшылардың ас тұзын пайдалану бойынша әлемнің 187 елінде жүргізген статистикалық зерттеулерінің қорытындыларын қарасақ, БДСҰ-ның жасаған тұжырымы бойынша әр адамның бір тәулікте пайдаланатын ас тұзының мөлшері 5 грамнан аспауы керек екен. Алайда, әлемдік масштабта зерттеу жүргізген сарапшы-ғалымдардың дәлелдеуінше әлемнің 181 елінің, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның әр тұрғыны тәулігіне 10 грамм мөлшерінде ас тұзын пайдаланатын көрінеді. Міне, осы өлшем тұрғысынан келгенде, миллионнан аса халқы бар облыс жұртшылығының күнделікті ас-суының және тұрмыс-тіршілігінде кеңінен пайдаланатын кеспе-макарон, ет-шұжық, қалбырға жабылған балық, көкөніс, ет өнімдерінің дәмін келтіретін ас тұзының бәрін қосып, болжамдап есептегенде облыс тұрғындары бір жылда тұтынатын натрийлі тұздың мөлшері 5 мың тоннаға жуықтап қалады екен. Ал өнеркәсіптің химия, мұнай және химия-энергетикалық салаларында, коммуналдық және мал шаруашылығында қолданылатын тұздың облыс тұрғындарының тұтыну мөлшерінен кемінде 3,5-4 есе артық болатындығын ескерсек, біз атаған цифрдың еселеніп өсетіндігі анық. Егер аумақтың тұтынуына қажетті осынша көлемдегі тұзды шет елдерден және
республикамыздың басқа аумақтарынан тасымалдауды доғарып, өңірдегі тұз кендерінде дайындау қолға алынса, оның облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріне әкелер тиімділіктері де аз болмайды. Мұндай жағдайда, біріншіден, тұз өндірісін жолға қою арқылы, одан түсетін салық және өзге де төлем түрлері ұлғайып, жергілікті бюджетке құйылатын қаржы түсімінің көлемі артады. Екіншіден, ас тұзы шикізатын өндіретін және оны өңдеп, ақырғы өнім шығаратын әлеуетті кәсіпорындарды іске қосу, сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымдар желісін құру негізінде жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға мүмкіндік туып, ең болмағанда, тұз кендерінің маңындағы елді мекендердің әлеуметтік мәселелері ішінара шешімін табатын болады.
Зерттеу нысаны: Тағамдық ас тұзыөзіме қызықты,зерттеуге қолайлы күнделікті қолданатын ас тұзын алдым.
Зерттеу жұмысымның мақсаты.Ас тұзының медициналық әлеуетін, тұздың халық емінде қолданылуын болашақ ұрпаққа жеткізу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Тұздың шығу тарихын білу
-Тұздың қасиеттерін білу
-Ас тұзының адам өміріндегі ,медицинадағы маңызын білу.
-Ас тұзымен тәжірибелер жасау,сауалнамалар жүргізу.
Зерттеудің маңыздылығы мен ғылыми өзектілігі:
Ас тұзының қазақ халық медицинасындағы маңызын, халық емінде қолданылуы,емдік шараларын,ырым-тыйымдар туралы болашақ ұрпаққа жеткізу,қазақ халық еміндегі ас тұзының маңызын ашуға өзіндік үлес қосу.
Жұмыстың нәтижесі мен қортындысы:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ас тұзын жан-жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Тұз - бұл тек адам өміріне ғана қажет зат емес,сондай-ақ тәжірибе, ізденіс, шығармашылық, бақылау жасауға қызықты материал. Осы дерек арқылы тұздың қазақ халық медицинасындағы емдік мақсатын,пайда-зиянын білуіме,танымдық қызығушылығыма, өй-өрісімнің артуына себепші болуы сөзсіз.

І. Негізгі бөлім
1.1. Тұздың тарихы
Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
Қазақ мақалы
Тұз - адам, жануар, тіпті көптеген өсімдіктер тағамдық мөлшерінде маңызды элемент болып табылады. Ол ең көп таралған тағамдық консервант. Барлық тіршілік тұзды мұхиттың пайда болуымен байланысты. Геология ғылымы пайда болғанға дейін ғалымдар тұздың шығу тарихы туралы әр түрлі зерттеулер жүргізді. XVIII ғасырда Рене Декарт: Мұхит суы жердің қыртысынан енеді және уақыт өте келе тасты тұз құрайды, -деп айтқан.Біздің заманымызға дейін 2700 жыл (4700 жыл бұрын) Қытайда Пень-Цао-Кан-Му трактары пайда болды. Онда тұзды қолданудың бірнеше тәсілдері жазылған. 3-4 мың жыл бұрын Үндістандағы Үнді өзенінің жағасында мәдени тайпа өмір сүрген. Үндістанның солтүстік-батысынан, Пенджабтан және онтүстігінен, Синд провинциясынан көптеген жәдігерлер табылған. Солардың ішінде ежелден сақталған тұз да болыпты.Тұзды ежелгі адамдар қалай танып білген?
Тұз туралы аңыздар. Ежелде адамдар үңгірде мекен еткен. Өздерінің мекен еткен үңгір алдындағы тұрған ақ тастың тұз екенін, дәм беретінін білген. Нан жасау үшін оның қақтап жейтін болған. Кейінен ақ тастың үстінде жайылған еттердің дәмінің ерекше екенін аңғарады.Ежелде адамдар бидай өсіріп, одан нан жасауды үйренеді. Нан жасау үшін оның құрамына арнайы жиналған шөптердің күлі ерекше дәм беретін болған. Дәл осындай дәм беретін, бірақ одан дәмі өткірлеу ақ ұнтақтар тұзды теңіздің жағасынан табылған еді. Ақ ұнтаққа қақталған еттер өте дәмді әрі ұзақ сақталатын. Сол кезден бастап ақ ұнтақ өте құнды зат болып санала бастады. Адамдардың тұзды танып білуі әр түрлі жағдайларда болады. Мәселен, ежелде аңшылар аңшылыққа шыққан кезде жабайы бұғының шөпте жатқан мұзға ұқсас мөлдір тасты жалап тұрғаны байқалады. Алайда, бұл мұз қолға ұстағанда, күн сәулесіне ерімеген. Аңшылар ол мұздың дәмін татқанда, оның ерекше, әрі өткір дәмін сезген еді. Олар мұздың кішкене бір бөлігін сыдырып, өздерімен бірге алып кетеді. Бұл тұзды тас болатын. Адамдар етке тұз қосып жеуді үйрене бастады. Тұз күлден дәм беретін еді. Адамдар тұзды бұлақты тауып, одан тұздың дәмін байқайды. Осы тұзды суға азық-түліктерін малып, тұзды тасқа үйкеліп піскен етті жегеннен кейін өздерін сергек сезінетін еді. Бертін келе әйелдер тұзды тасты үгітіп, оны тамаққа қосуды әдетке айналдыра бастады.

1.2. Ас тұзының өндірілуі.
Тамақ өнімдерінің кез келгенін, тіпті нанның өзі де басқа бір тамақ өнімімен алмастыруға болады. Ал енді тұзды ештеңемен де ауыстыруға болмайды. Дәрігерлер тұз болмаса адам ағзасында зат алмасудың бұзылатынын анықтады. Әрбір тіршілік иесі тұздан қағылса, құрып кететіні анық. Солардың бақытына қарай, табиғат тұздың қорын жеткілікті-ақ етіп жасаған.
Біздің елімізде тас тұзы Донбаста, Қазақстанда, Оралда және басқа жерлерде ертенден бері өндіріліп келеді. Жер астындағы тұзды алу үшін терең шахтылар қазып, оларды дәліздермен жалғастырады. Ондай тұз қабаттарының қалындығы бір шақырымға, кейде тіпті бір жарым шақырымға дейін жетеді. Жер астында ұзақ уақыт жатудың нәтижесінде тұз мейлінше нығыздалып, қатты кристалдарға айналған, сондықтан осы тас тұзы деп атайды. Тұзды жер астынан ғана емес, сонымен қатар кеуіп қалған көлдердің табанынан да, әлі суалып болмаған тұзды көлдерден де өндіреді. Машиналар тұзды көлдің суын сорады да, оны буға айналдырады, сөйтіп, тап-таза, аппақ тұз алынады. Бізде Эльтон, Басқұншақ көлдерінен тұз осылай өндіріледі, ТМД елдерінде тұздың жартысына жуығы Басқұншақ көлінен алынады деуге болады. Ас тұзы кендері - ас тұзын өндірістік жолмен өндіруге жарамды кен орындары болып табылады.Өңірдегі ас тұзын өнеркәсіптік әдіспен өндіру қажет
Басын Алатаудың су айрығынан алып, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік аумағын кесіп өтетін Шу өзенінің төменгі сағасындағы тұзды көлдердің буланып суалуы, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан Шұңқыркөл, Итім, Майдакенкөл сияқты тұз кен орындарынан заңды түрде тұз өндіру 2001 жылдан бастап қайта қолға алынды. Айналадағы сонау көкжиекке дейін көсіліп, тұтасып жатқан құм төбелердің арасындағы кенішті, конькиден спорттық бәсекелер өтетін мұз айдынына ғана балауға болады. Қалың қабаттары қатты, беті жылтыр, күн нұрына шағылысқан линза іспетті тұз кристалдары жанарыңды жасқап, көз қарықтырады. Кен орнының бір шетінде тұздың беткі қабатын сүру, жиналған тұзды арнайы бөлінген орынға апарып үю, көліктерге тиеу және қажет болғанда тұз қабаттарын қазу сияқты кешенді жұмыс үдерісін бір өзі орындай алатын шетелдік заманауи әмбебап техника сүрілген тұзды анадай жердегі қатарласа тізілген жал-жал тұз үйінділеріне сүріп апарып, үюде.
Азық-түлік тауарлары арасында тұтыну - шылар үшін аса қажетті өнім ретінде наннан кейінгі екінші орынды иеленетін ас тұзы (натрий хлориді) өнеркәсіптің химия, мұнай және химия-энергетикалық салаларында, коммуналдық және мал шаруашылығында да кеңінен қолданысқа ие. Сондықтан ас тұзының тұтыну ауқымы ескеріліп, еліміздегі аса маңызды азықтық, әлеуметтік және өнеркәсіптік

мәні бар өнімдердің тізбесіне енгізілген. Республикамыздың аумағында жабық және ашық әдіспен өндіруге болатын жер асты және жер бетінде жатқан қоры аса бай тұз кен орындары да аз емес.
Статистикалық деректер қазіргі таңда республикада жылына 426 мың тонна натрийлі тұз өндірілетінін, оның 100 мың тоннаға жуығы тағамдық, қалғаны әрқилы қажеттіліктерге пайдаланылатындығын, ас тұзының мұндай көлемі еліміздің ішкі нарығындағы сұраныстың тек 91 пайызын ғана қамтамасыз ететіндігін, қалғаны Ресей мен Украина және Беларуссиядан импортталатындығын айғақтайды. Әрі аталған елдерден сатып алынатын тұздың тең жартысынан астамын қымбат бағалы сапалы йодталған ас тұзы құрайтын көрінеді. Бұған керісінше еліміз көршілес Қырғызстан мен Ресей, Өзбекстан сияқты мемлекеттерге бағасы арзан техникалық тұз шикізатын экспорттайды. БДСҰ-ның жасаған тұжырымы бойынша әр адамның бір тәулікте пайдаланатын ас тұзының мөлшері 5 грамнан аспауы керек екен. Алайда, әлемдік масштабта зерттеу жүргізген сарапшы-ғалымдардың дәлелдеуінше әлемнің 181 елінің, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның әр тұрғыны тәулігіне 10 грамм мөлшерінде ас тұзын пайдаланатын көрінеді. Міне, осы өлшем тұрғысынан келгенде, миллионнан аса халқы бар облыс жұртшылығының күнделікті ас-суының және тұрмыс-тіршілігінде кеңінен пайдаланатын кеспе-макарон, ет-шұжық, қалбырға жабылған балық, көкөніс, ет өнімдерінің дәмін келтіретін ас тұзының бәрін қосып, болжамдап есептегенде облыс тұрғындары бір жылда тұтынатын натрийлі тұздың мөлшері 5 мың тоннаға жуықтап қалады екен. Ал, өнеркәсіптің химия, мұнай және химия-энергетикалық салаларында, коммуналдық және мал шаруашылығында қолданылатын тұздың облыс тұрғындарының тұтыну мөлшерінен кемінде 3,5-4 есе артық болатындығын ескерсек, біз атаған цифрдың еселеніп өсетіндігі анық. Егер аумақтың тұтынуына қажетті осынша көлемдегі тұзды шет елдерден және республикамыздың басқа аумақтарынан тасымалдауды доғарып, өңірдегі тұз кендерінде дайындау қолға алынса, оның облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріне әкелер тиімділіктері де аз болмайды. Мұндай жағдайда, біріншіден, тұз өндірісін жолға қою арқылы, одан түсетін салық және өзге де төлем түрлері ұлғайып, жергілікті бюджетке құйылатын қаржы түсімінің көлемі артады. Екіншіден, ас тұзы шикізатын өндіретін және оны өңдеп, ақырғы өнім шығаратын әлеуетті кәсіпорындарды іске қосу, сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымдар желісін құру негізінде жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға мүмкіндік туып, ең болмағанда, тұз кендерінің маңындағы елді мекендердің әлеуметтік мәселелері ішінара шешімін табатын болады.

1.3. Қазақстан жеріндегі тұзды көлдер
Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздар және жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба тұздар тұнба түрінде кейбір тұзды көлдерде (Басқұншақ, Индер) және осы күнгі теңізге жақын көлдер мен қолтықтарда (Каспийдегі Қарабұғаз, Аралдағы Жақсықылыш) кездеседі. Олардағы тұз массасы жылжымалы тепе-теңдік күйде болатын тұзды судан, тұздықтан және қатты тұздан тұрады. Тұз шоғырлары әдетте қабат, линза, шток түрінде түзілген. Жер асты тұзды сулары (тұздықтар) тау жыныстары құрамындағы тұздардың үздіксіз еріп аса қанығуынан пайда болады. Ас тұзы кендерінен тұз өндіру ашық және жер асты кен қазу тәсілдермен не бұрғылау ұңғымалары арқылы су айдап еріту және судағы тұзды тұндыру арқылы жүргізіледі. Тұзды көлдердегі ас тұзы табиғи тұнбадан не арнаулы бассейндерде тұзды суды суалту арқылы алынады. Қазақстанда ас тұзы қоры да көп. Тұзды Арал теңізінен, Балқаш көлінен,Қарасор, Шалқар көлдерінен алады.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда - 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады.
ІІ. Ас тұзының медициналық әлеуеті
2.1.Ас тұзының маңызы
Тұз - ағзаның дұрыс және толымсыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Онда ағзадан калийдің - өте зиянды өнімнің шығарылуына ықпал ететін натрий бар. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады. Ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, ағзаңыздағы компонент - асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий жасуша аралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су - электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағзасының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл осы себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Сонымен, адамға тұз қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне 14 шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды.
Минералды заттар - тамақтың өте маңызды құрамдам бөлігі. Тамақта олардың жеткіліксіздігінен әр түрлі аурулар туады. Егер жануарларды минералды заттардан әдейі айырса, олар көп ұзамай өледі. Өсімдіктер тұздарды топырақтан алады. Натрий, калий, хлор тәрізді макроэлементтердің ең маңызды қызметтерінің бірі - олар қандағы тұз құрамы мен қысымын тұрақты деңгейде қалыпты ұстап тұрады, ал қан мен талшықтарда сақталатын судың мөлшері едәуір мөлшерде осыған байланысты.
Ағзада су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланысып, қабысып жатады. Ағзада су - тұз алмасуына жүйке және гормон жүйелеріне әсер етеді. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері негізінен несеп пен тер арқылы ағзадан шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адамның тұзға деген қажеттілігі, біріншіден, жасанды емес тамақ өнімдерінің құрамындағы тұздардың есебінен (шамамен 3-5 грамм); дайындалған кезде тамаққа қосылатын тұздың есебінен (шамамен 3-5 грамм) және ақыр соңында, тамақтану үстінде адамның өзі асқа себетін тұздың есебінен қанағаттандырылады.
Сонымен, адамның күндік рационында орта есеппен 10-15 грамм ас тұзы болуға тиіс. Денеге көп күш түскенде, әсіресе жылдың қыстың мезгілінде, ыстық цехтарда істейтін жұмысшыларға, алыс қашықтыққа жүретін немесе жүгіретін спортшыларға, марш жасайтын жауынгерлерге тамақтағы тұзды қосқанда тәулігіне тұз тұтынуды 20 грамға дейінарттыру керек.

Жалпы тамаққа ас тұзын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Сібір жазығы
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Қазақстанның су қоймалары
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның ірі өзендері
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. Гидросфераның құрамдас бөліктері
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Су жүйелері және оның ластану көздері
Пәндер