Барлығы - 503 қожалық


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Орындаған:Оражанов Д. М

Жоспар:

1. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы.

2. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты. Мұсылмандардың қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі.

3. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны.

Ресей мұсылмандары одағы, “Иттифақ-ул-муслиаши” - бірінші орыс революциясы тұсында Ресей империясындағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған саяси партия. Бұл партияны құру идеясы бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезінде көтеріліп, оның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеу Ә. Топчибашев мен пен Ә. Ибрагимовке жүктелді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезінде партияның 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданды. Жарғы бойынша партияның 16 қалада, соның ішінде Орынборда, Астраханда, Оралда, Омбыда, Ақмешітте, Семейде, Верныйда, Ташкентте, Ашхабадта, Уфада, Қазанда, Мәскеуде, Бакуде бөлімшелері құрылатын болды. Партияның бағдарламасы бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезінде бекітілді. Іабылданған бағдарлама бойынша партия Ресей империясы азаматтарының дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуын талап етті. “Р. м. о. ” Конституц. -демокр. партия секілді жерге жеке меншікті жақтағанымен, империядағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғауды, орыс шаруаларын шет аймақтарға орналастыруды доғару қажеттігін бірінші кезекке қойып, ұлттық-мәдени автономия идеясын бірінші көтерді. Партияның 15 мүшеден тұратын Орт. к-ті болды. Оның құрамында Топчибашев, И. Гаспринский, Ибрагимов, М. Бигиев секілді қайраткерлермен бірге қазақ зиялыларынан С. Жантөрин мен Ш. Іосшұғылов сайланды. “Р. м. о. ” Мемл. думадағы Мұсылман фракциясымен тығыз байланыста болды. Мемл. думада қаралуға тиіс заң жобаларымен мұсылман халықтарын хабардар етіп отыруды өз мойнына алып, осы мақсатта партияның баспасөз органын құруға әрекеттенді. Патша өкіметі “Р. м. о. ” партиясын “панисламшылдық” пиғылдағы партия деп бағалап, оның қызметіне тосқауыл қойды. Бірінші орыс революциясынан кейін етек алған Столыпин реакциясы кезінде “Р. м. о. ” қызметін доғарды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жүзеге асырылған қазақ байларын тәркілеу, малшы халықты ұжымдастыру шаралары, осы кезеңде жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушіліктер, бұлардың аса ауыр зардаптары ең ауқымды түрде және соңғы мәрте қазақ халқының өз атамекенінен ауа көшуіне әкеп соғады. Байлардың, сонымен бірге қалың бұқараның көшуіне себеп, 1928 жылғы 27 тамыздағы қазақ байларын кәмпескелеу туралы қаулының шығуы еді. Қаулы қабылданбай тұрып-ақ ел арасында сыбыс таралып, шекараға жақын аймақтардағы ауқатты-байлардың арасында шет елге қоныс аудару қозғалысы басталды. Алғаш бұл қозғалыс жекелеген ірі байлардың ауа көшулері түрінде көрініс берсе, көп кешікпей тәркілеуден қалған малды сыпырып алуға бағытталған 1928-1929 жылдардағы ет дайындау науқандары және 1930 жылы қаңтардан бастап, байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары нақты қолға алынысымен жаппай бұқаралық босуларға ұласты. 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Совет Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы» қаулысы қабылданды. Қаулыда: Қазақ республикасы өзінің құрамы жағынан мәдени артта қалған ұлт және революцияға дейінгі өзгермеген көшпелі-рулық қатынаста өмір сүреді. Қазақстандағы мүлік иелері мен бұрынғы әлеуметтік артықшылықтары бар топтар Кеңес билігінің ауыл мен қышлақтарда жүргізіп отырған негізгі іс-шараларына кедергі келтіріп, арандатушылық үгіт-насихат таратып, ұлтаралық және рулық алауыздықты қоздыруда. Бұл ең алдымен кедейлерді экономикалық тәуелділікте ұстап, республиканың экономикалық және мәдени дамуына бөгет жасайды деп айтылған. Алайда жергілікті халық тәркілеу науқаны күшіне енбей жатып малдарын сатып, көшуге дайындық үстінде болған. Тәркілеу қарсаңында көптеген заң бұзушылықтардың салдарынан қазақтар шекара асып, көше бастады. Қазақтардың шекара асып көшу себебін Тарбағатай аудандық екінші ауылдық советінің төрағасы Ерубаев Әділбек былай деп түсіндіреді: «Нақ осы жылы Тарбағатай болысында төрт санақ жүргізілген бірінші рет ақпан айында, екінші санақ шілде айында жүргізілді . . . Тәркілеу науқаны қарсаңында көптеген қазақтарға артық мал жазып жіберген, мысалы, Үсенов Әзікен мен ұлына 200 бас қой артық жазылған. Бұл қазақтардың Қытайға көшуінің бірінші себебі болып табылады. Екінші себеп - совет билігі орнағанға дейін туыстарынан, әке-шешелерінен бөлініп шыққан отбасыларға «Сендер үкіметке салық төлеуден жалтарып, салықты аз төлеу үшін, мүліктеріңді бөлісіп әдейі жеке шықтыңдар» деп протокол толтырып, істерін сотқа берген. Совет билігі тарапынан болған мұндай қыспақ қазақтардың шекара асып, жаппай Қытайға өтуінің екінші себебі болды». Науқан қарсаңында елде осындай жағдайлар орын алды. Бұл шекара асып көшуде наразылықтың бір түрі болатын. Осындай үдере көшудің бір көрінісі Тарбағатай болысының №5 ауылдық советінің азаматы Увалия Нұртазының мәліметі бойынша былай деп айтылған: «Қытайға көшу себебі: қазақтарға артық мал жазылды. Маған 32 бас мал артық тіркелген болатын. Ауылдық советтің төрағасы Бураханов Ахмет 5 ауылдың барлық жан басына мал жазып қойды. Бураханов барлық қазақтарға «советтік билік сендерге 10 қой, 2 сиыр, 12 жылқы қалдырып, қалғанын алады» деді. Осы келеңсіз құбылыс және дұрыс жолға қойылмаған санақ қазақтардың жаппай Қытайға өтуіне түрткі болды. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы да тәркілеудің алғышарттары болатын. Ең бірінші көшкендерді бастылары бай-кулактар болды және олар мал-мүліктерін сақтап қалу үшін шекара асуға мәжбүр болды. 1928 жылы 22 наурызда Зайсан уездік комитетінің секретары Савченконың Семей ГубКом-ның мүшесі Резниковқа жолдаған хабарламасында қазақтардың Қытайға үдере көшуі былай сипатталады: «Күзеуін, Хабарасу, Тарбағатай, Майқапшағай, Алқабек болыстарының байлары қазақтарды Қытайға өтуге көндірген. Бірнеше бай Қытайға өтіп кетті. Қашып бара жатқандардың 27-сі шекара жасақтарына ұсталып тұтқындалды. Мал-мүліктері тізімге алынып, тәркілеуге жатқызылды. Байлардың Қытайға көшуге үгіт-насихаттары өте қатты жүрген». Осы құжаттар жинағындағы №4 құжатта Зайсан кавалериялық шекара жасағы Зайсан ААК 1928 жыл 21 тамыздағы хабарламасында: «16 тамыз түнінде Зайсан ауданы №4 ауыл азаматтары Қытайға үдере көшті. 65 шаңырақтан құралған бұл топқа «Қосшы» одағаның төрағасы Дауменов Наурызбай мен ВЛКСМ мүшесі Жанпейісов Қасым басшылық жасады және қарулы жағдайда болды» деп атап көрсетілген. Шекара асып көшудің бастауында байлар тұрғанымен, оларды қолдаушылар, ұйымдастырушылар коммунистер болғанын байқаймыз. Бұған қарап, Кеңестік саясаттың ызғарының оларға да тигенін аңғару қиын емес. Тәркілеуге науқанында елдің шекара асуы көбейе түсті. Осыған байланысты Бақты, Зайсан, Жаркент шекаралық аудандарына арналған шифрограммада: «Бірінші қыркүйектен бастап байларды тәркілеу науқаны күшіне енеді. Мүмкіндігінше байлардың қалың нөпірін бөгеу шекарадағы сіздердің міндеттеріңіз» деп қатаң, әрі жедел түрде тапсырма берілген. 1928 жылы 20 желтоқсанда Зайсан аудандық атқару комитетінің төрағасы Ақжелеевтің ақпары: «Қолда бар мәліметтер бойынша 14 қожалық қашып өтті, сегізі қайта оралған». Малдың едәуір бөлігі 14 қожалықпен 29130 бас Қытайға кеткен. Қосшы одағының қолында 574 бас мал бар, 105 мал сатылған. 72 бас мал жетпей қалған. Ақиқатында малдың едәуір бөлігі шекара асып кеткен байлардың қолында қалған. Ауа көшулерінің 1930 жылы қорытыныдысы бойынша бір жыл ішінде Қытаймен шекаралық үш ауданнан төмендегідей қожалықтар көшкен: 1. Зайсан ауданында - 1238. 2. Марқакөл ауданында - 61. 3. Тарбағатайда - 417. Барлығы - 1716. Ал енді шекарадан өтерде осы үш ауданнан шекара отрядтарының қанша қожалықтарды ұстап алғандығы туралы мәлімет: 1. Зайсан ауданынан - 518. 2. Марқакөлден - 21. 3. Тарбағатайдан - 221. Барлығы - 760. Бұл аудандардың шекараға іргелес орналасуы жан сақтап, бас сауғалауға тиімді болды [7; 177-б. ] . ОГПУ-дің Қытайға ауа көшкен жайындағы 1930 сәуірдегі 3 аудан халқының көшкендерінің нақты санын береді: Мақаншы ауданы бойынша ақпан айында - 33 кедей қожалық, 39 орташа, 6 бай қожалық; Наурыз айында - 191 қожалық барлығы колхозшылар. Барлығы - 269 қожалық көшкен. Зайсан ауданы бойынша ақпан айында - 135 кедей, 127 орташа, 38 бай қожалық; Наурыз айында - 47 кедей, 114 орташа, 42 бай қожалық. Барлығы - 503 қожалық. Жиыны екі аудан бойынше 772 қожалық көшкен. Тарбағатай ауданы бойынша (мәлімет толық емес) . Ақпан айында - 33 бай, 10 орташа, 13 кедей. Бұл көшудің себептері негізінен тәркілеу, ет дайындау науқандары, алым - салықтың мөлшерден тыс көбейтілуі еді. Осындай заңсыздықтардың, бас бұзарлық әрекеттерінің алдын алу үшін, Қазақ ОАК 1930 жылы 3 сәуірде «Қытаймен шекаралас аудандарға бай-кулактардың қожалықтарының заңсыз шекара асып, көшуіне қарсы күрес шаралары» туралы қаулыды мынандай мәселелер қамтылған: 1. Ауа көшпекші болғандарды мынандай жағдайлар шекара шебінен ары 100 километр ары қарай қоныс аударту керек а) Шекара сызығын қыйып өтерде ұсталған барлық бай-кулактарды немесе шекара асып көшпекші болып сөз шығарып, ниет етіп жүргендерге; б) Шекара асып өтерде отбасы қалып қойып, басшылары көшіп кеткен жағдайда. 2. Қоныс аудару барлық жағдайда аудандық және атқару комитетінің шекаралық күзет қызметінің материалдары негізінде өлкелік атқару комитетінің қаулысымен бекітіледі. Қазақ АКСР ХКК төрағасы Исаев . Бірақ бұл қаулы қабылданса да, бұған құлақ асқан халық болмады. Топ құрып, қарақшылық әрекеттермен айналысып, шекарадан өтушілерге көмектесіп, өткісі келмегендерді күшпен әкетіп отырған. Кулактар мен байларды тап ретінде жою науқаны болған 1929-30 жылдары Қытайға өтіп кеткен жекелеген байлардың ізінше жергілікті совет органдары орнықтырған жоғарыдағыдай әділетсіздіктерден кейін, көп кешікпей-ақ орташалар мен кедейлердің де Қытайға жаппай өтулеріне басталғанын жоғарыда да айттық. Қытай жағына алғаш өткендер, ол жақта бай кедейге бөліп қудалаудың жоқ екенін бірден байқады. Олар бұл туралы совет жағында қалған өздерінің туыстарына да үздіксіз хабар беріп, оларды шақырды. Ал мұның өзі шекара аудандары қазақтарының біразын қалай да Қытайға өткен жөн деген бір жақты шешімге келтірді. Соның бір көрінісі ретінде 1930 жылы Мақаншы аудандық ОГПУ бөлімінің өлкелік комитетке жергілікті халықтың Қытайға көшуі туралы жедел хатында: «20-25 сәуір аралығында Қытайға қашқан қазақтар: орташалар 5 қожалық, жан басы 27, мал саны 10 жылқы, 25 ірі қара, ұсақ мал 92, түйе 1. кедей қожалық 27 адамды 127, мал саны 19 ат, ірі қара саны 65, ұсақ мал 86, 2 түйе деп халықтың әлеуметтік құрамы материалдық деңгейі де көрсетілген. Осы деректен-ақ 1930 жылдары ауа көшудің бұқаралық сипат алғаны көрініс береді. 1930 жылдары ұжымдастырудың нәтижесі колхоздар құрыла бастады. Колхозға біріккендер негізінен алғанда орташалар мен кедейлер болатын. Сонда қоныс аударудың бірі 1930 жылы 11 шілдеде түнде Қытайға Май-Қапшағай заставасынан 10 колхозшы көшті, оның біреуі орташа, қалған 9-ы кедейлер. Мал саны құрамы жағынан 12 жылқы, 14 ірі қара, 22 ірі қара. Шілденің 26 - ы түнде осы учаскеден 50 қожалық Қытайға өтіп кетті. Қанша малы бары анықталмаған. Қолда бар мәліметтер бойынша оларға Қытайдан қаруланған қазақтар көмекке келген . Арғы беттегілердің туыстарын көшіріп алуға бағытталған мұндай әрекеттері «қарақшылық әрекет» деп бағаланды. Атамекенінен ауа көшу 1931 жылы да толастамады. 1931 жылы тамызда Аягөзге жақын әртүрлі аудандардан Қытай шекарасына жақын Еміл өзеніне 2, 5-3 мың ауа көшуші қожалық жиналып, 15-20 мың малын айдап шекара асып өтпекші болады. Алайда бұл қозғалысты сезген ОГПУ жендеттері көштің алдын бөгеп, кейін қайтаруға тырысады. Көштің үлкен бөлігі өзеннен өтіп үлгереді. Көшуші басқарушылар негізінен ру старшындары, моллалар, бай- кулактар қаруланған, әрі қарулы қақтығысқа дайын жағдайда болған. 1929 жылдың соңына дейін шекара бұзып, Қытай асқандардың әрекеттерін байлардың асып-сасып, жаппай шетелге қашулары деп білген ОГПУ органдары бұған онша мән бермей, оларды арнайы тіркеуге алуға жете көңіл бөле қоймаған болса, біртіндеп 1930 жылдың басынан бастап, Қытайға жөңкіле көшулер колхозшылар мен кедейлер екені анықтала бастады. 1932 жылдың ақпанындағы жедел барлау мәліметтерінен Батыс Қытайдағы босқындардың көңіл күйі туралы ақпарат. Эмигранттардың өздерін көшіріп жіберу туралы бұйрықтармен танысуларына байланысты қазақ эмиграциясының бай-кулак бөлігінің көңіл-күйлері тұнжыраңқы және қайтып оралуға мүлде қарсы. Эмигрант байлар негізінен Қытайда тұрақтап қалуға және өмір сүруге рұқсат алуға мүдделі. Эмигранттардың кедейлер-орташалар топтары совет өкіметінің ССРО территориясында емін-еркін тұруға рұқсат бергені туралы сыбыстың оларға жетуіне байланысты көктемде Қазақстанға қайтуды көздеуде. Зайсан шекара отрядының аудандық совет атқару комитетінің төрағасы Мұхамедшинге жолдаған хабарламасы бар жайды бүкпесіз баяндайды. 1929 жылы 30 қарашада Қытайдағы Алтай аймағы жағынан Нұрғали Мұқабаев бастаған 30 адамдық қарулы топ шабуыл жасай отырып, Алқабек өзені маңында 60 отбасын көшіріп әкетті. Кергентас тұсынан Мұқан Мәсілімов «бандасы» 40 отбасын көшірді. 1930 жылғы қаңтарда Сауыр арқылы Әлен княздігінің иелігіне 128 шаруашылық (құрамында 582 адам, 4421 мал бар) өтті. Олардың көшуіне Әленнің адамдары көмектесті. Сол жылы 16 қаңтарда, одан кейін 28 қаңтарда Қытай жеріндегі Таңғыт үкірдайдың адамдары 80 шаруашылықты көшіріп әкетті. Ақпан айында Қоңыр қажы Мәжитов бастаған жақсы қаруланған жүз адам 97 шаруашылықты көшірді. 6-10 ақпанда Шағаноба арқылы 100 шаруашылық арғы бетке асты. 11 ақпанда Алқабек өзенінің жағасында шекарашылармен атысып, 30 отбасы өтті. 17 ақпанда Сауыр тауы арқылы 93 шаруашылық шекарадан асты. 20 ақпанда Ақкезең тұсынан 160 шаруашылық, 24 ақпанда 60 отбасы шекараны бұзып өтті. Атыс болып, бір шекарашы өлді. Елдің Қытайға қашуы көктемде одан ары жалғасқан. 1930 жылғы 15 наурызда шекара отрядының бастықтары Дарын заставасынан 300 отбасы 8600 малымен, Жеменей кенті тұсындағы застава аумағынан 1260 отбасы 1840 малымен, Қабық тауына қарай 240 отбасы 6000 малымен, Дөрбілжін уезіне 600 отбасы 14200 малымен өтіп кеткенін хабарлады. Шекараның арғы бетінен және бергі бетінен елдің көшуін басқарды деген Алтай аймағындағы 29 адамның, Жеменей уезіне делініп адамның, Дөрбілжін уезінде деп 25 адамның аты-жөндерін жазып, тізімін жасаған. Бұл бір жылдың ішінде көшкен Зайсан ауданына қарасты қазақтардың саны. Ал басқа да шекаралық өңірлерден ауа көшкен елдің атамекенінен безіп, жан сақтау үшін кеткендері қаншама. Көшудің себептері әр қилы болды. Мысалы, 1931 жылы Күршім ауданынан Қытайға 170 қожалық өтіп үлгерген екен, оның 30-ы бай қожалық, қалғандары кедейлер мен орташалар. Ауа көшудің ішінде 5 коммунист және 9 комсомол болған. Бұл коммунситер мен комсомолдардың ауа көшкен рулы қожалықтың мүшелері екендігін білдіреді. Көшудің себептері төмендегідей: Тәжірибелік жоспарлау мен шаруашылық басқаруда ірі қателіктер жіберілген. Саяси-шаруашылық істердегі бұрмалаулар. Революциялық заңдылықтардың әлсіздігі. Ауылдың ұйымдардың әлсіздігі. Байлардың абырой-беделімен рулық байланыс және Қытайдағы қазақ руларымен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруа (фермер) қожалығы
ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ XVIII Ғ. СОҢЫ – ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Оңтүстік славян елдердің халықаралық қатынастағы рөлі
1928 ЖЫЛҒЫ ШЫҒЫС ҚAЗAҚСТAНДAҒЫ AУҚAТТЫ ШAРУA ҚОЖAЛЫҚТAРЫН ТӘРКІЛЕУ
Аягөз бірталай желді қала
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту
Шаруашылық - аралық жерге орналастыру
Тауық жұмыртқаларын инкубациялаудың режимі
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Шаруа қожалықтарын шет мемлекеттерде жүргізу тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz