Қаржы түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қазақстан Республикасының қаржы құқығы

Орындаған: Рыскелди Сымбат 305-топ

Тексерген: Умбетов М. Н.

Реферат

Тақырыбы:

Мемлекеттің қаржылық қызметінің ұғымы мен жалпы

сипаттамасы. Қаржы жүйесі және оның құрамын талдау

Жоспар :

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

  1. Қаржы түсінігі;
  2. Мемлекеттің Қаржылық қызмет ұғымы;
  3. Қаржы органдарының негізгі жұмысы.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы.

Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Негізгі бөлім:

Қаржы түсінігі

Қаржы ғылымының дамуы Европа елдерінің сауда-саттық жұмыстарының пайда болуына себебін тигізеді (Италияның Флоренция қаласында) . Қаржы термині латынның «financia» деген сөзінен пайда болды, осының негізінде Ресейде «финакция» термині пайда болған, жалпы оның мағынасы «қарыз және төлем» дегенді білдіреді (XІІI ғасыр) . Қаржы жүйесі 2 бөліктен тұрады: мемлекеттік қаражат, түрлі шаруашылық субъектілерінің қаражаты. Мемлекеттік қаражат өз тарапынан мемлекеттік бюджеттен, мемлекеттік несиеден сақтандыру қорына және нарық қорынан тұрады. Түрлі шаруашылық қаражаты кәсіпорын қаражатынан басқа да ЖШС қаражатынан, корпорация қаражатынан, фирма қаражатынан кұралады. «Қаржы» деген терминнің тегінің түрлі көзқарастары өмірде көп кездеседі. Бірқатар авторлардың бекітуі бойынша, осы термин - XIII- XV ғасырлар аралығында Италияның саудалық қалаларында ең алғаш пайда болды, содан соң, халық пен мемлекеттің арасындағы ақшалы қатынастардың жүйесі ретінде деген түсінікпен халықаралық деңгейде қолданысқа ие болды. Басқа авторлардың бекітуі бойынша, бұл ұғым франциялык зиялы оқымысты Ж. Боденмен ұсынған 175 -те 5 жылғы «Республика туралы алты кітап» атты шығармасы бойынша қалыптасқан. Бұдан басқа, мемлекеттің пайда болуы деген ұғым жоғарғы өкімет ретіндегі мемлекет пен баска да өндіруші субъектілерінің apасындағы экономикалық игіліктерді бөлу жөніндегі белгілі бір өзара қарымқатынастартың жасалуын да білдіреді. Осы қарым-қатынастар «қаржы» деген ұғымды анықтайды. Қаржылар екі аспектілерде қарастырылады: материалдық және экономикалық.

Материалдық мағынада қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақшалардың жиынтығы ретіндегі орталықтандырылған құралдары қолда және орталыктандырылған ақша құралдары қорларының жиынтығы. Қолма-қол ақшалар белгілі құны көрсетілген кағаз ақша немесе тиын ақша түрінде көрініс табады. Ал, қолда жоқ ақшалар белгілі шоттардағы жазба түріндегі ақша құралдары. «Қаржы» категориясын материалдық мағынада және «ақша» терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады. Кең мағынада «қаржылар» «ақша» түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады. Тар мағынада «қаржы» терминіне мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақша құралдары кіреді. Занды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес деп жіктелінгендіктен, қаржылар да жеке және мемлекеттік деп белінеді. Арнайы мағынада қаржылар деп тек мемлекеттің ақша кұралдары айтылады, яғни қаржылар мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі ақша айналысында пайда болатын қатынастардың жиынтығын білдіреді. Осы мағынадағы түсінік қаржылық құқықта кеңірек пайдаланады. «Мемлекеттік қаржылар» ұйымдастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни тұрақты субъектісі мемлекет болатын қайта бөлу сипатындағы императивтік экономикалық (ақша) қатынастарының жиынтығын білдіреді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттік жалпы қажеттіліктерді қанағаттандыру және коғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталады. Қаржылардың нақты мақсатты бағыты бар. Олар жалпы мемлекеттік мүдделер, сонымен қатар жергілікті басқару саласында нақты міндеттерді шешуге бағытталады. Экономикалық категория ретінде қаржы деп, ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай -ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Мемлекеттiң қаржылық қызметі түсінiгі

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады. Мемлекет әр-түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай - ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы -қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне және іс - қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару / атқарушы - өкімші қызмет / түрінде жүзеге асыралады. Мемлекеттің биліктің жоғары органы-Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары - депутаттардың жиналысы-маслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы - өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:

-Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу:

- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

- мемлекет кірістерінің көздеріне”

- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына

-мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:

  1. Орталықтандырылған мемлекетті қорларға ”мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары / әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады /. Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай - заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар - депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады” қаржыландыру - қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.
  3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма - қол ақшасыз және қолма - қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау - есептеу функциялары жатады. Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік - құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды. Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән - жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық - экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз. Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік - экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары : мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің бюджеттік қызмет, валюталық- қаржылық қызмет, қаржылық - банктік қызмет, кредиттік қызмет, қаржылық - сақтандыру қызметі, қаржылық - шаруашылық қызметі, салықтық қызмет, мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.

Қаржы органдарының негізгі жұмысы

Қаржы және салық органдарының негізгі жұмысы - мемлекеттің кірістері мен шығыстарын басқаруды жүзеге асырумен қатар бақылауды жүзеге асырады. Сондықтан, қаржы басқармаларына бақылау жолшыбай орындалатын міндет ретінде болады, яғни ол атқарушылық - тәртіпті қатар жүзеге асырады. Қаржы органдарының бақылауы барлық формаларды жүзеге асырады, соның өзінде алдыңғы орындарда алдын-ала және ағынды бақылау тұрады. Бақылаудың негізгі әдістері болып тексеру, есептілікті, есепті тексеру табылады. Салалық басқармалардың мамандары ревизияға, ревизия тобының мүшесі құрамында тартылады. Жергілікті қаржы органдарының бақылау объектісіне ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорларын құру мен пайдалану дұрыстығы кіреді. Ведомстволық қаржылық бақылауды Республиканың министрліктері мен ведомстволары, жергілікті әкімшілік басқармалары өздеріне бағынышты кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын-ала, ағымдағы және кезекті бақылау формасында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржылық жоспар-жобаларын қарау, ревизия және тексеру болып табылады. Бақылау объектісі болып ақша құралдарының орталықтандырылмаған қорлары табылады.

Ішкі шаруашылық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылысты бөлімшелері жүзеге асырады. Қаржы саласында бақылау функцияларын басшылар, бухгалтерия және қаржылық бөлім жүзеге асырады. Осының өзінде маңызды рөлге бухгалтерлер ие. Ішкі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән формалардың барлығында жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістеріне ревизия мен тексеру жатады. Коммерциялық жүйелерде ( акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар мен фирмалар, биржалар, банктер және т. б. ) ішкі шаруашылық бақылауды жеке меншік иесі немесе құрылтайшы жүзеге асырады, сонымен бірге олардың тапсырмасы бойынша аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Мемлекет өз қызметінің барысында валюталық бақылауды да жүзеге асырып отырады. Осы арқылы мемлекетке кіріп шығатын валюталарды реттеп отырады. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретінің шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу, бақылау органы болып табылады және Президент алдында есеп береді. Ұлттық банк валюталық бақылаумен қатар ақша-кредит саясатымен айналысады, екінші деңгейдегі банктер үшін банктік операциялардың жүзеге асырылу тәртібін айқындайды. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға лицензиялар беруді, олардың қолданылуын тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды Қазақстан Республикасынң Ұлттық Банкі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған операцияларды лицензиялайды.

2003 жылы Қазақстан Республикасында банк қызметiн, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттеп және қадағалайтын уәкілетті орган ретінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі құрылды. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады, есеп бередi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi. Аталған мемлекеттік органның негізгі міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы - ақша қатынастарының ажырамас бөлігі
Қаржы ресурстарын басқару
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Қаржылық дағдарыстың жағдайы және экономикаға оның әсері
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Зейнетақы нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz