Қазақ халық биінің даму тарихы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының қоғамдық Каспий университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақ халық биінің даму тарихы
Орындаған : Мәдениетаралық коммуникативті аударма тобының 1 курс студенті
Таниркулова Дарина Муратовна
Алматы 2020
Қазақ халық биі жайлы не білеміз?
Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ.
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.
Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық
түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі.
Бүгінгі жұрт әлі де білмей жатқаны болмаса, ұлтымыздың байырғы билерінің түрі өте көп. Мысалға «Қаражорға», «Ортеке», «Аю биі», «Келіншек», «Былқылдақ», «Насыбайшы», «Қамажай», «Тоты», «Сауыншы», «Қаз биі», «Бүркіт биі», «Шешеке», «Киіз басу», «Соқыр теке»… сияқты билерді атауға болады. Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді.
Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.
Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер.
Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ
биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады.
Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Осындай қазақ билерінің бірі-Қара жорға.
Қара жорға - бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға - қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са¬лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi.
/- Қазақ халқының ерте замандардан келе жатқан, атадан балаға мұра болып сабақтасқан дәстүрлі билерінің бірі «Қара жорға» екеніне ешкім шүбә келтірмесі анық. Жоғалып табылған, өшіп барып жанған сол халық қазынасы жаңа ғасырда жаңаша леппен халық ортасына оралып, көпшілік қауымды бір қуантып тастаған болатын. Енді міне Қытайдағы қазақ қандастарымыздың ұлтжандылығының арқасында 10 мыңнан астам адам билеп шыққан «Қара жорға» биі Гиннестің рекордтар кітабына жазылғандығы туралы қуанышты хабар келіп жетті. Ұлтымыздың басына төнген нәубет заманның аласапыран жылдары әкелген қасірет берекесі ұйыған ұлысты тарыдай шашып, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениет пен дәстүрдің кей нұсқаларын жоғалтуға дейін жеткізді. Бұл үрдіс қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болып орнығуынан кейін ғана тоқтады. Ұлт қазынасының бары мен жоғын түгендеп, қастерлеп сақтап отыруы, Алаш ұранын шақырып, әлемдегі бар қазақты елге оралуға
үндеуі де осы тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болғаны баршамызға аян. Ал бүгін тымағын аспанға атқызып, әр қазақтың жүрегіне қуаныш ұялатқан «Қара жорға» биі де сол ата жұртына ат басын бұрған ағайынның өздерімен бірге ала келген, дәстүріміздің жоғалып табылған бір парасы болатын. Қазақтың көнеден келе жатқан байырғы «Аққу» биi, «Қыз ұзату», «Көбелек», «Асау үйрету», «Киiз басу» деген тәрiздi дәстүрлi билерінің қатарында «Қара жорға» биі де аталады. Қытайлық қандасымыз Даму Әбілқажинұлының айтуынша, «Қара жорға» биінің тарихы XII ғасырдан арыға кететін көрінеді. Ал Қазақстанға осы биді алғаш әкеліп дәріптеуші Арыстан қажы Шәдетұлы бидің өзге туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті - оны билеген кезде адамның барлық буындарының қозғалысқа енетіндігінде дейді. Алтай аймағындағы Өр Алтай деп аталатын қазақтар шоғырлы қоныстанған Шіңгіл ауданында өткен «Қара жорға» топтық биіне қазақ, қытай, моңғол ұлттарынан құралған 13288 адам қатысқан. Қатысушылардың басым денін өз қандастарымыз құраған. Қазақтың дәстүрлі өнерін әлемге танытып, Гиннестің рекордтарына ену үшін алдын-ала өтініш білдіріп, 3-4 ай көлемінде жаттығу жасалған екен. Сөз соңында Мұқият Серкешұлы: «Қазақстан бұл жаңалықты әлі толық естімеген болар, сіздер тезірек жеткізіңіздер. Ал бұл жақтағы қазақтың қуанышында шек жоқ, біз ұлттық салт-дәстүрімізді әркез қадірлеп сақтауға өз үлесімізді қоса береміз!» - деп, ағынан жарылған тілегін білдірді. Осыған қоса айтар тағы бір жаңалығымыз, «Қара жорға» биін билеген адамның барлық буындарының қозғалысқа түсетіндігін ескере отырып, Қытайдағы қандастарымыз Алтай аймағының 7 ауданындағы әр ұлттың мектеп оқушыларына арнап, сабақ аралығындағы гимнастика ретінде «Қара жорға гимнастикасын» жасап шығарған.
-Қазақта би болмаған дегенді қайдан шығарып алған. Мен әлі күнге дейін дауласып келемін. Өзiмiздегi бар нәрсенi қалай жоққа шығарамыз. Қайта жоғалтқанымызды тауып, жарыққа шығаруымыз керек. Би - қазақтың өзiмен бiрге өнiп-өскен өнер. Ол аспаннан салбырап түсе салған жоқ, қазақтың тұрмыс-тiршiлiгiнен туған өнер. Ән де солай. Өмiрден алған әсерден, қуаныштан, қайғы-күйiнiштен туындайды. Композиторлар көңiл күйін әуенмен, сазбен, ал ақын-жазушылар сөзбен жеткізедi. Би де сол сияқты. Бiрақ, мұндағы iшкi сезiм қимыл-қозғалыс арқылы бейнеленеді. Әрине, ойды тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын. -деп Арсытан Тосын айтпақшы дістүрлі биіміз әрдайым жүрегімізде болған.
-Бүгіндері жиын-тойдың көркіне айналған «Қара жорға» әні мен биі төңірегінде түрлі әңгіме тууда. Бұл әннің қазаққа қатысы жоқ деген пікір де бірлі-жарым басылым бетінде жария болды. Тіпті қазаққа танымал сазгер
Ұлықпан Жолдасов теледидар арқылы «Қара жорға» биін елге келген індетке балады.
Осы орайда біз Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, зерттеуші-ғалым Зейнолла Сәніктің «Қара жорға» биінің тарихы туралы жазған зерттеу мақаласын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Егер осы жарияланымға қатысты пікірлер редакцияға жолдана жатса, оларға да газет бетінен орын беруге дайынбыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz