Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
- 1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
- Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
- Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
- Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.
- Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.
- Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
- Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
- Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
- Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
- Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
- Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
- Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
- Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
- Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді.
- Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалды қ және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
- Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.
- Нақты пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
- Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарды оқушыларға дарыту негізі болып табылады. Бұл құндылықтарды оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2. «Химия» оқу пәні әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми танымын табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларындамытуды қалыптастыруда маңызды.
3. «Химия» оқу пәнінің мақсаты:
Заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру, заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту.
4. Химия курсын оқып аяқтағаннан кейін оқушылар:
- Заттардың атомдармен молекулаларының құрылымын, химиялық реакция барысында заттардың қасиеттерінің өзгеруін;
- химиялық реакциялар кезіндегі зат массасы мен энергия сақталу заңдарын;
- химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі жағдайда өзгеру заңдылықтарын;
- химиялық реакцияларды жүргізу ережелерін, өмір мен қоршаған орта қауыпсіздігі үшін қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
- жоспалаудың ғылыми әдістерін эксперименттерді жасау және нәтижелерін талдауды;
6) химияның басты заңдылықтарын химиялық үдерістер мен олардың заңдылықтарын болжау және түсіндіру үшін қолдану және бағалауды білулері қажет.
2-тарау. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру5. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- 7 сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
- 8 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
- 9 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
6. 7-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
1) Химия пәні. Таза заттар және қоспалар .
химия - заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химияның дамуы мен маңызы; химия кабинетіндегі және зертханасындағы қауіпсіздік техникасының ережелері; таза заттар және олардың физикалық қасиеттері, біртекті және әртекті қоспалар, заттарды тазарту және бөлу әдістері; жай және күрделі заттар; элемент және химиялық қосылыстар;
№ 1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелері және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу»;
№ 1 зертханалық тәжірибе «Заттарды және олардың қосылыстарын салыстыру»;
№ 2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»;
2 ) Заттар күйінің өзгеруі .
физикалық және химиялық құбылыстар; химиялық реакция; заттың агрегаттық күйлері; қатты, сұйық, бөлшектердің кинетикалық теориясына сәйкес газтәріздес заттардың құрылымы; ; заттардың салқындау, қыздыру және булану үдерістері;
№ 3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілерін зерттеу»;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»;
№ 5 зертханалық тәжірибе «Судың қайнау үдерісін зерттеу»;
№1 бақылау жұмысы.
- Атомдар. Молекулалар. Заттар.
атомдар мен молекулалар; атомдар мен молекулалардың айырмашылығы; химиялық элементтер; химиялық элементтердің символдары; элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; жай және күрделі заттар; атомның құрамы мен құрылысы; ядро, протон, нейтрон, электрон; изотоптар; элементті атауы және фундаменталды бөлшектерінің саны бойынша сипатталуы;
- Ауа. Жану реакциясы.
ауа және оның құрамы; атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы; жану үдерісі; заттың жану шарттары; тез тұтанатын, жанатын және жанбайтын заттар; отын, оттек, тұтану көзі; тұтану температурасы; металдар мен бейметалдардың жануы; жану реакциясының өнімдері; № 6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»;
№ 2 практикалық жұмыс/Көрсетілім «Күкірттің, фосфордың және темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»;
№ 2 бақылау жұмысы.
- Химиялық реакциялар.
табиғи қышқылдар мен сілтілер; «қышқылдық» және «сабынды» қасиеттері; индикаторлар, әмбебап индикатор, рН шкала метилоранж, лакмус, фенолфталеин; индикаторлардың түрлі орталардағы түстерінің өзгеруі; қышқылдар мен негіздер; антацидті заттар; бейтараптану реакциясы; сұйылтылған қышқылдар; қышқылдардың қолданылу аймақтары; қышқылдармен жұмыс жүргізу ережелері; сұйылтылған қышқылдардың түрлі металдармен әрекеттесуі; сутекке сапалық реакция; карбонаттар; сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі; көмірқышқыл газына сапалық реакция;
№ 7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау»;
№ 8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»;
№ 9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен реакциясы»;
№ 10 зертханалық жұмыс «Сутекке сапалық реакция»;
№ 3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»;
- Химиялық элементтердің периодтық кестесі.
химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы; И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д. И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі; периодтық заң; периодтық кестенің құрылымы; периодтық кестенің құрылу принципі; атом нөмірі; ядро заряды;
7) Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.
изотоптар қоспасы, табиғи изотоптар; салыстырмалы атомдық масса; салыстырмалы молекулалық/формулалық масса; химиялық формула; химиялық элементтердің валенттілігі, бинарлы қосылыстардың формулаларын құрастыру; қосылыстардағы атомдардың қатынастары;
сандық есептер:
салыстырмалы молекулалық массаныесептеу;
№ 3 бақылау жұмысы.
8) Адам ағзасындағы химиялық элементтер .
қоректік заттар; адам ағзасына кіретін элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K) ; химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы; адам ағзасындағы микро-, макроэлементтердің биологиялық рөлі; тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі;
№ 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»;
№ 11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»;
9) Геологиялық химиялық қосылыстар .
пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар; кен орны; кен; кеннің құрамы; минералдар; табиғи ресурстарды өндіру; металдарды алу; Қазақстанның пайдалы қазбалары; минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері;
№ 4 бақылау жұмысы.
7 . 8-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
10) Атомдардағы электрондардың қозғалысы .
атомдардағы электрондардың орналасуы; энергетикалық деңгейлер;
s және p орбитальдарының пішіндері; электрондық конфигурация; электронды-графикалық формула; ион; иондардың түзілуі; «нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формулаларын құрастыру;
№1 зертханалық тәжірибе «Атомдардың модельдерін жасау»;
- Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері;
химиялық формула; химиялық реакция теңдеулері; зат массасының сақталу заңы; химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу; табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар;
№ 1 көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе»;
№ 2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттар массасының қатынасы»;
сандық есептер:
химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу;
элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау;
- Металдардың химиялық белсенділігі.
металдардың тотығуы; металдардың жемірілуі; металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі; металдардың қышқыл ерітінділерімен, металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; металдардың белсенділік қатары; металдардың белсенділігін салыстыру;
№ 2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі»;
№ 3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітіндісімен әрекеттесуі»;
№ 3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»;
№ 1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»;
№ 1 бақылау жұмысы.
- Зат мөлшері.
зат мөлшері; моль; Авогадро саны; заттардың молярлық массасы;
сандық есептер:
жай және күрделі заттардың молярлық массасын есептеу;
химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын, массасын және зат мөлшерін есептеу;
белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
- Стехиометриялық есептеулер.
химиялық теңдеулер бойынша есептеулер; молярлық көлем; газдардың салыстырмалы тығыздығы; көлемдік қатынастар заңы; қалыпты және стандартты жағдайлар;
Сандық есептер:
химиялық формула бойынша заттың молярлық массасын, массасын және зат мөлшерін есептеу;
берілген заттың масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың сандарын есептеу;
белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу;
қалыпты жағдайлардағы газдың көлемін есептеу;
газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу;
оттек және ауа бойынша газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу;
зат мөлшері, молярлық масса, газдың мольдік көлемі, Авогадро заңы химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары түсініктерін қолданып формулалар бойынша есептер шығару;
- Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу.
отынның жануы және энергияның бөлінуі; көміртекті отынның жануы кезінде көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілуі мүмкіндігі; жылыжайлық эффектіcінің себептері және шешу жолдары; экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; әртүрлі отындардың потенциалы; қоршаған ортаға әсері; кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерісі; реакцияның жылу эффектісі; термохимиялық теңдеулер;
№ 4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»;
сандық есептер:
термохимиялық теңдеулер бойынша химиялық реакциялардың жылу эффекттісін есептеу;
- Сутек. Оттек және озон.
сутек - химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары; сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; оттек - химиялық элемент және жай зат, оттектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы; сутектің және оттектің бинарлы қосылыстары; табиғатта таралуы; оттектің аллотропиялық түрөзгерісі, озон; сутек пен оттекті алу, қасиеттерін тану; Жер бетіндегі озон қабатының маңызы;
№ 4 көрсетілім «Сутек пероксидінің айырылуы»;
№ 2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін зерттеу»
№ 3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін зерттеу»;
сандық есептер:
реакцияға қатысатын немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, зат мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, көлемін (газдың) есептеу;
№ 2 бақылау жұмысы.
- Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы, топ, период, атом нөмірінің физикалық мәні; химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі; химиялық элементтердің табиғи ұяластары; сілтілік металдардың, галогендердің, инертті газдардың ұяластары; металдар мен бейметалдар; химиялық элемент қасиеттерінің периодтық кестеде орналасуына тәуелділігі;
- Химиялық байланыс түрлері;
химиялық элементтердің электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі, ковалентті полюсті және полюссіз байланыс, иондық байланыс, заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі;
- Ерітінділер және ерігіштік.
заттардың суда еруі, заттардың судағы ерігіштігі бойынша жіктелуі; ерітінділер; еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар; ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі рөлі; заттарды ерігіштігіне температураның әсері;
№ 5 зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу»;
№ 4 практикалық жұмыс «Қатты заттар ерігіштігіне температура әсері»;
№ 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялы берілген ерітінділерді дайындау»;
сандық есептер:
заттардың судағы ерігіштігін есептеу;
еріген заттың массалық үлесін, еріткіштің, еріген заттың массасын, ерітіндінің массасын тығыздық және көлем бойынша анықтау;
ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу;
№ 3 бақылау жұмысы.
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
оксидтер: жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы;
қышқылдар: жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы;
негіздер: жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы;
тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс;
№ 6 зертханалық тәжірибе «Оксидтердің химиялық қасиеттерін зерттеу»;
№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу»;
№ 8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу»;
№ 9 зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»;
сандық есептер:
химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, зат мөлшерін, көлемін есептеу;
ерітіндінің массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және зат мөлшерін есептеу;
- Көміртек және оның қосылыстары.
көміртектің жалпы сипаттамасы; табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуы; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері; көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аймағы; көміртектің қасиеттері; көміртектің оксидтері және олардың қасиеттері; тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсері; көміртектің табиғаттағы айналымы;
№6 практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері»;
№7 практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттері»;
сандық есептер:
химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, зат мөлшерін, көлемін есептеу;
ерітіндінің массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және зат мөлшерін есептеу;
- Су.
судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су - табиғи әмбебап еріткіш, сулы ерітінділер және жүзгіндер, судың бірегей қасиеттері және оның өмір үшін маңызы; судың табиғаттағы айналымы; судың ластану себептері; судың кермектігі және оны жою тәсілдері; судың және табиғаттағы маңызы, ерітінділердің өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы; суды тазарту әдістері; ауыз суын тазарту, Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселесі, су басейнін ластанудан қорғау, Қазақстандағы су ресурстарының экологиялық мәселелері; суды сусыз мыс (ІІ) сульфатының көмегімен анықтау;
№ 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау»;
сандық есептер:
еріген заттың массалық үлесін, еріткіштің, еріген заттың массасынесептеу ;
№ 4 бақылау жұмысы.
8. 9-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны
23) Электролиттік диссоциация .
электролиттер және бейэлектролиттер, С. Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары, электролиттік диссоциациялану механизмі; күшті және әлсіз электролиттер, диссоциациялану дәрежесі, қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы, көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы, ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары; электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің химиялық қасиеттері; катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар; тұздар гидролизі;
№ 1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»;
№ 1 зертханалық тәжірибе «Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН -ын анықтау»;
№ 1 практикалық жұмыс «Ион алмасу реакциялары»;
№ 2 зертханалық тәжірибе «Тұздар гидролизі»;
сандық есептер:
реакцияласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, массасын, өнімнің көлемін есептеу; диссоциациялану дәрежесін есептеу;
... жалғасы24 ) Бейорганикалық заттарға сапалық талдау .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz