Салық объектісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы:География жерге орналастыру және кадастр
Мамандығы: Жерге орналастыру 3 курс

СЕМИНАР
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында жерге салық салудың қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық маңызы және рөлі

Орындаған:Тоқтаған.А.С
Тексерген:Шуланбекова.Г.К

2020-2021жж
Жоспар:
I Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1.1 Қазақстан Республикасында жерге салық салудың қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық маңызы және рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1.2Жерге салық салудың жалпы сипаттамасы:түсінігі,пәні,әдістері. . . . . . 6
1.3Жерге салық салу жүйесінің қайнар көздері мен қағидалары. . . . . . . . .8
II Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12

2
Кіріспе
Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің кажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл Карл Маркске сол кездегі капиталистік коғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай; одан ары: Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әркашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды өшіруді және экономикалық субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал казына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге кажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) кағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар:
1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық кағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы .тиіс (қолайлылық кағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем кағидаты).

3
1.1 Қазақстан Республикасында жерге салық салудың қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық маңызы және рөлі.
Жер салығы - тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты -- экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. ;ер салығы салынбайды.
Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының "Жер туралы" заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері - -бұл мемлекеттің заң ак актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.

4
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
* салық субъектісі;
* салық салынушы;
* салық объектісі;
* салық базасы;
* салық салу бірлігі;
* салық ставкасы;
* салық жеңілдіктері;
* салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
* салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттері мен құқықтары;
* салық төлеуді бақылау;
* салық заңдарын бұзғаны үшін санкциялар және т.б.

Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - заң бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға - салық салынушыға аударылуы мүмкін.

Салық салынушылар - нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.

Салық объектісі. Салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.

Салық базасы. Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
- табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық және жеке табыс салығы жатады;
- тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді;
- капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.

5
1.2Жерге салық салудың жалпы сипаттамасы:түсінігі,пәні,әдістері.
Салықтар және салық салу пәнің оқытудың мақсаты салық жүйесінің қызмет ету механизмін, салықтың атқаратын қызметтері, салықтардың түрлері және оларды есептеу жолдарын, салық заңының орындалу тәтібін, арнайы ережелерінің сақталуын, салықтарды есептеу жолдарын, салыққа қатысты жүргізілетін іс қағаздарын толтыруды, нұсқаулық материалдарын толтыруды және нұсқамалық материалдарды қолдануды үйрету болып табылады.
Салықтар және салық салу пәнінің негізгі міндеттері: ҚР-дағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Мүлiк салығының салық жүйесiнде алатын орны
Мүлік салығы туралы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Құрылыстарға салынатын жер салығы
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Мүлік
Мүлік салығының қызметі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы
Пәндер