Табиғи монополия және жасанды монополия



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Шетелдік тәжірибе және ҚР монополияға қарсы реттеу шаралары.

Тексерген:Смагулов Аскар Муратович
Орындаған: Мұрат Балшат, ГиМУ к2
3-курс студенті

Монополия (гр. монос - жалғыз және полео - сатамын) - салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама -- қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Монополияға қарсы саясат
Ірі монополдық бірлестіктердің рынокты түгелдей өздеріне бағындыру іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы аңдарды қабылдап, оның рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.
Америка Құрама Штатында экономиканы монополяландыруға қарсы бірінші заң - Акт Шермана , 1890 жылы қабылданған. Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың арасындағы саудаға кедергі келтірсе, оны заңсыз деп санады. Акт Клейтона (1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде осындай монополияға қарсы заңдар қолданған. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:
а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.
б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.
в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.
г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.
д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, монополияға қарсы саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың тауарлардың түріне, көлеміне бақылау, шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық саясаты жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ АТКЕ, АГПО Суканалы, ГКП Алматы горгаз, АПК, АО Алматы аэропорты, ААҚ Қазақтелеком, ЖАҚ Эйр Қаз., Қазақойл.
2002 жылы Антимонополиялық комитеттің шешімімен бюджеттің кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті бұзғаны үшін және монополиямен айналысып, антимонополиялық заң бағаларын бұзғаны үшін төленген айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті. Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу керек. Сауда құралдарын жасау зауыты мен жеке Азап кәсіпорындары электр энергиясын аз беріп және жоғары бағамен сатқанына байланысты комитет антимонополиялық заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің төленбеген жалақысын қайтаруды бүйырды. Ал ЗапКаз энерго кәсіпорны электрэнергиясын заңда көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық зақды бұзу Қазақстан әуе жолы компаниясында кездесті.Онда шетелдік азаматтарға әуе билеттері қазақстандықтарға қарағанда бірнеше есе жоғарылап сатылған. Қазақстан Республикасындағы ең үлкен монополиялық қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды. Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында Жастық тепло энерго 1997 жылы антимонополиялық комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде кездескен үлкен қылмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік монополия
Монополия туралы
Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
Монополия
Нарықты монополиялаудың белгілері
Бәсеке күресі
Табиғи монополия
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты
Монополияның және бәсекенің ұғымы
Пәндер