Кеңірдектің топографиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КеАК Қарағанды Медицина Университеті

Морфология және Физиология кафедрасы

Тақырып: Кеңірдек, бронхтар: құрылысы, қызметтері.

Орындаған: Илесбеков Сабыржан Дәулетұлы

Тексерген: Кусаинова Багира Сериковна

Тобы: 2-007 ЖМ.

Қарағанды 2020 ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды

1. Кіріспе

Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Адамдарда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адамдарда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

2. Негізгі бөлім

Кеңірдек

Кеңірдек, trachea, іші куыс, ауаны өкпеге өткізіп, ұзындығы орташа есеппен 9-11 см, көлденеңі 15-18 мм-дей түтік тәрізді мүше. Ол көмейдің тікелей жалғасы, 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 4 кеуде омыртқаның тұсында айырылып, bifurcatio tracheae, оң ж әне сол басты бронхтарға бөлінеді

Кеңірдектің топографиясы.

Кеңірдек топографиялық орналасуына карай мойындык және кеуделік бөліктерге бөлінеді. Кеңірдектің мойындык бөлігінің, pars cervicalis, алдыңғы беті қалқанша безбен, glandulae thyroidea, және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен шектелген, бұйір беті жалпы ұйқы артериямен, а. carotis communis, ішкі мойындырық венамен, vjugularis interna, және кезбе нервпен, п. vagus, арткы беті өңешпен, esophagus, шектелген. Кеңірдектің кеуделік бөлігінің, pars thoracica, алдыңғы беті колқа доғасымен, arcus aortae, айырша безбен, thymus, арткы беті өңештің кеуделік бөлігімен, бүйір қапталы оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.

Кеңірдектін құрылысы.

Кенірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар, ligg. annularia, арқылы өзара байланыскан 16-20-дайжартылай сакиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің арткы беті жалпақтау келген жарғактар, paries membranaceus, арқылы байла- ныскан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлык және көлденең орналасқан бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады. Кеңірдектің ішкі беті, шырышты қабық шырышты бездер, gll. tracheales, мен лимфа түйіндеріне өте бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Сырткы беті дәнекер тінмен, tunica adventitia көмкерілген.

Бронхтар

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5-ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол басты бронхтарға, bronchi principals, бөлінеді. Он басты бронх, bronchus principalis dexter, кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан, тіктеу, өту жолы кең және қысқа, 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронхтын ұзындығы шамамен 3 см-дей. Сол басты бронх, bronchus principalis sinister, он басты бронхыға қарағанда бұрыш құрап, ұзындау және жіңішкелеу келіп, 9-12 сакиналы шеміршектерден тұрады. Он басты бронх доғатәрізді иіліп, жоғарғы куыс венаға, v. cava superior, бағытгалған сыңар венамен, v. azygos шектесіп, сол басты бронхтың жоғарғы беті колка доғасымен, arcus aortae, беттесіп орналасқан. Шырышты қабығы сұрғылт түсті, кеңірдектің бөлінген ішкі бетінде еркін козғалатын қыры (шоқысы), сагіnа болады.

3. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ірі қара малдың асқорыту органдары
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары
Мұрын қуысы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Малдың ұшасын тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz