Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Торайғыров университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өндірістік практика
(практика түрінің атауы)

Торайғыров Университеті
(практика және кәсіпорын орны)
______________
(баға)
Комиссия мүшелері

Кафедра меңгерушісі
(қызметі, ғылыми дәрежесі)

Торайгыров Е.М
(аты-жөні)
_______________________ ___________________
(қолы) (күні)

Аға оқытушы

Кулумбаева М.Ж

Нормабақылаушы

Каскабасова А.А

қолы) (күні)

Жетекшісі

Білім алушы

Амантай А.Д

Тар-301
(топ)
2020
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мұрағаттар және олардың тарихшылардың қызметінде алатын орны 4
1.1 мен дамуы Қазақстанда мұрағаттардың құрылуы 4
1.2 Мұрағат құжаттарын тарих саласында пайдалану 8
2 Павлодар өңірінің мұражайлар жүйесі 10
2.1 Павлодар өңірінің мұражайлары мен тарихы 10
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесі немесе мекеменің, ұйымның немесе кəсіпорынның пайдаланушылар мүдделері үшін мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; мұрағат қорлары - бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы.
Қоғамның рухани, мəдени, ғылыми, əлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мəдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар - Қазақстанның мемлекеттік нысандарының бірі екенін білеміз. Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихын осы тақырыпта қарастырамыз. Бұл туралы ресми құжаттар да сақталған. Соның бірінде: Бөкей губерниясының мұрағаты Бөкей ордасы кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды, деп жазылған. Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дəлірек айтқанда, 1918 жылғы РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру жəне орталықтандыру туралы декретіне сəйкес жүзеге асырылды. Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны жəне мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады. 1921 жылы 5 сəуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дəлелдеді. Осы тарихи кезеңнен бастап біз архив деген сөзді мұрағат деген сөзбен ауыстырып қолдана бастадық. Кеңестік дəуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Əсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сəйкес орталық жəне бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.
Екінші таруда, Павлодар облысының мұражайларының құрылу тарихы мен мұражайлар жүйесін қарастырамыз. Павлодар өңірінің мұражай ісін дамытудағы зерттеушілердің қосқан үлесі жайлы, сол кезде орын алған аса маңызды оқиғаларды талқылаймыз.
1 Мұрағаттар және олардың тарихшылардың қызметінде алатын орны
Қазақстанда мұрағаттардың құрылуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы" заңында "Қазақстан Республикасының Ұлттық, мұрағат қоры-Қазақстан халқының тарихи-мəдени мұрасының ажырамас бөлігі" деп көрсетілген. Қоғамның тарихи тəжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы ерекше. Еліміздің аса бай рухани қазынасы болып табылатын мұрағат ісі ХҮІІІ ғасырдан, яғни 1794 жылдан бастау алады.
ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 17 тамыздағы №1135-ші "Қазақстандағы мұрағат ісіне 200 жыл" атты қаулысында Қазақстан тарихында мұрағат ісінің пайда болуын былайша атап көрсетеді: "Алғашқы мұрағат Батыс Қазақстан аймағындағы Ішкі Ордада қалыптасып, Бөкей хандығының мұрағаты атауымен белгілі болды". Міне, сол мұрағат қоры Қазақстан Республикасының қазіргі Ұлттық мұрағат қорының басты бөлігін құрайды.
Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін Бөкей губмұрағаты бюросының тұңғыш бастығы Михаил Корнеевич Дацконың ...Мұрағаттағы деректерге қарағанда Бөкей мұрағаты 1974 жылы құрылған, - деп көрсетуі нақты айғақ болады.Екіншіден, М.К.Дацкодан кейін болған мұрағат меңгерушісі И.В.Жабин Ішкі Ордада мұрағат ісін жалғастырушы Жəңгір Бөкейұлы болғандығын өз баяндамасында атап көрсетеді. Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуына РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1918 жылғы 1 маусымдағы "РСФСР-дағы мұрағат істерін орталықтандыру жəне қайта құру" атты Декрет өзінің игі ықпалын тигізді.
Кеңес үкіметі бұл Декреттен кейін де ел аумағындағы мұрағаттардың сақталуы мен оны қорғау ісі туралы төрт акті қабылдады. Кеңес үкіметінің мұрағат істері туралы қабылдаған актілері Қазақстанды ақ гвардияшылар мен интервенттерден азат еткеннен кейін ілі-шала жүзеге асырыла бастады. Қазақ əскери революциялық комитетінің бастамасымен кеңес орындары мен жергілікті тұрғындарға үндеу тасталды. Үндеуде құрылып жатқан губерниялық мұрағат қорына төңкерістен бұрынғы "қараусыз қалған" құжаттарды, усадьба, имениелерде табылған жəне жеке тұлғаларда жинақталған материалдарды тапсыру қажеттілігі туралы атап көрсетілді.
Бұл атқарылатын шаралардың маңыздылығын ескере отырып, сол кезеңдегі баспасөз материалдарын жинақтау да назарға алынған.
1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша өкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генералгубернаторлықтары мен Шекара комиссиясында, Ішкі Істер министрлігі, Жер жəне Халық ағарту министрліктерінде, ведомствалық мекемелердің мұрағаттарында сақталды. Ол құжаттардың бірсыпырасы 1921 жылдан бастап Қазақстан мұрағаты қорына өтті. Олардың арасынан ерекше бөліп назар аударарлық құжаттар: 1733 жылғы 17 мамырда Ресей елшісі майор Угрюмовтың Жоңғар ханы Галден Церенге барған сапары жөніндегі жазбалары, Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатына қатысты деректер. Сырым, Махамбет, Есет Көтібарұлы, Кенесары көтерілістері, сол кездегі əкімшілік, басқару жүйесі, халық тұрмысы, ел, жер жағдайына қатысты т..Сонымен қатар 1836 жылғы көтерілістің болу себептері туралы Исатай Тайманов мен Махамбет Өтемісовтің сұлтан Медет Шөкіұлына хаты, Кенесары ҚасымовтыңШекті руы билерінің көтеріліске шақырған хаты сирек кездесетін құнды құжаттар есебінде сақталуда.
Қазан төңкерісіне дейінгі негізгі құжаттардың алыс жəне таяу шетелдерде сақталғанына тарих куə. Оның əртүрлі заңды, заңсыз себеп-салдары бар. Ең алдымен, мұрағат жинау, сақтау ісінің қанымызға сіңбей, дəстүрімізге енбеуіне басты себеп болды.
Екіншіден, қазақ даласына жасаған қиян-кескі шапқыншылықтар, Ресейдің отарлау саясаты тарихи деректері бір орталыққа жинақтауға мүмкіндік бермеді.Сондықтан да 1917 жылға дейінгі деректі құжаттар Қазақстан мұрағат қорларында кемшін.
Республиканың даму тарихымен бірге Қазақстан мұрағаты да елеулі кезендерді бастан кешті. Қазақстанда алғаш рет 1919 жылы РСФСР Бас Мұрағат Басқармасының Орынборда өкілдігі ашылды.
1920 жылдың наурыз, мамыр, шілде жəне желтоқсан айларында Кирөлкелік əскери комиссариаттың тарихи - статистика бөлімі тарапынан мұрағат ұйымдастыру жөнінде мəселелер көтеріліп, ұсыныстар жасалды. 1921 жылы 5 сəуірде Қазақ Өлкелік Бас мұрағат ұйымдастырылды. Ол 1922 жылғы күзде Өлкелік Орталық мұрағат деп аталды.
Қазақстанның мұрағат ісін жақсарту мақсатында 1922-1936 жылдары арасында ҚазАССР Орталық, өлкелік мұрағаты, губернелік, уездік, аудандық мұрағаттар туралы бес рет Ереже қабылданды.
Өлкелік Орталық мұрағат 1925 жылғы шілденің ортасына дейін Орынбор қаласында, онан астананың Қызылордаға қоныс аударуына байланысты Қызылордаға көшіп келіп, 1928 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді.
Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен Орталық мұрағат басқармасы жəне оның жергілікті мекемелері Қазақ ССР-і Ішкі Істер Халық Комиссариатының қарауына берілді. 1960 жылдың 17 маусымына дейін осы мекеменің басшылығында болды. Осы 22 жылдың ішінде бірнеше рет аты, құрылымы, қызмет əрекеті өзгерді. Облыстық мұрағат мекемелері тиісінше Ішкі Істер Халық Комиссариаты басқармасының бөлімшелері болып табылды. 1941жылдан бастап Орталық Мемлекеттік мұрағат Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік тарихи мұрағаты жəне Қазақ ССР қазан төңкерісі жəне социалистік құрылыс Орталық Мемлекеттік мұрағаты болып екіге бөлінді. 1943 жылғы маусым айынан бастап Қазақ ССР-ы кинофото-дыбыс құжаттары Орталық Мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырылды.
Қаз ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы Жарлығымен бұл үш мұрағат біріктірілді. Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп аталды Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайды. Мұрағат ісі ғылым, мəдениет жəне басқару аппаратының бөлінбес бөлігі болып саналады.
Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы
№
Мемлекеттік мұрағат атауы
Құрылған жылы
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты
1921
2
Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты
1794
3
Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты
1920
4
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
5
Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
6
Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
7
Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
8
Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
9
Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты
1926
10
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
11
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
12
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
13
Қазақстанда Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаты
1934
14
Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты
1937
15
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1939
16
Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты
1940
17
Көкшетау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
18
Талдықорған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
19
Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
20
Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
21
Қазақстанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық мұрағаты
1974
22
Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты
1981
23
Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты
1997

1994 жылы бізідің мемлекеттік мұрағатшылар Астрахан мұрағатынан Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында (қазақ) 1794 жылы ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді деген дерек тапты. Бұл деректеме Қазақстан мұрағат тарихын 2 ғасырға бір-ақ көтерді. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы əлемге танылды. 1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша үкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал губернаторлықтары мен шекара комиссиясында Ішкі министрлігі, Жер жəне халық ағарту министрліктерінде тағы басқа ведомстволық архивтерде сақталды. Ол құжаттардың бір азы 1921 жылдан Қазақстан мұрағаттар қорына өтті. Яғни 1921 жылы 5 сəуірдік Қазақ Өлкелік бас архив ұйымдастырылып, ол 1922 жыл күзінде Өлкелік Орталық архив деп аталды. 1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - еліміздегі өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат жəне республикадағы кеңес дəуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау əкімшілігі ұйымдарының:
:: Орынбор шекаралық комиссиясы,
:: Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,
:: Округтік приказдар, облыстық басқармалар,
:: Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,
:: Уездік басқармалар,
:: Статистикалық комитеттер,
:: Көші-қон басқармалары,
:: Санақ комиссиялары,
:: Облыстық жəне округтік соттар,
:: Жандарм жəне полиция басқармалары,
:: Тау-кен округтері,
:: Халық училищелері,
:: Оқу орындарының инспекторлары жəне т. б. қорларын құрайды.
Мұрағатта кеңес дəуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады жəне қор құжаттарында Жоңғар, Қытай жəне Орт а Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дəуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, əлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси жəне мəдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының жəне документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара əрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дəуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді. Төңкеріске дейінгі дəуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дəуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.
1.2 Мұрағат құжаттарын тарих саласында пайдалану
Мұрағат құжаттарын пайдалану мəселесінде мұрағаттардың кеңестік дəуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мəтіндерді оқи білу қажет. Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мəселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді. Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. Мəдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нəтижелі жұмыстар атқарды.
Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды. Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік жəне ғылыми орта таныс. Тарихи, мəдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді жəне ұлттық тарихи-мəдени мұраны іске пайдаланады.
Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның əлеуметтік, экономикалық жəне саяси дамуына тигізер əсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мəселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мəдени- ағарту жəне насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле жəне радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп жəне мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, əрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық - саяси өміріне белгілі мемлекеттік жəне қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін.
Павлодар өңірінің мұражайлар жүйесі
2.1 Павлодар өңірінің мұражайлары мен тарихы
Ертіс өңірінде өлкетану ісі ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырларда осы кең ауқымды алып жатқан жерді игеру мен оны зерттеу барысында пайда болды. Алғашқы картографиялық, тарихи-географиялық және археологиялық жұмыстар ресейлік, неміс және швед саяхатшыларының қатысуымен жүргізілді, кейін біздің өлкеміздің сипаттамаларын жинаған ғылыми экспедициялар бұл іске елеулі үлес қосты.
Осы материалдардың бір бөлігі, ішінара, Павлодар облысы туралы мәліметтер, П.Палласта, Г.Миллерде, Г.Ренатта, П.Фалькада, Х.Барданесте, И.Унковскийде және басқаларда бар. Олар өз еңбектерінде осы жерлердің сипаттамасын қалдырған.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында біршама қолайлы жағдайлар қалыптасып, кейін олар алғашқы облыстық музейдің ашылуына алып келді. Павлодарда музей ісін дамытуға Семей қаласы игі ықпал етті. Өйткені онда өлкенің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан жер ауып келген және жергілікті интеллигенция өкілдері шоғырланған болатын.
Павлодар өңірінде өлкетану ісі ертеден дамыған. Өлкенің тарихы мен мәдениетін зерделеуге И.Андреев, М.Шорманов, Г.Потанин, Н.Коншин, Ә.Бөкейханов және басқа зерттеушілер қатысты. Осы зерттеушілердің жұмысы өңірде өлкетанушылық зерттеуді кейін дамыту үшін іргетас қалады. Өлке тарихында мәдениетіміз бен әдебиетімізде ерекше орын алатын Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров жарқын із қалдырды. 1936 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының Павлодар бөлімшесі ашылды.
Павлодар бөлімшесінің жұмысына тамаша өлкетанушы, фотограф, кейін музейдің бірінші директоры болған Д.П.Багаев зор үлес қосты. Ол Императорлық орыс география қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің мүше-корреспонденті болып сайланды. Оның түсірген суреттері мерзімді басылымдарда жиі шығып тұрды және жеке коллекцияларға айналды. Қазақстанды зерттеу қоғамының Павлодар бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі болған Д.П.Багаев өлкетану ісімен белсене айналысады. Оның фотосуреттерінен дамып келе жатқан Павлодар өңірінің тарихы, мәдениеті мен экономикасы көрініс тапты.
Павлодар бөлімшесінің ашылуы Павлодар облысы өлкетану ісінің тарихында аса маңызды оқиға болды. Алғаш рет Павлодар өңірін жаратылыстану-географиялық, тарихи-археологиялық және этнографиялық жағынан зерттеу проблемаларымен айналысатын арнайы ұйымдық ғылыми-зерттеу құрылымы ашылды.
1938 жылғы 25 сәуірде облыстық білім беру бөлімі құрамында Ташмағамбетов, Д.П.Багаев, Ф.Бандура бар қоғамның ұйымдастыру бюросын ашты. Бұдан басқа қоғамның Дмитрий Поликарпович Багаев басқарған Қазақстан атты дербес фотографиясы болды.
Алайда, өлкетану жұмысы бұдан көп ерте басталды. Павлодар бөлімшесі жұмыс істеген жылдар ішінде облыста өлкенің табиғи байлығын зерттеуге елеулі үлес қосқан бірқатар ірі зерттеушілер болды. 1926 жылы Баянауылда омбылық профессор П.Драверт болып, таңбалы жазулары бар үңгірді табады. Кейін ол алғаш тапқан адамның құрметіне Драверт үңгірі деп аталады. Археологиялық олжа жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. 1927 жылы осы жерде белгілі геолог, Баянауылдан шыққан әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаевтың досы әрі әріптесі Русаков болып, корунд қорын табады. Осының барлығы туған өлкеге деген қызығушылықты арттырды.
1927 жылы Павлодарда және Баянауылда көрнекті этнограф Ф.А.Фиельструп бастаған антропологиялық отрядтың этнологиялық кіші отряды болды. Антропологиялық отрядты белгілі археолог әрі этнограф С.И.Руденко басқарды. Жұмыс барысында жиналған материалдар кейін Солтүстік-шығыс Қазақстанның қазақ халқының антропологиялық құрамын, шаруашылығы мен мәдениетінің сипатын анықтауға септігін тигізді.
1928 жылы Павлодарда болашақ академик-палеонтолог Ю.А.Орлов болып, Ертістің оң жағалауындағы шөгінділердің астында қалған, гиппарин фаунасы атауына жататын, біздің облыстың аумағында 12-15 миллион жыл бұрын өмір сүрген жануарлардың ғажайып қалдықтарын тапқан. Бұл қазба жұмыстарына фотограф әрі өлкетанушы ретінде Д.П.Багаев қатысқан, ал жергілікті суретші Батурин олардың суреттемелерін жасаған.
Большевистский путь газеті хабарлағандай, 1929 жылғы мамырда құрамында Д.П.Багаев болған бастамашыл топ 2-басқыш мектепте алғаш рет өлкетану үйірмесін ұйымдастырды. Лагутиндер отбасы тапқан алғашқы палеонтологиялық олжалар, Ю.А.Орловтың ақылымен, Павлодарда әлі музейдің болмауынан Омбы музейіне жіберілген. Көріп отырғанымыздай, ғалымдар мен өлкетанушылардың күш-жігерімен Павлодарда бірте-бірте ғажайып материалдар жинақтала бастады. Қазқонақ (Гусиный перелет) алабынан табылған палеонтологиялық материалдар республикада ерте дүниеде өмір сүрген сирек жануарлар түрлерінің аса бай коллекциясын құрайды. Жергілікті өлкетанушылар жәдігерлерді жинаудан басқа ештеңе істей алмады. Жәдігерлерді сақтауға арналған дербес үй-жайдың болмауынан кейде өлкетанушылар экспонаттарды өзге музейлерге беруге мәзбүр болды. Әрине, істің мұндай келеңсіз жағдайы ұзаққа бармады, жергілікті билік өз музейін ашуға инициатива жасай бастады.
1942 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының Павлодар бөлімшесі жабылып, сол жылғы 10 маусымда еңбекшілер депутаттары Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен өлкетану музейі ашылды. Музейге Қазақстанды зерттеу қоғамының барлық істері тапсырылды. Музейдің дербес үй-жайы болмағандықтан, жинау және насихаттау жұмыстары ғана жүргізілді.
Соғыс жүріп жатты... Музей саяси ағарту кабинетімен бірлесіпҰлы Отан соғысына арналған көрме ашты. Осы көрмемен және бұрын Қазқонақта Ю.А.Орлов жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған палеонтологиялық жәдігерлермен музей 1943 жылы Ленин көшесіндегі 1890 жылы салынған бұрынғы №129 үйге көшірілді.
Музей 1944 жылғы 5 қарашада - ресми түрде, ал 1946 жылы келушілер үшін ашылды. Содан 1958 жылға дейін белгілі фотограф, өз өлкесін сүйген құмар өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев бірінші директоры болды. Оның өзі түсірген фотосуреттерінің бай коллекциясы мен ескі заттары музей қорын қалыптастыруға ұйтқы болды. Кейін Д.П.Багаевтың коллекциясы 2001 жылы оның мемуарлық музейін ашуға негіз болды. Осындай тағы бір энтузиаст мұнда 1945 жылы суретші болып кіріп, жиырма жылдан аса жұмыс істеген Иван Васильевич Лагутин еді.
Осылайша, Павлодарда тұңғыш өлкетану музейінің ашылуы кездейсоқ оқиға немесе партия органының бастамасы емес, бірқатар өлкетанушылар мен ғалымдардың жоспарлы әрі нысаналы жұмысының нәтижесінде дайындалды. Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және музейлермен ынтымақтаса жұмыс істеу, білім мен мәдениеттің дамуы, жергілікті өлкетанушылардың жинау жұмыстары, бірінші ғылыми ұйым - Қазақстанды зерттеу қоғамының Павлодар бөлімшесінің ашылуы, міне, осының бәрі жиналып келіп Павлодар қаласында өлкетану музейін ашуға негіз болды.
Ауыртпалығы мол Ұлы Отан соғысы жылдарында өлкетану музейінің ашылуы кездейсоқ емес. Музей халыққа патриотизмді насихаттайтын органның біріне айналды.
Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі өз филиалдарына ғана емес, сонымен бірге Павлодар қаласындағы және облыстың аудандарындағы қоғамдық музейлерге де әдістемелік көмек көрсететіні анық. Музей ұжымы нарықтық экономика жағдайында Ертіс өңірінің тарихын шынайы көрсету үшін жұмыстың жаңа нысандары мен творчестволық жолдар енгізуде.
1964 жылдың өзінде Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Павлодар қаласында облыстық көркемсурет музейі ашылды. Ол Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің көркемсурет бөлімі негізінде тың жерлерді игерудің он жылдығына байланысты ашылды. Оның негізін заманауи өнер коллекциясы құрайды. Кеңінен толымдау принципі ХХ ғасырдың 20-90 жылдары ішіндегі Қазақстанның барлық өңірінің өнерін, оның түрлі стилі мен бағыттарын ұсынуға мүмкіндік берді.
1992 жылы осы тарихи-өлкетану музейінің әдебиет бөлімі бөлініп шығып, Бұқар жырау атындағы дербес облыстық әдебиет және өнер музейіне айналды. Қазір Павлодар қаласында оның екі филиалы жұмыс істейді. Олар: Д.П.Багаевтың музей-үйі және Майра Шамсутдинованың ән-өнер шығармашылығы музей-үйі.
Көрнекті орыс ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңістіктегі жалғыз музей-үйі Павлодар қаласында Чернышевский көшесіндегі 121-үйде орналасқан. Ол 1994 жылы ашылды.
Профессор, музыкатанушы, композитор Наум Григорьевич Шафердің грампластинкаларды жеке жинау коллекциясы негізінде 2001 жылы Шафердің музей-үйі ашылды. Осы ғажайып музей - Павлодар қаласы тұрғындарының мақтанышы, бүкіл Қазақстандағы ерекше өзіндік мәні бар мәдениет ордасы. Әскери Даңқ музейі 2011 жылы Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі ретінде құрылды.
2013 жылы облыстық Достық үйінің Славян мәдениеті орталығында ТМД-да бірінші болып белгілі ақын Марина Цветаеваның апасы, орыс жазушысы Анастасья Цветаеваның музейі ашылды.
Музейлердің өрісі жылдан жылға өсіп келеді. Бүгінгі музей - облысымыздағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы. Олар өлкенің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігін байланыстырып тұрған көпір іспетті.
Павлодар өңірінің мұражайлары
1) Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі
Музейдің негізгі экспозициясы сәулет ескерткіші болып табылатын Ленин көшесіндегі ғимаратында орналасқан. 1890 жылдары салынған. Мұнда бірінші гильдия көпесі А. Деровтың сауда үйлері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратында орналасқан.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі "Қазақстанды зерттеу қоғамының" облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz