Экономикалық тиімділік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ

Факультеті: Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі
Кафедрасы: Қаржы II топ

Тақырыбы: Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері

Орындаған: Шерехан Динара Маратқызы
Тексерген: Кулиев Илияс Унгарович

Алматы 2020ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
2. Экономикалық тиімділік
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында . Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет . Саяси жүйеге , мемлекет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр . Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған . Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай - ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады . Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады . Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен , өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады . Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық , жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді . Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі , шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады . Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде , құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан , қоғамдық байланыс катаң түрдегі сипатта болады - өнім қауым мүшелері , құл иеленуші , феодал , олардың отбасы мен бала - шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі . Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды , ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес , кездейсоқ сипатта болады . Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде ( айқындауда ) бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес . Өндіріс түрі байланыс түрімен , яғни шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады .
Натуралдық шаруашылықты жүргізуде өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді . Соңғысының негізіне дара бастың , оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады , осылайша олар өнім арқылы бір - бірімен қарама - қарсы тұрады , бір жағында - дара еңбек , екінші жақта - еңбек жағдайын меншіктеуші . Бірақ дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде , көп ретте , жалпылар еңбегінің бір бөлігінқұрай отырып , қоғамдық еңбек олінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді . Соңғысы мануфактуралық еңбек бөлінісінің , осыған сәйкес кейін ірі өнеркәсіптің мәрелік пункті болып табылады . Сөйтіп , бiрiлескен еңбек дамып отырып , өзгеріске ұшырайды , басқа жағдайға өтіп , шаруашылық жүргізудің

жаңа түрін пайда болуына себін тигізеді . Натуралдық формадағы еңбектің әр қилы түрлері және шаруашылық жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес . Біріншісі қандайда болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады . Екіншісі болса тарихи сипатқа ие , өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып , өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті , кейін , анағұрлым жетілген формаларға орын беріп , құлдырауға түсті .
II. Негізгі бөлім
1. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Натуралдық шаруашылықтағы бөліс , айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес . Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі сатыларында бұл қатты байқалады . Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру өндірілген өнімнің жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістен еңбек өнімдерімен алмасу тікелей натуралдық , заттық өлшем бірлігі бойынша қауым мүшелерінің тірлік етуіне , қажеттілігіне қарай жасалды . Мұнда бөліс тендестіру сипатында жүреді , ал топтар арасындағы өнім алмасу болмады . Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік , қоғамдық еңбек бөлінісі дегенді білмеді , ал өнімді (табысты ) өздері тұтынды ( қоректенді ) . Әрі қарай , натуралдық өндіріс заңдылықтары өз - өзіне қайшы келді деқауымдық шаруашылық заңдылықтары емес , еңбек құралдары мен жерді меншіктеу заңдылықтарына тәуелді болды . Көп жағдайда еңбекшілер экономикалық заңдылықтарға емес құл иеленушінің , яки феодалдың еркі мен көңіліне тәуелді болып отырды . Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл формасының алғашқы жұқанасы пайда болды . Тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды . Тауарлық қарым - қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы араларындағы байланыс айналым арқылы сату , сатып алу түрінде орнығып , өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірісінілердің пайда болуына алып келді . Тауарлы қарым - қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан , жеке тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығы өзіне - өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай жылыстады . Яғни , капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен қарапайым тауар өндірісін қайта түлетті . Өндіріс күштерінің дамуы , өндірістік қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып, экономикалық заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды . Заңдылықтардың формалық айқындық модификациясы өндіріс қатынастары арасындағы байланыстарды түлетеді . Бұл натуралдық та , тауарлық та шаруашылық жүргізу формаларында айқындала түседі . Бәрі де сол , бірақ алғашқы қауымдық , құл иеленушілік , феодалдық және капиталистік өндіріс әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы . Сондықтан , оларды пайдалану ,
қолдану немесе олардың заңдылық әрекеттерін біріктіру туралы сөз болғанда өндірістің әрбір жаңа түріндегі заңдылық өзгеріске ұшырайды , сондықтан
оларды бастапқы түрінде қабылдауға болмайтынын да баса көрсету керек . Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас эквиваленттілігімен сипатталады . Тауарлық қатынастардың дамып , шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесіне өтумен қатар тауарлық қатынастардың маңызды принципі эквиваленттілік өзгеріске ұшырайды және өз қарама - қайшылығы пайда болады . Және де бұл өзгеріске ұшырау жаңа тауарлық қатынастың әлпетін айқындайтын тауар жұмыс күші алмасуы негізінде пайда болады . Бұл алмасу басым қатынастың жаңа түрін айқындайтын эквиваленттік негізде жүрмейді . Өндіріс саласындағы өзгерістерге байланысты айналым , бөліс және тұтыну саласында да өзгерістер жүріп жатады . Тұтыным құны өндіріс және айырбас максатынан өз бойында құн сактап жүрушіге , соңғысы мақсатқа айналады , осыдан барып ең соңғы ал толассыздық қасиетіне ие болады . Сөйтіп адамзат қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады . Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды .

Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс
Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп,
ауылшаруашылығы,
Денсаулық сақтау, білім беру,
материалдық-техникалық
көлік,
байланыс,
мәдениет,
жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ
несиелік
мекемелер,
қоғамдық
саласы, құрылыс, су шаруашылығы
мекемелер, басқару органдары.
және т.б.

Тауарлық қатынастардың дамуы үдей түседі . Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі арқылы жүреді , бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді . Бұл процесс әрі қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды жеделдетеді . Осының бәрі жаңа қатынастардың тарихи алғы шарттарының пайда болуына алып келеді . Адамзат тарихы алғашқы қауымдық құрылыста өндірістің түрлі типінің пайда болуы мен қалыптасуының белгілі бола бастағанын көрсетті . Көп жағдайда олар бір - бірімен тым тығыз түйіскені соншалық мыңдаған жылдар өткен соң зерттеушілер олардың ара жігін ажыратпайтын да болды . Экономикалық оқулықта алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңі шаруашылық жүргізудің натуралды және ұжымдық формалары ретінде сипатталған . Оларда жеке меншік , қоғамдық еңбек бөлінісі болмады , ал өндірілген өнім шаруашылықтың еңбек бөлінісі болмады , ал өндірілген өнім шаруашылықтың
өз ауқымында тұтынуға жұмсалды . Шаруашылық топтары толассыздық қасиетіне ие болады . Сөйтіп адамзат қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады . Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды . Тауарлық қатынастардың дамуы үдей түседі . Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі арқылы жүреді , бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді . Бұл процесс әрі қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды жеделдетеді . Осының бәрі жаңа қатынастардың тарихи алғы шарттарының пайда болуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымша тапсырысты қабылдаудын экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау
Басқарудың экономикалық механизмі
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Инновациялық жобаларды жасақтау
Табиғатты қорғаудағы экономикалық тиімділік
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Пәндер