Туристік саяхаттың мәні және мазмұны



Жоспар:

Кіріспе

I.тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
1.1. Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы
1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары
1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар

II.тарау. Белсенді туристік саяхаттар
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық кате.
гориялары
2.3. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б. мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі саяхаттар елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды. Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) Қазақстан Республикасының “Туризм туралы” заңы. Алматы, Қазақстан, 1993.
2) Қазақстан Республикасы аймағында туристық спорттық жорықтар өткізу ережесі, 1997.
3) Турист энциклопедиясы. Тамм, М., 1997.
4) Туристік жорықтар кезінде оқушылар өмірін қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық-әдістемелік көрсеткіш жинағы.
5) Авторлар ұжымы. Турист серігі. М., ФжС,, 1963
6) Шимановский В.Ф. Таудағы қауіптер. М. ЦРИБ, “Турист”, 1974.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
1. Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы
2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары
3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар

II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық кате-

гориялары
2.3. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер
мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып
орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге,
халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары
мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын
көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана
қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге
тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың сан алуан түрін
дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған
түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта
аламыз.

Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б.
мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19ғ-ға дейінгі саяхаттар елдердің
табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды.
Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір
түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.

I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
1. Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы

Саяхат маршруттарының күрделі жағдайдын, түрлі нұсқасын қамтитын
еліміздің кез келген ауданына апарар қозғалыстың әртүрлі қабілетінің –
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жасалынады. Жаяу, таумен, сумен, шаңғымен,
атпен, велосипедпен, мотоциклмен жүзеге асады.
Жаяу жорық - барша адамның қолы жететін жорық. Бірақ жаяу саяхатқа
шығушы өзі көтеретін жүк салмағын есепке алуы керек, себебі бұл жағдай
елсіз жерлермен ұзақ жол жүргенде көп қиындыққа душар етуі мүмкін. Ең
негізгі кедергілер өзеннен, батпақтан, орман-тоғай белдеулерінен өткенде
кездесері сөзсіз. Жаяу саяхатшысының жер жағдайын жетік аңғарып, дұрыс
бағдарлай алуының, компасты пайдалана отырып, жазылған азимут бойынша
жүруінің маңызы үлкен. 15-тен 20 шақырымға дейінгі аралықты күндіз жүріп
өту - бұл көрсеткіш саяхатшылар ертелі-кеш жол жүріп шынығу деңгейіне және
жорықтың шартына байланысты өзгеруі де мүмкін, ол саяхатшылардан жаяу жүру
дағдыларын және төзімділікті талап етеді.
Саяхаттың ең қызықты, сонымен бірге күрделі түрлерінін бірі- таулы
аймақтағы жорық. Тау соқпақтармен өтетін жорық желілері көп уақытты керек
ететін қырға одан төмен түсу қиындығын ескеру нәтижесінде жасалады. Ең
биікте ауаның жетіспеуінен тыныс алу ауырлайтыны мәлім. Күн мен түннің
температурасы тез өзгереді. Ауа райы да құбыла түседі, әрі соқпақтардан тыс
жүру қауіпті, ал тау өзендерінен, құлама жартастардан, шындардан, үрінді
қар мен мұздан өту одан да қауіпті. Мұндай жағдайда саяхатшылар
альпинистердің амал және айла-тәсілдерінен, таулы аймақтағы қозғалыстың
тәсілдерінен хабардар болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Саяхаттың
ішіндегі ең қиыны, ең күрделісі биік таулы аймақтағы саяхат болып
есептеледі. Сөйте тұра, ол саяхатшыларды ғажайып көріністермен қуантып,
төзімділігін сыннан өткізуге, табиғат күшімен күрес барысында ерлігі мен
ерік-жігерін шындап, тәрбиелеуге мол мүмкіндік береді. Дұрыс және шынайы
дайындық жасап, тауда жүріп-тұрудың ережелерін дұрыс сақтаған жағдайда
жорық қауіпсіз болады.
Сумен саяхат жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді,
бірақ саяхатшылардың жүзе білетін, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын
болуы міндетті.
Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байластырып,
жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама
шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді,
дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен
тұйықтайды.
Жаяу саяхатқа қарағанда сумен саяхатта бағыт-бағдар ұстану әлдеқайда
оңай, оны өзннің ағысы арқылы анықтауға болады.
Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен
бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына
байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің
елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының
күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге,
қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Саяхаттың ең күрделі түрлерінің бірі –шаңғы арқылы жасалынатын саяхат.
Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы
аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жетік меңгеру қажеттілігі, қалың қарларда
жүрудің қиындығы, температураның төмендігі, боран және т.б. саяхатқа
қатысушылардың дене тәрбиесін арттыруды жүктейді.
Қыстың күндері жолды бағдарлау күрделене түседі, олай дейтініміз
бағдарлауға көмектесетін белгілер қар астында қалады, әсіресе елді
мекендері аз жерлермен саяхатқа шығу қиын, ол саяхатқа қатысушылардан қысқы
далада қонуды ұйымдастыру тәжірибесін, организмнің төменгі температураға
үйренген болуын, ұқыптылықты, өзін-өзі бақылай білуді талап етеді.
Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас
тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда
зор маңызға ие болады.
Шаңғы саяхатына қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған
кездегі қозғалыс әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда, биік, ұйлыға
өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, биік, қия, жоталар.
Қардың қалың, жұқа түсүіне, жердің жазық, немесе ойлы-қырлы болуына
байланысты шаңғымен саяхаттың күндізгі орташа қарқыны 15-35 шақырым
болады.
Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын кесіп өтетін
жақсы жол тораптары велосипедпен саяхат жасау түрін кең дамытуға мүмкіндік
береді. Саяхаттын басқа түрлеріне қарағанда велосипедпен жасалынатын жорық
әлдеқайда алыс сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың
зерттеу жұмыстарын жџргізуге жағдай жасайды.
Алайда, жолдан бұрылып шыға алмаушылық көп жерлерді аралап көру
мүмкіндігінен айырады. Рас, жолсыз жермен де жүруге болады, бірақ онда
велосипедпен саяхаттың барлық артықшылығы жойылады. Кейде велосипедпен
саяхат велосипед жарысына айналып та кетеді.
Саяхаттың негізгі мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс жылдамдығын
шамадан тыс пайдалануға болмайды. Велосипедпен саяхат жасаушылар күндіз
орта есеппен 50-60 шақырымдай жүрулері керек.
Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік
қырлар мен өңістер, өткелдер болып табылады.
Автомобильмен және мотоциклмен саяхат та кен қанат жайып отыр. Ол
демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған
шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызық.
Спелео-үңгір саяхаты өзіндік мағынаға ие. Бірінші ерекшелігі – күндізгі
жорықтың болмауы. Жерасты саяхатының ең басты қауіптілігі –қараңғылық.
Жарық жоқ жерде қозғалу, бағытты бағдарлау қиындай түсетіні белгілі. Соның
салдарынан шұңқырға немесе құдыққа құлап кетуге де болады. Мұндайға ұшырмау
үшін саяхатшылар жарық сыйлар құралдарды өздерімен бірге алып жүрулері
керек.
Үлкен үңгірлер енетін жол тараптарының көптілігімен күрделі, онда
адаспай көздеген орынға жету тәжірибелі бастаушының өзіне де қиын соғуы
мүмкін. үнгірлер қираған кезде жоғарыдан және қабырғалардан еденге тас
сынықтарының құлайтыны бар. Олар тіпті қатты дауыстың өзінен-ақ үгітіледі.
Жерасты саяхат кезінде адамды тұншықтырар немесе жарылыс туғызар
газдардың жиналып қалғанын кездестіруге болады. Жалпы үңгірлер сол жердің
үстіндегі климатқа ұқсамайтын өзіндік климатқа ие.
Үңгірге түскен әр саяхатшы альпинистік тәсіл негіздерін, шыңға шығу
әдістерін игеріп, мұзды өңістерден аман өтуі, жүргенде қауіпсіздік
ережелерін, т.б. сақтауы тиіс. Жерасты саяхатына байланысты кездесетін
қиындықтар әркімнен батылдықты, тапқырлықты, төзімділікті, тез қағып
алушылықты, денсаулығының мықты болуын талап етеді. Жерасты саяхатына кетіп
бара жатып үңгірлердің қауіпті екендігін бір сәтке де ұмытуға болмайды. Ең
алдымен біреу бақытсыздық жағдайға ұшырап қалса, оған сырттан қалай көмек
көрсетудің шаралары, сондай-ақ саяхатшылардың үңгірден қашан оралатыны
туралы күні бұрын бақылау мерзімі белгіленуі керек.

1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары

Елімізде дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт дамуының міндеттерін
шешуде саяхат спорттық тынығудың ең бағалы түрлерінің бірі ғана емес,
сондай-ақ еңбекшілерді дене тәрбиесінің мәдениетіне тәрбиелеу құралы да
болып табылады. Қозғалыс жаяу, шаңғымен, қайықпен, атпен немесе салмен,
велосипедпен, т.б. жүру арқылы белсенді түрде орындалатын саяхаттық
жорықтар адамды жан-жақты дене тәрбие мәдениетінің негізгі мәселелерін
шешеді.
Жорық кезінде саяхатшы жол жүру дағдыларын бойға жинауға, таныс емес
жерлерде: ормандарда, тауларда дұрыс бағыт ұстай білуге, жаңа, белгісіз
жайларды бақылай есте сақтап, іздеп аша білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда елімізде саяхат жоспарлы түрде қалауы бойынша дамып
отыр. Жоспарлы түрдегі саяхат жорық жоспарларымен арнайы базаларда
демалуды, сондай-ақ ұжымды экскурсия жасау және сауықтыру мақсатын көздеген
транспорт құралдарын пайдалану арқылы ұйымдастыру қарастырылған. Бұл
бағытта тікелей саяхат базаларында ұйымдастырылатын белсенді демалыс
түрлерін бөле-жара атаған жөн: Әртүрлі саяхат жерлері, маршруттары негізгі
үш топқа бөлінген: жан-жаққа тарамдала тартылған, сызық бойынша және
сынақтық.
Тарамдала тартылған саяхат жерлері маршруттары саяхатшыларды кез
келген бір қаламен, ауданмен таныстыруды мақсат тұтады. Осындай желінің,
маршыруттың базасына келген саяхатшы үнемі сонда тұрып, жергілікті
музейлерге, көрікті орындарға барып, базаның төнірегіне экскурсиялар
жасайды.
Саяхаттың сызық желісі маршрутты бойынша сапарға шыққан саяхатшы бір
базадан екінші базаға барады, әр жаңа жерде сол ауданның ерекшеліктері
туралы мәлімет беретін экскурсияларға қатысады. Жан-жаққа тарамдала
тартылған маршрут сияқты сызық бойынша жүргізілетін жорықта саяхатшыны
бірінші базаға жеткен сәттен-ақ қажетті жағдайлардың бәрімен: қонатын
бөлмемен, экскурсиямен, мәдени қызмет саласымен, кітапханамен, ақыл –
кеңеспен, транспортпен қамтамасыз етеді. Бұл жорықтарда демалыс
саяхатшылардың Отанды танумен, дүниетанымын кеңейтумен, болған жерлеріне
деген сүйіспеншілігін тәрбиелеумен ұштасып отырады.
Дегенмен, денені шынықтыру, дамыту, жорық дағдыларын бойға дарыту
тәрізді саяхаттың басқа міндеттері бұл жерде тек өте әлсіз ғана қызмет
атқарады. Саяхаттың жоғарыдағы міндеттері белсенді қозғалыс құралдарына
негізделген сынақтық желілер, маршруттар бойынша ұйымдастырылған жорықтарда
шешім табады.
Сынақтық маршруттар еліміздің неғұрлым табиғаты сұлу, қызықты
аудандарын таңдайды, әрі мұндай жорық бір базадан екінші базаға жаяу,
шаңғымен жүру, қайықпен жүзу арқылы жүзеге асады. Мұндай саяхаттар оған
қатысушылардан әдетте, саяхат маршрутының алғашқы базасында орындалатын
белгілі дайындықты талап етеді.
Дайындықтан өткен саяхатшылар тобы қажетті құралдармен, азық-
түлікпен қамтамасыз етіледі және басшылығымен саяхатқа аттанады. Бір база
мен екінші база аралығы бірнеше асулардан тұрады, сол себепті саяхатшылар
жолда палаткаларда түнеп, өздері тамақ әзірлейді, жүрер жолдарын схемалар,
компас көмегімен анықтау бағдарлайды. Мұндай саяхаттар еліміздің шетте,
жолдан шалғай биік таулы, кеме жүре алмайтын аудандардың түкпір –
түкпірімен танысуға мүмкіндік береді.
Мерзім мен аудандарды белгілеп, күні бұрын жасалған маршруттар
бойынша өткізілетін саяхаттар бәрінің көңілінен шыға бермейді. Сол себепті
саяхат өзінің ұйымдастыру жағынан басқа түрімен өз қалауы бойынша
ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхат.
Топ мүшелерінің өздері таңдаған әуесқойлық саяхат маршруты
қарталардың, схемалардың, әдебиеттердің және жер жағдайын білетін
адамдардың көмегімен жасалады.
Сонымен бірге әуесқой саяхатшылар тобы белгілі базаларға белгіленген
мерзім ішінде жетуге міндетті емес, олар өз еріктерінше, өздеріне қолайлы
уақытта келе береді. Саяхат кезінде жұмыс жағдайын ойластыру, саяхат
маршрут бойынша жүру жергілікті жер ерекшелігіне байланысты жүзеге
асырылады. Әуесқой саяхат ешқандай белгілі бір аудандармен, желілермен,
бағаттарымен шектелмейді, олардың бәрін саяхатқа қатысқысы келетін топтың
қызығушылығымен ынта-ықыласы шешеді. Әуесқой саяхаттың ең басты
артықшылықтарының бірі осы.
Саяхат шаралары демалыс күндері жорық жасаумен, саяхаттық слет,
жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.
Спорттық саяхат жорықтарының топтастырылуы саяхат түрлері мен
олардан туындайтын қиындық категорияларынан тұрады.
Топтастыруға бүкілодақтық біртұтас спорттық жүйелеуде көрсетілген
разрядтық талаптарға сай саяхат түрлері бойынша жүргізілген жорық
маршуруттары жатады. Спорттық жаяу, шаңғымен, тау, су арқылы, велосипедпен,
автомобильмен, мотоциклмен және спелео-үңгір саяхаты тәрізді саяхат түрлері
бойынша жүзеге асырылады. Жоспарланған және әртүрлі өлкеде өткізілген
қорықтарға берілер баға оларды салыстыру жолы арқылы маршруттар өлшемімен
беріледі.
Маршруттар жіптерінен тыс ресми құжат боп саналатын және маршруттар
топтасының негізгі принциптеріне, олардың қызықтырушылығы мен ұзақтығына,
түзілу логикасына, кедергілердің сандық және сапалық мінездемелеріне
әдістік нұсқаулар бар. Бұл, не ол маршрутты күрделіліктің белгілі
категориясына жатқызу үшін үш көрсеткіш: ұзақтық, қызықтырушылық және
тәсілдік күрделілік негізгі өлшем етіп алынады.
Жорық ұзақтығы топтың дайындық желісінен маршрутынан міндетті түрде
мейлінше аз күн ішінде қарастырылады.
Жорық ұзақтығы күрделілік категориясына тән сынақтық маршруттың
мүмкін болған ең аз ұзақтығы.
Маршруттың тәсілдік күрделілігі кедергілердің сипатымен және
әртүрлілігімен анықталады.
Кедергілер сипаты кедергіден өткен қауіпсіздікті қай деңгейде талап
етуімен анықталады. Күрделік тобының маршрутына өздеріне тән
кедергілердің деңгейі сай келеді. Жорық - тардағы қауіпсіздіктің негізгі
бұрынғы жорықтарда іс жүзінде жинақталған саяхат тәжірибесі болып
табылатынын есте ұстаған жөн. Бұл тәжірибенің ең аз міндеті деңгейі
саяхаттық, спорттық жорықтарды өткізу ережелермен анықталады.
Жорықтар күрделілігі тобы белгіленген өлшемдер және классификациялық
асулар мен үңгірлер тізбегімен анықталады.

1.3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар

Жорық кезінде, оның ұзақтығына байланысты кішігірім демалу мен
тамақтанатын, қонатын және түстенетін жерлер болады. Дем алатын орынды
ұйымдастыруда ең басты міндет – орынды дұрыс таңдай білуге, алаңды
әзірлеуге, палаткалар тігуге, от жағып, лагерь қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге байланысты болмақ.
Орынды таңдау. Ашық дамылдайтын орын бірнеше басты талапқа жауап
беруі керек. Соның біріншісі-қауіпсіздік. Әсіресе таулы жерлерде, орманды
жерлер бойынша өтетін жорық маршруты кезінде қауісіздік шараларын сақтаған
жөн. Сондықтан, қар көшкіні қаупі бар тік құлама қыр, жарқабақ етегіне
қонуға болмайды. Нөсерден соң тауда лайлы су тасқыны жүретіні белгілі, сол
себепті лагерь палаткасын құрғап қалған өзен арнасына, жылға табанына тігу
қауіпті. Оны лайлы тасқын өзімен бірге алып кетуі мүмкін.
Палаткаларды тіккен кезде желдің бағытын ескеруді есте ұстаған жөн.
Палаткаға кірер есік желдің ық жағында болғаны абзал.
Лагерді өзен ағысы бойынша төменгі жағындағы қыстақтарға, өнеркәсіп
мекемелеріне, егіс даласына, мал сарайларына жақын орналастыруға рұқсат
етілмейтін. Мұндай жағдайда олардан екі шақырым алысқа барып, ағып жатқан
су маңына тоқтаған дұрыс. Әдетте, егер жорық желісі маршруты ормансыз
жермен өтер болса, онда саяхатшылар өзендерімен бірге примус ала жүреді.
Бірақ көп жорық маршруты көрікті, сұлу аймақта өтеді, онда ағаштар да,
бұталар да жеткілікті. Жорық жемісті және қызықты өту үшін тамақ әзірлеуге,
киімдерін кептіріп, дем алуға байланысты от жағылмай тұрмайды. Сондықтан
ашық далада дамылдайтын орыннан отын табу – негізгі талаптардың бірі болып
саналады. Бұдан өзге талаптардың бәрі тілекке сәйкес қажеттіліктер. Оларға
тоқтаған жердің қолайлығы, желден қорғануға болатыны, немесе керісінше,
масалар мазаны алмайтындай желдің соғып тұрғаны жатады. Ауыз су алу үшін
тік құлама жардан төмен түсіп, әуреленбеу, отын үшін алысқа бармау жағы да
ескерілу тиіс. Әдетте орын барынша тегіс және құрғақ алаңдардан, өзен
жағасындағы жазықтан таңдалады. Қыстың күні кішігірім дем алатын орын күн
көзі қыздыратын жерге, ал жазғы ыстықта көлеңкелі жерден таңдап алынғаны
дұрыс. Сонымен бірге ашық далада дамылдайтын орын көрікті, сұлу, жақсы
көріністерге бай аймақтан таңдалғаны да жөн.
Кейбір жетекшілер лагерьді эстетикалық талғам бойынша орналастыруға
баса көңіл бөледі. Палаткаларды қатаң тәртіппен ошақ басынан бір қатарға
және бірдей арақашықтыққа орналастырғанды қолдайды. Әрине, тиісті жағдай
болса, мұның бәрі жақсы дем алуға мүмкіндік береді, бірақ келесі бір
кезекте жорыққа қатысушылар үшін үлкен қолайсыздық туғызатын аясы тар
мақсатқа айналмауы керек. Мұндай бір палаткалар жел мен жаңбырдың өтінде,
екіншілері-жол табанында, басқалары-массасы көп бұталардың арасында қалауы
мүмкін. Осыған орай, лагерьге орын таңдағанда бәрінен бұрын қайсысы басты,
қайсысы жанама мәселе екенін ұмытпаған жөн.
Ашық далада дамылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Ашық далада дамылдайтын
орынға жеткен сәттен бастап, жетекші өзінің бұрыннан не істеу керегі
жөніндегі шешімдеріне сүйеніп, топ мүшелеріне нұсқауларын береді. Бірінші
тапсырма жол дорбаларын қай жерге жинап қою жөнінде болмақ. Онсыз жол
дорбалар үлкен аланның о шеті мен бұ шетіне шашылып, жорыққа қатысушылардың
бірінші қажетті заттарын, азық-түлікті табуы қиынға түсуі мүмкін. Екінші
тапсырма-жол дорбаларынан кім нені алуға. Әдетте басталарды, ас әзірлеуге
ыдыс аяқтарды, азық-түліктерді, палаткаларды және басқа қажетті заттарды
бірден алатыны мәлім. үшінші тапсырма-міндеттерді бөлісу. Жетекші от
жағатын, палаткаларды тігетін орындарды таңдайтын, су әкелетін және т.б.
кісілерді мұқият анықтауы тиіс. Жұмысты кең ауқымда ынтымақты
ұйымдастырылған жөн. Бір адамға бірнеше тапсырма беруге де болады, бірақ
олардың кезекпен орындалуын тексеру керек.
Кең ауқымды жұмысты үзбей жүргізу үшін жетекші сол кезеңде аса
маңызды болып табылатын участокке адамдарды дер шағында көбірек ауыстырып
отыруы қажет. Жорыққа қатысушылардың бәрі дерлік мына кеңесті тындауға
міндетті: Бірінші - жолдасынан алған затты әр-дайым өз қолына беруі керек.
Онсыз тұрақты түрде не ана зат, не мына зан жоғалуымен болады. Екінші -
бөгде беруге ақтартпауы қажет. Кейде кезекшілер тарапынан: Тұз сенің жол
дорбанда ма, әлде менікінде ме? Менің жол дорбамнан ала сал дегенді естіп
қаламыз. Кезекші оның жол дорбасын іздеп, талай уақытын кетіреді, онымен
қоймай басқа жол дорбаларды да аударып, төңкереді. Ал жорыққа
қатысушылардың біріне арнайы тапсырма, ол өзінін жол дорбасының қайда
қоярын жақсы біледі және іздеген затын тез-ақ тауып алады. Әлі бөлінген
жұмысын бітіре алмай жатқандарға көмектесіп, тапсырманы тезірек орындауға
қолқабыс жасағаны абзал. Немесе шұлықтарды, аяқ киімдерді кептіруді, немесе
отты жағалай отыратын орындықтар әзірлеуді, таңертеңге отын дайындауды
қолға алғаны да артық емес. Есте ұстайтын жай, жұмыс барлық жорыққа
қатысушылар үшін бір мезгілде аяқталған абзал.
Палаткаларды орналастыру. Ең алдымен палаткаларды тігетін орынды
таңдау қажет. Ол орында мысықтар, суырлар, өсіп тұрған ағаштар және тастар
болмауы тиіс. Таңдап алынған орын қия беткейлі келіп, түнде ұйықтап
жатқанда адамдар ылдиға домалап жүрмеуі қажет. Егер аздаған еңісті жер
болса, онда палатканы оның бауырына тіккен жөн.
Бұдан кейін палатка шаңырағын ұстап тұратын тірек қазық орналастырады.
Палатканы жыртып алмау үшін тірек қазық палатканың сыртынан, артқы
қабырғаға тақай және шыға беріс тұсқа қойылады. Тірек қазықты орналастыру
ережесі мынандай. Топтың бірі тірек қазықты шыға беріс тұсқа бекітіп, оған
бауды байлайды. Топтың екінші бір мүшесі дәл сондай әрекет жасап, тірек
қазықты палатканың артық қабырғасына орналастырады. Бұдан кейін топтың тағы
бір мүшесі палатканың шаңырағы мен тірек қазықты тік ұстап тұратындай
жағдай жасайды, екінші біреуі екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белсенді саяхаттың сипаттамасы
Бағдар кітапшасы
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Туризмнің экономика сферасына әсері
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін анықтау, қызметтерін анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАЛДАНУЫ
Спорттық сауықтыру туризмде туристерді алдын – ала дайындау тәсілдері
21 – ғасырдағы туристік фирмалардың қызметі
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Пәндер