Алаш зиялыларына қарсылық


Баяндама
Орындаған: Турар Айшагүл
ХХ ғасырдағы саяси партиялар
Алаш партиясы
Жоспар
- Кіріспе
Алаш һәм Алашорда
- Негізгі бөлім
А) Алаш зиялыларына қарсылық
Б) Алаш партиясының құрылуы. Алаш партиясы
3. Қорытынды
Алаш -бостандық пен бірліктің ұраны
"Алаш' немесе "Алашорда қозғалысы" - бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Сондықтан да әуел бастан Алаш (Алашорда) қозғалысына жататын жекелеген мәселелердің басын ашып, оларды нақты түрде қарастырған жөн сияқты. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік қүрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) туралы мәселелер. Баска сөзбен айтқанда, осы нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді. Алаш (Алашорда) қозғалысы деген үғым 20-30 жылдардағы ғылыми және саяси здебиетте қалыптасты. Қазіргі оқырман, әсіресе 20-30 жылдардан кейін дүниеге келген үрпақ, Алаш туралы білмейді, ал біле қойған жағдайда, онысы шындыққа жанаспайды. Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік себептері болды. 20-шы жылдардан бастап, әсіресе 1928-1932 жылдары орын алған бұрынғы Алаш партиясы мен қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси сот процестерінен кейін, бұл тақырыпты нақтылы тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми түрде тиым салынды. Ұлттық элита тарихындағы келесі бесінші кезең жетпіс жылдан астам уақыт өмір сүрген кеңестік билікке тұс келеді. Большевиктер мен олардың көсемдері Кеңестік биліктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан мен Түркістанда таптық-партиялық мақсаттарды емес ұлт-азаттық мүдделерді көздеген элитаны жолықтырды. Сондай-ақ бұл элитаның халық арасында ықпалы айтарлықтай зор еді. Мұны аңғарған большевизм идеологтары алдымен бұл зиялылар тобын халықтан бөліп тастау, сонан соң барлығын жойып жіберуді көздеп, құйтырқы, иезуиттік әдістерге көшеді. Жергілікті партия съездері мен конференциялардың қарарларында ұлттық интеллигенциясының маңызды орны ашық мойындалғанымен, ал өмірде, саясатта оларды мемлекеттік және қоғамдық қызметтен ығыстырып тастау бағыты іске асырылды. Қазақ елінің қоғамдық мәселелерін тура шешуге байланысты А. Байтұрсынұлының В. Ленинге жолдаған ұсыныстары қабылданбады. Қазақ өмірінен бейхабар большевиктер қазақ қоғамының мәселелерін "буржуазиялық интеллигенттерге" қарағанда тереңірек түсінетіндіктеріне сенімді еді. Саяси билікке орнығып алған большевиктер енді алашордашыл зиялыларды ұлттың негізгі мүдделерінен алыс тұрған, "буржуазиялық ұлтшылдар" деп жариялады. Сөйтіп, халық пен оның саяси элитасының арасына Қытай қабырғасы орнатылды. 20-30 жылдары іске асырылған алашордашыл зиялыларды жою шаралары большевиктер партиясы идеологтарының үрейлі, лас саясатының логикалық жиынтығы еді. Мәселенің ауырлығы, тіптен Алаш зиялыларының атылып жойылуында, олардың идеясына тыйым салынуында емес-тін. Бұл трагедияның ұлт үшін соншалықты ауыр болғандығын оның мынадай салдарынан байқауға болады. Алаш зиялыларының соңында келе жатқан жас ұрпақ мәскеулік биліктің азаттық қозғалыстың басшыларын қалайша тұқыртып жойғанын, сондай-ақ олардың сіңірген еңбегі мен күрес тәжірибесін көпе-көрнеу жоққа шығарғанын көзімен көрді. Ендігі уақытта орталық биліктің айтқанына көнбеген күнде, сол алашордалықтардың кебін киетіндігін айқын түсінді. Сөйтіп большевиктік билік ұсынған "жаңа моральдық принциптерді" игеруге көшті. Бірінші процесстің барысында 47 адам тергеуге алынып, 1930 жылы 4-сәуірдегі үкімімсн 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. Атап айтқанда Ахмет Байтүрсынов бастаған 10 адам әуелде өлім жазасына бүйрылып, кейін ол үкім 10 жылдық мерзімге концлагерьде отырумен алмастырылды. 1932 жылғы екінші сот процесінің үкімімен Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмүхамбетов, Жаһанша Досмүхамбетов бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы 5 жылдық мерзімге Россияның Орталық Қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысы) жер аударылды. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі калып, елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік "халық жауы' деген жалған айыппен ату жазасына кесілді . . . Сондықтан да Алаш туралы шындық айтылмайтын болды да, бүл тақырып ресми түрде жабылды' Осының салдарынан 60 жылдай уақыт бойы (30-шы жылдардың ортасынан 80-ші жылдардың соңына дейін) біздің ғылыми және саяси әдебиетте, жекелеген көркем шығармаларда мәселенің байыбына бармай, шындыққа сай келмейтін Алаш қозғалысын жаппай қаралайтын, оның жетекшілерін "буржуазияшыл үлтшылдар", "халық жаулары" деп жамандайтын пікірлер жазылып, әртүрлі мінбелерден жалған сөздер айтылып келді. Алаш партиясының саяси және экономикалық бастау көздері туралы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің қүрылуы мен олардың Совет өкіметімен арақатынасы хақындағы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919-1920 жылдардан-ақ жариялана бастады. Осы мәселе бойынша алғашқы қалам тартушылар көш басында Алаш пен Алашорданың белгілі басшыларының бірі Ахмет Байтүрсынов пен казак, зиялылары қатарынан шыққан алғашқы болыиевиктердің бірі Сәкен Сейфулин түрды. «Алаш Орда бағдарламасы» деген осы. Бірақ қазақ азаматтары автономияны «Алашорда» атағаны туралы бұл мәселеге түсінік берілмеген, бірақ болашақ үкімет осы атпен аталатынын меңзеуіде мүмкін. Ресейдегі оқиғалардың одан әрі шиеленісуі, большевиктердің үкіметті басып алуы, азаматтық қарама қайшылықтардың асқынуы, отар өлкедегі қазақ сияқты халықтардың көкпарға түсіп кетуі қатері қазақ зиялы қауымын партия пісп жетілмей жатып ұлттық мемлекет құруға мәжбүрледі. Осы кезеңде партияда көп болса бес мың ғана мүше немесе ниеттес адам болған еді. Аз ғана күшпен алапат заманға аяқ бастық. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен ІІ жалпықазақ съезі Алаш мемлекетінің құрылғандығымен қазақ тарихында үлкен орын алды.
Алаш партиясы - қазақтың тұңғыш ұлттық - демократиялық партиясы (1917-20) . Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін 1-орыс рев. жылдарында (1905-07) қолға алды. 1905 ж. соңына қарай Орал қ-нда өткен қазақ облыстары өкілдерінің сиезі «Қазақ конституциялық демократиялық партиясын құру туралы» шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар «Фикер» (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25-желтоқсан) . Орталық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар қалыптаса қоймаған болатын. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 ж. тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан зиялылар ең өзекті мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдамаларға келу үшін жалпықазақ сьезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-орталық тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Бөкейханов мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 ж. Ақпан рев-нан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ сиезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынды. 1917 жылғы 21-26-шілде аралығында Орынбор қ-нда өткен жалпықазақ сьезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ . . . », Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді. «Қазақ» газеті (1017, N244) бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидиттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқар- Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы 49 масынан барлық облыстардағы қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою туралы жеделхаттар жіберілді. А. п-ның обл. Ұйымдары 1917 ж. қазан айынан қалыптаса бастады. А. жарияланған бағдарламасында Ресейдің демокр., федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автон. негізде тұтас Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеум. қатынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше жалпыұлттық мүдде ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе - жер мәселесі болды. Алаш партиясы 1917 ж. күрделі үш мәселені халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелар бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында («Қазақ», 1917, № 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен ІІ-жалпықазақ сиезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізді. Осы сиезде Алашорда - Ұлттық Кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерің Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы А. п. -ның саяси күреске білек түре араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қымқиғаш Азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді. «Алаш» партиясының бағдарламасы - алғаш рет 1917 ж. қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Е, Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев және Ғ. Бірімжанов. Бағдарлама мынадай тараулардан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі хұқық, дін ісі, билік һәм суд, ел қорғау, салық, жұмысшылар, Ғылым-білім үйрету, жер мәселесі. Бұл бағдарлама өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан сол дәуірдегі саяси-қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын құжат екендігі байқалады. «Алаш» партиясының маңызды әрі басты құжаты, оның демократиялық, гуманистік принциптерге негізделген саяси құрылым екендігін көрсетеді. Бағдарламаның мазмұнынан Семей облыстық қазақ сиезінде көтерілген мәселелер көбірек көрініс тапқаны аңғарылады. «Алаш» партиясының облыстық комитеттері - 1917 ж. қазан-желтоқсан айларында ашылған жергілікті органдар. Семей облыстық комитеті Ә. Бөкейханның қаты- 50 Алаш қозғалысы суымен 12-13 қазанда ашылды. Оның құрамына Х. Ғаббасов (төраға), А. Қозыбағаров, С. Дүйсенбин, Ә. Ермеков, Р. Мәрсеков, И. Әлімбеков, Т. Құнанбаев, М. Малдыбаев, Ә. Молдабаев, Б. Сәрсенов, Ақмола облыстық комитеті құрамына А. Тұрлыбаев (төраға), А. Сейітов, Е. Итбаев, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгерұлы, Б. Серкебаев, М. Саматов, Е. Мұқышев, Д. Әділов, Ж. Тілеулиев, Б. Айбасов, Қ. Қожамбердиев, Қ. Кәкенов, Торғай облыстық комитеті құрамына Ә. Бөкейхан (төраға), А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, А. Бірімжанов, Ж. Жәнібекұлы, Е. Омаров, О. Жәнібеков, Ғ. Жүндібаев, С. Досжанов, Ғ. Бірімжанов, Қ. Арынғазов, Ғ. Досжанов, Т. Шонанов, Е. Нұрмақамбетов, М. Есполов сайланды. «Алаштың» облыстық комитеттері сол кезеңде ұлт-азаттық қозғалыстың өрістеуіне, халық арасында партияның үлкен беделге ие болуына зор үлес қосты. Облыстық комитет мүшелері Екінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Алашорда үкіметінің орнауында үлкен рөл атқарды. Сонымен бірге бұл комитеттер бүкілресейлік құрылтай сайлауында «Алаш» партиясының жеңіске жетуіне үлес қосты. «Алаш» партиясының сиезі - 1917 ж. қазан айында Семей қаласын- Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы 51 да «Алаш» партиясы атынан өткізілген алғашқы сиез. Сиезде «Алаш» партиясының Семей облыстық Уақытша комитеті құрылды. «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрамына: Ә. Бөкейхан, Р. Мәрсеков, И. Әлімбеков, А. Қозыбағаров, Т. Құнанбаев, Х. Ғаббасов, С. Дүйсенбиев, Ә. Ермеков, М. Малдыбаев, Ә. Молдабаев, Б. Сәрсенов енген. Сиезде қаралған ең негізгі мәселе - «Алаш» партиясын қалыптастыру және партия мүшесінің қандай адамдар бола алатындығын айқындау мәселесі еді. Бұл сиезде партияның шартнамасы, бүгінгі түсінікпен айтқанда жарғысы жөнінде сөз етіледі. Іс жүзінде осы сиезде айтылған партия мүшесіне қатысты мәселелер «Алаш» партиясының шартнамасынан толық орын алды деуге болады. Сондай-ақ, сиезде облыстық комитеттің төрағасы болып Х. Ғаббасов, орынбасарлығына А. Қозыбағаров, қазынашысы болып Ә. Молдабаев, хатшылығына С. Дүйсенбиев сайланды. Құрметті төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Сиезде «Алаш» партиясының орталық комитеті Орынборда болмақ жалпықазақ сиезінде қалыптастырылатыны айтылады. Бұдан осы сиез өткізілген күндері Екінші жалпықазақ сиезіне даярлық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ: «Европа үлгісімен жүретін заман кездескен соң, біздің тұңғыш тобымыз жалпы қазақ сиезі салған жол бүкіл Алаш ұранды қазақ баласына таймайтын даңғыл жол болу керек» деген сөздерден Алаш қозғалысы барша ұлтты тұтастырушы күшке айналғандығын да байқаймыз. Сиездің негізгі қорытындысы «қазақ партиясы Алаштың тұтынатын жолының жоспарын» жасаумен байланысты. Бұл жоспарда «Мемлекет билеу түрі», «Жер мәселесі», «Солдаттық мәселесі» және т. б. мәселелер қарастырылған. Осы мәселелердің барлығы дерлік Екінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне де енді. «Алаш» партиясының шарты - 1917 ж. қараша айында «Сарыарқа» газетінде жарияланды. Бұл «Алаш» партиясының жарғысы іспетті құжаттың басында: «Алаш партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды. Даяр болғанда жұртқа жарияланады. Қазіргі шарты - кіндік комитеттің бұл жасалған шарт уақытша областной комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын» деп келетін сөйлемдер бар. Яғни, ол партия бағдарламасы қабылданғанша жүретін құжат болған. Құжат төмендегідей баптардан тұрды: мемлекеттік билеу түрі, жер мәселесі, солдаттық мәселе, жергілікті мекемелер, сот мәселесі, дін мәселесі, жұмысшы мәселесі, оқу мәселесі, бас бостандығы, жиылыс бостандығы, баспасөз бостандығы, жүру-тұру бостандығы, одақтасу бостандығы. Құжат «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті тарапынан қабылданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz