Шәкәрім рух туралы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық унвиерситеті
Реферат
Орындаған:Кулбаева А.Ә
Группа:102Б-6В01509
Тақырыбы:Сана,рух және тіл
Жоспары:
Кіріспе
Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты
Негізгі бөлім
Тәндік және руханилық
Шәкәрімнің 3 анығы.Шәкәрім рух туралы
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну
Қорытынды
Сана фактілері
Пайдаланылған әдебиеттер

Қарап отырсам, адамзат өз тарихында құпияларды ашуға, тылсым күштерді білуге ұмтылған. Және сол арқылы мына әлемде өзін толық қауіпсіз сезінгісі келген. Мысалы,Қорқыт атаның өлімнен қашуында, Асан қайғының жерұйықты іздеуінде үлкен философиялық мән бардай көрінеді. Олар осы әрекеттерімен өзгермейтін мәңгілікті, ақиқатты іздегендей. Алайда ақиқат пен шындықтың арасын ажыратып алу керек секілді. Ақиқат өзгермейді. Ал шындық өзгеруі мүмкін. Мысалы, жердегі пенде үшін таңертең күннің шығуы шындық. Ал ақиқатына келсек, күн еш жақтан шығып жатқан жоқ. Жай ғана жер күнді айналып жүр. Ендеше ақиқат біреу болса, оған жететін жол сан тарау. Пенде өзіне қолайлысын, әлі келетін жолды таңдап алады. Тек ақиқаттан адасып қалмаса болғаны.
Енді сол рухани байлықты қайдан аламыз? Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық - қан.
Бүгінгідей мазасыз дүниенің ек - пі - ні мәдениетіміз бен ұлттық құндылық - тарымызға қауіп-қатер төндіріп, тір - шілік қамымен жүретін адам - ға әдебиет оқы деп ай - тудың өзі қи - сын - сыз. Себебі жаңа мен ескі көкпарға түсіп, рухани құндылықты тани алмай жатқан ұрпаққа нарық тәрбиесі өтіңкіреп кеткен. Ендеше, кінә тағу да жөнсіз. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымызға шүкір, әрине. Алайда жастар қазір ақпараттық майданның, тасқынның астында қалып барады. Ғаламтордан, әлеуметтік желілерден керекті, керексіз ақпараттың барлығы қабылданып жатыр. Оны екшеп жатқан да жоқ. Жастардың көзқарасында тек ақпарат қабылдау ғана бар, оны қорыту жоқ. Осындайда алған білімнің өзі зиян келтіруі мүмкін. Елбасының кітап оқығандар ғаламтор қолданушыларды басқаратын болады деген сөзі бар еді. Бұрын жақсы кітапты Ұлт антологиясына балайтын болса, қазір әдеби кітап түгілі, қолға кітап алуды айтпай-ақ қойсақ та болады. Кітап оқымаған адам ойлауды да қояды деген сөзді ескерсек, ойланып жүрген бір пенде бар ма дерсіз?! Көбіміз қойған сияқтымыз ойлануды.
Дегенмен, рухани байлықты тек әдебиетпен шектеп қою қисынсыз секілді. Біреулер том-том кітап оқып, түсінігі тобықтан аспауы мүмкін. Біреулер әдеби кітапсыз-ақ не үшін өмір сүріп жатқанын ұғынуы мүмкін. Мұның барлығы бастапқы мақсат - ақиқатқа жету ниетінің болуында немесе болмауында. Сонымен қатар театрға барып та рухыңды байытуға болады. Ол жерден өзіңнің және айналаңда сені қоршаған адамдардың бейнесін табасың. Өзіңнің қандай екеніңе бір сәт назар аударасың. Әртістердің шеберлігі сені айна алдында отырғандай етеді. Өзіңді де ұмытып кететін қым-қуыт тірлікте кім екеніңді еске түсіресің. Кейде болмашы нәрсе үшін жолдан тайып кетіп жататынымызды аңғармай қаламыз. Ал театр - бағдаршам.
Алайда айына бір рет кітап оқу мен екі айда бір театрға бару бізге қаншалықты пайдалы? Адам адам боп қалу үшін бұл аз секілді. Өзіңді тану мен тәубеге келу үшін адамдарға жіберілген Алланың ең үлкен сыйы бар. Ол - дін. Адамзат аза бас - тағанда әр қауымға пайғамбарын жіберіп, тура жолға шақырып отырған. Көзіңмен қарасаң - жазуды, ақылыңмен қа - расаң - ғылымды, жүрегіңмен қарасаң - махаббатты көретін Құранның, діннің ләззаты мүлдем бөлек. Кешегі Шәкәрім мен Абай философиясы сол діннен тамыр тартқан. Әлемдегі өзгермейтін жалғыз ақиқат - Алланы тану арқылы өзін танып, кемелдікке жетіп, өзін то - лық қауіпсіз сезінген. Қазақ даласында - өткен әулиелер Хақты тану арқылы шек - сіз - дікке ұмтылған, әлемдегі жалғыз ақи - қат Тәңір деп білген. Құдайдың па - рыз еткен құлшылықтарының қай- - қайсысы да адамзатты бірлікке, ме - йі - рім - ге, адамдыққа шақырады. Ол құлшы - лық - тардың адамға рухани жағынан да, физикалық жағынан да пайдалы екендігі Құдайдың шексіз мейірімін білдіреді. Құранда айтылған сөздерді 20-ғасырдың озық технологиясымен ғылымның енді дәлелдеп жатқаны Хақтың ұлы екенін айқындап береді. Ендеше, үнемі өзіңді бақылауда ұстау мен жүректі тазалау, исламның қағидаттарын орындау адамды рухани азғындықтан сақтайды.
Тәндік және руханилық
Философия мен мәдениет тарихындағы ең алғашқы жүйелерден бастап, қазіргі күнге дейін қайта-қайта қойылып, бірақ өз шешімін таба алмай келген мәселеге адам болмысындағы рухани және тәндік бастаулардың арақатынасын анықтау жатады.Ешкім тәнін тастап кете алмайды және осыны тек рухы арқылы түсінеді. Тек фантастикалық, аңыздық, мифологиялық қиялдарда ғана жан денені уақытша қалдырып, әлемді аралап, сосын қайтадан оған ене алады. Бірақ, жанын күтіп бос жатқан тән феномені нақтылы адамдық тәжірбиеде кездесті деген куәлікті немесе айғақты кездестіре алмаймыз. Бұл айтылғандар аксиоматикалық қағидалар сияқты. Алайда, түсінбеушілік пен пікірталас осы екі адамдық болмыс бастауларын ұғындырамын деген әрекеттердің қалтарыстарынан көрініп тұрады. Тіпті, жәй көзқарас үшін қарапайым тәрізді болып көрінетін жан мен тәннің табиғатын түсіндіруде талай шешімі қиын түйіндер мен алынбаған белестер кездеседі.
Аристотель адам өмірінің барлық игіліктерін үш топқа:сыртқы, жандық және тәндік бөлген. Бірақ олар бір-бірінен ажыратыла әрекет етпейді. Сол себепті, дейді Аристотель, мынадай деп ажыратқан маңызды болар: ең биік игілік қайсысы, қайырымды жанның болуы ма, әлде соны қолдану ма, жанның қасиеті ме, әлде іс пе? Олимпия жарысындағы бәйгені ең сымбаттылар мен күштілер емес, жарысқа қатынасқандар алатыны сияқты..., өмірде де ең тамаша әрі игілікті жемістер дұрыс іс істегендерде ғана болады. Ондайларға сондай өмірдің өзі ләззат дейді.
Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен бөлінбей өмір сүрсе, адам дүниеге келіп, абстрактілік ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ақ, олар оның санасында бейнеленіп, неше түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар құндылықтарды тудырады.
Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетілдіруге, кемеліне келген модельдерді қалыптастыруға, бүгінгі өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тілінде қол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, трансценділеу дейді. Міне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, яғни құндылықтар әлемі дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік сияқты адами құндылықтар. Мұны рухтың ең биік қызметі деп айтсақ та болады. Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады.
Алайда негізгі өмір қайшылығы мынада: ешбір рухани құндылық, идеал, ешқашанда толығынан өмірде іске аспайды. Оны ойшылдар сонау көне заманда байқап: Бәрі де әбігерлік, әбігерліктің әбігерлігі, - деген болатын. Сондықтан ол рухтың шынайы дүниедегі адамдар пендешілігіне қарап зарығып, зұлымдыққа былғанып жатқан дүниеге қарсы шығып, оқтын-оқтын көтерілуіне әкеледі. Осы тұрғыдан алғанда, адамзат тарихында өткен барлық ұлы революциялар рухтың өмір алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде қалыптасқан жағдайдың арасындағы қайшылықтың шегіне жетіп өршіген кезде пайда болатынын біз жақсы білуіміз керек. Бірақ бірде-бір тарихта болған революция өзінің алдына қойған мақсат-мұратына толығынан жете алған жоқ. Көп жағдайда ол қантөгіске, зардап шегуге, сәтсіздікке әкеліп, зұлымдықтың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен, олардың орнына оның жаңа түрлерін дүниеге әкелді.
Шәкәрімнің үш анығы
Дана халқымыз: Білім - инемен құдық қазғандай, - деп бекер айтпаса керек. Шәкәрім Үш анық атты философиялық трактатын жазуға даярлықты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған тергенін өз ой елегінен өткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағаны мәлім.
Ақын кітаптың шымылдығын: Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан - дегеніміз ынсап, әділет, мейірім, - деген сөзбен ашады. Сөйтіп, құлқынның құлы болмау үшін екі өмірде де ар сақтап, адам болып қалуды һәм адами құндылықтардың уақытша дүние қызығынан қашан да биік тұруын көксейді.
Бас көзі - еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін барлығымызға мәлім, адам баласының қоршаған ортаны көру мүшесі. Ал, Шәкәрім Ақыл көзі деп нені болжап отыр? Ол - әлбетте, іліммен нұрланған көкірек көзі. Бас көзімен көрген дүние бір қарағанда сұлу, мінсіз һәм зұлымдықтан ада болып көрінуі мүмкін, бірақ оны ақыл көзімен қарағанда, мүлде басқа қырын тануға болады. Міне, осы ақыл көзі пендеге әр нәрсенің түбін, ақиқатын, жақсы не жамандығын боямасыз көрсетіп береді. Ол - бейне бір қараңғы үңгірде қолыңа майшам ұстатқандай. Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі (Абай).
Ынсап - сүрген өміріңе, қылған кәсібіңе, тыныштықта тербелген туған еліңе деген ризашылығың. Қанағат - қарын тойғызады деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Араны ашылған жанның көзі тек қана топырақпен тоятынын хәкім Абай Ескендір поэмасында тайға таңба басқандай анық көрсетіп кетті. Ендеше, барлық тойымсыздыққа тосқауыл болатын - Шәкәрім айтып отырған ынсап қана.
Әділет - адамзаттың ең басты қажетсінетін қасиеттерінің бірі. Әділетсіз құрылған қоғам да, мемлекет те, тіпті тігілген шаңырақ та көп кешікпей құлдырайды. Әділет, шафхат, кімде бар, сол жарасар туғанға (Абай). Әділетті адам сенің туысыңмен тең, әділетсіз адам жақын туысың болса да, жатпен тең болады. Бір сөзбен айтқанда, әділетсіз өмір - өмір емес, тірі тамұқ.
Мейірім - адам бойындағы ұлы құндылық. Ол қараңғылықты, кекшілдікті, надандықты, қиянатты жойып, адам қалпыңа келтіретін, көкірегіңді кірден тазартатын таудың зәмзәм бұлағы секілді. Қай заманда да мейіріммен нұрланған қоғамның бақыты баянды, адамдары қайырымды болып келетініне көзіміз жетіп отыр. Ендеше, мейірімді болудың бұл өмірдегі пайдасы ұшан-теңіз.
Келесі сөзінде Шәкәрім: Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты екен деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтаусыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек, - дейді.
Асылы, бұл сөздің шын жанашырлықпен һәм аса білгірлікпен айтылғанына дау жоқ. Неге десеңіз, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратып алмай, кезіккен дүниеге бас ұрып, табынып кететін мінезіміз де жоқ емес. Сондықтан, Шәкәрім айтқандай сау ақылмен сынап, барлығын ой елегінен өткізіп барып, қабылдау керек.
Шәкәрім қажы қияда тұрып, қыран көзімен алты құрлықты түгелдей барлап, атақты ғалымдардың әркімге танымал еңбектерін оқып, ой елегінен өткізіп, сау ақылмен сынатып, соңында шығарған саналы қорытындысы - Ұждан қасиеті, ар ілімі және қазақ ұлтының бағзыдан ұстанып келе жатқан мұсылмандық жолы. Міне, осы жолдан айнымаған адам екі дүниеде де бақытты болатынын аманат етеді.
Шәкәрім философиясы Өзіңді таны, соның нәтижесінде адамды таны деуге келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол - материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және әркімнің өзіндік мені жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тәнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады.

Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста болмыс термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi болу, терминіне сәйкес келеді.
Философияда болмыс терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz