Ашаршылықтың халық демографиясына салдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Физика-техникалық
Кафедрасы Техникалық физика

СӨЖ

Тақырыбы:Қазақстандағы 1921-1922 жж.,1931-1933 жж. аштықтар

Орындаған:Шәріпханов Алмаз ТФ №105, 1 курс

Тексерген:Гульнар Бестибаева

Алматы, 2020ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қазақстандағы 1921-1922 жж ашаршылық ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Қазақстандағы 1931-1933 жж ашаршылық ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1.Екінші ашаршылық қалай қайталанды? ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2 Ашаршылықтың халық демографиясына салдары ... ... ... ... ... ... 9
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... ... ...12

1.Кіріспе
Рефераттың өзектілігі.Қазіргі таңда халқымыздың саны 18 миллионға әрең жетіп отыр."Егер қазақ даласында 1921-22,1931-33 жж аштық болмағанда,бүгінде 32 миллион болып отырар едік"-дейді Мұхтар Шаханов ағамыз.Сол жылдардағы аштық қазақты саны жағынан да рухани жағынан да аздырды.Сол кездегі жағдайдың Кеңес өкіметімен жасырылып келген шындығын ашып талқылау рефераттың өзектілігі деп ойлаймын.
Рефераттың мақсаты.Ашаршылық жылдарында жарық көріп тұрған газет материалдарына және ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып ашаршылық жылдары туралы шындықты ашық көрсету(айту),оның себеп-салдарын анықтау.
Рефераттың нысаны.Мәліметтер "Ақ жол", "Известия" газеттерінің басылым материалдыры негізінде жазылды.

1.Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық
Кеңес үкіметі Азамат соғысынан кейін елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамай,азық-түлікті күштеп алу саясатын жалғастырды.1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да жаралы жыл болып енді.Алайда бұл жылдардағы ашаршылықмәселесі толықтай ашылып айтылған емес.Кеңес басшылары халық басынан өткен бұл ашаршылық зардаптарын жасыруға тырысты.Дегенмен Орталық мұрағат құжаттарына қарап,ашаршылық жылдарының ақиқаттығына көзімізді жеткіземіз.Бұл етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдаған.Ол үндеуде: Ашаршылық-тек құрғақшылықтың нәтижесі емес,оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында,ауыл шаруашылығының білім деңгейінің төмендігінде және ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде-делінеді.Бұл аштықтың себебіне тарихшы ғалым Талас Омарбеков:"Қазақстандағы 1921-22 жылдардағы ашаршылық шындығына келсек,ауа райы,құрғақшылық емес,өздері өкіметті басып алған соң,азамат соғысы тұтанатынын,ал одан шаруашылық күйзеліп,халық аштан қырылуы мүмкін екенін біле тұра,қатерлі бағыттарынан қайтпай қойған большевиктердің бір жақты саясаты кінәлі" [1] деп түсіндіреді. Сол саясаттың салдарынан Қазақстан бойынша 1920 жылы егіс көлемі 20%-ға мал басы 67%-ға,ал 1921 жылы егіс көлемі 47%-ға мал басы 83%-ға азайды.Ашаршылық жеке адамның, жеке отбасының ғана қорексіз қалуы емес,ол бір аймақтың бүтіндей бір халықтың нәубетке түсуі болды.Тіпті ірі қала Орынбор,Ақтөбе,Орал,Бөкей губерниялары,Адай уезі тұрғындарының өзі аш-жалаңаш қалды. Ғалымдарымыз соңғы мәліметтерінде осы жылдары жалпы 2,3 млн адам қаза тапқанын айтады. Аштықтан халық арасында жұқпалы індет,аурулар тарала бастады.Газеттерде Шымкент уезіндегі қазақ ауылдарында аштықтан шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар бар.Аштықтан көшуге мәжбүр болған халықпен ауруда басқа өңірге тарала берді.Мысалы 1921 жылдың тамызында Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясы арқылы Лепсі уезіне оба ауруын ала келген болатын.Одан Талдықорған уезіне де жетті.Аз уақыттың ішінде осы өлкенің 55% халқы қырылды.1922 жылдың алғашқы айларындағы деректерге сүйенер болсақ,Қазақстанның барлық 4 миллион 854 мың жанынан 1 миллион 465 мың адамы аштық зардабын тартып жатқан еді.[2] Оған назар аударған басшылар болды ма?Жоқ болмады керісінше, аштан қырылып жатқан қазақтан жылу жинай бастады емес пе?Оған дәлел 1922 жылы егілген егіннің жиналған 54 миллион 734 мың 449 пұт астықты,оған қоса 417 миллион пұт астықты салық деп тартып алуы. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қазақстандағы ашыққандарға жеткілікті көмек көрсеткені былай тұрсын,қайта қазақтың қолындағы бар астығы мен малын салық салып жинап алуы нағыз қылмыс деп ойлаймын.
Аштықты тоқтатуға "Известия" газетінде қазақ халқын есіне алған бір адам болды,ол-С.Меңдешев еді.Аштарға жәрдем ұйымдастыру комиссиясының бастығы С.Меңдешев "Известияның" №180 санында жарияланған "Қырғыз (Қазақстан) республикасының ашыққандарына көмек беріңдер" деген хатында қазақ халқы үшін қол ұшын беріп,көмектесіңдер"[3] деп қазақ халқының да жағдайы мәз емес екенін,олардың да көмекке зәру екенін жеткізуге тырысты.С.Меңдешевтің айтуынша Қазақстандағы аштық белгілері 1921 жылдың қысынан бастап біліне бастағанын,ал "Ақ жол" газетінен 1921 жылдың аяғына қарай көмектің беріле бастағанын байқауға болады. "Ақ жол" газетінің 1922 жылғы №204 санында 17-нші маусымында Алма-Ата уезі Қызылбөрік болысының азаматы Ілияс Дәулетбеков Қазақстан,Башқұртстан аштарына 25 жылқы және 116 қой,ешкі аралас уақ мал жәржем еткені,өзінің тұрған еліне аштардың хал-жайын түсіндіріп және 13 сиыр,70 қой және 1 жылқы аштар пайдасына жиып жәрдем жию комиссиясының қолына таспырғаны туралы "Шамғали"деп қол қойған Шамғали Сарыбаевтың "Міне жомарт!" деген заметкасы жарияланады.[4] Осындай ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсеткен көмектері арқасында бұл күндер артта қалды.Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқына жәрдем көрсетуді азаматтық борышы деп білген азаматтарымыздың бұл әрекеттері ұлтына қызмет еткендігінің көрінісі деп білеміз.

2. Қазақстандағы 1931-1933 жж ашаршылық
2.1. Екінші ашаршылық қалай қайталанды?
Мемлекет ішінде еркіншілік ұстанымдары мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы бұрыннан-ақ барлық жерге тән сипат.Ал тоталитаризм орнаған мемлектте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып конституциялық құқықтар жойылады. Бұл жүйеде тәрбиелеу мақсатымен халықты тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт бойы қамауда ұстау,күш көрсету дағдыға айналған тәсіл.Кеңестің тоталитаризм жүйесі Қазақстанға өзінің әлеуметтік-экономикалық,саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. "Сталиннің оң қолы " атанған Голощекин басына келген сандырақты жүзеге асырмақ боп,Сталин атына Қазақстанда "кіші қазан өткізу керек " деп хат жазады да,мақұлдаған ризашылық алады.Содан кейін Қазақстанның жағдайымен есептеспей,көп шаруаларды қирата,омыра атқарған Голощекин республикаға қанша залал келтіргені мәлім.[5]Солардың бастауы-атам заманнан мал соңында көшіп-қонып жүрген қазаққа ұлтарақтай жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық
Ұлтаралық келісімнің нығайуы
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Әлеуметтік реформалар мен әлеуметтік жаңғырулар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Қазақстан халқының сандық құрамы
Қазақстандағы және басқа елдердегі демографиялық саясат
Пәндер